Күні: Білім беру саласы:«Таным» Оқу іс – әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»



бет8/109
Дата16.06.2020
өлшемі249,34 Kb.
#73577
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Байланысты:
Қоршаған орта

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру -

шылық,

оқытушылық,

қызықтыру -

шылық


Шаттық шеңбері:

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қайда да!

Дос болып бәріміз

Сенімді боламыз!


Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.



Ұйымдастыру -

шылық –

ізденушілік
Ғылым орталығы

- Балалар, бізге ертегілер әлемінен түлкі мен тырна келіпті. Мен таңертең келсем олар өзара дауласып жатыр екен. Не болғанын сұрасам екеуі түскі тамаққа қонақ шақырыпты. Соған түлкі тамақты табаққа, ал тырна, құмыраға пісірмек болып дауласып жатыр. Кәне, екеуіне көмектесіп жіберейік. Сендердің ас даярлайтын бөлмеге саяхат жасағандарың естеріңде ме? Біз ас бөлмесінде кімді кезіктірдік?

- Дұрыс балалар, азпазшыны кездестірдік. Міне сол азпазшы біздің ішетін асымызды дайындайды. Сонда тамақты қандай ыдысқа даярлаған еді?

- Жайпақ па әлде шұңғыл ма?

- Ол неден жасалған шыныдан ба әлде металдан ба?

- Ал картопты қандай ыдыста қуырады?

- Табаға тағы да нені қуыруға, пісіруге болады?

- Ал сүтті қандай ыдыста пісіреді?

- Тамақты пісіруге, қуыруға арналған ыдыстар қандай материалдан жасалады?

- Неліктен олай ойлайсыңдар, мүмкін шыны, фарфор, пластмасса ыдысқа да тамақ пісіретін шығар.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, тамақты металл, алюминий немесе сыртқы сырланған темір ыдыстарда ғана пісіруге болады екен. Түлкі, тырна, сендер түсіндіңдер ме?

- Кастрөлдер қандай болады?

- Ал дайын болған сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа құямыз?

- Салатты қандай ыдысқа саламыз?

- Нанды қандай ыдысқа саламыз?

- Тамақты немен ішеміз?

- Салатты немен жейміз?

- Нанды немен тураймыз?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп алайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет