Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет3/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Тарихилық – нақты тарихи жағдайларға байланысты құбылыстардың қалыптасуы мен дамуын анықтайтын, табиғаттың ғылыми бейнесін және оның даму заңдылығын ашып көрсететін таным қағидасы. Тарих нәтижесі алдын ала анықталатын үдеріс емес, ол тарихи дамудың объективті заңдылықтарының әртүрлі жолымен өтеді.
Сондықтан даму, эволюция және генезис арқылы анықталып, олардың бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте «генезис» гректің «genesis» сөзінен шыққан, шығу және пайда болу деген мағынаны білдіреді. Оны құбылысты, затты, түрді белгілі бір күйге алып келетін дамудың пайда болу үдерісі деп анықтайды.
Генезис көбінесе, ескінің негізінде жаңаның алғышартының пайда болуы деп саналады. Иерархия арқылы жаңа заттың қалыптасуы мен эволюциялық жолмен дамуын көрсетуге болады.
Лидерлік феноменінің генезисі иерархиялық тұрғыдан қарастырылады.
Ғылымға «иерархия» ұғымы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ене бастады. Жалпы теорияда иерархия ұйымдастыру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін басқару принципін сипаттайды.
Кеңестік үлкен энциклопедияда «иерархия» (грек hieranchia, hieros –қасиетті, arche - билік) – тұтастық бөліктерін немесе элементтерін жоғарыдан төменге ретімен орналастыру дегенді білдіреді.
Осы орайда лидерліктің генезисін төмендегідей «иерархиялық сатыларға» бөліп қарастыруға болады.
- бірінші иерархиялық саты – XIX ғасырға дейін;
- екінші иерархиялық саты – XIX ғ. - XX ғ. басын дейін;
- үшінші иерархиялық саты – XX ғ. екінші жартысынан XX ғ. аяғына дейін;
- төртінші иерархиялық саты – XXI ғасырды қамтиды .
Жоғарыдағы кезеңдердегі лидерлікті зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, салыстырмалы талдау лидерлік мәселесі екі мың жыл бойы талқыланып келе жатқаны туралы ой тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Лидерлік – көне заманда да, қазіргі кезеңде де философ, тарихшы, педагог, психолог мамандардың шұғылданып келе жатқан өзекті мәселелерінің бірі. Себебі лидерлік қоғамның даму кезеңдерімен, мәдениетімен, салт-дәстүріне байланысты ерекшелінеді.
Лидерліктің мәні мен мазмұны.
Қазіргі заманда лидерлік әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен адам үшін этикалық-бағдарлық сипаттағы адамгершілік құндылықты көрсетеді. Бүгін лидерлік феномені бірлескен топтық іс-әрекет контекстінде, яғни топтың белгілі бір мүшесінің ұйымдастырушылық ерекше қабілетін көрсетуі және басқа мүшелеріне ықпал етуі тұрғысынан танылады.
«Лидерлік» ұғымы «лидер» сөзінен туындаған. Лидер – сөзінің баламасы гректерде «hegemon», ал римдіктерде лидер «dux» болып табылады. Бұл сөздер қазақ тіліне аударғанда «жол» немесе «саяхат» деген мағына береді.
1933 жылы шыққан Oxford ағылшын сөздігінде лидер бір топ адам арасында алда болу, белгілі бір жағдайда басқаларға әсер етуші адам делінген және лидер ұғымының қолданылуы шамамен 1300 жылдар деп айтылған.
«Лидер» ағылшын тілінен енген термин. (Лидер – ағыл.т. “lider” “басты” деген). Психологиялық сөздікте «лидер» – топтың іс-әрекетінің бағыты мен сипатын, қызығушылықтарын ескере отырып, жауапты шешім қабылдау құқығына ие топтың мүшесі ретінде анықталады.
Философиялық сөздікте: лидер- әлеуметтік үдерістерде, жағдаяттарда жеке тұлғалық ықпалы басым болатын ұйымның немесе топтың абыройлы мүшесі. Лидердің абыройы және күнделікті әсерлі ықпалы формальды емес сипатта болады, стихиялық жинақталады және ресми емес топтық бақылау құралдарымен сүйемелденеді
Лидер – саяси партияның немесе қоғамдық ұйымның және т.б. басшысы, жетекшісі; қандай да бір топта ықпал етуімен үлкен беделге ие тұлға; көш бастаушы. Лидер – бұл бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы қолайлы өзара қарым-қатынасты құруда негізгі рөл атқаратын ең беделді тұлға
А.В Петровский, М.Г. Ярошевскийдің редакциялық басқаруымен шыққан психологиялық сөздікте лидер – топтағы тұлға аралық қатынастар жүйесінде басым болу және бағыну, әсер ету және қолдану қатынастары деп берілген.
Қазақ тіліне аударғанда лидер – жетекші немесе көшбасшы деген ұғымды білдіреді. Мысалы, педагогика және психология - қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде лидер – жeтекші деп аударылған.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның Орта және Батыс өңірлерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына байланысты қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс «Көшбасшы» басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен «Көшбасшы» болып ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. Көшбасшы көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын тапқыр, мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен деген анықтама берілген.
Лидер сөзінен лидерлік ұғымы пайда болған. Ғылыми еңбектерде лидерлік сапа және үдеріс ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет