Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



бет15/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
шеңберіндегі «Сүтті ірі қара мал шаруашылығы жануарларының генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» ғылыми – зерттеу жұмысына
1 Техникалық тапсырма



1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі –  бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Сүтті ірі қара мал шаруашылығы жануарларының генетикалық ресурстарын сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу және әдіснамасын жетілдіру.

2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) есептеу функциясын іске асыра отырып, BLUP рәсімі арқылы ірі қара малдың сүтті және сүтті-етті тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесінің жетілдірілуі.
2.1.1.2. Селекциялық-асылдандыру жұмысының жетілдіру бағдарламаларын әзірлей және қажетті гендік қорын қалыптастыра отырып, алатау, әулиеата және қырдың қызыл сиыры тұқымдарын сақтау және өсіру тиімділігінің ғылыми-экономикалық негіздемесінің берілуі.
2.1.1.3. Тұмса сиырлардың 5 мыңнан кем емес басының референттік популяциясын қалыптастыра отырып, отандық аккредителген зертханаларда бір нуклеотидті полиморфизм (SNP) негізінде Қазақстанда өсірілетін голштин қара ала малдың асыл тұқымдық сапасын ерте болжауды бағалау әдістемесінің әзірленуі.
2.1.1.4. Әкелінген шетелдік селекциялық өнімділіктің сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды бейімдеу кезінде туындайтын аурулар зерделеу, сондай-ақ оларды емдеу және эпизоотиялық бақылау бойынша ветеринарлық және зоотехникалық іс-шаралар мен ұсынымдарды әзірлеу.
2.1.1.5. Сүтті малдың асыл тұқымдық құндылығын есептеу бойынша бағдарламалық өнім және гендік қорды сақтау үшін жойылып бара жатқан тұқымдардың селекциялық-асылдандыру жұмысының жетілдіру бағдарламасының әзірлеу.

3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.

4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Селекциялық – асылдандыру жұмысының ақпараттық қорының (САЖАҚ) есептеу функциясын іске асыра отырып, BLUP рәсімі арқылы ірі қара малдың сүтті және сүтті-етті тұқымдарының асыл тұқымды құндылығын индексті бағалау әдістемесі жетілдірілуі тиіс.
4.1.1.2. Селекциялық-асылдандыру жұмысының жетілдіру бағдарламасын әзірлей және қажетті гендік қорын қалыптастыра отырып, алатау, әулиеата және қырдың қызыл сиыры тұқымдарын сақтау және өсіру тиімділігінің ғылыми-экономикалық негіздемесі берілуі тиіс.
4.1.1.3. Тұмса сиырлардың 5 мыңнан кем емес басының референттік популяциясын қалыптастыра отырып, отандық аккредителген зертханаларда бір нуклеотидті полиморфизм (SNP) негізінде Қазақстанда өсірілетін голштин қара ала малдың асыл тұқымдық сапасын ерте болжауды бағалау әдістемесі әзірленуі тиіс.
4.1.1.4. Әкелінген шетелдік селекциялық өнімділіктің сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды бейімдеу кезінде туындайтын аурулар зерделенуі, сондай-ақ оларды емдеу және эпизоотиялық бақылау бойынша ветеринарлық және зоотехникалық іс-шаралар мен ұсынымдар әзірленуі тиіс.
4.1.1.5. Сүтті малдың асыл тұқымдық құндылығын есептеу бойынша 1 бағдарламалық өнім және гендік қорды сақтау үшін жойылып бара жатқан тұқымдардың жетілдірілген селекциялық-асылдандыру жұмысының 3 бағдарламасы әзірленуі тиіс.
Әзірленуі және шығарылуы тиіс:
- SNP белгілері негізінде голштин қара ала малының асыл тұқымдық құндылығын ерте болжаудың әдістемелік нұсқаулығы;
- әкелінген малдарды әкелу және бейімдеу кезінде зоотехникалық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 2 PhD докторанттар және 5 магистранттар.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 2 мақала және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитет
(бұдан әрі – БҒССҚК) ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 10 жарияланым жариялануы тиіс.

4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру ірі қара мал шаруашылығының сүтті және аралас бағытты ірі қара малдың сүт өнімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру, олардың тұқымдық құндылығын ерте болжау, генетикалық ресурстарды сақтау және жақсарту арқылы экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге ықпал етуі керек.
Генетикалық ресурстарды жақсарту жөніндегі ғылыми іс-шаралар кешені сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл оң әсер етуі керек және уақытылы әлеуметтік нәтиже береді.
Сонымен қатар, өндіріске жаңа әзірлемелерді енгізу өнімнің бірлігін өндіруге кететін еңбек шығындарын азайтуы тиіс, сол арқылы басқарудың әр түрлі формасындағы кәсіпорындар мамандарының жалақысын көбейтуге болады, бұл ауылдың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуі керек және мамандардардың кәсіби өсу деңгейін жоғарылатуы тиіс.
Экологиялық әсер.
Сүт бағытындағы ірі қара өсіруде генетикалық ресурстарды сақтау мен жақсартудың асыл тұқымдық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу нәтижелері ауылшаруашылық жануарларының гендік қорын және жалпы биоәртүрлілікті сақтауға және толықтыруға оң әсерін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет