Кіріспе пейзаж бейнелеу өнерінің жанры


ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет4/8
Дата14.12.2021
өлшемі0,77 Mb.
#126505
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Пейзажда реалистік және декоративтік әдістерді қолдану (1)
18862 8 , 18862 8 , priem-006, Ара кореги, КТЖ-11-сын Әдебиет
2. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Пейзаждың композициялық ерекшеліктері

Пейзаж кескіндемесінде эмоциялы әсердің жоғарғы күші болады және сондықтан, көрермендердің әлемге деген әсемдікті түсіңіштік қабілетін, сұлулық сезімін дамытуға қабілетті. Композициямен жұмыс істеу көптеген мотивтердің ішінен ең қызықтысын іздеуден, және де лайықты назар салудан басталады. Осы материалдың негізінде пейзажда немесе этюдтерде шешілетін тапсырамалыды белгілеу өте маңызды. Пейзаждық картинадан қарағанда этюдтерді салу оңайрақ екені сөзсіз. Алайда, осы этюдтерді кәсіби шеберлікті жетілдіру, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту құралы ретінде қолданып, оларға шындап көңіл аудару керек. Атақты пейзаж салушылардың шығармашылығы бізді мотивтердің жаңалығымен қызықтырады. Олардан көрермен шебердің тұлғасының бейнесін, оның жеке даралығының қолтаңбасын табады, өйткені суретші көрерменге өзінің сезімін, көңіл-күйін, табиғаттың сұлулығымен туындаған эстетикалық басынан өткізгендерін жеткізуге тырысады.

Тікелей заттың өзінен қызықты мотив табылғаннан кейін композициялық ізденулер басталады: этюдтің өлшемі анықталады, формат анықталады. Тәжірибесі мол суретшілер көбінесе алдына пейзажды кенептің бұрыннан бар форматына жинақтау мақсатын қояды. Басқа суретшілер алдымен затты бақылай отырып, көзбен қабылдау бағдарын өзгерте отырып, форматты ойымен іздейді. Мұнда көрсеткіш тетікті жиі қолданады, ол қажетті форматты (тік, көлденең немесе квадратқа жақын) табуға көмектеседі. Сәйкесінше әдетте этюдтерге шығуға дейін дайындалған материалдық негіз (кенеп, қағаз немесе картон) таңдалады. Этюдтің өлшемі мен форматы туралы айтып өткенге келесілерді қосамыз: көрсеткіш тетік суретшіге көмектескенімен, осы көмекші құралды қолданбай, пейзаждың қажетті бөлігін көзбен таңдағаны дұрыс. Этюдтермен жұмыс жасау барысында табылған мотивтің композициясы, оның реңдік және колориттік шешімдері анықталады, зат осы сәтте этюдте салынғанмен салыстырылады. Затпен салыстыру суреттегі, колориттегі, реңк пен қарама-қайшылықтардың күшіндегі көптеген қателіктерді болдырмау мүмкіндігін береді, ең соңында пейзаждың көрнекілігі шешімін табады.

Пейзаж-картинаны істеуге ойланып, кескіндемеші тікелей заттың өзінен этюдтер салады, оларда оның бақылағаны мен алған әсерлері бейнеленеді. Осылай көптеген пейзаж салушылар жұмыс істейді. Көз қаперімен жұмыс істейтін суретшілер жиі кездеседі. Тікелй заттың өзінен картина салу жұмысы картинаға арналған көмекші материалдар сияқты этюдтерді орындаудан қарағанда өте күрделі шығармашылық процесті білдіреді. Нобайлар мен суреттемелердің арасында сипаты бойынша жақын салынған этюдтер немесе әртүрлі мотивтер жиі болады. Картинамен жұмыс жасау барысында композицияның сызықты эскиздерін, реңкдегі және түстегі эскиздерді орындайды. Суретші затқа қайта-қайта қарап, одан табиғаттың образын байытатын, қосымша сипаттық штрихтерді табады.

Пейзаж-картинамен композициялық жұмыс жасау сызықты композиция тікелей заттың өзінен салынған этюдтер мен суреттемелер негізінде өзінің түстік және реңдік шешімін тапқан кезде де жалғаса береді. Осы кезде бастапқы композициялық эскиздерде жартылай шешімін тапқан тапсырмаларда ақырғы шешімін табады. Мұнда барлық жинақталған материал белсенді және шығармашылық түрде қолданылады, сүретке және композицияға, картинаның сызықтық және түстік құрылымына түзету енгізіледі. Жұмыстың барысында тұтастық пен қарама-қайшылық заңдылықтарын міндетті түрде ескеру керек. Әсіресе, бейнелейтін мотивке кіретін, реңдік және түстік қарама-қайшылықтарды, пішіндер, өлшем және басқа да элементтердің қарама-қайшылық міндетін еске түсіруде маңызды. Картинамен жұмыс істеуді ақяқтау кезеңінде суретші көбінесе картинаның жеке-жеке бөліктеріндегі реңдік және түстік қатынастарды айқындаумен байланысты жеке-жеке тапсырмалардың шешімін табуға кіріседі, өйткені олардың салдарынан композицияда бөлшектік, көңіл-күйдің өзгеруі пайда болады. Сондықтан, аяқтау кезеңінде картинаға тұтастық заңдылығының аралық әсері арқылы қарап, композицияның бөліктерге ыдырауын жою керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет