Көкөніс консервілері


Көкөністердің сапасын бағалау



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі27,71 Kb.
#85459
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
5 Дәріс.Табиғи және тағамдардан жасалған консервілердің сапасын бақылау (1)
№6 лекция
Көкөністердің сапасын бағалау. Көкөністердің орташа сынамаларын іріктеу және оларды талдауға дайындау, талдауға түсетін орташа сынама өнімнің барлық зерттелетін партиясының сапасын көрсетуі тиіс. Сынама алу үшін бөлінген өнім партиясынан орын саны қолданыстағы стандарттармен немесе техникалық шарттармен белгіленеді. Іріктеу ережелері мен әдістері өнімнің физикалық күйі мен қасиеттерімен анықталады.
Сұйықтықтардың сынамаларын арнайы аспаптармен: пробник-түтіктермен немесе Вахтин сорғысымен алады. Сұйық өнімдерден (сироптардан, шырындардан, томат-пюреден және т.б.) жалпы сынаманы буып-түю оындарының 5% - ынан алады. Әрбір орама өнімінен 100-180 мл алады, үлгілерді араластырады және көлемі 300-500 мл орташа сынама алады. Сусымалы өнімдердің (жеміс немесе көкөніс ұнтақтарының) сынамаларын қаптаманың әр жерінен зондпен алады.Сынамаларды талдауға дайындау кезінде ұнтақтау әдістері өнімнің физикалық жағдайына байланысты. Кептірілген жемістер мен көкөністер қайшымен кесіледі. Сұйық өнімдердің ортаңғы сынамасын шайқау арқылы араластырады. Жемістер мен көкөністер пышақпен кесіледі немесе үккіште ұсақталады.
Егер талдау сынама алынғаннан кейін келесі күні жүргізілсе, үлгі тоңазытқышқа сақтауға қойылады және мұздатуға жол бермей, шамамен 0° температурада сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет