Кіріспе XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы



бет13/14
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#130874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Тұспалмен түсіндірулер

XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасында құбылысты яки бір нәрсені басқа бір ұқсас нәрсеге, яки құбылысқа астарлай теліп, тұспалмен түсіндіру сирек кездеседі.


Мысалы:
Қосағың қоса ағармас қосақ екен,
Құдайым осылай да қосады екен.
Тоты құс жарқанатқа пенде бопты,
Бұқарым, айтар мінің осы-ақ екен.
(Үмбетей)
Шоң, Шорманым сен бе едің мақтай жүрген,
Бар өнерің осы ма сақтай жүрген?
Оралдың екі ақиығы араз болса,
Жапалақ жем қылмай ма сақтай жүрген?!
(Көтеш)
Айтып-айтпай немене
Мезгіліміз өткен соң.
Жайнап тұрған қызыл шоқ,
Су құйылып өшкен соң,
Жайнап тұрған заманым,
Басымнан бүйтіп көшкен соң.
(Бұқар)
Сөз жоқ, бұл мысалдарда суреттеліп отырған шындыққа бедерлі, бейнелі, әдемі рең беретін ашық айтпаса да ой мен образды ажарлай түсетін “оты құс жарқанатқа пенде бопты” “оралдың екі ақиығы араз болса, жапалақ жем қылмай ма сақтай жүрген?!” “жайнап тұрған қызыл шоқ” сияқты айшықты астаулар бар. Бірақ, бұл астаулар тирада тұтастай тұспалдау, бірыңғай бейнелеу күйінде емес, өзге құбылыстармен қаз-қатар салыстырыла беріледі. Сондықтан тирададағы өзге сөз тіркестеріне қарап тотықұс пен жарқанаттың да, оралдың екі ақиығының да, жапалақ құстың да немесе жайнап тұрған қызыл шоқтың да мағынасын оңай ұғамыз. Демек, бұл үзінділердегі біз атаған астарлаулар тұспалмен түсіндірулерге жақындағанмен таза символ емес, психологиялық параллелизмге келіңкірейді. Бұл тұста академик Қ.Жұмалиевтің “Қазақтың ауыз әдебиеті, Абайға шейінгі тарихи әдебиетін негізінен алғанда (көпшілігінде) символдық параллелизмнен әлі түгел ажырай алмағандығын көруге болады” (Аталған еңбегі, 244 бет) деген сөзінің дұрыстығына көз жеткізе түсеміз. Әрине,Қ.Жұмалиев Абайға дейінгі әдебиетте көркемдеу тәсілінің астарлау (символы) сияқты түрі болмады демейді. “Символ – бейнелеп сөйлеу ауыз әдебиетінде, әсіресе билер сөзінде көбірек кездеседі. Олар айтайын дегендерінің ұғымын ғана көрсетіп, жұмбақтап сөйлеуді негізгі әдісі етті” дейді. Біз ақын, жыраулар мұрасындағы көркемдік тәсілдерге көз жібергенде бұл пікірдің орнықты да орынды пікір екендігіне ден қоямыз.


Кейіптеулер

Ақын, жыраулар сирегірек қолданған көркемдік тәсілдердің бірі – кейіптеу. Әрине, кейіптеу тәсілінің үлгілері халық ауыз әдебиетінде ерте кезден бар еді. Зерттеушілер айтқандай, ауыз әдебиетіндегі эпостар мен әдет-салт жырларында кездесетін кейіптеулер халық санасының сәбилік дәуірінде өзен қоршаған табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды киелі, құдіретті санап соларға жалбарынудан, оларды ұлығылып қастерлеуден туындағаны белгілі. Мұндай кейіптеулер көбінесе, жарапазан, бұлт шақыру т.б. әдеп-салт жырларында, эпостарда кездеседі. Ал, сәбилік сананың есейіп, өмір сырларын, табиғат құбылыстарын ұғына, сезіне бастаған дәуірлерде әдебиетте кейіптеулер сирей бастаған. Көркемдік тәсіл ретінде кейіптеу көріністері некен-саяқ Көтеш пен Шал ақын мұраларында кездеседі. Көтештен гөрі кейіптеу Шал ақында молырақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет