Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры


Дипломдық жұмыстың мақсаты



бет2/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)
18862 8 , 18862 8 , priem-006, Ара кореги, КТЖ-11-сын Әдебиет
Дипломдық жұмыстың мақсаты –пейзажды салуда реалистік және декоративтік әдістерді қолдануды, практикалық жағынан іске асыру.

Дипломдық жұмыстың нысаны: пейзаж кескіндеме өнерінің түрі ретінде.

Дипломдық жұмыстың пәнi: пейзажды салуда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану.

Дипломдық жұмыстың мiндеттерi:

  • Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді зерттеу және талдау;

  • Бейнелеу өнеріндегі реализм бағытын және декоративтік әдістерді зерттеу;

  • Реалист Қазақстан суретшілерінің туындыларын зерттеу;

  • Майлы бояумен орындау технологиялары;

  • Пейзаж жасау барысында қажетті материалдар және құрал-жабдықтарды зерттеу;

  • Ізденіс эскиздерін орындау.


1. ПЕЙЗАЖ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЖАНРЫ

1.1.Бейнелеу өнеріндегі реализм мен декоративтік бағыттар

Реализм (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.

Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.

Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді.

Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды.

Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау.

Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды.

Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А. Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.

Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілері М.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо, С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты.

Бейнелеу өнерінде декоративтік бағыт, яғни тұрмыстағы барлық заттарды, әсіресе, киім-кешекті, қарулар мен үй мүліктерін көркем оймыштармен, қималармен, кестемен, аппликациямен, тағы басқалармен көркемдеу өте кеңінен тараған.

Декоративтік кескіндеме - адам пән қоршаған ортаға бейнелеу өнерінің ұйымдастырушылық рөлін эмоционалдық мәнерлі және көркем жұмыстар жақсарту өнер ерекшеліктерін коллекция. Сәндік дана әсерін жасауда маңызды рөл (сәндік немесе бөлшектерді қоса алғанда) декор ойнап, мәнерлі табиғи материалдар мен текстураның пластикалық нысанда, құрамы, түсі, сызықтық ырғақтар, пластикалық көлемі мен дақтарын ұйымдастыру, дыбыс түсті қарқындылығы, мәнерлі тән ерекшеліктері және бояу инсульт және т.б. текстура.



1.2. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің

даму тарихы

Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.

Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.

Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.

Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады – міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң ғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан — дүниесін ашып берген.

Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада — ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.

Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі — А.Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады.

Кескіндеме — бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен, темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.

Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұндай кескіндеме арнайы техникада әк суына араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз — ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай — ақ «жарықтанатын» кескіндеме — шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі — түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).

Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.

Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш-қуатымен өркен жаяды.

Түс — кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі «түс» деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес, басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме — біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.

Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған — қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.

Егер заттардың «дәл өзіндей» түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ.

Картинада, басқа түстердің барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде ерекшеленеді — егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама — қарсы реңктер кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс. Жылы және суық түстерді қатарлас тұруы кескіндемеге интенсивті әуен береді.

Кескіндемешінің міндеті — картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын аңғарымпаздықпен ұстай білуінде. Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) — бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді.

Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды.

Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

Кескіндеме — бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол қүралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сақталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың «түр» немесе «тек» деген сөзінен шыққан. Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады.

Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Финляндияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де, суретшіні оларға деген көзқарасында алып береді.

Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбіне сан алуан түрлі тағамнан: нан, жемістер, жабайы аң — құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгірт сәуле шашатын күміс кубоктардағы шарап бейнеленеді.

Мұндай картиналарды салдырған адам, рухани нәзік талап, талғам дейтіннің иісін де білмейтін саудагер немесе қала шонжары суреттегі дәмді, мол тағамға ғана қызығатын, өйткені, оның өмірінің басты қызығы да тамақ құлқы болатын.

Бірақ М. Врубельдің « Раушан гүлі» натюрмортының акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр. Оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған — суретші тек осы раушан гүлін ғана қызықтайды, қалғанының бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан қүйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғыз ілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін «өлі» табиғаттың мүлде алуан түрлі образдары берілуі мүмкін.

Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (VII -X ғасырларда) европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық кескіндемеде ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХIХ ғасырдың соңына тұспа – тұс келеді.

Сурет — болмысы зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы, бүкіл реалистік бейнелеу өнерінің түп қазығы. Барлық мамандықтағы суретшілерге: графиктерге, кескіндемешілерге, мүсіншілерге, сәулет өнеріндегілерге, қолданбалы өнер шеберлеріне сурет салуды игеру қажет. Кейде тіпті өзіне де онша айқын емес алғашқы идеяларын суретші шапшаң да шамамен салынатын нобай суреттерге түсіріп алады, содан кейін ол қажетті бақылауларын этюд суреттерге жинақтайды. Шығарманың болашақ композициясын эскиз- суретте іздестіріп табады. Өткен заманның аса ұлы суретшілерінің бірі бір мезгілде әрі кескіндемеші, әрі мүсінші, әрі архитектор болған Микеланджело: «сурет сұңғаттың да , мүсіннің де, сәулет өнерінің де жоғарғы нүктесі, сурет — барлық ғылымның қайнар көзі мен тамыры» деген болатын.

Сурет сала білу тек суретшіге қажет емес. Ол кез — келген кәсіптегі маманға — инженерге, геологқа, географқа, дәрігерге қажет. Ал суретші үшін сурет — оны көре білуге, яғни айналадағы дүниеге жеті көз тастап, көргендерін салыстыруға, талдауға, тереңірек қабылдап, сезіне білуге үйрететін ең жақсы мектеп. Бейнелеу шеберлерінің асқаралы биігіне жету, көркем көре білуді дамыту және көргендерін өз шығармаларында бере білу нақ осы суреттен басталады.

Өзінің сипаты жағынан суреттер мейлінше сан алуан болып келеді. Бүл сырт көзге шимай- шатпақ болып көрінуі мүмкін, шиыршық атқан, тіпті қас -қағым сәтте дерлік жасала салған нобай сызықтар.

1.3. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның

ерекшеліктер

Өнердегі басты саланың бірі — пейзаж. Пейзаж дегеніміз өзі француз сөзі, біздің тілімізге аударғанда «табиғат» деген ұғымды береді. Өнер саласында да пейзаж жеке жанр болып қалыптасқан.

Пейзаж тек кескіндеме саласында емес, сол сияқты графика, керамика, мүсін, бетіндегі рельефтерде т.б. кездеседі.

Пейзажды негізінен табиғатты ғана емес, адам пішіндері, хайуанаттар дүниесі, бірқатар сюжеттік көріністерді бейнелеп береді. Мұнда ескеретін жағдай хайуанаттар дүниесі мен адамдар басты рольді атқармайды, керісінше композициялық шешімді дұрыс атқару мақсатында немесе картинаның сюжетін ашу үшін қосымша деталь ретінде таңдап алынады. Бұл заңдылықты сақтамаған жағдайда суретшінің картинасы басқа жанрға ауысып кетуі ғажап емес, суретші айтарлықтай деңгейге жете алмайды.

Енді пейзаж өнері немесе дәлірек айтқанда пейзаж жанрының қалыптасуының тарихына тоқталайықшы.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, яғни неолит дәуірінің өзінде адамдар табиғатты жан-жануарлар дүниесін бейнелейді. Мәселен Алжир сахарасындағы үңгірлердегі жартастарда алғашқы адамдардың ағаштары, тас суларды бейнелеулерін кездестіруге болады.

Сонымен қатар бұл бейнелер тек жартасқа бейнеленіп қана қоймаған, өзіндік композициялық шешімі бар, белгілі бір ұғымды береді. Бұл пейзаж жанрының алғашқы жазбалары ежелгі шығыста Крит жерінде, яғни Египет жерінде кездестіруге болады. Онда негізінен жартастағы бейнелер б.э. XX ғ. Аңшы фараондардың өмірлерінен көріністер, сол сияқты жабайы мысық түқымдасының аң аулау сәті бейнеленген жазбаларды (роспись) кездестіруге болады. Сол сияқты б.э. XX ғ. Киоск сарайындағы жасалған росписьтерді (криште) құстармен бірге табиғат суреттерін кездестіруге болады. Бұл аталған табиғат суреттерінің барлығы тек нобай немесе жоба ретінде атауға болады.

Жалпы орта ғасырлар Европа өнерінде, ежелгі Икон жазуы орыс өнерінде табиғат схематизациялық түрінде жазылған жалпы бұл пейзаж жанрынан апаратын басбалдақтар еді.

XXI — XXII ғ.ғ. пейзаж Европа өнерінде белгілі бір тақырыптағы картинаның фонын немесе портретте тек фон қызметін ғана атқарады, оған мысал атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчидің белгілі Монне Лизаны (1503 — Лучр. Париж) айтуға болады.

Алғашқы пейзаждардың қалыптасуы, яғни белгі бере бастауы XI ғасырда Қытай өнерінде байқалады.

Қытай пейзаж шеберлерінің жұмысында табиғат өте поэтикалық нәзіктікпен жазылған. Оған мысал Х-ғасырдағы Дунь-юанның жібек матаға тушьпен орындаған «Өзен пейзажы » деп аталған жұмысы.

Уақыт өте келе Қытай пейзаж шеберлерінің ықпалды жапон пейзаждарымен араласып, өзіндік стиль құрады. Жалпы өнерде пейзаждың өз алдында «жанр» болып Европадағы «Қайта өрлеу» дәстүрінің үлкен маңызы болды. Енді суретшілер картина жазғанда бір нәрседен қарап жазуға, сол сияқты сызықтың перспективаға, кеңістікті беруге жалпы картинаның сюжетін шынайы түрде ұмтыла бастады.

XX ғасырдың бірінші жартысында-ақ швецар суретшісі К.Вицаның «Ғажайып аулау» (1444 Женева) деген картинасында көлдің жағалауын нақты және кеңістікті көрсете білді. Бұл сол ғасырда үлкен жетістік еді.

Одан кейінгі суретшілердің кіші өлшемдегі картиналарында нидерландық И.Потини-рада, неміс А.Дюрерде және А. Альтдо бірінші план өз үстемдігін ала бастады. Яғни, алғашқы план картинада нақты талданып жазыла бастады. Дәл осы уақытта, яғни қайта өрлеу дәуірінде итальян суретшілері табиғатқа басқаша көңіл бөле бастады.

Итальян суретшілері Тициан, Франческо, А.Матеньи, Джорджоне картиналарында табиғат адамға гармониялық жағынан әуен бере бастады. Картинаның көп бөлігін архитектуралық орта дами бастады.

XXI ғасырдың ортасында П.Бейгеля табиғат адамзатпен бөлінбес, ажыратқысыз бірлігін көрсетуге өз жұмыстарында басты назарға алды және қол жеткізді.

Оған мысал, суретшінің «Жыл мезгілдері», «Қар бетіндегі аңшы» (1565-екеуі де Вена өнер музейі) деген жұмыстары мысал бола алады.

XXI ғасырда табиғатты бейнелеу нақты орнығып болып, пейзажды идеалды түрде бейнелеу етек алды.

Бұл ғасырда, яғни жаңа ағым классицизм қалыптасты. Пейзаж шеберлері енді табиғатқа жаңа көзқараспен қарап, басты мақсатты табиғат деп танып, картинада басты орында табиғат образ ретінде таңдап алынып, сол картинаның арқауы табиғат болды.

Ал француз суретшісі И. Пуссенің картиналарында мифологиялық кейіпкерлер және антикалық мифология табиғатпен ажырағысыз бейнеленеді. (Геркулес және Канус, 1949 ГМНН). Ал кейін барокко стиліндегі суретшілерде, олардың пейзаждарына табиғаттың стихиялық күш қуаттары көрсетіледі.

Д. Веласкестің күн сәулесінің өзгеруіне байланысты ауа қабаттарының өзгеруі, атмосфераның өзгеруінде болып қалыптасты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет