Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры


Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері



бет3/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)
18862 8 , 18862 8 , priem-006, Ара кореги, КТЖ-11-сын Әдебиет
1.4.Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері

Пейзаж негізінен табиғат көрінісіне арналаған бейнелеу өнерінің жеке бір жанры. Пейзажда құбылыс пен табиғат көрінісін, жарық пен әуені, кеңістікті бейнелеу – адамның табиғатқа қатынасы мен дүниетанымының, ой мен сезімінің сәтті көрініс беруіне тығыз байланысты. Пейзаж жанры П.П. Рубенстің (Фландрия) өміршендікке толы, Ремрандтың (Голландия) терең драматизм сезіммен астасқан, Д.Веласкестің (Испания) қанық боялуы, Н.Пуссенің (Франция) қаһармандық әуен мен ойлыққа құрылған картиналарымен толықты. Кескіндемеші Дж. Констебл (Англия) және К.Коро (Франция) әсем табиғатпен қарапайым адамдардың күнделікті өмірі шынайлықпен бейнеленген поэтикалық туындылар салды. Алдын ала салынып алған нобайлар мен эскиздерді пайдаланып, табиғат көрінісін көлемді әрі көрікті етіп кескіндеген алғашқы суретшілірдің бірі («Шөп арбасы» 1821, «дән алқабы, 1828; ұллтық галареяда). Суретші еңбектері табиғаттың құбылмалы сәттерін дәл тұта білуімен ерекшелінеді.

Француз кескіндемешісі Коро Камиль өзінің шығармаларында табиғатта қарапайым әсерлі бейнеледі. Короның ауа мөлдірігін сәуленің жарқындығын бейнелейтін полотноларының компоизициясы ширақ, форма жағынан айқын болуы классикалық дәстүрдің әсері; бұл әсірсе оның тарихи пейзаждарында («Гомер мен бақташылар» 1845, Сен-Лоно музейі/) байқалады. Кескіндемелерінде табиғат көріністері мөлдір мұнарағак бөлінді. («Дауыл екпіні», 1865-70, Москва). Коро табиғаттың бір сәтті құбылмалы қалпын сол сезінген күйінде кескіндеумен импрессионистік пейзаждың негізін салушылардың біріне айналды.

Дүние жүзінде пейзаждың өркендеуіне XIX-XX ғасырдағы орыс кескіндемешілерді И.К. Айвазовский (марина), И.И. Шишкин, Ф.А. Васильев, А.И. Куинджи, И.И. Левитан, В.А. Серов, А.М. Васнецов т.б. шығармалары пейзаж жанрының озық үлгілерінің біріне саналады.

Айвазовскийдің «Дауыл», «Хаос», «Неополитан қызы» атты суреттерінде шексіз теңіз айдынын сидырып, оның дауылды күшімен тұңғиық тереңдігін, толқын мен ойнаған ай сәулесін, күннің кешкі өрт шапағын, теңіз сұрапылымен алысқан жандар ерлігінде («Тоғызыншы толқын», 1950, Ленинград орыс музейі) бейнелей білді: «Қара теңіз» шығармасында теңіз кеңістігін, су мен сәуле қозғалысын табиғи көрінісінде кенеп түсірген.

Орыс реалистік пейзажының негізін салушы Шишкин Иван Иванович орыс пейзажы жайлы эстетикалық ой пікірді ұлғайтты, әрі орыс кескіндемесіне орман көрінісін бейнелеуді қалыптастырды. Оның орыс табиғатының сұлулығын кеңдігін көрсететін «Қара бидай» (1878), «Көз жеткіссіз орман» (1884), «Қарағайлы ормандағы таң» (1889), «Граф әйел Мордвинова орманы» (1891), «Ну орман» (1898) атты кең тынысты картиналарының авторы орыстың табиғат суретшісі Ф.А. Васильев салған «Нөсер алдында» деген картинада табиғаттың жан толықтар әсем көрінісімен үрейлі қалпы асқан шеберлікпен дәл бейнеленді. Ялтада жүріп «Дымқыл шабындық» (1872), «Иесіз диірмен» (1872-73) және соңғы шығармасы «Қырым тауларында» (1873) картиналарын салды.

Исаак Ильич Левитан 1880 жылдардың басында күңгірт колоритпен бейнеленетін заттарды тым тәшпішпен көрсетуден арылып, бірте-бірте кең тыныстылыққа, табиғаттың аса нәзік күйлерін ашып көрсетуге, эмоциялық бейнені тұтас тұлғалауға («Күзгі күн» Сокольники 1879) ойысты, ал осы тұста салынған этюдтер сериясында («Өткел. Саввин свободасы» этюд, 1884) пішінде кескінге, көз ұшынан нюанс беретін колоритке ұмтылады. Еділ бойының сұлу табиғаты («Еділ бойындағы кеш», 1888) Левитанның басты тақырыбының біріне айналды.

Қазақ кескіндеме өнеріндегі алғашқы пейзаждық шығармалар XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың салған суреттерінен кездеседі. Аякөз, Мерке, Ум, Қарқара бойы, Күнгей, Теріскей, Алатау мен Хан Тәңірінің Мұзарт шындарын бейнелеген суреттерінде («Шатқалдағы керуен», «Тасма қаласының көрінісінде» т.б.) документтік дәлдікпен образдылық ұштасып келеді. Атамекені Сырымбет қыстауының, одан торанғылға дейінгі ауылдардың топографиялық пейзажы –ел қонысын бейнелейтін тарихи, мәдени мән зор еңбектер «Ханшаның ескі үйінің сипаты», «Жылқы отары», «Корпустан елге демалысқа барғанда жазылмыш суреттер», «Бақсы», «Үш әйел» атты суреттердің авторы Шоқан тас жазуларының ондағы көне заманның қағазға айнытпай кейінгі ұрпақтың сол жазулар шешуіне жағдай жасайды.

Қазақстанда пейзаж жанры Совет өкіметі орнағаннан кейін кең етек алды. Қазақ суретшілері Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Ә. Ысмайылов, Қ. Ходжықов, М. Кенбаев, Н. Нұрмұхамедов, А. Ғалымбаева, О. Таңсықбаев, М. Темірғалиев, Т. Тоғысбаев т.б. туған дер табиғатын әсерлі бейнелейді.

Әбубәкір Ысмайыловтың «Қарағанды шахтасы» (1930-32) графикалық «Сарысу даласы» (1939-40) сұлу бояумен салынған топтамалары мен «Торғайға таң атты» триптих, (1939-40), «Бурабай» (1971), «Екібастұз» (1974) атты картиналарында социалистік дәуіріміздің кең тынысы, туған жер табиғаттың сұлу көрінісі, тарихи және тарихи революция тақырып маңайы бейнеленген.

Қ.Т. Телжанов «Домбыра әуендері», «Атамекен» екеуіде 1958, «Көкпар» 1960, «Тыныштық» 1964, «Қыз қуу» 1966 атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысы, әрі қанық бояулы триптихтардың «Жол басы», 1966-70, «Бозаралдық», 1972 портреттердің авторы.

О. Таңсықбаев «Туған өлке» (1951, Ташкент), «Қарақұм ГЭС-гі таң» (1957 Москва), «Шарбақ құрылысында» атты пейзаждық Советтік Өзбекстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын шынайлықпен бейнеледі. Қазіргі күнде Өзбекстан мұражайында 500-ге жуық жұмысы сақтаулы.

Таңғы көріністерін жазған суретшілер атап айтқанда, олар: Орал Тансықбаев «Қарақұм ГЭС-дегі таң» (1957, Мәскеудегі шығыс халықтары өнері музейі): орыс кескіндемешісі И.И. Шишкин «Қарағайлы ормандағы таң» (1889, Третьяков галереяда): француз пейзажист Клод Лореннің орындаған «Азан», т.б. көптеген шығармалары.

Кешкі көріністі салғандардың бірі И.И. Левитан. Ол Еділде болғаннан кейін «Еділ бойындағы кеш» (1888) тақырыбында сурет салған. Композициялық айқындық пен дәлдікке, түрлі түстерді тылсымдылықпен өзара үйлесімде бейнелеу дәрежесінде көтерілді («Кеш Алтын Қара су», 1889). 1890 жылдарындағы творчествасы сол кездегі орын өнеріндегі жалпы стилистік іздеулерімен тығыс байланысты («Жазғы кеш», 1900).

Ге Николай Николаевич 60-жылдары шығармаларында жаңа Граковкада драмалық, философиялық, этикалық проблемаларды бейнеледі («Құпиялы кеш»).

Француз сұңғатшы Клод Лоррен библиялық, мифология және постреалды сюжеттері бар мотивтерге арналған суреттер салған, циклді пейзаждар орындалған («Кеш», «Түн»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет