Белуардан саз кешсең,
Тобығыңнан келтірмес,
Қаумалаған қалың туған ортасы.
(Шәлгез)
Қарап жатқан жыланның,
Құйрығын неге басасың.
(Үмбетей)
Ақын, жыраулар шығармаларындағы алмастырулар кейде осылайша күрделірек дамыған күйде кездеседі. Алғашқы мысалдарда шектес заттар мен себептес құбылыстарды, олардың түрі, түсі, қасиеті, сапасы арқылы ғана ұғатын болсақ, дамыған алмастыруларда ұғым да ұлғая, күрделілене түседі. (“Ақылды белден алдырдың”, “Белуардан саз кешсең”, “қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың”). Мұнда ұлғайған алмастырулар ақын, жыраулардың суреттеу, қиялдау қабілеттерінің ұшқырлығын аңғартады. Себебі, мұнда құбылыстар қат-қабат қимылға, әрекетке ие болады. Сол әрекет нәтижесінде құбылыстың өзі алмаса келе айқын ұғымға әкеледі. Ақылды белден алдыру – жаңылысу, ойлаған жерден орта түсу, белуардан саз кешу – жатқан жыланның құйрығын басу дау, пәлені қозғау екенін сөз түсінетін екі қазақтың бірі түсінсе керек. Бірақ, соларды шығарма табиғатына шынайы кіріктіріп, оның идеясы мен мазмұнын ажарлап көркемдік тәсілмен танымды тереңдету шын шеберлік кепілі екені даусыз.
Мезгеулер
Ақын, жыраулар суреттеген құбылыстарға ерекше рең, анық ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше елеулі ықпал еткен көркемдік тәсілдердің бірі – мезгеу (синекдоха).
Амалай шалың ақталып,
Шемшірлігін ноқталап,
Шал сақалын жылаттың.
(Шәлгез)
Достарыңызбен бөлісу: |