Көркем әдебиет стилі Талдау Мұқағали Мақатаев «Үнсіздік»



бет3/4
Дата15.12.2021
өлшемі15,09 Kb.
#100798
1   2   3   4
Байланысты:
Асан Гүлбар Талдау. (1)

Ресми іс-қағаздар стилі

Анықтама

Осы анықтама Айсина Алина Ақпарқызының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті күндізгі бөлімінің 2-курсында оқитынын растайды.

Анықтама Астана қаласы Әуезов аудандық паспорт бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Қазақ филологиясы факультетінің деканы_____ А.А.Ақатбекова

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

мәжілісінің №7 хаттамасынан

көшірме

Алматы қаласы 2020 жыл, 22 қараша

Күн тәртібі:

1.Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қ. Қошпанованың жоғары және арнаулы оқу орындарына арнап жазған «Іскерлік қазақ тілі» атты оқу құралын баспаға ұсыну туралы.

Қаулы:

1.Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Қошпанованың жоғары және арнаулы оқу орындарына арнап жазған «Іскерлік қазақ тілі» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын.

Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі,

ф.,ғ.,д., профессор Т.Ермекова

Хатшы С.Самархан

Талдау:

1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): іскери хаттар мен кеңсе құжаттарында, іс қағаздарында

2.Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау

3.Стильдік сипаты: ресмилік

4.Тілдік ерекшеліктері:

а) лексика-фразеологиялық: анықтама, көшірме, күн тәртібі, университет, факультет, декан, қолы, кафедра;

ә) морфологиялық: күрделі зат есімдер, есімшелер, сын есімдер (анықтама, декан, күн тәртібі, кафедра, факультет, көрсетілген, берілген, келтірілген, жоғарыда аталған, осы, келесі, т.с.); қыстырма сөздер (байланысты, соған сәйкес, біріншіден, екіншіден, бір жағынан, т.с.); сілтеу есімдіктері (бұл, сол, осы т.б.); етістіктер (тапсыру, берілу, растау т.б.); қысқарған сөздер (ф.ғ.д.)

б) синтаксистік: (Осы анықтама Айсина Алина Ақпарқызының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті күндізгі бөлімінің 2-курсында оқитынын растайды.) – хабарлы сөйлем.



Ғылыми стиль

«Бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тануға бағытталған ұмтылыс ғылыми көзқарастардың жаңаруының негізгі мақсаты болып, көптеген ғылымдардың нысанасына айналып отырғанына ғылыми әдебиеттерді саралау барысында көз жеткіземіз. Тіл білімі нысанына «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы тұлға ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды. Антропоөзектік парадигмада «тіл- дік тұлға» түсінігінің, анықтамасының пайда болуы, оны зерттеу қағидасы мен теориясы орыс тіл білімінде жасалғанымен, «тіл және тұлға» мәселесі, тілдің қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыста зерттеу идеясы тіл білімінде барлық кезеңдерде де болды» (Ж.Ермекова. Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы).

Талдау:

1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): ғылыми еңбектер мен зерттеулерде, ғылыми баяндамаларда.

2.Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың себеп-салдарын, жалпы ерекшелігін ашып, теориялық мәлімет беру;

3.Стильдік сипаты: негізгі айтылатын ой дәлелді;

4.Тілдік ерекшеліктері:

а) лексика-фразеологиялық: тура мағыналы атау сөздер, ғылыми терминдер (құрылымдық-функционалдық аспект, антропоөзектік парадигма, категория)

ә) морфологиялық: осы шақ (Тіл білімі нысанына «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы тұлға ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды.)

б) синтаксистік: хабарлы, толымды, жайылма, сабақтас сөйлем түрлері.

Күрделі ойдың логикалық жүйесін бұзбай, бірізді баяндалуы үшін жиі жұмсалатын сөйлемнің түрі – сабақтас құрмаластар. Күрделі ойдың жүйелі, қисынды берілуін ғылыми мәтіннен келтірілген сөйлемдерден аңғаруға болады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет