Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет17/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Қазақ хандығының нығаюы. Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен КерейгеСырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.        Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар болатын. Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалықсаяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда менӘбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі ОтырарСығанақСауранСайрамСозақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.                            Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханыМұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), Арқұқ және Үзгентті алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.

Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.                       XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.

XV ғасырдың соңы алғашқы казақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғасырдың бас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан Бұрындық хан Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.

  XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылынатойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 15031510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.



 Қасым хан     

                                                



Қасым ханның билігі. 1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады. XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшыларҚасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке қол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати. Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (15111518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген «Қасым ханның қасқа жолы» атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты. Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. БатыстағыНоғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.

  XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқашкөлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа және бір мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет халқы 1 млн-нан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті.



  Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломатСигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.                                                                                                                        

 

 Қазақ хандығы

 

  Қазақ хандығы. Қасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ. Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады. Хандықта аласапыран кезең басталады. Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады. Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары қабілет таныта алмайды. Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады.      



Сыртқы саясатта Қасым хан тұсындағы ноғайлармен арадағы жылы қатынас әскери қақтығысқа ұласты, ал Ташкенттіңбилеушісі Келді-Мұхаммедпен түсінісе алмаған Таһир хан Түркістан маңында өзбектермен болған қанды шайқаста жеңілістабады. Осы уақытқа дейін Моғолстан хандарымен арадағы жарасымды қатынастың да шырқы бұзылады. Бірақ басы ашық бір нәрсе — сол Таһир хан көрші қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсайды.

Халқынан айырылған Таһир ханның өмірінің соңы жоқшылықта қырғыз жерінде өтеді. Шамамен 1532 жылы қаза болған ханның соңында азып-тозған хандық қалады.

XVI ғасырдың 30—50 жылдары қазақ және қырғыз одағының Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін жүргізген күресін Таһир ханнан соң оның інісі Бұйдаш хан жалғастырады. Бұл кезде бірнеше хандыққа бөлініп кеткен қазақ жерінде Бұйдаш ханнан басқа Тоғым және Ахмет сұлтандар хандық кұрды. Тоғым хан мен Бұйдаш ханның қызметі, негізінен, Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбек хандарының шапқыншылығынан сақтап қалуға жұмсалды.   Өкінішке орай, бұл кезеңдегі қырғыз бен қазақ қолдарының басқыншыларға қарсы ерлік күресі өте ауыр шығынмен аяқталады. Мәселен, шамамен, 1537жылы біріккен моғол-өзбек қолдарымен болған қанды ұрыста Тоғым хан тоғыз ұлымен, бауыры Мәлік сұлтанның ұлы Башибек сұлтан, тағы басқа қазақ-қырғыз қолдарын бастап келген 37 сұлтан апат болады.                     

Ал Ыстықкөл маңында Ташкент билеушісі Дервіш хан бастаған өзбек қолдарымен болған ұрыста 15501560 жылдары Бұйдаш хан қаза табады. Басқа әдіктен тарайтын жиырма төрт сұлтан және көп қазақ-қырғыз жауынгерлері қырғынға ұшырайды. Бірақ қалай болғанда да Моғолстан мен Мәуереннахр билеушілері Абд-ар-Рашид хан мен Ұбайдолла ханныңЖетісу мен Ыстықкөлге орнығу әрекеті ойлағандай нәтиже берген жоқ. XVI ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан қазақ-қырғыз одағы бұл шұрайлы аймақты қорғай алатын күш бар екендігін таныта білді.                                                 

XVI ғасырдың 30-жылдары Орталық Қазақстан үшін Ахмет ханның жүргізген күресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан маңғыт Орақ батырдың қолынан қаза тауып, бұл өңірдің біраз бөлігі ноғайлардың билігіне өтеді.                                               

Хақназар хан билігі. XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ мемлекеттігі қайтадан нығаю жолына түсе бастады, Қасым ханның Ханық сұлтан-ханымнан туған ұлы Хақназарды хандық дәрежеге көтеру рәсімі болды. Хан сайлау салты бойынша, оны ақ киізге отырғызып, молда хутба оқыған соң, киізді төрт би төрт бұрышынан көтеріп, жиналған жұрттың алдынан өтіп, жаңа ханды таныстырады. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастыра отырып, Хақназар хан қазақ руларының ескі қонысын сақтау, көрші елдер арасындағы Қазақ хандығының ықпалын арттыра түсуге күш салды.

  Моғолстанның Орталық Азия кеңістігінде елеулі саяси-әскери күш ретінде соңғы көрінуі осы Хақназар ханның билігіне тұспа-тұс келеді. Қазақ рулары бұл кезде жайылым іздеп, Жетісудан тыс Моғолстанның ішіне де жетеді. Бұған наразы болған Абд-ар-Рашид хан біріккен қазақ-қырғыз қолдарымен әлденеше рет қанды шайқастар өткізіп, оларды Моғолстаннан ығыстырады.

XVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай ордасы үшін өте ауыр кезең болды. Ішкі алауыздықтан әлсіреген ноғай елінің Жайықпен Елек өзендерінің бойындағы біраз ұлыстары Қазақ хандығының құрамына енеді. Хақназар ханның ықпалы Сібір билеушісі Көшім ханға да жайсыз тиген еді.                                 

1552 жылғы Қазан1556 жылы Астрахан хандықтарының жерін өзіне қаратқан Ресей — енді Қазақ хандығына көзінсала бастайды. Өйткені Қазақ хандығы арқылы ол Орталық Азия және Сібірмен қатынас жасай алатын еді. Орталық Азияға сауда жолы Тобылдан Ертіс арқылы Есілдің жоғарғы сағасына, одан әрі Ұлытаудың етегімен Сарысудан Түркістанға, содан соң Сырдан өтіп Бұхараға шығатын еді. 1573 жылы орыс патшасы IV Иванның Қазақ хандығына жіберген елшілігі жолда тұтқынға түседі. 1574 жылы Иван Грозный Оралдағы ағайынды Строгановтарға қазақтармен салықсыз сауда жасау құқығын береді. Осы кезеңде қазақ жеріне бас тіреген орыс елшілерінің бәріне де Қазақ хандығының ішкі жағдайын, оның көрші елдермен қарым-қатынасының жай-жапсарын анықтау тапсырылады.                                

XVI ғасырдың екінші жартысында да шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы қатынастағы ең өзекті мәселе — Сырдың орта ағысындағы қалаларға билік ету еді. Бұхара, Герат және Қорасанның билеушісі Абдаллах хан өзінің жауларымен, әсіресе Ташкенттегі билікті басып алған Баба сұлтанмен күресте қазақ хандары Хақназар, Шығай жәнеТәуекелдердің қолдауына сүйенуге тырысты. Абдаллах хан мен Баба сұлтан арасындағы алауыздықты ұтымды пайдалана отырып, Хақназар хан Түркістанның төңірегін және Сауранды өз билігіне қаратуға күш салды. Бірақ осы билік үшін өзара қырқыс барысында Хақназар хан екі ұлы және басқа сұлтандарымен Баба сұлтанның әскерінің қолынан қаза табады. Шамамен 1580 жылы өмірден кеткен Хақназар ханның билігінің соңына қарай Қазақ хандығы батыста — Жайық, солтүстікте — Есіл мен Нұра, шығыста — ШыңғыстайБалқаш және Шу өзені, оңтүстікте Түркістан аралығын қамтыды. Хақназар хан тұсында ноғай, башқұрттардың біраз бөлігі Қазақ хандығына қарады, қырғыз-қазақ одағы бұрынғы жылылық қалпын сақтады.      



Тәуекел сұлтан. Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырады, ал одан кейінгі елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады. Қазақ сұлтанының қызметіне риза болған Абдаллах хан сұлтанға өз әкесіЕскендір ханның сүйікті иелігі Самарқанға таяу маңдағы бір уәлаятын сыйға береді.

1582 жылы Ходжентке жақын Күмішкент атты елді мекенде Шығай хан қаза табады. Келесі 1583 жылы Әндіжан менФерғанаға жорықтан қайтар жолда Абдаллах ханнан сезіктенген Тәуекел хан атының басын Дешті Қыпшаққа бұрады. Оның мынадай екі себебі бар болатын. Өзінің қарсыластарын түгелдей дерлік жойып тынған Абдаллах ханға ендігі уақытта, әрине, Тәуекел хан сияқты одақтастың керегі жоқ еді. Оның үстіне, Жошы тұқымы Тәуекелдің де Мәуереннахр тағынан үміттенуі ықтимал еді. Бұл кезде Тәуекел ханның Бұхара билеушісінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалаларды беру туралы уәдесін орындаудан бас тартқанына әбден көзі жеткен болатын. Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған еді. Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Өзінің батыс шекарасындағы көршілерімен қызу саяси күрес жағдайында тұрған Ресейдің бұл кезде Орталық Азия мәселелерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ еді. Соған қарамастан, осы кезеңнің өзінде-ақ Ресей үкіметі Қазақ хандығы және Орталық Азиядағы саяси жағдаймен тұрақты айналысып, үлкен мүдделілік таныта бастайды.

 

 

 Сібір хандығы ХV-ХVІ ғасырларда.



Сібір хандығына — ХV ғасырда Орыс патшалығына барған бұл алғашқы елшілік Тәуекел хан күткендей нәтиже берген жоқ.

Біріншіден, орыс патшасы Сібір хандығы сияқты Қазақ хандығын да өз құзырына алмақ ойы бар емеурінін жасырмай ашық айтты.

Екіншіден, орыс патшасы егер Тәуекел хан ұлы Үсейін ханзаданы Мәскеуге аманатқа жіберсе ғана Оразмұхаммед сұлтанды қайтаратындығын білдірді.

Үшіншіден, патша Тәуекел ханды орыс патшалығының қол астында үйіріп, оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісі мен Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді.



Құл-Мұхаммед елшілігіне Мәскеуден Тәуекел ханға аудармашы Вельямин Степанов жіберіледі. Қазақ хандығы мен орыс патшалығы арасындағы елшілік қатынас осылай басталады.

 Есім хан.                                                                            

  Есім хан. Қасым ханнан соң қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметіСырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай-ақБұхар хандығының ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мәуереннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.                         



XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасы өзгерістерге ұшырайды. XVI ғасырдың екінші жартысы Моғолстан үшін құлдырау кезеңі болды. 1605 жылы Бұхарадағы билікке аштархандық әулеттің өкілі Имамқұликелді. Бұл кезде Бұхар хандығы Қазақ хандығы үшін Абдаллах хан кезіндегідей соншалықты қаһарлы емес еді.

Қазақ қолдарымен арада болған шайқастардан соң 1613 жылы Имамқұли хан қазақ Түрсын сұлтанды Ташкенттің билеушісі ретінде мойындайды. Ал Тұрсын хан Бұхар хандығына тәуелсіздігін көрсету үшін өз теңгесін шығарады. XVII ғасырдың бас кезі аштархандықтарға қарсы қазақ-қырғыз одағының нығая түсуімен сипатталады. 1621 жылы Шахрухбекінісінің жанында Тұрсын хан бастаған 100 мың қазақ пен қырғыз қолдары 160 мың Имамкұли хан әскерімен кездесіп, жеңіс қазақ-қырғыз жағында болады.

Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмендостық қатынаста болады.

Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.

Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады. Есім хан1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет