Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет5/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Кемел адам - араб тіліндегі “инсани камил” – ақыл-ойы толысқан кісі деген мағана береді. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті ақиқат жолмен жүруге, игі істерге арналады.
Әл-Фараби философиясында Кемел адам – жол көрсетуші, үміттендіруші, үлгі беруші ретінде танылады.
Лидер және лидерлік мәселелерді зерттеу бойынша ғылыми еңбектерде, әр қоғамынның өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты лидер – соңынан ерушілерге жол көрсетуші, ақылшы, ынталандырушы, мотивация беретін, бақытқа жетелейтін ерекше қасиеттері бар адам ретінде қабылданғаны туралы айтылады.
Сонымен қатар Ұлы ойшыл бақыт адамның өз-өзімен үйлесімді, жарасымды өмір сүруі үшін қажет деген тұжырым жасайды. Дүниеде бақытқа қол жеткізу мүмкіндігін пайымдай отыра, бақытты адамның қадір-қасиеттері және кемшіліктерімен байланыстыра қарастырады. Өзін – өзі бақытты санаған адам ғана, басқа адамды бақытқа жетелей алады.
Бақытты немесе бақытсыз болу адамның жеке мінез-құлық ерекшеліктеріне, ортаға бейімделу мүмкіндігіне, әр түлі жағдайларды қабылдауына және дұрыс жол таба білулеріне, сенімділік сезімдерінің деңгейіне байланысты болады.
Әдептануда бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек.т - бақыт туралы ілім) деп атайды.
Бақыт - адамның өмірдегі қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Адам бақыт арқылы мағыналы, нәтижелі өмір сүргенде ғана қоршаған ортасына, қоғамға ризашылық сезімі оянады. Бақыт - адамның өзін-өзі тануы, толыққанды тұлғаға айналуы. Бақыт адамның болашаққа деген сенімін, арманын іске асыруда күнделікті іс-әрекетін табыстылықпен атқаратын эмоциялық көрінісі болып табылады. Демек адамның өзін бақытты сезінуі кез-келген адамдарда кездесе бермейтін лидерлік ерекшелігі.
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» аты еңбегіне лидерліктің екі типін көрсетеді.

  1. Нағыз бақытқа жеткізетін лидері бар білімді, жоғары моралдық норманы сақтауға бақыталған мемлекет. Мұндай басқарудағы мемлекет те, оның қалалары мен халқы да қайырымды болады.

  2. Басқарушы адамының білімі төмен болса мемлекеттің де, қала тұрғындары да мәдениетсіз, білімсіз болады.

Әл – Фарабидің философиясынан өз мүдесінен бұрын халықтың, топтың немесе ұжымның мүддесін ойлайтын білімдар, тапқыр, мәдениеті жоғары, адами құндылықтар жүйесін меңгерген адам ғана толыққанды лидер деген атаққа ие болатынын білуге болады.
Қайқаус (Кей-Кавуст) Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында XI ғасырдың 1021 жылдары дүниеге келген Шығыстың ғұлама ойшылы. Лидердің жеке басының қасиеттеріне тоқталған кезде Қайқаустың ұлы Гиланшахқа арнап жазған «Қабуснама» (Кабус-Наме) атты атақты шығармасына тоқталмай кетуге болмайды. Шығыс тіліндегі «наме» (қазақша: «өсиет, кітап, хат» деген ұғымды білдіреді), яғни Кабус-Наме әкенің балаға қалдырған өсиет кітабы.
«Қабуснама» (Кабус-Наме) өсиет кітабының XI ғасырдан өзектілігі арта түсіп, XXI ғасырға жетіп отырғаны еңбектің құндылығының кепілдігін білдіреді. Қайқаустың баласына қалдырған өсиеті ғасырдан ғасырларға жетіп, барша адамзатқа арналған өсиетке айналды. Бұның себебі «Қабуснама» бірнеше тілдерге аударылған. Осылайша көп елдерде халықтың, басшылардың, билердің, ойшылдардың, ағартушылардың сүйікті кітабына айналған.
Қабуснамада бала дүниеге келгеннен бастап бүкіл ересек өмірінде атқаратын іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, адалдықпен өмір сүру жолдары берілген.
Қырықтан астам баптан тұратын өсиет кітабында әділдік, парасаттылық, ата – анаға құрметпен қарау, қайраттылық, жақсылық пен жамандық, махаббат пен зұлымдық, ізгілік пен имандылық, адамгершілік, іскерлік, жомарттық т.б. мәселелері қамтылған. Біздің мәселемізге байланысты лидерлікке тәрбиелейтін өсиеттеріне тоқталсақ. Мысалы,

  • Перзентім менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл затым саған арнап жазған осы өсиет кітабым - деп бастайды.

  • Білімсіздер қатарына қосылып кетіп, бірдемені бүлдіріп алып жүрме, патшаның патшалығы әділдігінде, байлардың байлығы кедейлердің қадірін бағалай білуде, өйтпесе олар Алла тағаланың қаһарына ұшырайды;

  • Жақсы атқарған ісіңе қуанып, жаман ісіңе қамығып, қайғыр. Бұл имандылықтың белгісі, абыройың артады;

  • Адамның асыл қасиеті орынды сөз айта білу. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жалаң көрінеді; Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі - білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер. Екіншісі - білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі - білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртіншісі - білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер;

  • Алланың барлығын мойындауға сенімің берік болсын. Өйткені, көп адамдар оны мойындамау салдарынан көңілі қараңғыланып азғындайды. Ал көңілі пәк, таза адамдар адаспайды;

  • Алла тағаланы танығың келсе, алдымен өзіңді - өзің таны Әрбір жан өзін-өзі тани білсе, Алла тағаланы да таниды;

  • Сыпайы бол. Адамға сыпайылық жарасады. Айнаға қараған адамның сымбаты сұлу болса, көркіне сай мінез-құлқы да сұлу болуға тиіс.

  • Перзентім, егер сен жомарт адамдар сияқты, халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан келіп шығатынын білгін. Адамның ақылдық қасиетінде үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, екіншісі – әділдік, үшіншісі – жомарттық;

  • Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар: бірінші – айтқан сөзіңде тұру: екіншісі – әділдікке нұқсан келтірмеу; үшіншісі – қайырымдылықты есіңде ұстау, ұмытпау.

  • Жомарттық бірнеше өнері бар адамға лайық. Олардың бірі – қорықпайтын мәрт, сабырлы, шыдамды, уәдег берік, таза жүректі, дұрыс сөзді болу.

  • «Өнер үйрететін дана табылмаса, наданнан үйрен», «...өнерсіз жан – өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді»

  • Егер жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді – жаман назардан, қолды – жаман істен, тілді – жаман сөзден. Үш нәрсені дос пен дұшпанға ашық ұстағын: үйдің есігін, дастархан басын, һәм қалтаңның бауын.

  • Біліп қой, жомарттықтың кәмелдігі мынадан болады: ол өз мал-мүлкін өзінікі, басқаның мал-мүлкін басқанікі деп біледі. Халықтың мал-мүлкінен дәме қылма. Өз қолыңмен қоймаған нәрсені алма. Халыққа жақсылық қыла алмасаң, жамандық қылма – деген өсиет сөздерінің құндылығы тек баласын билік етуде көптеген қателіктер жіберуден сақтап қалғаны ғана емес, қоғамның әр кезеңінде билікте болған адамдардың есінде жүретін қағидаға айналғандығы.

Қабуснаманы оқу барысында ХІ ғасырдағы Орта Азия мен Иранның өркениеті туралы және сол жылдарда феодализм қоғамында ғылым мен білім, әдебиет пен мәдениеттің өркендеген сәтінен мол ақпарат ала отырып, лидерлікті дамыту үшін жігерлік, шығармашылық, шешен сөйлеу (ораторлық), эстетикалық, адамгершілік, өзін-өзі тану т.б. көптеген тәлім – тәрбие берілгенін көруге болады.
Тақырып бойынша сұрақтар



  1. Жүсіп Баласағұнидің «Құдадғу біліг» дастанының құндылығы

  2. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі лидер және лидерлік ойлары

  3. Лидерді тәрбиелеудегі Қабуснама өсиет кітабының мәні

  4. Кайқауыстың өмір сүрген дәуірі мен шыққан тегі.

  5. Ж. Балсұынның лидердің адамгершілік тәрбиесіне сәйкес ойлары

  6. Ж. Ж. Балсұғын көшбасшының сапасы туралы ойы

  7. «Құтты білек» дастанындағы төрт қағида

  8. Жүсіп Баласұғынның философиясындағы лидерге тән сапалар

  9. «Құтты білек» дастанындағы жақсылықтың көзі

  10. Ж. Баласұғын адамның бойындағы асыл қасиеттер туралы

  11. Философтардың идеяларындағы бақыттың мәні

  12. Ж. Баласұғынның көшбасшыға айтқан өсиеті

  13. Ж. Баласұғынның қазіргі лидерді тәрбиелеудегі идеяларының құндылығы

  14. Құтты білікте лидерге тән сапалар: әділет, дәулет, ақыл кімнің бейнелері арқылы беріледі.

  15. Әл-Фараби халықты әділетті қоғамға жеткізу үшін нені қажет деді?

  16. Қазақ ұлттық энциклопедиясында санаға берілген анықтама

  17. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектегі лидерлік мәселелер

  18. Бедел ұғымының мәні және лидер беделдігі

  19. Әл-Фарабидің еңбегіндегі лидердің соңынан ерушілердің надандығына немесе ақылдылығына ықпалы туралы ойы.

  20. Кайқауыстың жомарттық идеясының лидерлікпен байланысы

Студентердің өзіндік жұмыстары



  1. Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары

  2. Әл – Фарабидің қоғамдық – саяси көзқарастары

  3. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» аты еңбегіндегі лидерлік идеялары

  4. «Қабуснама» өсиет кітабының лидерлікке тәрбиелеудегі мәні

  5. Жүсіп Баласағұнның «Құдадғу біліг» дастанындағы лидерлік идеялары

  6. Шығыс ойшылдарының лидерлік идеяларының өміршеңдігі

  7. Философтардың идяларындағы адами құндылықтардың лидерлікке ықпалы

  8. Жүсіп Баласағұнның лидердің қарым-қатынас мәдениеті

  9. Қабуснама өсиет кітабында баланың лидерлік мінез-құлқының қалыптасу мәселелері

  10. Әл-Фарабидің кемел адам идеясының лидермен сабақтастығы

  11. Қожа Ахмет Иассауидың «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) шығармасының басты идеясы мен лидерліктің өзара байланысы

  12. М.Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» классикалық тарихы шығармасы мен «Жаһаннаме» дастанындағы лидерлік идеялары

Ұсынылыатын әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер:



  1. Әлемдік философиялық мұра. 1 том. – А.: Жазушы, 2005. – 560 б. Б.199

  2. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986 . – 358 б.

  3. Әл – Фараби. Философиялық трактаттар . 1972 . Алматы .

  4. Кайкаус. Қабуснама / Өзб.ауд. Т.Айнабеков. – А.: балауса, 1992. – 160 б. Б.10.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баймуханбетов Б. М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастыру. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2014.

  2. Алимбекова А.А. Болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2016.

  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, IV том.

  4. Əбдезұлы Қ. «Жаһаннаме» дастаны əсіресе түркілік рухтағы халықтардың жан дүниесіне терең əсер етеді //
    Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам: Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551). - 2003. - № 5 (65). - 38-б. 

  5. Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. - Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. - 616-б.

3-тaқырып. Қaзaқ ойшылдaры мен aғaртушылaрының еңбектерiндегi лидерлiк идеялaры.

  1. Ы. Алтынсариннің еңбектеріндегі лидерлік мәселелер

  2. Абай Құнабайұлының философиясындағы лидер және

лидерлік

  1. Ш. Құдайбердіұлының еңбектеріндегі лидерлік идеялар

Негізгі ұғымдар: ағарушы, ғылым, ақыл, қайрат, жүрек, лидерлік, фатальды, фактор, зиялы, басшы, сабыр, данышпан, білім беру жүйесі, басқару функциялары, талап, патриот, құндылық

Ы. Алтынсариннің еңбектеріндегі лидерлік идеялары


Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин білімге құштар, бос уақытын кітапханада өткізген, білгеннің үстіне біле түссем, халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген, ұлттық мектебіміздің қалыптасуына зор ықпал етіп, келер ұрпаққа білім беруде көптеген құнды еңбектер қалдырған, лидерлік сапаларымен көзге түскен қазақ халқының ірі тұлғаларының бірі. Ыбырай Алтынсариннің білімінің кеңейуіне өздігінен көп ізденуінің пайдасы мол болды. Ағартушы - педагог орыс жазушыларының шығармаларын, дүние жүзі ағартушы-педагогтарының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды көптеп, оқығаны туралы тарихтан білеміз. Ол халқына пайдалы қызмет атқаруды мақсат етіп, ағартушылық кәсібін таңдады. Ағартушыны сол кездегі ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік те қатты мазалады. Билеушілердің, әкімдердің үстемшіл, сорақы іс-әрекетерінің шектен шыққанын ашу, ызасын келтірді. Ы. Алтынсариннің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікті, адам бойындағы жағымсыз мінез – құлықтарды білім беру, мәдениеттін көтеру арқылы жоюға болатынына әбден көзі жетті. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ашу ісіне, баланы оқыту жүйесін жақсартуға жұмсады. Елдің өркениетті дамуы үшін білім мен тәрбие беру басты құралы деп қарады. Осы себепті баланың жастайынан ана тілін ұқыптылықпен үйренуін, рухани жан-дүниесінің дамуын, адами құндылықтар жүйесінің қалыптасуын басты назарда ұстады.


Ы. Алтынсариннің жас ұрпақты лидерлікке тәрбиелеуге байланысты педагогикалық көзқарастарын анықтайтын болсақ, шағын көркем шығармалардың мазмұнын түсінікті жеткізу арқылы балалардың жағымды мінез-құлықтарын қалыптастырып, лидерлік сапаларын дамытуға арнағанын анық байқауға болады. Мысалы,
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісінде әкесі баласына жәндіктер мен құстың іс – әрекеттерін мысалға ала отырып, адал еңбекке баулиды. Тынбай еңбек ету адамды өмірде өз орнын табуға, бақытты болуға алып келетінін түсіндіреді. Адамды қоғамда әлеуметтік табыстылыққа жеткізетін еңбек іс-әрекеті екенін бала түсініп өссе, ересек өмірінде лидерлік сапалары жемісті еңбегі арқылы көрініс тауып, дамып отырады. Сонымен қатар ағартушының лидерлікті насихаттауы «Сәтемір хан» әңгімесінде анық айтылған. Үй жанында ойнап отырған бала - Сәтемір, ақсақ құмырсқаның үй төбесіне шығу үшін, бірнеше рет құлап, қайта тырмысып, түбінде үйдің төбесіне шығып кеткенін көреді. Жәндіктің өз мұратына жетуде ерінбей еңбек етіп, қиыншылықтарды жеңгені, бала Сәтемірді қатты ойландыратынын суреттейді. Нәтижесінде Сәтемір бос жүргенін жөн санамай, ойынын тастап, қалаға барып, білімді молданың үйін жинауға жалданып, білім алып, түбінде атақты хан болған екен дейді. Қазақ халқының тарихта аты қалған хандарын алып қарасақ, олардың алғыр, батыр, сөзге шешен, ақылды, парасатты тағыда көптеген қасиеттерге ие лидерлер болғандарын білеміз.
«Асыл шөп» әңгімесінде Зылиха мен Бәтима атты жас қыздардың өзара әңгімесін суреттейді. Зылихаға қарағанда Бәтима сабырлығымен, шыдымдылығымен, тапқырлығымен ерекшеленеді. Демек Ұлы ағартушының педагогикалық идеясында Бәтима үлгі – өнеге көрсете алатын лидер ретінде танылады.
Ы. Алтынсариннің әңгімелерінде лидердің әр түрлі типтерін көруге болады. Мысалы, «Шеше мен бала» әңгімесінде кішкентай қыздың тапқырлығы, батылдығы, дер кезінде шешім қабылдап, қайырымды іс-әрекетке барғаны жағдаяттық лидерлік мінез-құлық. «Аурудан аяған күштірек» әңгімесінде баланың анасын аяп, ойлағаны шынайы лидерлік мінез-құлық.
«Полкан деген ит» әңгімесінде лидердің өзінен әлсіздермен күш сынаспауы, оларға қамқорлықпен қарауы туралы айтылады.
«Қара батыр» ертегісінде лидерді қарлығаш құсы арқылы танимыз. Түркімен еліне тұтқынға түсіп, жалшы болған қазақ баласына қарға, сауысқан, тырна, аққу, қаздар құлақ аспай ұшып кетіп, тек қарлығаш құсы сенімді, адал, өзіне тәуелді адамға түсінушілікпен қарап, қол ұшын беруге дайын, жауапкершілікті мойнына ала білетін лидер бейнесінде суреттеледі. Өз басын қатерге тікседе, үміт пен сенімді адал ақтау лидерге тән іс-әрекет.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде бай баласы Асан мен жарлы баласы Үсеннің жұрттан қалып, Үсеннің лидерлік сапаларының арқасында көптеген, қиындықтардан, қатерден аман – есен өтіп, ата-анасын тауып келгені туралы айтылады.
Бұл әңгімеде Үсеннің тапқырлығы, айтқанды жадында сақтауы, ақпаратты қабылдауы мен өңдеуі, білімі, өнер тапқыштығы, іскерлігі, қамқорлығы, батылдығы, жауапкершілігі, өзіне сенімділігі лидерлік сапаларының көрінісі. Үсен әр қадамында әкесінің айтқан ақылын, кеңесін есіне алып, жиақтаған білімі мен өнерінің арқасында өзінің және Асанның өмірін сақтап қалады.
Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесіндегі педагогикалық ойынан лидерлік әлеуметтену үдерісінде қалыптасатынын біліуге болады. Үсен жарлы баласы болғандықтан күн көріс жауапкершілігі өзіне жүктелген, әкесі адамгершілік тұрғыда баласына ақыл-кеңес беріп, жол көрсетіп отырған. Ұлы Үсенге қиын жағдайлардан шығуды үйреткен. Керісінше бай баласы Асан дайынды пайдалануға әдеттенген. Өз бетімен шешім қабылдап, қиын жағдайда жол табу қабілеті дамымаған. Асан сияқты лидерлік сапалары дамымаған адамдарға үнемі жол көрсетіп, отыратын Үсен сияқты лидердің соңынан еру тиімді болып есептеледі.
«Данышпан қазы» әңгімесінде Алжир халқының патшасы Бауақас өз билігіндегі бір қалада бір данышпан қазы бар деп естіп, өз көзімен данышпандығын көргісі келеді. Әңгімеде данышпан қазы молда мен мұжықтың, қасапшы мен майшының, Бауақас пен тіленшенің дауларын аса тапқырлықпен әділ шешіп, Бауақас патшаның ризашылығына бөленеді. Аталған әңгімеде данышпан қазы білімді, көреген, локикалық ойлау қабілеті дамыған, ақылды, әділ лидер бейнесінде көрінеді.
Ы. Алтынсариннің әңгімелері өз замандағы мектепте оқуға мүмкіндіктері жоқ қаншама қазақ балаларын жігерлендіріп, алға жетеледі. Елінің игілігі үшін бар білімін, күш жігерін жұмсап, қазақ жастарының лидерлік сапаларын дамытып, алдыңғы қатарға шығару мақсатында мектеп ашып, білім беріп, қорлықтан құтқаратын, теңсіздікті жоятын, игіліктің жолына бастайтын тек білімді әр қазақ баласы алатын күнді армандаған Ы Алтынсариннің «Дала қоңырауы» аталуы да осы еді.
Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, лидерлік сапаларын дамытуға шақырған өлеңдері «Әй, жігіттер»
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас........
Бұл өлең сөздерінен жігітерге нағыз лидерді тани білуге, «Өзі болған ерлердің, аяғынан алмаңыздар» дегені араларыңыздан іс-әрекетімен, мінез-құлқымен, батылдығымен ерекшеленіп шыққан лидерді қолдап, оның соңынан еруге бағыттап тұр.
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің өзектілігінің арта түсуі қазіргі XXI ғасырдағы технологиялық жетістіктерді алдын ала болжай білгендігі.Мысалы,

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды

«.......қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз, қалыспай, үміт еткен достарым, ........Сіздерге бердім батамды....» деп алдын ала бүкіл қазақ даласы балаларына, жастарына өз заманындағы жетістіктерден қалыс қалмай, игеріп, игі істерге, дамуға, бәсекеге қабілеттілікке, лидерлікке шақырып, батасын берген.
Қоғамның әр кезеңінде өз лидерлері анықталып отырады. Қазақ халқының Ұлы ұстазы XIX ғасырдағы ағартушылық саласында Ы. Алтынсариннің лидерлігі негізінде атқарған іс-әрекеттері мен еңбектерінің жылдан жылға өзектілігі арта түсіп, 2 ғасыр бойында жалғасын тауып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет