Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет11/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Мен өлсем де өлемін жөнімменен
Тәннен басқа немді алар өлім менен
Өлген күні апарып тығары - көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын.
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін....
Сонымен қатар А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруде мазмұны терең құнды тұжырымдары бүгінгі күндері еліміздің болашағы үшін таптырмайтын қазына.
1920 жылы жазылған «Баяншы» атты еңбегінің екінші бөлімінде дыбысты меңгеру жөнінде мұғалімдерге мынандай ақыл-кеңестер береді. «...әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін білдіру, екінші, балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде қандай дыбыстар барын айырту; үшінші, бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп сөз айтуды білдіру», ал «Қай әдіс жақсы?» атты еңбегінде, ұстаздар қауымына сауаттау әдісі (сауат ашу, сауаттандыру) ұғымын тұңғыш рет ұсынды. Ол: «Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісінде жақсы болады деп айта алмайды» - деп жазған. Сондай-ақ, А. Байтұрсынұлы «Тіл жұмсар» атты еңбегінде тапсырмаларды орындатып, кейін бекіту сұрақтары арқылы қорытынды шығарып отырған. Тақырыпты меңгертуге арналған мысалдар, этнографиялық жырлар да балалар түсінігіне танымал ауыз әдебиеті үлгілерінен немесе Әліп-биден алынған.
Балалардың тілін жаттықтыру мақсатында түрлі жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды кеңінен пайдаланған. Грамматиканы оқытуда көрнекілік әдісін тиімді қолданған. Тілді дамыту жұмыстарына да кеңінен орын берілген. Аталған еңбекті бүгінгі күнде бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқытуда, тілді дұрыс меңгерту ісінде ұстаздарға керекті баға жетпес туынды деп есептейміз.
А. Байтұрсынұлы білім мазмұнын тереңдетіп оқыту үрдісінде дидактикалық талаптарды жүзеге асырған өз заманының жаңашыл ұстазы. Ол оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде түсінікті болып баяндалуын талап етті. Сондай-ақ оқулықтағы мысалдар оқушыларға тәрбиелік ықпалы зор болатындай мазмұны өнегелі, еңбекке, ізгілікке, үлгі болатындай оларға ой қосатын, қызықтыратындай болуына мән беру керектігін ескертті.
Ескеретін жағдай ғалымның оқыту үрдісінде мұғалім әрбір жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушының есінде мағлұматтарды берік бекіту мақсатында дағдыландыру, сынау әдістерін қолданғанын біз оның еңбектерін талдау барысында байқадық.
А. Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып мәселені біртіндеп шешті. Ол алдымен қазақша сауат ашуды көздеп «Оқу құрал» еңбегін жазды қазақ тілінің ғылыми грамматикасын меңгеру үшін, «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу мақсатында «Тіл жұмсарын», сауат ашу тілді оқытудың әдістемесін жасау міндетіне қарай «Баяншы» оқулығын жазды. А. Байтұрсынұлы жалқылау әдісін оқытуды ең тиімді әдісі екенін ескертеді. Мысалы, оқуды үйреткенде сөздің әріптен, буынынан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек екендігін айтқан. А. Байтұрсынұлының әдіскерлік жинағын танытатын бағалы еңбектерінің бірі «Методика мәселелері» атты оқулығы. Аталған оқулықта автор қазақ тіліндегі дыбыстармен олардың жазу белгілерін дыбыспен жаттығу мәселесі, сөз жазу т.б. қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімі саласында алғаш әдістемелік тұрғыдан пайымдау жасап, түсінік берген. Сонымен қатар жалпылау, жалқылау, жылыңқы әдіс, айырыңқы әдіс, жалқылаулы-жалпылау, айырыңқы-жиылыңқы әдіс деген қазақша ғылыми атауларын алғаш қолданысқа еңгізген. А. Байтұрсынұлының «Тіл жұмсары» оқулығы сөйлеу, оқу, жазу, тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын құрал. Еңбекте оқушылардың сөздің мағынасын аңғарып дұрыс қолдана білуге үйрететін тілді дамыту мақсатын көздейтін жаттығудың түрлері өте көп. Демек оқушылардың тілін дамыту лидерлік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Себебі тұлғаның лидерлік сапаларының бірі сөзді дұрыс саптап, сөйлемді мағаналы жеткізе білуі.
Жүсіпбек Аймауытов - қоғам қайраткері, суреткер ақын, жазушы, аудармашы, зерделі зерттеуші – дарынды ғалым, педагог.
Ж. Аймауытов оннан астам кітап пен жүзге жуық ғылыми мақалалардың, көркем әдебиеттердің (романдар, поэмалар, пьесалар және т.б.), педагогика, психология, эстетика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ғалым білім беру мазмұнын анықтау мәселесін және сауатсыздықты жою, ел еңсесін біліммен қаруландырып көтеру мақсатында «Ана тілін қалай оқыту керек?», «Жаңа мектеп туралы», «Хат таныту әдістері», т.б. мақалалары жарық көрді.
Ж.Аймауытов педагогика саласында білгірлік танытып, өз тәжірибесін ұтымды пайдалана білген – шебер.
Педагогика ғылымындағы оқу бағдарламалары, сабақ кестесі, жұмыс жоспары, күндік жоспар, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, оқытуда балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру т.б. көптеген педагогикалық мәселелер ғалымның еңбектерінде ескерілген.
1920 жылдары дидактика мәселесінің барлық сұрақтарын қамтып, оны жеке оқулық етіп шығару міндеті Ж. Аймаутовқа жүктелген еді. Сондықтан да Қазақстандағы дидактика мәселесінің қалыптасу тарихын зерттеу, Ж. Аймаутовтың барлық шығармаларын саралап қарастыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет