Кәсіби практиканың КҮнделігі



бет5/9
Дата14.05.2022
өлшемі59,4 Kb.
#143345
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-2 курс каз
7-сынып КТЖ (1), 17-10 06-38
Жетекшінің қолы_________________


Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 2-курс студенті Жалел Айғанымға мінездеме

Жалел Айғаным 24.01. – 14.05.2022 жыл аралығында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, «№15 гимназия» КММ үздіксіз (психология-педагогикалық) тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту кезінде 2 «А» сыныбында жұмыс жүргізді. Үздіксіз психология-педагогикалық тәжірибе барысында Айғаным өзін жақсы жағынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап, оқушылармен танысып, тез тіл табысып, өзінің кішіпейілділігімен, қарапайымдылығымен әр оқушыны өзіне баулыды. Алғашқы күннен бастап-ақ өз ісіне ұқыптылығымен, тиянақтылығымен көзге түсті. Берілген тапсырманы өз уакытында, тиянакты орындады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша инновациялык технология түрлерін жетік меңгерген. Сабақты пәнаралық байланыспен қызықты етіп өте білді. Мектептен тыс болған іс-шаралар мен семинарларға, ашық сабақтарға және оқушылармен ұйымдастырылған байқауларға белсене қатысып отырды. Әрбір сабаққа үлкен ізденімпаздықпен және дайындықпен келіп жүрді.


Айғаным мінезі ашық-жарқын, оқушылармен тез тіл табыса алады. Мейірімді, өз жұмысын ынталы, жауапкершілікпен атқарады. Әрбір сабақты талдаған кезде, айтылған сынға дұрыс көзқараспен қарайды.
Жалел Айғаным болашақта жауапкершілігі мол, талапшыл, білікті маман болып, оқушылардың жүрегіне жол таба білетін білімді, ұлағатты ұстаз болатынына сенімім мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет