Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет50/60
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118783
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
УМКД Вет хир (2ч) каз 2021-2022
музыка 2 , бжб 8 сынып 1-нұсқа
Бақылау сұрақтары:

  1. Экземаның даму сатыларын сипаттап беріңдер.

  2. Экземаның жалпы еміне не қолданады?

  3. Экземаның жергілікті емін сипаттап беріңдер.

  4. Дерматиттің түрлерін атап беріңдер. 5. Дерматитті емдеу принциптері қандай?

7 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Миозитттер және миопатоздар жіктелуі. Балау және емдеу әдістері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге бұлшықет ауруларын анықтау және емдеу әдістерін үйрету.
Жабдықтау. Тақырыпқа сәйкес ауру малдар, суреттер, скальпель, пинцеттер, қайшылар, 5 және 20 гр шприцтер, оған инелер, 0,5% новокаин ерітіндісі, 5% йод тұнығы, трицилин, стерильді тампондар, дәкелер.
2 – ТАПСЫРМА. Миозиттердің клиникалық белгілерін зерттеу және емдеу.
Тапсырманы орындау тәсілі
Миозиттер төменгі түрлерге бөлінеді: іріңді, паренхиматозды, фиброзды, сүйектелген және интерстициалды. Іріңді миозит жиі кездеседі. Оның белгілерін малдан анықтаңдар, малдың жалпы жағдайы тұжырыңқы, жем-шөпке тәбеті төмендейді, қан тамыры соғуы, тынысы жиілейді, ауру ошақталған жері ісінеді, қызуы болады, ауырсынады, басып көргенде былқылдайды, бұл жерде абсцесс дамиды. Анықтау ретінде инемен пункция жасаңдар, іріңнің бар-жоғын анықтаңдар.
Басқа миозиттердің белгілері: паренхиматозды миозитте – бұлшықет тығыздалып қатты болады, мал тәнтіректеп жүре алмайды, зәрі /несебі/ қызыл түсті болады; фиброзды миозитте бұлшықет бұлтиып қатайып тұрады, ауырсынуы, қызуы болмайды, бұған ботриомикоз, актиномикоз жатады. Сүйектелген миозит бұлшықеттің ішінде сүйек ұлпасы өсіп пайда болады, өте қатты болады, ауырсынуы, қызуы болмайды.
Іріңді миозиттің емі. Операция алаңын дайыңдаңдар, ісіген жерді жарып іріңін ағызып, қуысын 1:1000 перманганат ерітінідісімен шайыңдар, хирургиялық өңдеу жасаңдар, антисептикалық ұнтақ қолданыңдар.
Жалпы емі. Антибиотиктер, қан арқылы Кадыков сары су дәрісін қолданыңдар. Бақылау сұрақтары:

  1. Миозиттердің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Іріңді миозиттің белгілері қандай?

  3. Іріңді миозитті қалай емдейді?

8 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет