Кіріспе. Фома Аквинскийдің өмірбаяны


ІV. Болмыстың метафизикалық теориясы



бет4/10
Дата02.02.2022
өлшемі138 Kb.
#117094
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-5202

ІV. Болмыстың метафизикалық теориясы.
Ф.Аквинский философиясы оның шәкірттерінікі сияқты реализм емес объективті идеализм болып табылады. Идеализм объектілерінің тартылыс алаңында заттар мен құбылыстар – тек ғана жан білінуін дәлелдейтін, спиритуализм түрлі реңдері орналасқан.

Бірінші не деген сұраққа, томизм, бірінші рух – құдай, ал материя – бұл оның жаратуы және екінші болып табылады деп жауап берді. Аквинский философиясы тек ғана жан емес, сол сияқты таза рухтардың түгел иерархиясы, не періштелердің бар екендігін мойындады.

Томизм объективті шындықты жоққа шығармай субъектіге мойынсынбайтын материалды дүниенің барлығын мақұлдады, сол сияқты бірінші болатын материалды емес дүниені де таныды.

Аквинкий философиясының идеологиялық характері тым анық не болмаса ол екі мағынасыз креационизм идеясы- әлемнің жоқтан пайда болуынан шығады.



1.Мән(маңыз) және тіршілік .

Фоманың пайдалануынша мән мен тіршіліктен тұратын жекеленген заттар не субстанциялар ғана шынайы тіршілік етеді. Оның ойынша мән мен тіршілік арасындағы айырмашылық біздің есіміздегі ойлау ғана емес, дәлелді, шынайы өмір сүретін зат. Оның дәлелдеуінше заттарға мән тән, бұның болу себебі, дүниедегі барлық тіршілік құдайдың жаратуымен және оған бағынышты. Адам мен жануар өз мәніне сай емес, ал құдайдың жаратуына сай тіршілік етеді. Аквинскийдің пайымдауынша, заттардың матариялдық дүниесі табиғаттың өз күшімен емес, жаратушыға бағынған кездейсоқтың және ол тіршілік етпеуі керек. Оған қарама-қарсы құдай –болмыс абсолюттік қажеттілік, ол сөзсіз болуы қажет, не болмаса ол оның табиғатында бар.


2.Материя және форма (түр).
Материя мен форманың категориясын Фома аристотель метафизикасынан алады. Субстанцияда 2 компанентке ажырата отырып-материя және форма, Аристотель жаратылыс ғылымында процестерді қортындылау мен классификациалау үшін философиялық негіз құруға ұмтылды, жалпыламаның жекелікке қатысты және керсінше проблемасын шешуге де ұмтылады.

Ф.Аквинский талдауында материя мен формадан тұратын жекеленген заттар ғана шынайы өмір сүреді. Материя жекелеу негізін көрсетеді, формадан айырылған материя, пассивті (енжар) онсыз тіршілік етпейді. Форма активті (белсенді) элементі.

Аристотель жекеленген заттардың тіршілігін мойындады, өз системасы негізінде материалистік және идеалистік эламенттерді біріктірді.

Аквинский платон дәстүрі негізінде қаланған, не ашу ақиқатымен, не сол кезеңдегі шіркеу философиясымен келістіруге болмайтын аристотелизмді материалистік элементтерден «тазалады». Солай бола тұрса да Фома талдау формасы Аристотельге қарағанда, басқаша мағына алады. Соңғы түсінік бойынша белгілі бір түрдегі барлық заттарға тән жалпы тіршілік сипатының жиынтығы болды.

Шындығында Аквинат ойынша жалпы, немесе форма жекеленген заттарда болады, бірақ бұнымен ол тоқтаған жоқ. Ол субстанцияда форманың 3 түрін көрсетті немесе жан-жақтылығы.

1) Оның мәні сапасын беретін, заттардағы жан-жақтылық (универсалия).

2) Адам ақылында болатын жан-жақтылық, бұл түрде ол шынайы тек ақылда болады, ал заттарда тек өзінің негізі ғана бар. Бұл жан-жақтылықты (универсалия) Фома рефлексивті деп атайды.

3) Универсалия- құдайшыл ақылдағы затқа бағынбау.

Жаратушының ақылындағы жан- жақтылық- бұл өзгермейтін, тұрақты, мәңгі формалар немесе заттар негізі .

Градациялық форманы енгізе отырып, Фома табиғат әлемінде ғана емес, барлық тәртіпке философиялық түсінік береді. Бір затты екінші заттан ажырату критериінде олардың табиғи ерекшеліктері емес, айырмашылық олардың формасында, яғни «құдай сияқты, заттардың қатысында».

Аквинский де материя мәңгілік емес, жоқтан құдаймен жаратылған, сондықтан- екінші мүмкіндік оған табиғаттан берілмеген, оған жаратушымен салынған және тек соның арқасында өмір сүреді.

Дамып келе жатқан буржуазия жердің құндылығын бағалаған кезеңде опасыз өмірдің шақыруын жек көру шіркеу мүддесінде болмады. Бұнда негізгі ой бір жағынан әлемнің жаратушыға сөзсіз бағынышты екенін дәлелдеу, екіншіден табиғи жоғары мақсаттардың шынайы, жер үстіндегі мақсаттар арқылы жүзеге асатынын көрсету. Сондықтан Аквинский жаратылыс себептері арқасында құдай әлемді билейді деген түсінік енгізді.

Аристотелдің метафизикалық барлық категорияларына Фома олардың жаратылыс ғылыми сипатынан айыра отырып, теологиялық мазмұн енгізеді. Аквинский этика тану, құқ және саяси оқу, табиғи теология проблемаларын қарайды, олардың өзегі « дәлелденген» болмыс, құдай болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет