Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры


Майлы бояумен жұмыстар орындау, құралдар-саймандар мен материалдар және жазу технолоиясы



бет6/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)
18862 8 , 18862 8 , priem-006, Ара кореги, КТЖ-11-сын Әдебиет
2.3.Майлы бояумен жұмыстар орындау, құралдар-саймандар мен материалдар және жазу технолоиясы.

Суретшілер пайдаланатын барлық бояулар – пигмент қоспаса яғни дұрысын айтқанда бояғыш зат және қандайда бір байланыстырғыш заттар әдетте зығыр, кейде жаңғақ немесе көкнар майы болып табылады. Басқа майлар пайдаланылмайды, немесе бұланып ұшып кетеді, яғни, ұзақ уақыт кеппей қояды.

Майлы бояулар кескіндемеде тек XVI ғасырда ғана пайдалана бастады. Олардың көптеген қалын етіп те, сондай-ақ астынғы түс айқын байқалып тұратындай, жеңіл, мөлдір етіп лессировкалап те жағуға болады. Кепкен кезде бұл бояулар өзінің түстік өң реңін өзгертпейді.

Аяқталып біткен және кептірілген майлы бояумен салынған картинаға бояулардың ашықтығын арттыру үшін арнайы лак жағады, мұндай лак кепкен кезде шыны сияқты мөлдір пленка түзеді. Осы мақсат үшін мастика, даммара және акрил, пісте лактары шығарылады.

Майлы бояумен жұмыс істеу үшін көбіне №2, №12 түрлі нөмірлердегі жалпақ, қылшықты қыл қаламдар алынады. Маймен жұмыс істеген кезде бір қылқаламды ғана амалдай тұруға болмайды, өйткені жұмыстың бұл техникасында қылқалымды, мысалы акварельдегідей жұмсайды. Сондықтан суретшілер бір мезгілде бірнеше қылқаламдарды – қызыл, жасыл және басқа өрнектер үшін жеке-жеке пайдаланады. Ұсақ деталдарды салу үшін қолда жіңішке әрі жұмсақ қылқаламның болғаны дұрыс, бәрінеде жұмсақ қылышықты (күзен қылышты) қылқаламдарды пайдаланған жақсы болады.

Қылшықты қылқаламдар серпінді және тығыс топтастырылған болуы олардың жекеленген қылшықтары сорайып шығып тұрмауы тиіс.

Нағыз шебер өзінің барлық аспаптарын, әсіресе қылқаламдарды үлгілі тазалықта ұстайды, әйтпесе олар өте тез жарамсыз болып қалуы мүмкін. Жұмысты бітіргеннен кейін суретші қылқаламды қағазбен, одан кейін жұмсақ шүберекпен мұқият сүртеді, мұнан соң оларды керосинге салып қояды. Керосиннен алынған қылқаламдарды жұмыс алдында тағы да қағазбен және шүберекпен құрғатып сүртеді.

Суретші өз жұмысын пайдаланатын политра жоғары сапалы понерден немесе тақтадан жасалады, соңғысы жақсы.

Саусаққа арналған тесіктің маңайы қалың, ал жеңіл болу үшін жоғарғы және сол жақтағы шетіне қарай өте жұқа болады. Политра бояулардан майды сорып алмау үшін, оған алдын ала оливті жақсылап сіңіріп, кептіреді. Жұмыс аяқтылысы мен әр ретте палитраны мастихинмен тап-таза етіп тазартып, газет қағазымен және шүберекпен сүртеді. Палитраны жууға болмайды.

Майлы бояулармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ мастихин мен масленка керек. Мастихин кенептен де, палитрадан да қажетсіз бояуларды алып тастайтын ерекше формалы серпімді пышақ. Кейде оны суретшілер қылқалам орнына пайдаланып, ерекше үлкен жағымдылар жасайды. Масленка – бұралатын қақпағы және палитраға бекітуге арналған ерекше қысқышы бар шағын металл құты.

Студияда немесе бейнелеу үйірмелерінде жұмыс молъберттерде жүргізіледі. Жорық жағдайында, табиғат аясында (немесе суретшілер айтпақшы, фанерде) жұмыс істеу үшін этюдник деп аталатын ерекше жәшік пайдаланылады. Бұл шын мәнін жұмыс істеуге қажетті барлық қажетті заттар: палитра, бояулар, қылқаламдар, мастихин, қарындаш немесе көмір, еріткіш шүберектер, кенеп немесе картон сиып кететін кішкене жорық шеберханасы.

Майлы бояумен сурет салуға көптеген материал негіз бола алады. Суретшілер картонға немесе тығыз чертеж қағазға этюдтерді жиі салады. Майлы кескіндемеге арналған материалдың ішінде меніңше көп танылып, таралған кенеп (холст), ол зығырдан, кендірден жасалады (ең жақсысы – зығырдан жасалған кенеп). Ол ағаш рамаға (кергішке) керіледі. Оны үлкен қалпағы бар обой шегелерімен қағу ұсынылады. Кенепті керген кезде оның жіптері кергіштің жақтарын қиғаш болмай, параллелъ жүруін, оның өзінде кесе көлденең жіптер (арқау) тік, ал ұзынына бойлай созылған жіптер (негіз) көлбеу орналасуын қадағалау керек. Кенепті алдымен қысқа жақтардан, сосын ұзын жақтардан, ортадан бұрыш жақтарға жылжи отырып, керіп, бекіткен жөн.

Майлы кескіндеме арналған кергіш өте мықты болуға және жақсы кептірілген ағаштан жасалуға тиіс. Үлкен кергіштер айқастырылған табан ағаштармен безендіріледі.

Кергіштің ағаштары таза сүргіленген бояуға, ал олардың сыртқы түрі, оған кенеп тиіп турмауы үшін, ішке қарай біршама қиғаш тұруға тиіс.

Майлы бояумен кескіндеме салуға кенепті, картонды, немесе қағазды бір жолы дайындау үшін оларды грунттау керек. Грунттелген материалдар бояу қабатын мықты ұстайды әрі одан майды «сорып алмайды» деуге болады, мұның өзі оны берік әрі ұзақ мерзімді етеді.

Майлы бояумен жұмыс істеудің негізгі ерекшелігі жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу бетімен жұмысты онан әрі жалғастыра беруге болмайды, не кенеп бетіне жазылған жаңа түскен күйінде дымқыл тұрған кезде салуға болады, яки картинаны бірнеше күнге қалдырып, оның кептіріп алып, қайтадан бояу қабатының үстімен салуды жалғастыруға болады.

Әрбір шебер өз жұмыс технологиясын өз тәсілдерін талдайды. Екі көрнекті совет суретшілері жанршы Б.Иогансон мен пейзажшы – Я.Ромастың картиналар салу техникасымен танысайық.

Б.Иогансон картина жасау үстіндегі өз жұмыс техникасын былай сипаттайды. Кенепке суретті көмірмен, оның үстіне нобай емес, контурлық сурет емес, жарық пен көлеңкені түсіре отырып, жасайды. Сурет біткен кезде, кескіндеме үшін қажетті контурларды бәрі тушпен жүргізіліп шығады. Ал көмір жұмсақ шүберекпен сүртіліп тасталады. Содан соң кенеп кескіндемелік маймен майланады да контурлық сурет бойымен тушпен жалпақ қылқалам арқылы боямай-ақ бояусыз бояулармен бастапқы да жалпылама тез салып шығады.

Оның мақсаты – картинадағы басты жарық пен көлеңкелерді және түстік қатынастарды белгілеу.

Кейде бастапқы боямалау бір бояумен мысалы, охрамен жасалады. Осылайша бүкіл форма сомдалып шыққан кезде қатты

Көлеңкеленген жерлер екінші мәрте: енді көп бояулармен, бірақ тағы да ақ бояуларсыз, лессировкаланып, яғни жіңішке мөлдір қабаттармен сызбаланып шығады. Бірінші бояу қабаты кепкеннен кейін, екінші бояулар кезде, кенеп тағыда маймен сүртіледі. Б.Иогансон: «Маймен қандай жағдай болғанда да палитра бетінде емес, кенеп бетінде болуға тиіс» - дейді.

Бояумалау бейне бір картина онан әрі сызбалауды талап етпейтіндей аяқталған сияқты түрге ие болуға тиіс. Кейін оны сендер, бәлкім, талай рет сызбалайтын болсандар, бірақ жұмыстың басынан-ақ аяқталған түр беруге, жетілдіруге ұмтылу керек.

Боямалау жасаған кезде боямаларды сұйылту үшін майдың, лакпен скипидардың қоспасы алынады. Олардың ара қатынасы тәжірибеге арай белгіленеді, алғашқы да бірдей етіп салуға болады.

Боямалауға бояулардың, әсіресе көлеңкелердің бояулардың күрделі қоспаларды жасамаңдар – түс салыстырмалы түрде алғанда шамалас болуы мүмкін: жұмыс басында болған жол беруге болады. Жалпақ бояуларды есептемегенде, үш бояудан көп араласытырылмаған жөн. Жұмыстағы оң – реңді дұрыс алынбаған немесе оны ағарту қажет жерлерді өшіргішпен, бірде бояуды толық кетіре, бірде олардың қабатын аздап қана әлсірете отырып, өшіреді.

Сурет салуды картинадағы ең күңгірт жерлерден – меншікті және түспе көлеңкелерден бастау керек.

Нақ осы көлеңкелерде картинаның колористік құрылысы – кескіндеменің бірлігі мен гармониясы мейлінше толық көрінеді. Көлеңкелер әрқашан дерлік бір ортақ түстік рефлекспен – аспаннан қабырғалардан және т.б. түскен көлеңкелермен, жартылай өнді жартылай өңдермен ашық өңді ашық өңдеремен салыстырып отырған абзал. Боямалары кеткен кезде оны тағы да маймен сүртеді де картинаны біржола жазуға кіріседі. Жұмыстың осынау бір ақырғы сатысының міндеті – шамалас, алынған жерлерді түстердің ауысуы нюанстарының беретін ұсақ жағымдылардың көк түсті мозаикасына айналдыру болуға тиіс.

Кескіндемедегі жарық былай беріледі: ақ бояулармен жекелеген жерлерге күшті өң береді және оны көлеңкеге біртіндеп әкеле отырып, олармен қою, бояуын қалың етіп форманы салады, мұнда мүмкіндігінше боямаларды (ақ бояуларсыз кескіндеме) тиіспей қалдыруға тырысады. Полотно кепкен кезде, оны сарымсақпен, ал одан кейін пиязбен сүртеді және тағы бір рет жарықты, бұл жолы ақ бояулармен жеңіл лессировкалап салады. Жекелеген, ең жарық нүктелерде таза ақ бояуларға дейін жетуге болады.

Пейзажист Я. Ромас композициялық шешімі жағынан күрделі картиналар үшін міндетті түрде картон жасайды. Онда бүкіл жарық пен көлеңкелік суретті егжей-текжейлі салады. Ол, мысалы, «Ениседегі қарауыл өгіз» атты картинасын жасау үстіндегі өзінің одан арғы жұмысы туралы міне былай деп жазады: «Мен ашық жылы түскен – бұлттар мен олардың көлеңкелерімен бастаймын; содан соң көк аспанды саламын. Аспанды бір-ақ рет салу керек! Бұл, әрине, оны бір-екі сағатта салу керек деген сөз емес, жоқ, оны бірнеше күн қатарынан салуға да болады, бірақ мейлі жүз рет салсаң да, өзін табиғатта байқаған қайталанбас күйде ұстай алу және кенептен бере білу үшін, бір-ақ рет салу керек. Пейзаждағы аспан, мен үшін бүкіл картинаға арналған негізгі оң болып табылады, сондықтан кескіндемелік процесті содан бастайсың...

Мен сұйытылған өте ашық көк бояумен кенеп бетіне жартастың (өгіздің) суретін саламын да оның жоғарғы жағынан тастардың, таулардың, негізгі түсін белгілеймін. Жирен түс – жердің түсі, ал содан жартастың өз массасы түсінің құбылуы мен тастың түсі: жақынырақ – алысырақ, жылырақ- суықырақ, - мұның бәрі кейін болады, ең алдымен бүкіл жартасты негізгі, жалпы түсін анықтап білу керек.»

Пейзаждың алыс түкпірінде көк мұнар жамылып көрініп тұрған тауларды мен аспаннан кейін сол мезетте-ақ салдым. Содан кейін мен судың негізгі түсін және пейзаждың барлық басқа бөліктерінің бүкіл негізгі түстерін жүргізіп шықтым: аспан - көгілдір, бұлттар – жылы түсті, алыстағылар- көкшіл, су – жирен, жартас – сұр – охра, алдыңғы қатардағы ағаштар – қара жасыл; бәрі негізгі өңдермен жүргізіп шықтым. Ал содан кейін боямалау қабаты жақсылап кепкен кезде, мен бояулардың өң реңдік үйлесімін тудыру үшін, оны ертуші лагымен жұқалап жаба отырып, түстің, өңдердің, жартылай өңдердің, рефлекстердің құбылуын көбіне жұқалап жасай бастаймын, бірақ кейбір жерлерде корпусты (қалыңдатып) да, жартылай корпусты (жартылай қалыңдатып) да бояу жағуға, әсіресе жарықтарды, ұмтыла отырып, жұмыстың осы кезеңінде, тұтас алғанда да сондай-ақ оның деталдарына пейзаждың материалдық жағынан мейлінше бай болуына қол жеткізген.

Картина үстінде жұмыс істей отырып, мен заттың өзін зерттеуден... кетемін, оның өзінде осы тақырыпқа өзім салған жекелеген этюдтарға жиі қарап отырамын. Бұл жағдайда этюдта мен үшін пейзаждың кейбір бөліктерінде түстің түске қатынасына анықтауыма көмектесетін қажетті анықтама материал болып табылады. Картина үстінде жұмыс жасаған кезде этюдтарды тарту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет