Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет4/5
Дата06.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#61674
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, креативти ойлу, Студентке Жас ерекшелик

Әдістер

Технологиялар


  • талдау;

  • жинақтау;

  • салыстыру;

  • сөздік;

  • көрнекілік;

  • сұрақ-жауап;

  • интервью;

  • әңгіме;

  • түсіндіру;

  • зерттеу әдісі;

  • проблемалы баяндау әдісі;

  • ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс т.б.

  • Ақпараттық коммуникативтік технология;

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • проблемалық оқыту технологиясы;

  • диалогтік оқыту технологиясы;

  • монологтік оқыту технологиясы;

  • ойын технологиясы;

  • пікірталас технологиясы;

  • кейс-стади технологиясы т.б.




Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты

мақсат – жаңа ақпараттық технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Ақпараттық технология дегеніміз – адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы [73]. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, оқытушылар мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.

Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту – оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Ақпарттық – коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер, әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек» [74]. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі – барлық оқу орындарын жаппай компьютерлендіру.

Басауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мынадай технологиялар арқылы қалыптастыру ұтымды екені тәжірибе жүзінде дәлелденді. Атап өтетін болсақ, олар:



  1. Диалогтік оқыту технологиясы

  2. Ойын технологиясы

  3. Пікірталас технологиясы

  4. Кейс технологиясы

1. Диалогтік оқыту технологиясы

Диалогтік оқыту технологиясы ( технология грек тілінен аударғанда – шеберлік, өнер және заң, ғылым дегенді білдіреді) — оқушылар мен мұғалімнің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауды, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл.

Диалогтік оқыту амал-тәсілін, оқыту процесінде диалогтік оқыту амал-тәсілін қолданудың әдіс-тәсілдері туралы орыс және шетел педагогтары мен әдіскерлері арасында түрліше көзқарастар, пікірлер қалыптасып, осы мәселеге қатысты бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, біздің пікірімізше диалогтік оқыту технологиясының белгілеріне:

1. Бір тақырыпқа қарай түрлі көзқарастар, пікірлерді ұйымдастыру;


  1. Мұғалім мен оқушының арасында ерекше қарым-қатынасты орнату;

  2. Оқушының өзіндік ойлауы мен өзіндік көзқарасын, оқушының жеке басын құрметтеу;

  3. Оқушылар арасында өзара пікірталастық көзқарастардың көп болуына жағдай жасау;

  4. Диалог арқылы сөйлеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Диалогтік оқыту технологиясы – оқушылар мен мұғалімнің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауға, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл. Диалогтік оқыту технологиясында мұғалім мен оқушылар арасында тілдік қатынас бүкіл сабақ бойы жүреді. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, ойлау қабілеттерін арттырып, білімдерін толықтырады.

Диалогтік оқыту технологиясы – оқыту жүйесін тыңдау мен сөйлеуге құру. Бұл технология қарым-қатынас ұстанымдарымен негізделеді, реттеледі. Диалогтік оқыту технологиясы айтылымды игеру үшін қолданылады. Айтылым – көпаспектілі және күрделі құбылыс. Біріншіден, айтылым адам өмірінде қарым-қатынас қызметін атқарады. Екіншіден, сөйлеу әрекеті. Үшіншіден, айтылым нәтижесінде тіл – ойды жеткізудің басты жолы, құралы. Диалогтік оқыту технологиясы арқылы тілдік әрекеттің барлық түріне жаттықтырылады. Мысалы, сұрақ қоя білу, сұраққа жауап беру, көрген, білген жайларды әңгімелеп айтып беру, кинодан көргенін әңгімелеу, суреттің мазмұнын әңгімелеу, өз қиялын, арманын айта білу, экскурсияларда көргенін әңгімелеу, оқылған әдеби шығарма мазмұнын әңгімелеу, жолдас балалармен, мұғаліммен әңгімелесу тағы басқа сөйлеу әрекеттеріне мектепте диалогтік оқыту технологиясы арқылы үйретіледі.

Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу үлгілері, сөйлеудің әдеби нормалары меңгертіледі. Мұндай ойындар оқушылардың жасқаншақтық, ұяңдық қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді. Белгілі бір рольге енген оқушы сол кейіпкерге тән қимылдар көрсетіп, кейіпкерлерге тән сөйлеу нормаларын игеруге тырысады. Диалогтік сөйлеудің негізгі ерекшеліктеріне, біріншіден, диалогтің екі немесе одан да көп адамның арасында өрбуі; екіншіден, диалогке қатысушы адамдардың бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып кезекпе-кезек олардың арасындағы рольдердің алмасып отыруы; үшіншіден, диалог барысындағы ақпараттардың жеткізілу жағдайы және оларды қабылдау ерекшеліктері; төртіншіден, пікір алмасушылардың алынған ақпаратқа, хабарға деген көзқарасқа деген реакциясы және оны жеткізудегі бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы жатады. Сонымен қатар жеткізілетін ақпараттық хабардың аяқ асты туындап, тілдік қатынасқа түсуі де диалогтік сөйлеудің негізгі белгілерінің біріне жатады.

Ал, монологтік – сөйлеу бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу жүйелілікті талап етеді. Мұнда сөйлемдер толық ойды білдіріп, құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Монологтік сөйлеуге оқушылардың белгілі бір тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тақырыпты баяндауы, хабарлама, баяндама жасауы жатады. Монологтік сөйлеуді дамыту үшін алдын ала белгілі тақырыпқа жоспар құрып, сол жоспар бойынша сөйлеу үлгісі жасалады.

Монологтік сөйлеу мен диалогтік сөйлеу өзара тығыз байланыста болады. Сөйлеуші мен тыңдаушы бір-біріне сұрақтар қойып, хабар айтып тұрса, ол диалогтік сөйлеу түрі болады. Ал диалогтік сөйлеуде сөйлеуші өз сөзін ұзақ, түрлі фактілермен дәлелдей сөйлесе, онда ол диалогтік сөйлеудің монологтік сөйлеуге ауысуына жатады. Диалогтік сөйлеу мен монологтік сөйлеуде іскерлік ойындардың атқаратын қызметі ерекше.

Бастауыш сыныпта жүргізілетін ойындардың түрі өте көп. Солардың бірі – рольдік ойындар. Рольдік ойындар арқылы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын монолог және диалог арқылы қалыптастыруға болады.

Рольдік ойындар – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Рольдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілеттерін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Бұл ойын барысында оқушылар мәтін мен өлең құрастыруға, өз пікірін айтып, дәлелдеуге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге үйренеді. Рольдік ойындар оқушылардың сөздік қорымен тілін дамытады, оқушыларға айтар ойын жоспарлауға, автор ойын жалғастыруға, өзге адамның пікірін бағалауға үйретеді.

Оқу үдерісінде рольдік ойындарды пайдалану оқушылардың ойын өзгеге әсерлі жеткізу қабілетін, сөйлеу дағдысын жетілдіріп, танымдық қызығушылығын күшейтуде зор роль атқарады. Ойынға қатысушы сөйлеуге мәжбүр болады, дұрыс жауап беру үшін басты назарын әңгіменің мазмұнын толық түсіндіруге аударады. Оқушының әсерлі сөйлеуге деген қызығушылығы қалыптасады. Мұғалім мен оқушының арасында қарым-қатынас орнайды.

Ойын барысында оқушылардың бойында мынадай қабілеттер дамиды:


  • жағдаятты бағдарлау және талдау жасай білу;

  • жағдаят кезінде өзінің атқаратын ролін сезіну, орындай білу;

  • рольге қатысушылар арасында байланыс орнату;

  • қарым-қатынас жасаудың теңбе-теңдік жағдайын және қарым-қатынасты ой-ниетін таңдап, жүзеге асыра білу.

Дидактикалық ойындарды оқыту барысында қолданудың маңызы зор. Себебі оқушылар, біріншіден, қазақ тілінің заңдылықтарын меңгереді, екіншіден, дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасады, үшіншіден, шығармашылық қабілеттері жетіледі, төртіншіден, сабаққа қызығушылықтары артады, бесіншіден, оқыту барысында жаңа материалдарды белсенді түрде талдайды, алтыншыдан, тілдік қатынасқа еркін түседі. Бір сабақ барысында әрі интеллектуалдық, әрі ізденімпаздық, әрі тәрбиелік мәні бар ойындарды орындау барысында оқушылар оқудан шабыт алып, шынайы қызығушылық танытады.

Интерактивті сөзінің өзі (латынша іntегасtіоn — интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді білдіреді [70]. Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын интерактивті әдістер арқылы қалыптастыруда – оқушылар сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін-бірі оқытады, бір-біріне үйретеді.

Интерактивті әдістің түрлері Н.К. Ахметов, Н.Р.Юсуфбекова, М.В. Кларин, Г.К. Селевко, В.М. Коротков, М.С.Керимбаева т.б. жаңашыл әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты айтылған [75]. Біз, бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту эксперименті барысында оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда оқыту процесінде қолданылатын интерактивті әдістерді ғана пайдаландық. Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда төмендегі интерактивті әдістер арқылы өткізілген сабақ үлгілері мен онда пайдаланылатын тапсырма, мәтін үлгілерін келтіруге болады.

Интерактив технологиясы бойынша жаңа мәліметтер оқушы санасына әсер етіп, оның белсенді әрекетін туғызады, ол мәлімет енді оқушыдан оқытушыға бағытталады. Осы мәліметтер ағымы оқушы пен мұғалім арасында қайталанады. Бұл туралы Г.К.Селевко «Энциклопедия образовательных технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Интерактивными технологиями являются такие, в которых ученик выступает в постоянно флуктуирующих субъектно-объектных отношениях относительно обучающей системы, периодически становясь ее автономным активным элементом» [76]. Оқушылардың сөздік қорын мақал-мәтел, қанатты сөздер арқылы дамытуда пікірлесім осы технология арқылы жүргізілді. Өйткені жұмыстың бұл түрінде интерактив технологиясы бойынша жұмысқа қатысушылар: мұғалім+оқу мәліметі+оқушы+оқу тобы.

Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін күрделі әрекеттің түрі – жазылым да оқушының сөздік қорын байытуда жетекші роль атқарды.

Пікірталас сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді.

Кейс-стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі XX ғасырдың басында америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет америкалық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен [77].

Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальді немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану – қазіргі білім беру талабына сай мұғалім мен оқушының өзара тығыз белсенді әрекетінен тұратын, оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын және оның жеке тұлғалық қабілеттерін дамытатын, нәтижені алдын-ала жоспарлайтын педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды:

1-кезең. – бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мақсатын айқындау;

2-кезең. – кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;

3-кезең. – бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;

4-кезең. – сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;

5- кезең. – оқушылардан күтілетін нәтижені болжау;

6-кезең. – нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кеткен кемшіліктерді жою;

7-кезең. – бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.

Ақпараттық - қатынастық технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады.Сондықтан оқытудың ақпараттық - қатынастық технология құралдарын интерактивті деп атайды, себебі мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол келесі қызметтерді атқарады:

1.Оқу үрдісіне қолдану барысында:

оқыту құралы;

– көрнекілік құрал;

– дидактикалық құрал;

– диагностикалау және бақылау құралы.

2.Жұмыс жасау барысында:

– тесті дайындау және оны сақтау құралы;

– графикалық ақпараттарды өндеу құралы;

– пікірді дайындау құралы;

– есептеу құралы.

Ауызекі сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауызекі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн: 1.Ауызекі тілде сөйлеудің монологті және диалогті формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді; 2. Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады. Яғни, бұл ауызекі тілде сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы; 3.Қосымша оқыту құралдарының жиі-жиі қолданылуы; 4. Лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызекі тілде сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызекі тілде сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогті құрастыра білуге үйрету, өзімізге белгілі болғандай, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.


2.2 Ауызекі сөйлеу тілінің (диалог, монолог) лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктері
Қазақ тіл білімінде диалог мәселесін көтергендер алғаш рет қазақ тілтанымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы [14] мен Қ. Жұбанов [57] болды. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздермен жүйеленіп, бір беткей баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолданылуы мен жазба түрінде қолданылуы бірдей емес.

Ауызекі сөйлеу тілінде коммуникативтік функциясы аса айқын көрінеді. Сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады:

Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды.

Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс.Мұнда адамдар өзара емін-еркін сөйлеседі.

Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмайды, табан астында суырып салғандай айтылады.

Ауызекі қатысымда коммуниканттар тек ой алмасып қана қоймайды, өз сезімдерін білдіреді. Диалогтің психологиялық-семантикалық сипатын ашатын, сөйлеушілердің сөйлесім арқылы білдіретін эмоциясының көрінісін ашады. Диалогке хабарлаудың тиімділігін арттырудың, фактіні баяндағанда әңгімелесушінің көңіл қоюына қызмет ету мақсатының құралы болып табылатын семантикалық молшылық тән.

Сөйлеу диалогі айтарлықтай әртүрлі сипаттаулармен анықталады. Сөйлеу диалогінде бейтарап лексика кеңінен қолданылады. Бұл құбылысты біз ауызекі диалог кезінде жазылып алынған үнтаспаны талдау барысында көз жеткіздік. Сөйлеу диалогінің әрқайсысы әртүрлі таңдамалы бейтарап лексиканың шамамен 92 % құрайды.

Құрмаш: (сырттан) Шай ма? Жоқ, мен кешірек ішемін, өздерің іше беріңдер.

Кәшкен: Шай емес, өлең!

Ораз: (мысқылдай): Тез,тез! Дүниеге өлең келіп қалыпты.

Кәшкен: Тезірек тыңдадыңдар,өлеңмен миларың жаңарсын.

Құрмаш: Жақсы.

Кәшкен: Достарым, бұл өлеңнің аты «Арман».

Ораз: ОҺо!

Егер ауызекі сөйлеуде жай қарапайым сөздер, жаргон сөздер лексикасы зерттеу әдебиетінде қарастырылған болса, тілдік ойындардың артықшылықтарына байланысты әдеби лексика сөйлеу диалогінде өте аз зерттелген.

Сонымен ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық мінездемесі бір түрлі емес. Ауызекі диалог – қысқа. Сөйлемдері көбінесе күрделі емес, сондықтан тіл біліміндегі тіл бірліктерін үнемдеу заңдылығы үлкен көрініс табады. Қазақ тілі – грамматикалық ережелері орныққан, қалыптасқан тіл. Бірақ сөз өнерінің шеберлері оларға өз тараптарынан өзгерістер де енгізіп отыратыны сөзсіз. Кейбір морфологиялық тұлғалардың, грамматикалық амал-тәсілдердің өзіндік қолдану ерекшеліктері болады және оларды түрлі стильдік мақсаттарда эмоционалдық-экспрессивтік мәнін арттыра түсіріп қолдану да мүмкін.Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді. Ол белгілі бір мәліметті хабарлап тұрып, өз тыңдаушысын сол мәліметпен таныстырады да, оған жауап беруге ықпал жасайды.

Р.Әмір ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын қатысымдық жағдайлардың басты-басты жақтарын атап өтеді. Олар: 1. Ауызша пікір айту сөйлеуші мен тыңдаушының жүзбе-жүз отырып қатысуы; 2. Пікір айту диалог түрінде, яғни екі немесе бірнеше адамның қатысуы; 3. Пікір айту ешқандай дайындықсыз, емін-еркін әңгіме үстінде құралады. Осы үш шарт ауызекі сөзге тән болғанмен, оның лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыруда соңғы екеуінің мәні ерекше [78].

Сөйлеу тілінің ерекшеліктері, әсіресе, синтаксистік құрылым деңгейінде анықтала түседі. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымға тән бірден-бір белгі: сөйлемнің толымсыздығы. Сөйлем диалогке құрылғанда бірқатар мүшелері түсіп қалады, бірақ сөйлемнің синтаксистік байланысы үзілмейді, мағыналық қисыны бұзылмайды. Бастауышсыз, анықтауышсыз, толықтауышсыз, баяндауышсыз, толымсыз сөйлемдердің құрылымдық түрлері диалогтің басты ерекшеліктерінің бірі болатынын Ж.А.Жақыпов өз зерттеуінде дәлелдейді [47].

Ауызекі сөйлеу тілдік қолданыстың негізгі және жалпыға ортақ тіл формасы болып табылады. Ауызекі сөйлеу мәселесі К.Еңсебаеваның зерттеуінде де қарастырылды [79]. Ол ауызекі сөйлемнің 2 түрін анықтады: әдеби ауызекі сөйлем, ауызша ауызекі сөйлем. Ауызша ауызекі сөйлемнің әдеби ауызекі сөйлемнен ерекшелігі – тұрмыстық қатынаста қолданылуында: ойында, қызметте, көшеде және басқа да орындарда. Ауызекі сөйлемнің басты формасы диалог болып табылады. Жеке диалогте өз бетінше «жүйе» болмайды. Диалог кейіпкер бейнесін сомдауда, стильдік жүйе қалыптастыруда маңызды категория болып саналады. Диалогтік сөйлем бейне және стиль жасаушы ретінде бір кейіпкерді әр қырынан көрсете алады.

Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикасы өте бай, себебі, ол мәселе эмоциямен, экспрессиямен байланысты: диалогтің осы түрінің (ауызекі стиль) стиларалық екенімен байланысты. Жалпы тіл біліміндегі стилистика мамандарының зерттеулеріне сүйенетін болсақ, онда эмоционалды – экспрессивтік, стилистикалық реңктің 20-30 түрі анықталған.

Монологте кейіпкердің өзімен-өзі іштей сөйлесуі, өзіне-өзі сұрақ қойып, оған жауап іздеп бас қатыруы оның психологиялық - рефлексиялық процесті басынан кешу сәтін дәл бейнелейді. Монолог сұраулы сөйлемдерге толы, сөйлемдердің көлемі шағын, қысқа берілген.

Монологтік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі – байланыстырып сөйлеу болып табылады. Қазақ бастауыш сыныптары үшін тіл дамыту жұмысының тұтас ғылыми жүйесін жасаған ғалым С.Рахметова өз еңбектерінде ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамытудың ең жоғарғы деңгейі байланыстыра сөйлеуге (монологті түрде) үйрету керек екенін анықтап берген. Н.Сламбекова: «Ауызша, жазбаша монологті байланыстыра сөйлеу жеке-жеке сөйлемдер құрастыруды емес, бірнеше сөйлемнің басын құрап, әрі грамматикалық, әрі мағыналық жағынан байланыстырып, тұтас мәтін түрінде сөйлеуді талап етеді. Демек, байланыстырып сөйлеудің түпкі нәтижесі шығарма, әңгіме, яғни мәтін болуы тиіс» деген [35]. Монологтік сөйлеуге: лектордың сөзі, оқушының баяндау сөзі, мұғалімнің түсіндіру сөзі, оқушының ғылыми жобасын қорғау сөзі, түрлі орындарда айтылатын тілек сөздері, құттықтау сөздері, жұрт алдында сөйлеу және белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуді жатқызуға болады.

Көпшілік алдында айтылар сөзге дайындықтың басты кезеңі – материалдар жинау. Сондай-ақ сөздің нәтижелі шығуы үшін төмендегі материалдар:



  • негізгі ресми құжаттар;

  • ғылыми - көпшілік әдебиеттер;

  • анықтамалық әдебиеттер: энциклопедиялар, энциклопедиялық сөздіктер,библиографиялық көрсеткіштер;

  • көркем әдебиеттер;

  • газет-журналдағы мақалалар;

  • өзінің бұғанға дейінгі білімі мен білік, танымы;

  • байқау, ой қорыту т.б. қажет.

Кез-келген ортада әңгімеге шығу үшін сол ортаға қатысты материалдарға жетік болуы керек. Сөйлеу алдындағы дайындықтың маңызды кезеңдері:

  • іріктелген әдебиеттерді игеру;

  • оқыған материалдарды ой тезіне салу;

  • қорытынды жасай білу;

  • талдау, материалдарды жүйелеу;

  • ортаның ықылас, талабына, қажеттігіне қарай материалдарды іріктеу.

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара алу – дикторға, баяндамашыға, үгітшіге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты. Жұрт алдында мүдірмей, жақсы сөйлеу үшін мына қағидаларды ескеру керек:

    1. Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдауышысын да қадірлейді.

    2. Сөйлегенде, әрбір сөзің анық, дәл, айқын естілетін болсын.

    3. Сөзің тартымды болсын десең, оған аздап болса да, бет- аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыр.

    4. Айтайын деген ойыңды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастама.

    5. Айтқан сөзің қысқа, әрі тұжырымды болсын.

    6. «Жүйелі сөз жөнін табады». Лектордың, баяндамашының сөзінде жүйе болмаса, онда ешқандай береке болмайды.

Бұлар – жұрт алдында сөйлеу шеберлігінің басты шарттары. Көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарттары – дайындық. Сөйлеуші немесе баяндаушы өзінің сөйлейтін сөзінің жоспарын құрып, алдын ала дайындалса, сонда ғана оның жұмысы нәтижелі шықпақ.

Әрбір стильдік қолданыстың артында автордың мақсаты, ойы жатады. Өйткені олар автордың «қолдаушы» және «қолдамаушы» позицияларын жеткізетін тәсілдер. «Қолдау» позициясы – әсер ету, иландыру, сендіру, үгіттеу түрінде көрінсе, сонымен қабат бас тарту, бойды аулақ ұстауға шақыру арқылы «қолдамау» позициясы қатар жүреді [80].

Ғалымдардың зерттеулерінде диалогтің типологиясына және оның жіктелуіне қатысты нақты орныққан пікір жоқ. Диалог түрлерінің саны да әр ғалымда әртүрлі көрсетіліп жүр. Орыс тіл біліміндегі бұл мәселені зерттеген А.В.Чичерин, А.К.Соловьева, Е.М.Галкин – Федорук, К.Мегаева т.б. ғалымдар диалогтің: диалог – қайшылық, диалог – жинақтау, диалог – айтыс, диалог – дау, диалог – түсінісу, диалог – үндестік немесе қоштау, диалог – тергеу, сыршыл диалог, ғашықтық диалогі, жекпе-жек диалог, аралас диалог деген көптеген түрлерін көрсетеді [81]. Диалогтің бұл түрлерін анықтауда ғалымдар мәтіннің формалық емес, мазмұндық ұйымдасуын негізге алады. Г.С.Иманғалиева аталған диалог түрлерін жинақтай келе, негізгі деп таныған 15 түрін (жоғарыдағыларға қосымша диалог–сәлемдесу, диалог–қоштасу, диалог–ойтүрткі, диалог–ұсыныс, диалог–өтініш, диалог–ойталқы, диалог– хабарлама деген түрлерді қосады) ақпараттық, прагматикалық, модальдық диалог деген үш топқа жіктейді [47].

Сөйлеу тілі стилі түрлі қарым-қатынас актісімен іске асады. Тіл иелерінің өзара сөйлесу актісімен байланыс жасауы қарым-қатынас актісі болып табылады. Осы акт барысында тіл иеленушілер қарым-қатынасқа түсіп мағлұмат,ақпарат алмастырады. Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу ол үнемі ақпарат алуға немесе беруге негізделеді,дейді Е.В. Клюев [82].

Сөйлеу стилінің монологтік түрі мен диалогтік түрінің интонациялары өзара ерекшеленеді. Монологте бір коммуниканттың сөзі берілгендіктен, оның интонациясы да соған сәйкес безендіріледі. Ал диалогте сөйлеушілер саны (адресант, адресат) екі немесе одан да көп болғанықтан, олардың әр қайсысының өзіндік сөйлеу сазы болады да, диалогтің ауызша сөзінің бедері көп сарынды болып шығады. Мұндай мәтінде сөйлеуші маңызды деп тапқан кез-келген сөзіне ой екпінін түсіре алады.

1-мысал:

Тоқсабаның сөзден тосылуы

Атақты Тоқсаба шешен жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан сегіз жасар балаға жолығып:



  • Балам, бұл қозы кімдікі? – деп сұрапты.

  • Ата, бұл қозы қойдікі.

  • Әкең аты жоқ па еді, шырағым, – десе:

  • Әкемнің қара аты да, торы аты да, сары аты да, құла аты да бар, – депті.

Шешен ішінен «мынау қиқар бала екен»деп ойланып қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып насыбай атады. Сонда бала тұрып:

  • Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, –депті.

Балаға іштей қиястанған Тоқсаба:

  • Бұл біздің елдің қоянының мүйізі, – депті.

Шешеннің өтірігін естіген бала лып етіп:

  • «Елі азғанның жері тозған» деген рас екен-ау. Біздің ел қоянның

мүйізінен шаңырақ иеді. Сіздің елдікі шақшаға ғана жарапты ғой,– депті.

Тоқсаба тойтарма сөзге қарсы түк айта алмапты.

(«Ел аузынан») [83,256].

2-мысал:

Менің досым Өзбекстанда тұрады. Біз хат арқылы таныстық. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ділбар Алматыға биыл жазда келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін. [84,51].


2.3 Бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу

дағдысын қалыптастыру әдістемесі тәжірибе жүзінде
Бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу жұмыстары Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде өтті.

Тәжірибелік кезеңде жүргізілді:



  1. 4-сынып оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды анықтау тәжірибесі;

  2. 4-сынып оқушыларының «Қазақ тілі» және «Ана тілі» сабақтарында диалогтік, монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған оқыту тәжірибесі;

  3. Оқушылардың оқыту эксприментінен кейінгі диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қандай дәрежеде қалыптасқанын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, қорытынды тәжірибе жүргізу.

Тәжірибенің мақсаты – бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ұсынылған әдістеменің тиімділігін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдымен анықтау эксперименті жүргізілді. Эксперимент кезінде мынадай жұмыстар атқарылды:

  1. 4-сыныпта «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабақтарын оқыту тәжірибесімен танысу;

  2. «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабақтарының сағат санын анықтау;

  3. Эксперимент және бақылау топтарындағы оқушылардың санын белгілеу;

  4. Осы пәндердің тақырыптары мен күнтізбелік жоспарымен танысу;

  5. «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмаларының маңызы мен қолданылу орнын айқындау.

Анықтау эксперименті кезінде мектептердің ң-сынып мұғалімдерімен әңгіме-пікір өткізіліп, оларға оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізгендігі туралы анкеталар берілді.

Анкетада мысалы, мынадай сұрақтар болды.



  1. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін арнайы жұмыстар қаншалықты дәрежеде жүргізіледі?

  2. Монологтік және диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

  3. Сіздің ойыңызша,барлық мектептерде оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын дамыту үшін талаптар қойылған ба?

Анықтау эксперименті барысында 4 «А» сыныбы эксперименттік сыныптары болып, 4 «Б» сыныбы бақылау сыныптары болып белгіленді. Эксперимент сыныптарында оқушылар саны 24, бақылау сыныптарында 32 оқушы болды. Эксперимент сыныптарында қазақ тілі және Әдебиеттік оқу сабақтарының тақырыптары оқу жоспарында көрсетілген мөлшерде болып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын арнайы тапсырмалар мен мәтіндер қосылды. Бұл тапсырмалар мен мәтіндермен бастауыш сынып мұғалімдері танысып, өз пікірлерін білдірді. Осы пікірлер ескеріліп, әдістемеге қосымшалар мен түзетулер енгізілді.

Эксперимент және бақылау сыныптарындағы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау үшін арнайы тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды беру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Эксперимент кезінде оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеуін қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу пәнінен «Кім болғың келеді?» атты тақырыпқа эссе және қазақ тілі пәнінен «Егінші мен қасқыр» ертегісінен рольге бөліп оқыту тапсырылды.

«Егінші мен қасқыр» атты литван ертегісінен үзінді:

Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:



    • Адам не жеп отырсың? – деп сұрады.

    • Нан.

    • Маған да наныңнан берші!

Егінші қасқырға:

    • Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, –деді.

    • Содан соң нан бола ма?

    • Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...

    • Содан соң нан бола ма?

    • Жоқ, жоқ! Күзге қарай бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер

бетіне шығады, ал жаз ортасына піседі деген ертегіде бір жағынан оқушыларды рольге бөліп оқу дағдысын қалыптастырса, екінші жағынан диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

1-кесте

Р/С

Сынып

«5»

«4»

«3»

«2»

1.

Бақылау сыныптары

19,90%

29,75%

37,20%

13,20%

2.

Эксперимент сыныптары

16,70%

17,70%

47,90%

17,70%

Бұл бақылау сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.Ал эксперимент сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет