Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі


-сурет. «Тыңда» бұйрығы кезіндегі жүгірушінің жағдайы



бет10/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#87397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
10 Әмит Зайыр Абытұлы ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 222rd
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
5-сурет. «Тыңда» бұйрығы кезіндегі жүгірушінің жағдайы

6-сурет. Алдыңғы қалыптан итерілу аяқталғаннан кейінгі жүгірушінің жағдайы

Дене иілуін ұзақ уақыт сақтау сөрелік жылдамдық алуда жылдамдықты қарқынды өсіру үшін қолайлы жағдай тудырады.
Дененің иілуі бірте-бірте азайып, жылдамдықты шапшаң өсіру аяқталғанда тік қалыптан 70-қа дейін жетеді (Сөреден 23-30 м). Аз тербеліспен иілу қашықтық бойынша жүгіру кезінде сақталады.
Қолдар кері тебілуді орындамай-ақ түрлі қимылдарды бастайды. Аяқтың жағындағы қол артқы тепкішке тіктеліп, шынтақтан бүгіліп, артқа жоғары қозғалады. Сол арқылы аяқты алға жіберіп, дене иілуін сақтауға көмектеседі. Аз иілген келесі қол алға – жоғары алға бейімделіп қозғалады. Әрбір келесі қадамда қол мен аяқ қимылдары өзгеріп отырады. Қимыл сипаты бірте-бірте қашықтыққа жүгіруге тән қимылдарға ұқсай бастайды.
Жүгіру жылдамдығы қашықтықтың 55-65 метріне дейін аздап өзгере бастайды. Бұдан ары 100 метрлік қашықтықтың соңына дейін жылдамдықты сақтауға тырысу қажет (Жоғары дәрежелі спортшылар 11-12 м/с, ал жаңадан бастаушылар 7,5-9 м/с жылдамдыққа жетеді).
Мәреге жеткен соңғы қадамда мәренің алдағы жазығына кеудемен тез тию үшін денені алға тез ию керек. Бұл әсіресе оқушылардың екеуі немесе одан көбі бір мезгілде мәре сызығынан өткенде маңызды болады. Мәреден кейін жарақат алудан сақтану үшін жылдамдықты бірте-бірте төмендетеді.
200 м және одан ұзақ қашықтыққа жүгіру бұрылысты жолда немесе тік жолда өтеді. Жол бұрылысымен жүгіру тәсілі түзу жолмен жүгіру тәсілінен едәуір ерекшеленеді. Бұрылысты жолмен жүгіргенде денені бұрылыстың орталығына қарай ию қажет болады. Бұл көлемі жүгіру жылдамдығының өсуі мен бұрылыс радиусының азаюында орталық жүгіру күшіне байланысты. Жол бұрылысының ортасына қарай денені ию жүгірушінің қимылын қиындатады. Ол тік қалыпты сәтін барынша жазылған сол аяқ арқылы өтуге мәжбүр болады, осыған байланысты жылдамдық – күш сипатындағы біршама күш жұмсауға тура келеді. Барынша жазылған қалыптан тез кері тебілу қиын орындалады. Бұрылысты жолмен жүгірудегі қиындықтар түзу жолмен жүгірудегідей ең жоғары жылдамдыққа жетуді қиындатады.



7-сурет. Сөреден жүгірудің бастапқы әдісі

200, 400 және 800 м-ге жүгіру сөресі (жеке жолдар бойымен) бұрылыста жүргізіледі, бұл жүгіру тәсілін күрделендіреді. Қиындықтарды азайту үшін сөре тепкіштерін жолды шектейтін ішкі сызыққа орнатады. Тепкіштерді бұлай орнату сөреге дейінгі бірнеше қадамды түзу, яғни қосымша сызықпен және жол бұрылысы доғасымен жүгіріп өтіп, содан кейін бұрылысқа кіруге мүмкіндік береді.


Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру тәсілдері қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілінен денені алға аз еңкейту мен қол-аяқ қимылдарының аз қимыл жиілігімен ерекшеленеді. Қарқынды аз кері тебілу қадам екпінін қысқартуға және төмендетуге әкеледі. Сөре мен сөрелік жылдамдық алуда үлкен айырмашылық бар. 800 м-ге және одан жоғары жүгіруде жоғарғы сөре қолданылады. Сөрелі орта және қысқа қашықтықта бір аяғын артқа тастап, бір аяғы мен сөре сызығында тұрады. Дене салмағы көбіне алда тұрған аяққа ауысады. Алдын ала болжанған бастапқы жүгіру жылдамдығына байланысты дене түрлі деңгейде иіледі. Жылдамдық жоғары тіпті көлденең қалыпқа дейін еңкейеді.
Аяқпен бір жақтағы қол (алда тұрған) артқа жіберіліп, келесі біршама алға келеді. Бұл бірінші қадамнан бастап қол мен аяқтың қозғалысы үшін қолайлы жағдай тудырады. Сөреден жүгіру егер сөреден басталған жылдамдық жоғары болса, барынша иілген денемен бастайды. Жоғарғы дайындық деңгейінде орта және ерекше ұзақ қашықтыққа жүгіруде, әдетте, жүгіру жылдамдығы мәре бөлігінде артады. Мәре бөлігінің ұзынды шұғылданушының жеке тұлға ерекшелігіне қарай әр түрлі болып келеді. Ол машықтану деңгейіне байланысты болып табылады. Қашықтықты тез жүгіріп өту үшін қимыл еркіндігі қажет.
Кез-келген оқушы белгілі бір деңгейде жүгіру тәсілін меңгерген, сондықтан сабақтар мен дербес сабақтарда жүгіру дағдыларын жетілдіруге, тәсілдегі жіберген қателерді жөндеуге үйренеді. Дене тәрбиесі сабақтарындағы жүгіру тәсіліндегі анықталған кемшіліктерді оқушылар дербес сабақтарда арнайы жүгіру жаттығуларын қолданып түзетеді.
Оқушылар қашықтық бойынша жүгіру тәсілін меңгерумен қатар жоғары және төмен сөре және сөрелік жылдамдық алу тәсілін де үйренеді. Алғашқыда сөре ысқырығынсыз еркін және қысымсыз сөреге назар аударылады. Ысқырықпен сөреден жүгіруге сәл кештеу өтеді. Мәреге жете білудің маңыздылығына қарамастан жүгірудегі бұл элемент қашықтық бойымен еркін және үнемді жүгіру тәсілін меңгергеннен кейін үйретіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет