Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы


Жоңғар хандығы және Жәңгір хан



бет18/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Жоңғар хандығы және Жәңгір хан. Есім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгірсұлтан көзге түсе бастайды, ал оның хандық қызметі (16281652 жылдары) қалмақтардың басқыншылық саясатына қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті. Қалмақтармен болған жекпе-жекте Жәңгірді жеңетін қалмақта батыр болған емес. Сол үшін де оны халық Салқам Жәңгір атандырады.

Сәл үзілістермен бүкіл XVII ғасыр бойы және XVIII ғасырдың алғашқы жартысында жүрген қанды жоңғар-казақ соғысына Жетісудағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы шұрайлы жайылымдар үшін талас негіз болды. Қалмақ тайпалары сондай-ақ Сырдың орта ағысы арқылы өтетін сауда жолдары мен егіншілік орталықтарын билеуден үміттенді. Шығысынан қуатты Қытай мемлекеті тықсырған ойраттар онымен салыстырғанда әлсіздеу, батысындағы Қазақ хандығынан қоныс тартып алу жолына түсті. Басқаша айтқанда, Қазақ мемлекеттігінің ендігі уақытта болу не болмау мәселесі таразыға түсті.                                                                                                 

Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.

1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен басып кірген Батур қонтайшы қырғызАлатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын, сондағы елдерді жаулап алады.

Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.   Бірақ шайқас мұнымен аяқталмайды. Қонтайшы өзінің басымдығын енді сезіне бастаған сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс батыр, Көтен және Табай батырлар бастаған қырғыз жасақтары келіп жетеді. Ендігі шешуші шайқас жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.



1646 жылы қонтайшы қазақтардан кек алу үшін қайтадан атқа қонады. Бұл жолы ол үстем түсіп, Жәңгір сұлтанның інісін бала-шағасымен және басқа біраз адамдарды тұтқынға алып, кейін оралады.

Қазақ пен қырғыздарға қарсы келесі 16511652 жылдары жорыққа ойраттар үлкен даярлық жасап, Ресейдің жақын аудандарынан сауыт-сайман, оқ-дәріқару жасауға қажет темір сатып алады. Бұл жолғы соғыс қазақ пен қырғыздарға өте ауыр тиеді. Қанды бір шайқаста қазақ мемлекетінің басшысы ретінде кемел саясатымен және туған елін қолына қару алып қорғауда ерен ерлігімен бүкіл Орталық Азия елдері арасында кең танымал болған Жәңгір хан майдан даласында мерт болады.



 Тәуке хан. 

Тәуке хан заманы. Қалмақтармен жер үшін күрес Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан (16801715/1718 жылдары) тұсында да жалғасады. Тәукенің билігі қалмақ қонтайшылары Қалдан Бошоқты (16761697 жылдары) мен Себан-Рабданның (16971727 жылдары) билігіне тұстас келді. Бұл — қазақ-қалмақ қатынасының аса ширыққан кезі болатын. Қалдан ханның әскері1681 және 1683 жылдары Сайрамға дейін жетеді. Жетісу өңірі біраз уақытқа қалмақтардың қолына өтеді. 1710 және 1711жылдары қалмақтар қазақ жеріне жаңа шабуылға көшті. Оған жоңғарлардың Қытаймен арадағы қатынасының шиеленісіп кетуі себепші болған еді.                                                             XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп бағалады.      

Жоңғар хандығымен күрес жүргізе отырып, Тәуке хан Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты. Ресейдің Батыс Сібірге біржола орнығуы, Ертіс бойына орыс бекіністерінің орныға бастауы, сөйтіп, бұл қуатты мемлекеттің батыс пен солтүстік-шығыста қазақ елінің тікелей көршісіне айналуы, әрине, Тәуке ханды да ойға салғаны анық. Жоңғардан төнген қауіп жағдайында оның 1717 жылы орыс үкіметіне елші аттандырып, әскери көмек сұрауы — соның айғағы.


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІ

 

Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билікШыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұқымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хан ел билеушісұлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды. Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендігін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.



 Хан

Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елдібилеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық биліктімойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолындаболды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты арқылы жеткен. Ал олардыңшешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді, ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған.Халықта "Тура биде туған жоқ" деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.



Төле би Қазыбек би Әйтеке би

  Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондай-ақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған.            



 Үш биге ескерткіш

Орыс тарихшысы А.И. Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан) өзінің ақыл-парасатымен және әділдігімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті... және жалпыға ортақ заң беріп, сол бойынша төрелік жасады, сөйтіп күшке емес, ақылға, тәжірибеге және айлаға сүйенді. Әрбір Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды:

                      Ұлы жүзде –Төле,

                      Орта жүзде – Қазыбек,



                      Кіші жүзде – Әйтеке билер.

 Тәуке хан           

 

Қазақ хандығында мемлекеттіктің барлық негізгі белгілері болды. Хан – мемлекет басы, ал оның жанында тұрақты билер кеңесі жұмыс жасады. Тәуке хан тұсында билер институтының белсенділігі өсіп, олар күнделікті құқық, шаруашылық,әскери және идеологиялық істерді жүргізуде маңызды орынды иемденді. Хан сарайы жанында сенімді адамдардан құралғанқарулы топ – төлеңгіттер ұсталды. Төлеңгіттер жекелеген ірі сұлтандар жанында да болды. Төлеңгіттер түрлі міндеттератқарды, солардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине, халықтан алым-салық жинау. Салықтың көлемі "Жеті Жарғы



" бойынша былай анықталды: "Сұлтандардан басқа барлық қару асынатындар хан мен ел билеушілеріне жыл сайын мүлкінің20-дан бір бөлігін салық ретінде төлейді". Аса маңызды жалпыұлттық мәселелер, соның ішінде басқа елдермен қатынас сипаты, әскери іс жылда күзде шақырылатын жалпыхалықтық Құрылтайда талқыға түсті, ал оның шешімін орындау және басшылыққа алу барлық буындағы билеушілерге міндеттелді. Құрылтайдың шешімін тек Құрылтай ғана өзгерте алатын еді.

"Қасым ханның қасқа жолы""Есім ханның ескі жолы" атты заңдық ережелер, кейін оларды ауыстырған "Жеті Жарғы"қоғамдық қатынастарды реттеп отыруда жетекші міндет атқарды. Хандықтың астанасы және елдің рухани орталығы –Түркістан қаласы болды.                 

Қорыта айтқанда, Тәуке хан кезеңі қазақ қоғамында мемлекеттік басқару жүйесінің біржола қалыптасуымен сипатталады. Тәуке хан қазақ билеушілері арасында өз билігін үш жүзге түгел жая білген хан болды. Сонымен бірге Тәукеханның өлімінен соң бұл мемлекеттік жүйенің әлсіз жақтары да байқалды. Қуатты мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығысалдарынан қазақ қоғамы тағы да феодалдық бытыраңқылық жолына түсті. Бұл жағдай, біріншіден, жоңғарлықбасқыншылыққа жол ашса, екіншіден, қазақ жүздерінің біртіндеп Ресей империясына отарлық тәуелділікке ұшырауына алыпкелді.                



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет