Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет5/5
Дата06.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#61674
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, креативти ойлу, Студентке Жас ерекшелик

1-сурет – Бақылау және эксперимент сыныптарының экспериментке дейінгі білім көрсеткіші.

Оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабақтарында игерген білімдерінің дәрежесі және сөздерді қолдану, сөзден сөйлемдерді дұрыс құрауы мен диалогтік, монлогтік сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейлерін анықтау нәтижелері мыналарды көрсетті:



    • Өз ойларын толық, дәлелді жеткізе алмайды;

    • топ алдында сөйлеу дағдылары жетілмеген;

    • өзара пікір алмасулары, өз пікірлерін дәлелдеу біліктері төмен;

    • рольге бөліп оқу дағдылары төмен;

    • өз сөздерін әдеби тұрғыда жеткізу дағдылары төмен;

    • оқушылардың өз көзқарастарын жеткізе алу біліктері төменгі деңгейде;

    • жағдаяттық сұрақтар бергенде қиналады;

    • оқушыларға тек теориялық білім берумен шектелгенде, практикалық білім дұрыс жетілмеген;

    • оқушылар өз беттерінше шешім қабылдай алмайды;

    • оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларына, әсіресе, диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

Мұндай кемшіліктердің мұғалімдердің басында болуының себебі:

    • Мұғалімдер оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын тек қазақ тілі пәнінде ғана қалыптасады дегені;

    • диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін бір-екі әдістерді ғана қолданғаны;

    • оқушылардың өз ойларын анық та, ашық айтуына дұрыс мән берілмегені;

    • оқушылардың монологтік сөйлеуінде мәнерлі айтуының немесе оқуының төменгі деңгейде екені;

    • оқушылардың диалогтік сөйлеуінде оқушы жауабының жүйелі еместігі байқалды.

Анықтау эксперименті мынадай қорытындыға келді. Жаттаудың екі түрі бар: механикалық және мағыналық жаттау.

  1. Оқушылардың ауызша сөйлеуін бақылағанда, механикалық жаттау байқалды.Сондықтан кіші жастағы мектеп оқушыларын мағыналық жаттауға үйрету қажет. Себебі, механикалық жаттау бала миында ұзаққа бармайды, уақытша ғана есте қалады. Ал мағыналық жаттау есте, ойда сақталады.

  2. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары толық жетілмеген.

  3. Бастауыш сыныптағы оқушылардың ауызша сөйлеуіне (диалогтік, монолгтік) дұрыс мән берілмеген.

  4. Оқушылардың сөйлеуінде жаргон сөздердің көп кездесетіндіктен, жүйелі сөйлей алмайды.

  5. Көбіне логикалық сұрақтардың дұрыс шешімін таба алмайды.

Педагогикалық эксперименттің екінші кезеңі оқыту кезеңі деп

аталады.Бұл кезеңде эксперимент сыныптарына оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар енгізілді. Анықтау эксперименті кезінде орын алған кемшіліктерді жою мақсатында тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Қазақ тілі және ана тілі пәндеріндегі түрлі әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың және сан алуан өлеңдердің тәрбиелік ролі өте зор.

Бастауыш сыныптың сауат ашу кезеңінен бастап диалогтік және монологтік оқыту әдісі жүргізіледі. Осыған орай бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты бастауыш мектеп оқушыларына төмендегідей тапсырмалар берілді:

Тапсырма. Достық тақырыбында әңгімелесіңдер.

Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, достықтың мәнін ұғындыру.

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп және рольге бөліп оқи отырып, кішігірім мәтін құрастыруға дағдыланады.

Тапсырманың маңызы: Оқушылар достық, дос, құрбы-жолдас туралы білімі жетіледі, танымы артады.

Осы сияқты «Менің досым» тақырыбына ауызша әңгіме құрастырудың сұрақ-жауап түрін көрсетейік. Қойылатын сұрақтар:



    • «Дос» ұғымын қалай түсінесің?

    • Досыңның басына қиындық түскенде көмек бердің бе?

    • Достарың көп пе?

Сонан соң мұғалім достықтың адам өміріндегі маңыздылығын оқушыларға түсіндіреді.

Осыдан соң оқушылардың арасында «дос» туралы ұғымға талас пікірлер туады. Әркім өздерінің достары туралы ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар балалар достық, достықтың мәнін, маңыздылығын түсінеді.

Соңында оқушыларға «Менің досым» деген тақырыпқа шағын эссе жазу тапсырылады.

Менің досым

Менің достарым өте көп. Солардың ішінде ең жақын жан досым – Мұрат. Мұрат екеуміз бір мектепте, бір сыныпта оқимыз. Бірге мектепке барып, бірге қайтамыз. Басымызға қиындық түскенде бір-бірімізге көмектесеміз. Мен досымды ренжітпеймін.

Бастауыш мектеп оқушылары сөйлеген сөздерінде сөздерді орынды қолдануға, сөздердің мағыналық реңктеріне орай дұрыс пайдалануға, сөйлемдерді, мәтіндерді дұрыс құруға дағдыланады. Сабақ үстінде оқушылар дайын үлгіге қарай мәтін құрастырады.Осы үлгіге қарап, өздері де мәтін құрастырады, мәтіннің мазмұнын жалғастырады. Мәтіннің мазмұнын оқушылар өз тілімен айтып береді.

Тапсырма.

«Өскенде кім болғым келеді?» атты тақырыпқа мәтін құрыңдар.



Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру, сынып алдында өз ойын жеткізуге дағдыландыру.

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар өз көзқарасын білдіруге және мәтін құрастыруға дағдыланады.

Тапсырманың маңызы: Оқушылар өз көзқарастарын білдіре отырып, өз болашақтарына кең мақсат қоюды үйренеді.

«Өскенде кім болғың келеді?» тақырыбына мәтін құрастыру .



Өскенде кім болғың келеді?

Өскенде мен президент болғым келеді. Президент болып, мен еліме көмектескім келеді. Әсіресе, кедей отбасыларға, жетімдерге, көп балалы отбасыларға,мүгедектерге қаржылай көмек көрсеткім келеді.Халықты сумен, жылумен, жарықпен және ақшамен қамтамасыз етер едім.

Мәтінге қойылатын сұрақтар:


  1. Президент болу үшін үлкен жауапкершілік керек деп ойлайсың ба? (Иә).

  2. Ауыл тұрғындарына көмек берер ме едің? (Иә).

деген сияқты сұрақтар келеді. Соңында әрбір оқушы өздерінің болашақта кім болғысы келетінін айтып, мұғалім оқушылар арасында өзара пікірталас туғызады.Оқушыларға мамандық таңдауға байланысты кәсіптік бағдар беру бастауыш сыныптан басталады.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық деңгейін қалыптастыру қажет. Ол үшін қатысымдық, интерактивті, ойын әдістері қолданылады. Мәтін бойынша диалог құрады. Диалогтік сөйлемдерді монологке айналдырады. Сол арқылы оқушылар сынып алдында қысылмай, саспай сөйлеуге өз ойын дәлелді жеткізуге дағдыланады.Оқушылар сабақта өзіндік пікір айтуға, ізденімпаздықпен жұмыс жасауға және оқушыларда басқа біреудің айтқан ойын жалғастыратын, бітпей қалған ойды білдіретін ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың дайын үлгісіз мәтін құрастырып, монологті және диалогті сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Оқушыларға арнайы дайындалған үлгіде тапсырмалар беріледі.Оқушылар сабақта шығармашылықпен жұмыс істейді.Диалогтік оқыту амал-тәсілдеріне сәйкес түрлі тапсырмаларды шешуге белсене қатысады.Ал мұғалім сабақта бағыт беруші, әрі бақылаушы болып табылады.

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыруға байланысты түрлі тапсырмалар берілді. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік пікір айтуына, сөйлеген сөзін анық әрі толық жеткізуге арналған тапсырмалар берілді. Диалогте әркім өздерінің пікірлерін дәлелдеуге ынталанады. Диалогтік тапсырмалар оқушының өзіндік пікірін дәлелдеумен қатар шығармашыл ойлауға дағдыландырады. «Сенбілік» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Тақырыптың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру, сөздік қорын жетілдіру.

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға бойынша әңгіме құрастырды.

Тапсырманың маңызы:Оқушының байқампаздық қабілетін жетілдіріп, олардың қиялын дамыту.

«Сенбілік» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Суретке ат қояйық.Болат, Марат, Жанар сенбілікте жүр.

– Қандай мезгіл?

– Болат пен Марат не істеп жүр?

– Жанар ше?

– Үшеуі қанша тал екті?– деген сияқты сұрақтар қою арқылы мұғалім оқушыға әңгіме құрастыруға бағыт береді.

Сенбілік

Көктем мезгілі: Болат пен Марат тал егіп жүр.Ал Жанар талдарға су құйып жүр.Үшеуі жүріп 8 тал екті.Табиғатты көркейтуде.

Мұнда суретке қарап,сұрақ-жауап арқылы диалогтік сөйлем құрастырса,ал диалогтік сөйлемдерді әңгімеге айналдырып, монологтік сөйлемге айналдырдық.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін оқушыларға бір-біріне тілек, құттықтау сөздерді айтқыздыруға болады. Тілек, құттықтау сөздерді айту арқылы оқушылар өз ойын ашық айтуға, ойын жүйелеуге және өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.



Мысалы:

Қымбатты, Айнұр!

Туған күніңмен құттықтаймын! Өміріңе сәттілік, бақыт, қуаныш тілеймін!

Арайлап атқан әр таң жақсылық сыйласын! Аялап өсірген ата-анаңның үкілі үмітін ақтауыңа тілектеспін! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, сарқылмас ізденіс тілеймін!

Ізгі ниетпен,

досың Жанар



Тапсырма. «Туған жер» атты мәтінді мәнерлеп оқу және мәтіннен диалог құрастыру.

Тапсырманың мақсаты: Монологтік сөйлемді диалогтік сөйлемге айналдырыңдар.

Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, монологтік сөйлемді диалогтік сөйлемге құрастыруға дағдыланады.

Тапсырманың маңызы: Туған жер сөз тіркесінің мәтінін,мәтіннің мазмұнын түсінеді және оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Туған жер

Біздің сиырымыз бар еді. Атам оны суық күндері қораға қамап, жылы күндері сыртқа байлап, алдына шөп салып, қоятын. Өзі буаз еді. Бір күні қора сыртында тұрғанда бұзаулапты. Әдемі ақ бас қоңыр бұзау. Енесі оның үсті-басын жалап, жылтылдатып қойыпты. Бұзау болса, орньнан тұрып, енесін емуге әрекет жасап жүр екен. Атам оның енесін де, өзін де жылы қораға кіргізді де, бұзаудан байламай бос қоя берді. Бір айналып келіп қарасақ, қорада бұзау жоқ. Сөйтсек қораның ашық есігінен шығып, өзі туылған жерге барып жатыр екен. «Мал екеш мал да кіндік қаны тамған жерін табады екен-ау», деді атам.

Туған жер мәтінінен диалог құрастыру. Мысалы:

– «Туған жер» ұғымын қалай түсінесің? (Кең мағыналы ұғым....);


    • Сенің туған жерің қандай? (Туған жерім – әрі кең, әрі ыстық);

    • Мәтіннің мазмұны нені меңзеп тұр? (Туған жердің маңыздылығын меңзеп тұр)

т.б. осындай сұрақтар келеді .

Бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушыларда мынадай дағдылар мен біліктер қалыптастырды:

1.Өз бетінше ізденушілік қабілеті дамыды.

2.Өз ойларын дәлелдеуге дағдыланды.

3.Диалогтік және монологтік сөйлем құрау дағдылары біршама қалыптасқан.
2-кесте – Қорытынды бақылау нәтижелері

(бақылау сыныптары)


Сынып

«5»

«4»

«3»

«2»

Бақылау

сыныптары



21,50%

27,30%

42,90%



8,30%

Эксперимент сыныптары

34,40%


53,10%


11,46%


1,04%


Тәжірибе соңында эксперимент сыныптары мен бақылау сыныптарын салыстырғанда, білім дәрежелерінің айырмашылықтары анықталып, эксперименттік оқыту нәтижелі болды.

2-сурет – Бақылау және эксперимент сыныптарының эксперименттен кейінгі білім көрсеткіші.

Қорытынды экспериментте оқушыларды оқытудың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі нәтижелері, білімдері анықталып, ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері, әдістеменің тиімділігі анықталды. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары арқылы оқушылар өзгенің пікірін тыңдауға, бағалауға, өзінің пікірін дәлелдеуге дағдыланды. Тәжірибелі эксперимент нәтижелері арқылы төмендегідей қорытынды шығарылды:

1. Әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қолданған ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, тілін дамытты.

2.Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырды.

3.Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары негізінде оқушылардың еркін қарым-қатынасқа түсу қабілеттері артты.

4. Жаңа инновациялық технологияларды негізге алған сабақтар оқушыларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына себепші болды.

5. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалогтік және монологтік сөйлеу қабілеттерін дамытты.

6. Түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа материалдарды жақсы меңгерді.

7. Эксперимент нәтижелері ғылыми болжамды бекітті және ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі күнде қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңа инновациялық технологиялар көптеп енгізіліп жатыр. Бұл инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға болады.

Сөйлеу – қолданыстағы тіл. Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы және қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс.

Сөйлеу – оқушылардың оқуға және ғылыми тілді үйренуге ниетінің, олардың ішкі сезімінің оянуын, қызығушылығын, қабілеттілігін дамытудың құралы бола отырып, жеке тұлға болып қалыптасуының ең негізгі шарты болып саналады. Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды»,– деген.Сонымен қатар сөйлеу ұғымына Л.Щерба, Б.Н.Головин,А.Н.Ксенофонтованың т.б. ғалымдар анықтама берген.

Сөйлеудің түрлері ауызша және жазбаша сөйлеу, соның ішінде ауызша сөйлеудің түрлері диалогтік және монологтік сөйлеу зерттелді. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін диалог және монолог арқылы қалыптастыру үшін түрлі мысалдар, тапсырмалар берілді. Қазіргі кезде, әсіресе, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеуі жақсы дамыса, ол жазбаша сөйлеуге тез төселеді, соңында ауызша сөйлеудің дәл дұрыс, жүйелі дамуына әсер етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларына көп көңіл бөлу керек. Диалогті және монологті зерттеген ғалымдар: Л.П.Якубинский, Л.В.Щерба, Г.О.Винокур,М.М. Бахтин, Гельгардт, Семененко т.б. болды.

Диалог және монолог сөздердің психологиялық ерекшелігі – сөйлеуші мен тыңдаушының психологиялық тұрғыдан көзқарасының теңдігінде және анықтылығында.Диалогтік сөйлеуде, сөйлеуші мен тыңдаушы бір-бірінің көзқарасын ашуға және бір-бірінің көзқарасын қабылдауға дайындығын көрсетсе, ал монологтік сөйлеуде сөйлеуші өз сөзінің анықтылығын, әсерлілігін көрсетеді.

Сонымен қатар диалогтік және монологтік сөйлеудің өзіндік лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктері бар.

Ал, диалогтік және монологтік сөзге үйретуде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастырып дамыту үшін тіл тазалығын, сөз әсерлігін, сөз байлығын және сөз дәлдігін ескеріп, сақтау қажет.

Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал - әрекеттерді қамтиды. Бастауыш сынып оқушыларын диалогтік және монологтік сөйлеуге үйретуде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін оқушылардың дұрыс қарым-қатынас жасауын, әңгімелесуін, баяндауын, сөздік қорын, сонымен қатар анық, сыпайы, таза, дәл, әсерлі, мәдениетті сөйлеуін бақылау қажет. Сонымен:

1. Әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қолданған ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, тілін дамытты.

2. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырды.

3. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары негізінде оқушылардың еркін қарым-қатынасқа түсу қабілеттері артты.

4. Жаңа инновациялық технологияларды негізге алған сабақтар оқушыларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына себепші болды.

5. Ауызша сөйлеу дағдыларын диалог және монолог арқылы қалыптастыру сабақтары оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу қабілеттерін дамытты.

6. Түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа материалдарды жақсы меңгерді.

7. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлауын дамытты.

8. Тапсырмалар негізінде оқушылар өз ойын ашық айтуды және өз пікірін дәлелдеуді меңгерді.

9. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырды.

10. Эксперимент нәтижелері ғылыми болжамды бекітті және ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы // Ана тілі. 15.02.2010, № 7., 1 б.

2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы№579 Жарлығы

3. Сыздықова Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы. Астана, 2001, 21б.

4. Бұқабаева Б. Алғашқы сөйлеу әрекеті және оның қалыптасу ерекшеліктері

// Қазақстан мектебі, 2006, №1, 55б.

5. Ксенофонтова А.Н. Совершенствование речевой деятельности учителя и

учащихся в учебном процессе. Автореф.... канд. пед. наук. М., 1983, 15 с.

6. Выготский Л.С. Мышление и речь // Собрание сочинений: В 6т. т.2.

М.,Педагогика, 1982, 19 с.

7. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік.Дағды: Шеберлік. А.,Қазақстан, 1986.15 б.

8. Нұғыманов И.Н. Химия мұғалімінің сөйлеу мәдениеті туралы /ҒПО

хабаршысы, 1994, №18, 3 б.

9. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа, 1988, 50 с.

10. Фоменко Ю.В. Язык и речь. Учебное пособие. Новосибирск, НГПИ,

1990, 8 с.

11. Скалкова Я. Методология и методы педагогического исследования. М.,

Педагогика, 1989, 31 с.

12. Торопцев И.С. Язык и речь. Воронеж, 1985, 18 с.

13. Сейталиев Қ. Жалпы психология. Алматы: «Білім», 2007., 23б.

14. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Санат, 1992, 448 б.

15. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992, 155 б.

16. Аймауытов Ж. Таңдамалы шығармалар жинағы.Алматы: 1998, 302 б.

17. Бегалиев Ғ. Әріп, дыбыс, буын. Қызылорда: Қазақстан, 1935, 23 б

18. Шонанов Т. Тіл дамыту. Қызылорда, 1935.

19. Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы. Алматы: Қаз.біріккен мемл.

баспасы, 1946, 118 б.

20. Уәйісова Г.И. Методика обучение лексическую систему родного языка в

казахской школе.Алматы: 1993, 26 б.

21. Әміров Р. Асқарбаева А. 2-3 класс қазақ тілі оқулығына методикалық

нұсқау. Алматы: Мектеп, 1983.

22. Садуақасов Ә. Қазақ тілінен методикалық құрал.Алматы.Қазмембас,

1941, 81 б.

23. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке, 2003, 124 б.

24. Жайманова Ж.Б. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тез оқуға

дағдыландыру // Бастауыш мектеп, 2008, №12, 18-19 б.

25. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1999, 415 б.

26. Шонанұлы Т. Тіл дамыту. 2-ші кітап. Қызылорда: Қазақстан, 1939, 54 б.

27. Әдістемелік еңбектердегі оқушыларды сауаттылыққа үйрету мәселесі //

«Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық

ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы: Қазақ

мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2001, 94-99-б.

28. Жұбанов.Қ. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы: «Қазақстан», 1936. 3 б.

29. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. Алматы:

ОПБ, 1956,124 б.

30. Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы, 1941, 11 б.

31. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикалық мәселелері.

Алматы, 1950, 192 б.

32. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту. Алматы:

Мектеп, 1978, 70 б.

33. Әбдікәрімова Т. Бастауыш мектеп оқушыларының текст арқылы тілін

дамыту әдістемесі. 1993, 33-38 б

34. Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және

әдістемелік негіздері.Педагог.ғыл.докт... дисс.авторефер.Алматы: Қазақ

мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2004, 50 б.

35.Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін

оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.Пед.ғыл.канд.ғылыми атағын

алу үшін дайындалған дисс. автореф. Алматы, 2009,11 б.

36. Бозжанова К. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964, 88 б.

37. Жұбанова М. Бастауыш мектепте сауат ашу методикасы. Пед.ғыл.канд.
ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 1965.

38. Жазыбаев М, Нағашыбаев Ә. Бастауыш кластар үшін грамматикалық

ойындар.Алматы: Мектеп, 1981, 48 б.

39. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының очерктері. Алматы: Қаз.

мемлекеттік оқу пед. баспасы, 1962, 108 б.

40. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.Алматы, 1985, 636 б.

41. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін

тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі: педагогика ғылымдарының

кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. 13.00.02.

Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 1998, 26 б.

42. Ермекбаев М. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздік қорын

молайту әдістемесі: педагогика гылымдарының кандидаты ғылыми

атағын алу үшін дайындалған диссертация. 13.00.02. -Алматы, Абай

атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 2003, 183 б.

43. Ушинский К.Д. Балаларды тэрбиелеу және оқыту жөнінде таңдамалы

пікірлер. Алматы, 1961, 72 б.

44. Шың. Қазақ тілі. Алматы, 2008, 173 б.

45. Мешінбаева Ф.Ш. Гуманитарлық бөлім студенттернің қазақша пікірлесім

(диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі: п.ғ.к. дисс. 13.00.02. -

Алматы: Абай ат. АлМУ, 1999, 185 б.

46. Саломатов К.И. Проблемы обучения диалогической речи// Иностранные

языки в школе, 1967, №6, 29 с.

47. Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог:

лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама: филология

ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған

автореферат. 10.02.02 Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика

институты, 2007, 3 б.

48. Қабдоллов З. Сөз өнері. Алматы, 1992, 106-108 б.

49. Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского. М., 1972, 26 б.

50. Нарқұлова Б. Диалогтік және монологтік сөйлеуге үйрету // Қазақстан

мектебі, 2006, №4, 52 б.

51. Тәжібаев. Т. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазба


сөзінің салыстырма анализі // «Ауыл мұғалімі», 1939, № 8, 17-27 б.

52. Нұрғали С. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі үстеулерін ғылыми



әрекеті арқылы оқыту әдістемесі:пед.ғыл.канд...автореф.13.00.02.Алматы:

Абай ат. АлМУ, 2003, 27 б.

53. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы. Қазақстан даму институты, 1999,

170 б.


54. Ізбасарова Ә., Нарқұлова Б. Іскерлік ойындар арқылы оқушылардың тілін

дамыту// «Оқыту үдерісінде жаңа иннвациялық технологияларды

қолдану мәселелері » атты халықаралық ғылыми-практикалық

конференцияның еңбектері. Шымкент, 2009, 172 б.

55. Уабиева Ә. Монологтік сөйлеуге үйрететін жұмыстар // Қазақстан

мектебі, 2006, №3, 33 б.

56. Негимов С. Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.

57. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966, 362 б.

58. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Рауан, 1991, 256 б.

59. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. (құрастырған Айтмембетова

Б.Р., Бозжанова К., Ильясова А. Т.б. Алматы: РБК, 1995, 86 б.)

60. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі.Алматы: РБК,


2000, 208 б.

61. Жапбарова Г.П., Тойлыбаева Ж. Тіл мәдениетін қалыптастыра оқытудың

педагогикалық негіздері. «Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық

технологияларды қолдану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-

практикалық конференцияның еңбектері. I том. Шымкент, 2009, 146 б.

62. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік

негіздері. Пед. ғыл. док. дисс. Алматы, 2001, 151 б.

63. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2006, 26 б.

64. Лысакова И.П. Типы газеты и стиль публицистики. Л., 1989.

65. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведение. 2т. Москва:

Педагогика, 1965, 145 с.

66. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы. «Білім», 1993, 54 б.

67. Кондратюк Е.М. Дидактические условия организации учебного диалога

учащихся 6-8 летного возраста: Автореферат. 13.00.09. Харьков:

Харьковский национальный педагогический университет имени

Г.С. Сковороды, 2009 г. 18-19 с.

68. Рахметова С. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудың

ғылыми- әдістемелік негіздері (ауызша жэне жазбаша тіл дамыту):

педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін

дайындалған диссертация. 13.00.02. Алматы, 1994.

69. Қоянбаев Ж. Қоянбаев Р. Педагогика. Астана: ЕҮУ, 1998, 378 б

70. Қоянбаев Р. М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы: Алту, 2003, 62 б.

71. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-

әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. П.ғ.к. ғылым

дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. Алматы, 2003., 13 б.

72. Қазақстан мектебі, 2006, №3, 56-57 б.

73. Баймусаева А.В. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық

технологияны оқытудың маңызы. «Оқыту үдерісінде жаңа

инновациялық технологияларды қолдану мәселелері» атты

халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. I том.

Шымкент, 2009, 363 б.

74. Қазақстан мектебі, 2004, №10., 7б.

75. Жапсарбаева Г.Ә. «Информатика негіздері» Алматы. Экономика

2006, 35б.

76. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии М: Народное
образование, 1998, 58 с.

77. Білім-образование, 2006, №4, 5-6 б.

78. Бастауыш білім беру сатысында қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың

тәрбиелік негіздері //Қазақстан жоғары мектебі. 2008, №1, 52-58 б.

79. Төлеубекова Р., Исағалиева Н., Мәдениетаралық диалогті қалыптастыру //

Қазақстан мектебі, 2007, №7-8, 69 б.

80. Ерназарова Г.Ш. Қазақ публицистика тілінің дамуындағы Байтұрсынұлы

кезеңі. Фил.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.

автореф. Алматы, 2004, 12-13 б.

81. Сатыбалдиева Қ. Сабақта диалогтік сөйлеуге оқыту// Бастауыш мектеп,

2000, №6-7, 55-57 б.

82. Клюев Е.В. Речевая коммуникация. М.: 1998,224 с.

83. Қапасова Б.Қ., Әбдіжүсіпова Б.Х., Жұмаділова Ш.Т. Қазақ тілін жедел

оқыту. Астана: «Арман – ПВ» баспасы, 2007, 256 б.

84. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы: «Қазақстан»

баспасы, 1965, 70-75 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет