Кіріспе. Фома Аквинскийдің өмірбаяны


ІІ. Фома Аквинскийдің өмірбаяны



бет2/10
Дата02.02.2022
өлшемі138 Kb.
#117094
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-5202

ІІ. Фома Аквинскийдің өмірбаяны.
Ф. Аквинский батыс европадағы ортағасырлық ең көрнекті, ықпалды философ – схоластик .

Оның Отаны Италия. Ол Неаполитан корольдығындағы Аквиноға жақын Роколлека қорғанында 1225 жылдың аяғында, не 1226 жылдың басында дүниеге келген. Әкесі, граф Ландольф Аквинодағы көрнекті итальян феодалы болды. Шешесі Теодора бай неаполитан тұқымынан шыққан.

Оны 5 жасқа келгенде Монто Кассинодағы бенедиктикттар монастырына оқуға берді, мұнда ол латын тілінде тамаша білім алып, классикалық мектептен өтіп 9 жылын өткізеді. 1239 жылы монахтың сыртқы киімін тастап туған үйіне оралады. Осы жылдың күзінде Неапольға бағыт алады, бұнда Мартинмен Петр Ирланскидің жетекшілігімен университетте білім алады.

1244 жылы Фома жанұясының түпкілікті қарсылығына қарамастан Монто Кассинада аббат лауазымынан бас тартып, домикасцтер орденіне шешім қабылдайды. Монахша шаш қидырған, ол бірнеше айын Неаполь монастырында өткізеді. Мұнда оны сол кезде католиктік ойдың орталығы болып табылатын Париж университетіне жіберу ұйғарылды. Ол Парижге барар жолда салт аттылармен - өз ағалармен ұсталынып, сақтандыру мақсатында әкесінің қорғанына қайтарылып мұнараға қамалды. Онда 1 жылдам астам болды. Алға қарай жанұясы ешқандай құрал тәсілсіз қабылданған шешімнен бас тартуға мәжбүр етуге жұмыстанады.

Бірақ оның иілмейтінін көргеннен кейін 1245 жылы жанұясы онымен келісіп, ол Парижге аттанды.

Париж университетінде болған кездерінде (1245-1248) ол өз мұғалімі Альберт Больштедтің (кейіннен Ұлы Альберт атанған) лекцияларын тыңдады. Ол оған орасан зор ықпал етті. Альбертпен Фома Кельм университетінде бірге 4 жылын бірге өткізді. Пікірталастарға сирек қатынасып, сабақта белсенділік көрсетпеген Фоманы әріптестері сақау Бұқа деп атап кетті. 1252 жылы Париж университіне қайта оралып, теология мен лиценциата магистрі дәрежесін алу үшін қажетті барлық сатылардан өтеді. Онан кейін 1259 жылға дейін Парижде теологиядан дәріс береді. Осында оның бірнеше теологиялық еңбектері, қасиетті кітапқа түсінік жарық көреді және ол “Философиялық құндылық” жұмысын бастайды.

1259 ж. папа Урбан ІV Римге шақырады, ол осыдан 1268 жылға дейін осында болады. Фоманың папа сарайында болуы кездейсоқтық емес еді. Рим куриясы одан шіркеу үшін басты еңбек жазатын, яғни католицизм рухымен аристотетилизмге түсінік бере алатын нағыз адамды көрді. Бұнда Фома Парижде бастаған “ Философиялық құндылығын ” (1259-1269) жазды, өз өміріндегі ең басты еңбегі “ Теологиялық құндылықты ” жазуға кірісті.

1269 жылдың күзінде Рим куриясының нұсқауымен Фома Парижге аттанып, онда латын аверроистарына және оның басшысы Сигера Брабантскийге қарсы қиян – кескін күрес жүргізеді, сол сияқты бұрынғыша августинизмнің принциптерін ұстанғысы келетін консервативті католиктік теологтармен сөзбен қағысады. Бұл айтыста (таласта) ол өз позициясында болып, Августианцтарға т. б қарсы шығып, консерватизм және келеңсіз жаңа идеяларды кінәлады. Аверроистердің философиялық көзқарастары, қорғау- Аквинскидің бүкіл өмірінің мәні болған, христиан – католиктік сенімнің негізін бұзды.

1272 жылы Фома Италияға қайтарылды. Неапольда теологиядан дәріс бере жүріп, «Теологияның құндылық» жұмысын жалғастырады. Оны 1273 жылы бітіреді. Фома – бірнеше шығарманың авторы, сонымен қатар Аристотиль т. б философтар шығармаларына түсінік беруші.

Екі жыл өткеннен кейін Аквинский Лионда Х соборда Григорий папаның шақыруына қатынасу үшін Неапольдан кетеді. Жолда қатты ауырып Фоссануовта бернардинцтер монастырында 1274 жылдың 7 наурызда дүние салады.

Өлгеннен кейін оған «ангел доктор» титулы берілді. 1323 жылы папа Иоанна ХХІІ- нің понтификат кезінде Фома қасиеттілер қатарына енгізіліп, ол 1567 жылы «бесінші» шіркеу мұғалімі болып танылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет