Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет16/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Діндер тоғысуы. Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан манихей діні қазақ жеріне Мәуереннахр отырықшылары арқылы келді. VIII ғасырда Батыс Түрік қағандары шығыстан келген манихей дініне қолдау жасады.Манихей дінінің Қазақстандағы орталығы Тараз қаласы болды. Осы қалада жазылған манихейліктердің "Екі негіз жөніндегі қасиетті кітабы" (VIII ғ.) "он оқ бұдұн елін" (түркілерді) дінге қарату мақсатын көздеген еді. Манихей дінінің негізгі қағидасыбойынша, өмір жағымды, таза күштер мен зиянды, қара ниетті күштердің күресінен тұрады. Олар ілгерілеушілікке, дамуға қарсы болды, отбасын, өмірдің қызығын тәрк етті. Мал етін жеуге қарсы болды, тек өсімдік тағамдарын пайдаланудыуағыздады.

      

Б.з. V ғасырында Қазақстан жеріне несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария Құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді. Сол үшін қуғындалған Нестордың ізін куушылар өз дініншығыс елдеріне таратуға бет алды. Осы дінді әрі қарай таратушы Сириядан шыққан несториан-христиандар біртіндеп оны Бактрия, ПарфияМәуереннахрға, Қазақ жеріне, одан Қытай мен Монғолияға таратты. Несториандық христиандардың V–VIII ғасырларға жататын шіркеулері, ескерткіштері Тараздан, Меркеден, т.б. оңтүстік және Жетісудың ортағасырлық қалаларынантабылды. Орта ғасырларда бұл өңір халқы көне шамандық-тәңірлік дінмен қатар әр жерде буддизм, манихейлік, христиандықдіндерді ұстанды. Бұл өңірде IX–X ғасырлардан бастап мұсылман діні кең таралып, негізгі дінге айнала бастады. Орта ғасырларда оңтүстік өңірде осындай діни синкретизмнің (күрделі араластықтың) пайда болуы да көшпелілер мен отырықшылардың мәдени қарым-қатынасының нәтижесі еді.                         Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салықтүрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен әсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.



Глоссарий:

Көшпелілер мемлекеті - Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайдаболуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.      

Мұсылмандық мәдениет өкілдері - Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б.           

Манихей діні - Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан манихей діні қазақ жеріне Мәуереннахр отырықшылары арқылы келді.                 

Несториан діні - Б.з. V ғасырында Қазақстан жеріне несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария Құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді.           

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ

ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 

Мәселенің зерттелуі барысындағы тарихи бұрмалаушылықтар. Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттер б.з.б VІІІ ғасыр мен б.з. V ғасыры аралығында құрылғандығын сіздер алдыңғы сабақтардан білдіңіздер. Еділ өзені мен Алтай тауы аралығындағы кең далада өмір сүрген сақ, қаңлы, үйсін, ғұн тайпалары темір дәуірі кезінде-ақ мемлекеттік дәрежеге жеткен бірлестіктер болды. Бұл жайды археологиялық ескерткіштермен, ежелгі грек, парсы, қытай жазба деректері де растап отыр. Соған қарамастан ХХ ғасырдың бас кезіне дейін Батыс қоғамында көшпенділерде таптық жүйе болмады, демек көшпенділер қоғамы мемлекет дәрежесіне жетпеді деген отаршылдық пиғылдағы, жансақ, ешбір ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, сыңаржақ пікірде болды. Мұндай пікірлер ол кезде отаршыл-империалистік саясат жүргізіп отырғандардың мүдделеріне сай келді. Соған қарамастан көшпенділердің мемлекеттері туралы алғашқы тарихи еңбектер ХVІІІ ғасырдан жазыла бастады. Бұл еңбектерде, содан кейін ХІХ ғасырда аталған тақырыпта жарық көрген көптеген еңбектерде көшпенділерде мемлекет болғандығын мойындады, бірақ мемлекеттің құрылуын олар жаулап алушылықпен тікелей байланыстырды. Олардың ойларынша көшпенділер қоғамы мемлекет дәрежесіне өз ішінен пісіп жеткен жоқ, тек отырықшы елдерді жаулап алған соң, мемлекеттік құрылысты отырықшылардан үйренді деген қате пікірде болды. Көп жағдайда олардың ондай пікірде болуларына, көшпенділер қоғамында сақталып қалған рулық қатынастар себеп болды. Қазақстан аумағына экспедициямен келген патша өкіметінің шенеуніктері: «Киргиз-кайцактар ( яғни қазақтар) жартылай жабайы көшпенді халық. Олар жартылай алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүреді, әлі күнге дейін оларда рулық қатынастар үстемдігі сақталып қалған»,- деп айтса, ал «ұлы державалық» пиғылдағы тарихшылар «Қазақтарда мемлекет те, хандық та еш уақытта болған жоқ, хан деген сөз ру-тайпа бірлестіктерінің басшыларына берілді, сондықтан да қазақтарда бір мезгілде хандар көп болады», дей келе Ресейдің бұл аумақты жаулап алуы, өлкенің қоғамдық-экономикалық тұрғыдан ілгері дамуын қамтамасыз етті,- деген қорытынды жасады. Әрине мұндай қорытындыға келгенде, олар ешбір ғылыми әдіске сүйенбеді. Кеңестік дәуірде ертедегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы тарихи еңбектер екі түрлі болды. Бірінші түрі: «Көшпелілерде мемлекет қалыптасып үлгерген жоқ, олар шаруашылық қауым денгейінде өмір сүрді. Жерге жекеменшік болмағандықтан, таптық қоғам құра алмады. Оның үстіне көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындар үшін бір орталыққа бағынған мемлекеттік құрылымнан көрі, шашыраңқы қауымдастық түрінде өмір сүру тиімді болды»,- деген жоғарыда айтылғандай еуроцентристік бағытта болды. Екіншісі, жан-жақты тарихи деректермен бірге археологиялық зерттеулерге сүйенген түрі: «Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымдар б.з.б. І мыңжылдықта шаруашылықтың бөлініс кезінде пайда болды» дегендер болды. Мұндай пікірді А.Н.Бернштам, В.В. Бартольд, Л.Н.Гумилев сияқты т.б. беделді ғалымдар айтты.

Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері. Кейінгі жылдары көшпенділердің мемлекеттілігі жайында жүргізілген зерттеулер тарих ғылымына және жалпы қоғамдық санаға үлкен өзгерістер алып келді. Атап айтатын болсақ көшпенділер қоғамында мемлекеттік құрылым отырықшы елдерден бұрын, б.з.б. І мыңжылдықта шаруашылықтың бөлініс кезінде пайда болғандығы. Өйткені көшпенділерде малға еш уақытта қоғамдық меншік болмады, сондықтан көшпелілер қоғамында әлеуметтік теңсіздік отырықшылардан анағұрлым ерте пайда болды. Отырықшы елдерде мемлекет құрылудың классикалық түрі рулық қауымдастықтар тараған соң, жер жекеменшікке айналып, мүлік теңсіздігі орнаған кезде мемлекет құрылады. Ал көшпелілер қоғамында мүлік теңсіздігі орнаса да, шаруашылықты жүргізу және генетикалық тазалықты сақтау үшін өзіндік рулық қатынастарды сақтау қажет болды. Көшпенділердің мемлекетінде билік мұралық жолмен берілсе де, жеке адамның шексіз билігін орнату мүмкін болмады. Мұның бірнеше себептері болды: 1) Биліктен қысым көрген жағдайда ру-тайпалар басқа мемлекеттік бірлестіктерге көшіп кетуі мүмкін болды. 2) Жоғары биліктің сүйенетін тұрақты әскері болмады, соғыс жағдайында әр адам жауапкершілікті сезіне отыра өзі үшін жауынгер болуға әрқашан дайын болатын. Осы себептен де жоғарғы билеуші әрдайым мемлекеттің қарапайым әрбір мүшесінің қолдауына зәру болып отырды. 3) Мемлекет үшін маңызды істің бәрі халық арасынан сайланған рубасылар құрылтайында шешімін табатын. Осындай далалық демократия, орта ғасырларда халық басқару ісіндегі ең озық жетістік болғанын бүгінгі күні бүкіл ғалымдар мойындады. Мемлекеттің жоғарғы билеушілері мен қарапайым мүшесі арасындағы бір-біріне деген қажеттіліктен туындаған түсіністік, көшпенділер мемлекетін басқару ісінің негізі болып табылды. Осындай көшпенділерге ғана тән мемлекеттік құрылымдарға жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізген соң, ғалымдар тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылымға «көшпенділер өркениеті»,- деген термин енгізді. «Көшпенділер өркениеті» сан ғасырлар бойы адам баласының қол жеткізген ең озық жетістіктерінің бірі болып саналып, жалпы әлем өркениетінің ажырамас бір бөлігіне айналды.

Қазақстан жерінде ерте феодалдық мемлекеттердің құрылуы. Қазақстан аумағында орта ғасырда алғашқы феодалдық мемлекет – Түркі қағанаты болды. Орталық Азия жерінде мекендеген түркі тайпалары 552 жылы Жужан қағандығын соғыста жеңіп, саяси тәуелсіздікке ие болады. Мемлекеттің негізін қалаған «ашын» руынан шыққан Бумын қаған дәл сол жылы қайтыс болып орнына мұрагері Мұқан қаған отырады. 552-554 жылдары Түркі қағандары көрші тайпаларды өздеріне бағындырды, ал оңтүстігіндегі Чжоу мен Цинь мемлекеттері алым-салық төлеп тұратын болып келісімге келді. 554 жылы Бумын қағанның інісі Істеми басқарған он түмен қол Батыстағы елдерді бағындыруға аттанады. 555 жылы Арал теңізіне дейінгі жерді түркілер көп қарсылықсыз тез арада бағындырады. 563-567 жылдары Орта Азиядағы эфталиттерді толық жеңген соң, Сасанилік Иран мемлекеті жылына 40 мың алтын теңге көлемінде салық төлеп тұратын болды. VІ ғасырдың 70 жылдары, Түркі қағанатының батыс шекарасы Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік-батыс жағалауларына дейін жетті. Сары теңізден Қара теңізге дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан Түркі қағандығы бір орталыққа бағынған мемлекет құра алмады. Қағандықтың халқы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да біріге алмады. Оның үстіне кең-байтақ жерді бір орталықтан басқару мүмкін болмады. Осындай себептерден кейін 603 жылы мемлекет Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді. Қазақстанның оңтүстік аумағында бірін-бірі ауыстырған 603-704 жылдар аралығында Батыс Түркі қағанаттығы, 704жыл мен 756 жылдар арасында Түргеш қағанаты, 756-940 жылдар аралығында Қарлұқ қағанаттары өмір сүрді. Бұл мемлекеттердің барлығының орталығы Суяб қаласы болды. ІХ ғасырда Орталық және Солтүстік –Шығыс Қазақстан аумағында Қимақ қағандығы, Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы, Арал теңізі маңы мен Маңғыстау түбегінде Оғыз мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттерде дәстүрлі ру-тайпалық құрылымдар сақталып қалды. Ерте орта ғасырдағы бұл феодалдық мемлекеттерде сатылы басқару жүйесі болған. Ең жоғары билік басында қаған болса, атқарушы билік қаған сайлаған ұлықтың қолында болды, кейінгі сатыда шад, жабғу, елтебер деген жоғары лауазымдар болды, жергілікті жерлердегі билік әрі қағанның тірегі тайпа көсемдері – бектер болды. Сот ісін бұйрықтар мен тархандар атқарса, салық жинаушыларға арнайы селиф деген атақ берілген. Сатылы басқару жүйесі болғанмен бұл мемлекеттерде әскери демократия жүйесі де күшті болды. 634 жылы Ешбар Елтеріс қаған ел басқаруда«он оқ бұдын» жүйесін енгізеді, «бұдын» сөзі «халық немесе тайпа» дегенді білдіреді. Осы басқару жүйесі елді он тайпаға бөлді, жергілікті жердегі әкімшілік билік пен бірге әскери билікті тайпа көсемдерінің қолына берді. «Он оқ бұдын» жүйесі елді бытыраңқылыққа алып келді, тайпа көсемдері үнемі жоғарғы билікке ұмтылып өз ара соғыс жүргізіп отырды. 640-657 жылдары Батыс Түркі қағанатының тарихында ішкі тартыс пен қырқысқа толы болуының себебінен, мемлекет әбден әлсіреп кетеді, осыны пайдаланып Тан империясы 659 жылы Жетісуға басып кіреді.Қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады, азаттық жолындағы күрестер тек VІІ ғасырдың аяғында Түргеш тайпасының көсемі Үшілік басқарған кезде жемісті болды. Қытайларды Жетісудан қуған соң, түргештердің саяси аренада беделі өсіп 704 жылы Үшілік өзін қаған деп жариялап, Түргеш қағанаттының негізін қалайды.

Ерте орта ғасырлардағы феодалдық мемлекеттерінің өмірінде соғыстар мен қырқыстарға толы болса да әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы да болды. Мемлекеттердің халықаралық маңызы артып Қытай, Византия, Иран сияқты сол кездегі ірі империялармен терезесі тең дәрежеде жан-жақты байланыс орнатты. Аймақ көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттерді тығыз байланыстырып бір ағымға түсірген, халықаралық сауда алаңына айналды. Түркі тілдес тайпалардың отырықшы және жартылай отырықшы өмір салтына көшуі, қалалар санының өсуіне септігін тигізді. Қазақстан аумағындағы құрылған осы мемлекеттер, жалпы алғанда әлемнің Батысы мен Шығысы арасындағы өрбіген екі өркениеттерді бір бірімен байланыстырған көпір секілді болды.



ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ-ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНЫҢ ЗАҢДЫ НӘТИЖЕСІ

  Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІV-ХV ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси үрдістерден туған заңды құбылыс. Осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі ХV ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.



  Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан-Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығының саяси ахуалы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын (Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілқайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — СығанақСозақ, Аққорған, Өзгент, Аркөк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Олармен Әбілхайыр ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістаналқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп кеткен еді. Оны Жәнібек пен Керей сұлтандарбасқарды.       Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар менақсүйектердің қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, ХV ғ. 50-70 жж, яғни 1459 ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуылынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылысболатын. Мырза Мұхамед Хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.       Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібекпен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері-оның ұлы Шайх -Хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.                  XV ғасырдың 60-жылдары өмірге келген Қазақ хандығы бұл мезгілге дейін аяқталып қалған қазақ халқының қалыптасуының табиғи жалғасы әрі жиынтығы болатын. Өз ішінде алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын, яғни этностық аумағының бүтіндігін,шаруашылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін Ақ ОрдаМоғолстанӘбілхайыр хандығы және Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар қамтамасыз ете алған жоқ еді. Өйткені бұл хандықтардың өз ішінде де саяси және экономикалық тұрақтылық болған емес. Сондықтан да қалыптасу жолында тұрған қазақ ұлтының аумағы мен жеке тайпалықбөліктерінің түрлі тұрақсыз хандық биліктердің құрамына еніп, тынымсыз қайта бөлініп отыруы ұлттық ұюға жағымсыз ықпал жасаумен болды.

Қазақ жұртының өзбек жұртынан бөлінуі. Қазақ тарихында белгілі бір ру-тайпаның қоғамның басқа бөлігінен түрлі себептерге байланысты бөліне көшуі түрлі кезеңдерде болып тұрған. Ал бұл жолғы Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған біраз ұлттың Әбілхайыр хандығынан (Өзбек ұлысынан) жарыла көшуі, әрине, дүрдараздықтың, билеуші Шыңғыс ұрпағы арасындағы үйреншікті тар, билік үшін таласынан анағұрлым кең ауқым алғандығын аңғартса керек.   Деректі материалдар Әбілхайыр хандығынан (Өзбек ұлысынан) біраз жұрттың жаңа пайда болған хандыққа бет бұрып жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, екі сұлтанның Әбілхайыр хандығынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай халықтың арасындағы ықпалды топтардың ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымға бағытталған әрекеттің орын алғандығын білдіреді.         

Қара халықтың билеуші топтарының Жәнібек пен Керейге ондай ұсыныспен қайырылуына түрткі боларлық себептер аз емес. Солардың негізгісі қазақ жеріне, әсіресе Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді. Бұл ретте, ең алдымен, қазақ елінің шығыс жағындағы көршісі жоңғарлық ойраттар жеріндегі тарихи өзгерістерді еске алуға тура келеді. XV ғасырдың ортасына қарай барлық ойрат (қалмақ) елін бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы бүкіл батыс және шығыс монғолдардың билеушісі дәрежесін иемденген. Оның Мин империясына жасаған бір жорығы тіпті император Чжу Ци-Чжэнді тұтқындаумен аяқталады. Қытайдан алым-салық алып тұрудан қанаттанған Есен тайшының назары енді Моғолстан мен Жетісу жаққа ойысып, бұл жақ беттегі көршілерінің көңілінде үлкен алаңдаушылық туғыза бастайды.                                         1452 жылы Есен тайшының жасағы Моғолстанға басып кіріп, содан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, ТүркістанТашкентОтырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақынКөккесене атты жерде Әбілхайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандап жеңеді. Ойраттардың бұл жорығы 1455 жылы, яғни Есен тайшы өлгеннен кейін аяқталады.           Қуатты қалмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Моғолстандыбилеушісі Есенбұға ханды да, Алаш жұрты мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан даЕсенбұға ханның Жәнібек пен Керейге қолдау танытып, Шу бойындағы Қозыбасыда жаңа хандықтың шаңырағын көтеруге ықылас білдіруінің бірден-бір себебін қалмақтарға тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар.

Әрине, енді ғана шаңырақ көтерген хандық өмірінде ру-тайпалық қатынаста сол кезеңге дейін үстемдік құрған дәстүр-салтты есепке алмау мүмкін емес еді. Бұл ретте де жаңа пайда болған мемлекет құрамына енген ру-тайпа басшылары арасында белгілі бір бәтуаның болғандығы сөзсіз. Ондай тәртіпті енді ғана билікке келген сұлтан мен хандардың өз бетінше жоғарыдан орната салмайтындығы, орнатқан күнде де жаңа жүйені қалың бұқараның үн-түнсіз қабылдай коюы екіталай екендігі мәлім.        

             



 Қазақ хандары Керей мен Жәнібек.

 

  Қазақ хандығының құрылуы. Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпа ақсүйектерінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін емес болатын. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.                                                                                                          Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан мезгілі XIII ғасырдың соңы — XIV ғасырдың бас кезі. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңқа би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңқа биден соң "Алаш мыңының" бас биі болған адам есімін атамайды. Өзі өмір сүрген XVI ғасырда ондай міндетті атқарған тұлға болса, оны тарихшы міндетті түрде атаған болар еді, яғни Қадырғали Ресейге аттанған кезде "Алаш мыңы" одағы да, сонымен бірге бас билік мәртебесі де бұрынғы мәнін жоғалта бастаған еді.                  



Егер бұл тұжырымның тарихи шындыққа жақын екендігін мойындасақ, онда, әрине, "Алаш мыңы" ішіндегі үш сан халықтың кейінірек қазақ болып қалыптасқан ұлттың құрамындағы үш жүздің сол тарихи кезеңдегі көрінісі екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бұл одақтың құрамында, ең аз дегенде, қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, арғын,найман, қыпшақ және алшын сияқты тайпалық одақтардың болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.

  Әбілхайыр қазасынан соң (1468 жылы) Өзбек ұлысының ішінде берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас, өзара алауыздық Есенбұғы өлгеннен кейін де (1462 жылы) тоқталған жоқ. Мұның өзі осы кезде Моғолстан және басқаортаазиялық мемлекеттерге де тән құбылыс болатын. Яғни, XV ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей ұлысына сырттан қауіп төндіре алатындай басқа ықпалды мемлекеттер жоқ болатын. Мұндай жағдай өмірге жаңа ғана келген мемлекеттің буынының бекуіне қолайлы жағдай туғызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет