Көкпекті аудандық кітапханасының өткізілген 2015 жылдың 9 айлық іс-шаралары туралы ақпарат. «А.Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абайым-ақындықтың пайғамбары»


Көкпекті аудандық кітапханасында ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналып өткен іс-шаралары туралы



бет6/6
Дата25.01.2017
өлшемі4,76 Mb.
#7743
1   2   3   4   5   6

Көкпекті аудандық кітапханасында ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналып өткен іс-шаралары туралы

Аудандық кітапхана қызметкерлері «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мамандарымен бірге 26 тамызда «Ата заңым – елдігімнің белгісі» деген тақырыппен тарихи танымдық кеш өткізді. Шара барысында « Ата заң- алтын арқау» атты кітап көрмесі қойылып,тақырыптық слайд көрсетілді

Көкпекті ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 27 тамызда аудандық кітапханада « Ата заң – алтын арқау» атты әңгіме кітапхана қызметкері Канафиянова Индира өткізді. Осы тақырыпта кітап көрмесі безендірілді.



Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақстан -тарих толқынында» атты тарихи сағаты.

Көкпекті аудандық кітапханасында қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақстан -тарих толқынында» атты тарихи– танымдық, әдеби сағат өткізілді. Бұл іс-шараға Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің 6 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қатысты. Тарихи сағат әнұранмен басталып,аудандық кітапхана қызметкері Динара Төлеуғалиқызы қазақ хандығы туралы мәлімет берді. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Қазақ хандығының құрылуы» атты сахналық көрініс көрсетті. «Қазақ хандығына 550 жыл» атты әдеби көркем бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды. «Қазақ хандығының құрылуы» атты слайд шоуды Раушан Қажетқызы Назкеева көрсетті. Аталған іс- шара Бақдаулет Мұраттың орындауындағы «Қазақ елі» әнінмен аяқталды. Іс шараның сонында аудандық кітапхананың директоры А.С.Ибраева мектеп оқушыларына алғыс айта отырып, мадақтау хаттарымен марапаттап, сыйлықтар ұсынды.Бұл тарихи –танымдық, әдеби сағат аса бір ұйымшылдылықпен, қатысушылардың қызығушылығымен өтті.






Отбасы күні.

Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде «Отбасы күні» мерекесі аталып өтiледi. 2015 жылдың 14-қыркүйек айында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында "Отбасы күні" мерекесіне орай Көкпекті аудандық кітапханасында «Отан Отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті және 3 бөлімнен тұратын кітап көрмесі қойылды. Көрмеге - «Отбасы – Отанымыздың ошағы», бұл бөлімге қазақ отбасының өткені мен бүгіні, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуінен бастап, оның түтін түтетіп, отау тіккеніне дейінгі уақытта қажет болатын ұлағатты ақыл-кеңестер айтылған әдебиеттер мен «Отбасы – көркем әдебиетте» жазушылардың жазған көркем әдебиеттері қойылды.



Тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл» атты сайыс.

Тіл - халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық - деген мақсатпен Көкпекті аудандық кітапханасы 2015 жылдың қыркүйек айынының 21 жұлдызында Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен, ағылшын пәні мұғалімімен бірлесе отырып тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл» атты сайыс өткізді. Аталған іс-шараны Төлеуғалиқызы Динара жүргізіп отырды. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға кітап көрмесі қойылды. Сондай-ақ кітапханашылар Нигматуллина Раиса және Рсымбетова Бақытгүл дайындаған слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Сайыс сонында қатысушыларға мадақтау хаттарымен марапаттап, алғыс айтылды. Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.Тілдер мерекесіне арналған сайыс өте қызықты да, тартысты өтті.





Аудандық кітапхана директоры А.С.Ибраева
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет