Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет4/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Лидерлік – топ мүшелерінің қарым-қатынастарын үйлестіру және оларды басқару құралы. Топтық мақсатқа жетуге бағытталған топ мүшелеріне тән құндылықтарды жүзеге асыруда дәлелденген тұлғааралық әсер ету үрдісі.
Р. Стогдилл «лидерлікті» – әлеуметтік жағдаяттағы екі тұлға арасындағы қарым-қатынас деп анықтай отырып, лидерлік сапаларға ақыл-парасаттылық, білімге деген талпыныс, жауапкершілік, сенімділік, белсенділік, әлеуметтік қатысушылықты жатқызады.
Л. Петрулло, Б. Басс «лидерлікті» қоршаған ортаның мәдени және топтық факторларын арнайы жинақтаудан туындайтын үдеріс деп түсіндірсе; К.Кассинелли топтың шешім қабылдауына айтарлықтай әсер ететін және сол шешімді топтың даму деңгейін ескерумен жүзеге асыруға ықпал ететін үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады.
мәселесінің әртүрлі тұрғыдан қарастырылып, төмендегідей анықтамалар берілгендігін көрсетеді:

  • топтық қызметтегі қажеттіліктерді қанағаттандыратын, оңтайлы мерзімдер ішінде нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, өз мазмұны бойынша сол қоғамда үстемдік ететін әлеуметтік қатынастармен детерминдендірілген шағын топты ұйымдастыру және басқару үдерістерінің бірі ретінде (Н.С. Жеребова);

  • топ мүшелерінің қарым-қатынастарын үйлестіру және оларды басқару құралы ретінде; топтық мақсатқа жетуге бағытталған топ мүшелеріне тән құндылықтарды жүзеге асыруда дәлелденген тұлғааралық әсер ету үдерісі ретінде (Р.Л. Кричевский );

  • ресми басшылық ету тиімділігінің артуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-психикалық феномен ретінде (Б.Д. Парыгин);

  • жалпы топқа белсенді ықпал ететін топ мүшесі – тұлға құбылысы ретінде (Л.И. Уманский);

  • нақты жағдайда басшылық етуге, бір тұлғадан басым болуға, басқаларды өзіне бағындаруға деген жеке қабілеттілік ретінде (А.С. Залужный) және т.б.

Лидерлік – топтың мақсаттарына қысқа мерзімде және тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, қоғамда басым болған әлеуметтік қатынастарға негізделетін кіші әлеуметтік топты ұйымдастыру және басқару үдерісінің бірі (Парыгин Б.Д. Әлеуметтік психология). Басшы – оған ұжымды басқару және оның қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтер ресми түрде жүктеледі. Басшы оны тағайындаған инстанция (бекіткен инстанция, қатаң белгіленген мүмкіндіктерге ие. Формалды түрде регламентке ие) алдында топтың қызмет етуі үшін заңды түрде жауапкершілікке тартылады.
Менеджмент бойынша М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоуридің еңбектерінде лидерлік – тұлғаның жеке тұлғалар мен топтардың күшін ұйымдардың мақсаттарына қол жеткізуге бағыттай барып, оларға ықпал ету қабілеттілігі – деген анықтама берілген.
Кейбір философтар лидерлікті – жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста үстемдік ету деп түсіндереді. Бұлай деп айтылу себебі лидерлікті басшылық феномені ретінде қарастырған. Сонымен қатар көптеген ғалымдар лидерлікті әлеуметтік табыстылыққа жеткізетін үдеріс ретінде таниды.
Ежелгі философтaрдың лидерлiк идеялaры. Сократ философиясында лидерлік: «...өзін-өзі тану шынайы ізгілікке жетудің жолы, білімді немесе ақылды адам, – ол ізгі адам». Сократ адамның білімі билік, мәнсапқорлық, пайдакүнемдікке емес мәдениетке, қайырымдылыққа, әділеттілікке ұмтылуға қажет, керісінше болған жағдайда алдау, арбау, зұлымдық орын алатынын айтады. Сократтың пайымдауынша жаңаны танудың шынайы құндылықтар жүйесі - жалпы азаматтық қасиеттер. Сократ табиғаттың рахымы мен байлығын, оның құдіретті күшін қоғамға, ортаға жеткізуші - адам деген тұжырымға келген. Демек Сократтың ойындағы «қоғамға, ортаға жеткізуші адам» көптің ішінен тұлғалық қасиеттерімен ерекшелінетін – лидер.
Билеуші (лидер) мәселесін алғаш қарастырушылардың бірі ретінде ежелгі философ Платонды (б.э.д. 428-347жж.) айта аламыз. Платонның философиялық көқарастарынан билеушінің бойында қазіргі кәсіби лидерге тән көптеген адами құндылықтармен бірге – гуманистік көзқарастың болуына басты назар аударғанын көреміз.
Платонның әділдік және мемлекет туралы ойлары да маңызды орынға ие. Платон өзінің мектебінде мемлекетті әділ басқаруға қабілетті философтарды дайындады. Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табылса онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттықта болатынын айтты. Егер билеуші адамның бойында әділдік пен шындық біріксе, ол басқарып отырған мемлекеттің құрылымы өте сапалы, қабылдаған заңдар өте жоғары деңгейде болады деді.
Ол өзінің «Мемлекет» еңбегінде лидердің үш типін бөліп көрсетеді: а) философ – мемлекеттік қайраткер, ақыл мен әділдікпен басқарушы; б) әскери басшы, мемлекетті қорғаушы және басқа адамдарды өз еркімен бағындырушы; в) іскер адам, материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз етуші. Мемлекет басқарушы бойында әділдік, ақылдылық, парасаттылық қасиеттері болуына ерекше назар аударған. Ойшылдың идеясы «ақылды» басқарушының басқа адамдардан ерекшеленетін сапасы деп қарастырумызға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан ұлттық энциклопедиясында ақыл - адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет дей келе, ақылдың екі деңгейін көрсеткен. Олар, пайым және парасат. Пайым - ақылдың табиғи күші, ол әр адамға тән. Пайым – есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат – ойдың мүлдем жаңа таным білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілет делінген. Демек лидер дұрыс пайымдап, парасатты ойлай алатын ақылды адам деп тұжырымдауымызға болады. Осы тұжырымдардан қазақ халқында ұлдарының атын Ақылбек, Ақылбай деп қоюларының түбінде үлкен мән жатқанын біліміз. Ата – аналары балаларын ел басқаратын парасатты – лидер ретінде көргілері келген.
Лидер және лидерлік туралы оқып білуде Аристотелдің (б.э.д. 384-322жж.) еңбектерімен танысудың маңызы зор. Мысалы, Аристотелдің еңбегіндегі мемлекеттегі билік типтерін кейінірек ғалымдар лидерлік және басқару стильдерін анықтауда негізге алды. Аристотель өзінің «Саясат» трактатында мемлекеттегі биліктің монархия, аристократия және демократия секілді типтерін бөліп көрсетеді. Аталған типтердің анықтамаларына тоқталсақ:
Манархия – (грек тілінен «monarchia» – «дара билік») деген мағана береді, яғни жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшының қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен беріліп отыратын билік. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық елдерде Монархиялық басқару болды. Жоғары мемлекеттік билік тақ мұрагерлігі жолымен ғана берілді.
Аристократия – (грек тілінен «aristokratia» - «ең жақсылардың билік етуі») - деген мағана береді. Демек қоғамның бір бөлігінің ерекше құқық пен мүмкіндікке иелігі немесе ақсүйектердің үстемдігі.
Демократия – (гр. demos – халық, kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” негізіндегі теңдік, құқық, әділдік, еркіндік.
Қазіргі зияткерлік қоғамда аталған билік типтерінің ішінде демоктариялық стиль үстемдік етеді. Демократиялық қоғам жағдайында азаматтардың мүмкіндіктері мен қабілеттерінің толыққанды жүзеге асырылуына, шынайы халық билігіне, тұлғаның қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және өзге де салаларында таңдау жасауға еркіндігіне алғышарттар жасалады. Онда азаматтық қоғам мемлекеттің заңға бағынуын, қоғамдық институттардың мемлекеттік билікке бақылау орнатуын, мемлекеттің тұлғаның жеке өмірінің барлық салаларына араласпауын, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Демократиялық қоғам адамзаттың интелектуалдық дамуы үдерісінде пайда болады
Интеллект - лат.тілінде іntellectus сөзі қазақша - таным, ұғыну, аңдау – деген мағана береді. Интеллект - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – адамның ақпаратты дұрыс қабылдауға, өңдеуге, реттеуге, қортуға қабілеттілігі. Интеллект қызметтері (функциялары): оқуға деген қабілеттілік, қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Ғалымдардың тұжырымдамаларында интелект – лидерге тән қасиет немесе лидерлік сапа деп көрсетілген. Демек, демократиялық қоғам – лидерлік сапалары дамыған адамдар арқылы өркендеп отырады.
Аристотелдің даналығы біздің эрамызға дейін 384ж. өмір сүріп отырып, болашақта адамзаттың интеллектуалдық дамуы арқылы демократиялық қоғамның пайда болуы екендігін болжап кеткен.
Сонымен қатар Аристотель адамдарға ғана тән барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұратын ерекшелігі тіл екенін айтқан. Мыслы, «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады» деді. Адамдардың барлығы бірдей емес, пайдалы, әділетті немесе пайдасыз, әділетсіз сөздерді пайдалану әр адамның мінез-құлқына, тәрбиесіне, мәдениетіне, біліміне байланысты болмақ. Айтылған ойдан шығатын тұжырым: адамның сөз саптау өнері арқылы ойын мәнерлі, түсінікті жеткізе білуімен басқалардан ерекшеленуі. Ерекше қабілетке ие адамды – лидер дейміз, яғни шешендік өнер (ораторлық өнер) лидерге тән қасиет.
Аристотельдің философиялық ойларын қорыта келе лидер пайдасыз, әділетсіз сөздерден бойын аулақ ұстайтын интеллектуалды дамыған адам екенін білеміз.
Лао Цзы Ежелгі Қытай ойшылы, философ, мемлекет қайраткері. Лао Цзы көп жылғы бақылау мен ой қорытудан кейін тиімді басшылық жасаудың заңдарын жасады. Лао Цзы өз кітабын сол кездегі ел басшыларына арнаған, олардың ақылдылықты меңгеруіне, дұрыс ойлау мен болжау қиын кездерде өз бетімен және тиімді әрекет етуіне қызмет ететініне үміт артты. Мынадай үш қасиеттің лидер үшін бағасы биік: барлық жаны ашитын нәрселерге жаны аши қарау; тұрмыстағы қарапайымдылық пен шамадан асып кетпеу; теңдік сезімі мен сыпайылық.
Конфуций Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы мемлекет қайраткері. «Жетілген адам» идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен бес қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі, тұрақтылық, әдет-ғұрып, білім. Б.э.д. III ғасырда басқару өнерінің негізі міндеті адал немесе адал емес билік деп қарастырылды. Заңға негізделген басқаруды нығайту үшін биліктегілердің қабілеттерін тексеру және табысын бақылау заңды болып табылды. Конфуций былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам – халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». «Жетілген адам» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін тағы да басты қасиет – парыз сезімі керек. Парыз – бұл моралдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты екенін айтқан. Конфуцийдің «Өзіңе не тілемесең, басқаға да соны тілеме» деген ойы философия тарихында «адамгершіліктің алтын ережесі» деп аталады». Конфуцийдің ойынан қоғамды жетілдіру, мемлекетті сәтті басқару әлеуметтік үйлесімділік тапқан адамның қолынан келетінін түсінуге болады. Қазіргі уақытта әлеуметтік үйлесімділік – лидерлікке тән сапалардың бірі.
Конфуцийден кейін шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтологиялық-гнеосеологиялық түсініктерін дамытты.
Онтология - (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – әлемдегі заттардың табиғатын айкындаумен айналысатын философияның философия ғылымының саласы.
Онтология терминін 1613 жылы неміс философы Р.Гоклениус Философиялық сөздігінде адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы тану деп көрсетті.
Гносеология - (греч. gnosis білім, logos ілім) – таным теориясы. Таным үдерісін зеттеу, сынға алу сияқты мәселелерді қарастырады. Мысалы, Конфуций шәкірті Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты әу бастан қайырымды болып жаралған. Адамға адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік сияқты қасиеттер де дене мүшелері сияқты берілген деп тұжрымдаған. Демек Мэн-цзы лидерлікті туа біткен қасиет деп санаған. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» теориясын жасады. Дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттік орнатады деген пікірде болған.

Семинар сабағының мазұны


Лидерліктің генезисін иерархиялық сатылары. Ежелгі грек философтарының еңбектеріндегі лидер және лидерлік идеялары. Ежелгі философтaрдың идеяларындағы лидерлік қасиеттер. Ежелгі қытай және шығыс философтарының лидерлік идеялары. Қоғамдағы лидер мен лидерліктің рөлі. Ұлы ойшылдардың Мемлекет бйлеушісін дайындау саясаты.


Тақырып бойынша сұрақтар





  1. Лидерлік генезисін зерттеу барысындағы теориялар.

  2. Кәсіби лидерлік негіздері пәнін оқыту мақсаты

  3. Кәсіби лидерлік негіздері пәнінің міндеттері

  4. Лидерлiктiң теориялық-әдiснaмaлық негiздерi.

  5. Лидерологияға әлемдік ғалымдардың ықпалы

  6. Лидерлiк мәселесiнiң зерттелу генезисі.

  7. Лидерліктің мәні мен мазмұны

  8. Ежелгі философтaрдың лидерлiк идеялaры.

  9. Аристотелдің лидерлік идеялары

  10. Сократтың лидерлік идеялары

  11. Платон айтқан билеушіге тән басты қасиеттері

  12. Лидерліктің хронологиялық және мазмұндық кезеңдері.

  13. Феномен ұғымының мәні

  14. Тарихи деректерге байланысты қоғамда лидердің алатын орны

  15. Лидерлікті зерттеп білуде иерархияның маңызы

  16. Лидерліктің мәні мен мазмұны.

  17. Лидер және лидерлік ұғымының мәні

  18. Лидер, көшбасшы сөзінің арақатынасы

  19. Р. Стогдиллдің лидерлікке берген анықтамасы

  20. Ғалымдардың лидер және лидерлікке берген анықтамалары

Студентердің өзіндік жұмыстары



  1. Лидерлікті зерттеудегі философтардың еңбектері және көзқарастары

  2. Лидерліктің генезисін «иерархиялық сатылар» бойынша бөліп қарастыру

  3. Аристотельдің пікірінше этикалық идеялары

  4. Платонның «Мемлекет» еңбегінде лидердің үш типі

  5. Лидерліктің мәні мен мазмұны

  6. Ресей ғалымдары еңбектеріндегі лидерлік мәселелері (XIX-XXғғ)

  7. Философтaрдың лидерлiк идеялaры.

  8. Конфуций «Жетілген адамның» идеалы

  9. Аристотелдің «Саясат» трактатында мемлекеттегі билік

  10. Лидердің адамгершілік қасиеттері

  11. А.Л. Уманскийдің лидерлік ғылыми тұжырымы.

  12. Гуманистік бағыттағы теориялар – «X» және «Y» теориялары

  13. Педагогика ғылымындағы 1920-1930 жылдарындағы педагогика ғылымындағы лидерлік мәселелер.

  14. Лидерге қажеті креативтілік, сендіру қабілеті; дипломатиялық қабілеті; әдептілік; шешендік дарыны.

  15. Лидерлiк феноменiн aнықтaйтын теориялaр

  16. Қоғам мен лидерліктің өзара байланысы

  17. Ежелгі Қытай ойшылы, философтарының лидерлік идеялары

  18. XX ғ. екінші жартысынан - XX ғ. аяғына дейінгі кезең

  19. XXI ғасыр кезеңі - әлемдік білім беру кеңістігіндегі лидерлік

  20. XIX ғ. ортасынан - XX ғ. басына дейінгі кезең

  21. XIX ғасырға дейінгі кезең

  22. А.Г. Ковалев, В.Н. Мясищевтің лидер және лидерлік идеялары

  23. Конфуцийдің онтологиялық-гнеосеологиялық түсініктері

Ұсынылыатын әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер:


1. Әлемдік философиялық мұра. 1 том. – А.: Жазушы, 2005. – 560 б. Б.199
2. Н.Б. Беляцкий. Основы лидерства. Учебник. Москва. – 2015. (Оқулық электронды кітапхана жүйесінде қолжетімді – biblio-online.ru.)
Қосымша әдебиеттер:

  1. Айту Ағатаев. Қайсар философиясы. – Алматы, 2009. – 236 б.

  2. В.А. Ильин. Психология лидерства. Учебник. Москава – Юрайт, 2014 – С. 312

  3. Баймуханбетов Б. М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастыру. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2014

  4. Алимбекова А.А. Болашақ педагогтардың лидерлік сапаларын дамытудың педагогикалық шарттары. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Астана, 2016

  5. Энциклопедия. (Бас ред. - Р.Н. Нұрғалиев). Алматы: «Атамұра».- 1995

2-тaқырып. Шығыс ойшылдарының лидерлiк идеялaры.





  1. Жүсіп Баласағұнидің «Құдадғу біліг» дастанының құндылығы

  2. әл-Фарабидің еңбектеріндегі лидер және лидерлік ойлары

  3. Лидерді тәрбиелеудегі Қабуснама өсиет кітабының мәні

Негізгі ұғымдар: ұлы кеңесші, лидерлік қағида, әділет, бақыт, ақыл, қанағат, білім, бақыт, парасат, игілік, бедел, әсер ету, «билік, жеке адам санасы, кемел адам т.б.




Жүсіп Хас Хажиб Баласағұниды бүкіл әлемге танымал еткен, қазірі күнде өзектілігі арта түскен еңбегі Түркі тілінде 1069-1070 жылдары жазылған «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны. Жүсіп Баласағұни өз заманының нағыз лидері. «Құдадғу біліг» дастанын «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Ол заманда «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» атағы кез-келген адамға берілмейтінін тарихтан жақсы білеміз «Құтты білік» дастанында қарастырылған саясат, мемлекетті басқару әдістері, билеушілердің әдептік ережелері, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қарым-қатынас мәселелері лидер мен лидерліктің танып білудің негіздерін қалайды. «Құтты білік» дастанындағы лидерлік қағидалар:

  1. Әділ Заң - «Күнтолды патша бейнесі арқылы көрсетеді.

  2. Бақ-дәулет - патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы баяндалады.

  3. Ақыл-парасат - уәзірдің баласы «Өдүлміш» бейнесінде жырланады.

  4. Қанағат-ынсап, игілік - уәзірдің інісі «Оғдұрмыш» бейнесі суреттеледі.

Жүсіп Баласағүнидің әлеуметтік философиясында лидерге тән сапалар: әділет, бақыт, ақыл және қанағат (патша Күнтолды, уәзір Айтолды, уәзірдің баласы Өдүлміш, уәзірдің інісі Оғдұрмыш) төрт кейіпкердің бойындағы жинақталған. Ұлы ойшылдың еңбегінен лидерлік туа берілетін қасиет немесе мінез-құлық емес, парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде, яғни қоғамда әлеуметену, бейімделу үдерісінде қалыптасатын сапа ретінде түсінеміз. Дастанда білім - бар жақсылықтың көзі саналады. Білім адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Адамның бойында ардақтаған асыл қасиеттің бірі ақыл болса, адамның құдіреті мен қасиеті – таным арқылы, ал таным - білім алу барысында қалыптасатыны туралы ойы бүгінгі күнде құнды. Дастанда білімнің мәні таным көзі болуымен терең ашып көрсетіледі, себебі адам құндылығы өмірінің мен тіршілігінің мәнін танып білуі. Әрбір адам өзі мен дүниені танумен ғана өмірін мәнді етіп, арман мұратына жетеді. «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да білікті адам жетер тілек, бағына» дей – отырып ғұлама бақытқа жетудің жолы білім екендігін баса айтады. Оқу мен білім алу адамның ең асыл танымдық әрекеті, білім адамды ізгілікке, адамшылдыққа жетелейді. Терең білім алған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Жүсіп Баласағүнидің пікірінше білімділік – даналық, сыртқы дене және ішкі жан дүниенің үйлесімді дамуы. Демек шынайы лидер терең білімдар болуы қажет. Біліммен кемелденген адам бойында: әділдік, бақыт, ақыл - парасат, игілік сияқты қасиеттерді жинақтай алады. Яғни лидердің бойынан осы аталған қасиеттер табылу қажет екенін айтады. Ұлы ойшыл еңбегінде аталған қасиеттерді жеке-жеке сипаттап, олар бір-бірінен тәуелсіз өмір сүргенде адамды бақытқа жетелей алмайды деген қорытынды жасайды. Төртеуі бірлік пен ынтымақта болғанда ғана адамдар бақытты өмір сүре алады дейді. Демек билеуші (лидер) әділдікті қолдайтын, бақытты сезіне білетін, ақыл –парасатты, игілікті іс-әрекетке бейім болу керек. Билеуші (лидердің) бақыты халықпен бірге, халықтың бақыты билеушінің басты мұраты екенін айтқан. Ж. Баласағұн халықпен үнемі араласуы, оның көңіл-күйін назардан қалдырмауы, қажет болған жағдайда тәртіпті талап ету билеуші беделін көтереді деп есептейді. Әрине лидердің өз тобында беделі болмаса, оның соңынан ерушілері, қолдаушылары да болмайды. Ал соңынан ерушілері мен қолдаушылары жоқ басшыны (лидерді) – көшбасшы деп атау мүмкін емес.
Көшбасшының еліне, тобына, ортасына беделі жоғарыда айтылған қасиеттердің болуына байланысты. Бедел деген ұғымның анықтамасы:
Бедел – бір адамның авторитеті. (нем.т. Autorität, лат. auctoritas — «әсер ету», «билік»), абыройы күшті, көпшілік сеніміне лайық. Жоғары құзырет, терең білім, ерік-жігер, жанқиярлық, қақтығыстар мен шиеленісті шешуге, тұрақтылық, татулық орнатуға көпшілік мойындаған адамның қасиеті.
Бедел:

  1. кең мағынада жалпы мойындалған бір тұлғаның немесе ұйымның білім, тәжірибе, адамгершілік абыройға негізделген қоғамдық өмірдік әртүрлі салаларына әсер етуі; дәл мағынада билікті іске асырудың бір үлгісі;

  2. бір немесе бірнеше мүмкін саяси легитимация нысандарына негізделген қауымдастықта немесе мемлекетте орнатылған саяси басқару.

Ж. Баласағұн дастанында «Көшбасшы ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта бүтін ел болсын!» – дейді. Ел жұртты басқаратын адам – ақыл парасатты, ниеті түзу, ақиқат сөзді, білім мен өнерді меңгерген, пейілі кең, жүзі жарқын, кекшілдіктен аулақ жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Сонымен Жүсіп Баласағұн «Құдадғу біліг» дастанында патшалар мен уәзірлерінің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болуы сипаттап берген. Адамның жақсы мінез-құлқы, құқық нормасын сақтауы, ақыл-парасаты, іс – әрекеті санаға байланысты жүзеге асады.
Қоғамның барлық дәуірлерінде түрлі сипатта болған лидерлік жеке және қоғамдық сананың дамуымен бірге мәңгі жетіліп отыратын – феномен.
Әбу Насыр Әл-Фараби трактаттарында лидерлік мәселелер жан-жақты қарастырылған. Әл-Фарабидің философиялық ойларында
- дүниенің мәңгілігі;
- танымның болмысқа тәуелділігі;
- жасапаз ақыл түсініктері шоғырланған.
Әл-Фараби жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды, ал әлемдік сана — мәңгі деген тұжырым жасаған. Қазақ ұлттық энциклопедияда сана - жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Жеке адам санасы – өз болмысын, қоршаған ортасын түсіну, сезіну, ойлау, қабылдауы, ал сананың қоғамдық қырын әлеуметтік өмірдің жалпыазаматтық идеяларын айқындайтын құндылықтар құрайды - деп айтылған. Сана мен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам барда сана бар, ал сана бар да лидерлік бар. Себебі лидерліктің негізгі белгісі саналылық. Қоғамның барлық дәуірлерінде түрлі сипатта болған лидерлік жеке және қоғамдық сананың дамуымен бірге мәңгі жетіліп отыратын – феномен.
Әл-Фараби халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтан – ұрпаққа берілуге міндетті: мақсат, ақиқат, ізгілік, жақсы іс-әрекет, өзін-өзі тану, жан-дүние үндестігі, әдемілік, қайырымдылық, бақыт сияқты ұғымдардың философиялық мағаналарына «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері» және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында кеңірек тоқталды.
Әл-Фараби оқыту мен тәрбиелеудің тұтастығына баса назар аударған. Білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Жас ұрпаққа ғылым мен тәрбие бірге берілгенде ғана жан – дүниенің рухани дамуына қол жеткізуге болады. Өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін түзей алмаған адамның соңынан ерушілері де, қолдаушылары да болуы мүмкін еместігін айтқан. Лидердің ең негізгі белгісі оның соңынан ерушілерінің болуы. Білімді, алғыр, өнерлі, өз пікірін еркін жеткізе алатын, жауапкершілігі мол, бірақ жалқыз, соңынын адамдарды адамдарды ерте алмайтын, өнеге көрсете алмайтын лидер деп айта алмаймыз.
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегі арқылы мейірімді тұрғындар мен кемел адам мәселесінің маңыздылығы мен мәнін береді. Трактатта «Басшы (лидер) болу үшін, өзінің соңынан басқалардыны ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек» деп басшының лидерлік ерекшелігін атап өтеді.
Адам ұмтылатын игі және нағыз кемелденген мақсатқа жету: рақат, қуаныш, ләззат, сұлулық, әдемілік, ең көрікті нәрселерді барынша тиянақты меңгеру. Оның қоғамдық құндылық болып табылатын адам өмірінің басқа тіршіліктің иелерінен айырмашылығы – кемелдігі деп атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет