Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет15/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Қала-дала байланыстары. IX–XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті. Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.     Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды. Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті. Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.             Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі,Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.

      

VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI–XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі – төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық және көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіпотыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.                 

Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі – әскери саясаттәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісудымонғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.

Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында – XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда қала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды. Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобықалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстандамұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б.            



   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет