“Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім” кафедрасы


Негізгі схемалар, иллюстрациялар



бет5/10
Дата31.01.2018
өлшемі1,84 Mb.
#36372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қосымша көрініс дегеніміз не?

Талдау әдісі дегеніміз не?

Толықтыру әдісі дегеніміз не?

Бөлшектің фронталь проекциясы қандай көрініс деп аталады?

Сызбаға өлшемдер түсірудің қандай тәсілдері болады?



Әдебиет: [1] Борисов Д.М., Просвещение,1988 г. 66-71 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу Черчения. М.,В.Ш.,1984. Стр.80-94

[2] Боголюбов С.К., Воинов.В.А. Черчение.М., «Машиностроение», 1982; 131-132 бет.

[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет.

[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.

[13] Суворов С.Г. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение , 1981; 170-178 бет.



9 дәріс

Тақырып: Қималар.

Дәрістің мазмұны: 1) Қима туралы түсінік.

2) Қабаттасқан қималар.

3) Оңашаланған қималар.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, қималарды орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: қималар, оңашаланған, қабаттасқан, симметриялы, симметриялы емес, қиюшы жазықтық.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Қима туралы түсінік.

Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек. Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді.



2) Қабаттасқан қималар.

Сызбада орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашаланған қималар болып бөлінеді. Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады. Қабаттасқан қима фигурасын шектейтін сызық жіңішке тұтас болады. Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады.



3) Оңашаланған қималар.

Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурының кескіні үшін де қолданылады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қабаттасқан қима дегеніміз не?

Оңашаланған қималар қалай орналастырылады?

Қиюшы жазықтықтың ізінің бағытына қарай қималар қалай болып бөлінеді?

Қималар сызбада қалай белгіленеді?

Қималар қалай штрихталады?

Қималарды орындауға арналған графикалық тапсырмалар. «Біліктің» қимасын орындау.

Көріністер. Қосымша және жергілікті көріністер тақырыбын қайталау.

Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 72-75 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2002; 174-178 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов.В.А. Черчение.М., «Машиностроение», 1982; 131-132 бет.

[15] Мирзоян Э.Д. и др., «Машиностроительное черчение».,1981; 72-80 бет.

[8] Чекмарёв А.А. История графика М., В.Ш.,2003;2003; 150-153 бет.

[13] Суворов С.Г. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение , 1981; 170-178 бет.

10 дәріс

Тақырып: Тіліктер.

Дәрістің мазмұны: 1) Тіліктер туралы түсінік.

2) Тілік пен қиманың айырмашылығы.

3) Тіліктің сызбада белгіленуі.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Тіліктер туралы түсінік.

Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзік сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзік сызықтар сызбаны оқытуды қиындатып жібереді. Сол себепті қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сыбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды.



2) Тілік пен қиманың айырмашылығы.

Тілік пен қиманы шатыстырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқан кескінді де қосу керек.



3) Тіліктің сызбада белгіленуі.

Сонымен, тілік алу үшін тетікбөлшекті қиюшы жазықтықпен ойша қияды. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқама салынады. Нұсқамалардың сырт жағына алфавиттің бас әрпі екі рет жазылады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылып, асты жіңішке тұтас сызықпен сызылады. Тетікбөлшектің қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Бөлшектің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі қалай көрсетіледі?

Тілік пен қиманың айырмашылығы қандай?

Тіліктер қиюшы жазықтықтың орналасуына байланысты қалай аталады?

Тік, көлденең, көлбеу тіліктерге анықтама беріңіз.

Тік, көлденең, көлбеу тіліктерді орындауға арналған графикалық тапсырмалар.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 75-84 бет.

[2] Боголюбов С.К. , Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1984; 131-138 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М. Академия, 2001, 174-178 бет

[13] Суворов С.Г. и др. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроение, 1981, 20-28 бет.

[19] Василенко Е.А.. Практикум по черчению. М., Просвещение, 1984; 71-77 бет.

11 дәріс



Тақырып: Қарапайым тіліктер. Кескін мен тілікті біріктіру.

Дәрістің мазмұны: 1) Қарапайым тіліктердің классификациясы.

2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Қарапайым тіліктердің классификациясы.

Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тіліктк қарапайым тілік деп атаймыз. Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь проекция жазықтығымен салыстырғандағы орнына қарай горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үш түрге бөлінеді.

Нәрсені горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь, профиль тілік болып бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына қандай да болмасын бұрыш жасай орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады.



2) Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру.

Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Мұндайда көрініс бөлігіне көрінбейтін бөліктердің сызықтарын салып қажеті жоқ. Көрініс пен тіліктің арасы жіңішке үзік нүктелі сызықпен бөлінеді.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қарапайым тіліктердің түрлерін атаңыз.

Көрініс пен тілік бөлігін қандай жағдайда біріктіруге болмайды?

Көрініс пен тілік арасы қай уақытта ирек сызықпен бөлінеді?

Қарапайым тіліктерді орындау.

Тіліктер тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 75-84 бет.

[4] Бахитов Ю.Н. Сборник заданий по техническому черчению.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В, Черчение. М., Машиностроение,1982; 132-135 бет.

[13] Суворов С.Г. и др. Машиностроительное черчение в вопросах и ответах. М., Машиностроения,1981: 15-20 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 116-123 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М. Академия, 2001, 174-178 бет

12 дәріс

Тақырып: Күрделі тіліктер.

Дәрістің мазмұны: 1) Сатылы және сынық тіліктер.

2) Күрделі тіліктерді орындау.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықпен анықталмайтын тетікбөлшектер өндірісте жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.

Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай, күрделі тілік сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

1) Сатылы және сынық тіліктер.

Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.

Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орнына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тілік болуы мүмкін. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады.

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Сонда қима проекция жазықтығына параллель бір жазықтықта орналасады.



2) Күрделі тіліктерді орындау.

Сатылы фронталь тілік алдыңғы көріністің орнына, сатылы горизонталь тілік үстіңгі көріністің орнына, ал сатылы профиль тілік сол жақ көріністің орнына салынады.

Сынық тілікте беттескен қиюшы жазықтықтар негігі проекция жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тіліктердің белгіленуі қандай?

Қималардың штрихталуы.

Сатылы тілікті орындағанда қиюшы жазықтыққа түскен кескін қалай орындалады?

Нәрсенің ішкі және сыртқы пішінінен толық мағұлмат алу үшін сызбалар қандай байланыста орындалады?

Сызбада қажетті тіліктерді орындауға машықтануға арналған графикалық тапсырмалар.

Күрделі тіліктер тақырыбын қайталау. Тіліктер тақырыбына берілген графикалық тапсырмаларды аяқтау.

Әдебиет: [1]Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение ,1988; 78-79 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., Машиностроение, 1982; 136-138 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., Академия,2001; 153-156 бет.

[14] Брилинг Н.С. Задания по черчению. П., Стройиздат,1984; 91-95 бет.

[19]Василенко Е.А. и др. Практикум по черчению. М., Просвешение,1982; 98-103 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 159-188 бет.

13 дәріс

Тақырып: Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін қосып біріктіру.

Дәріс мазмұны: Көрініс пен тілік бөлігін біріктіруге арналған тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Егер тетікбөлшек симметриялы фигураларға проекцияланатын болса, сызбада көріністің жартысын тіліктің жартысымен қосып, біріктіріп сызуға болады. Мұндайда көрініс бөлігіне көрінбейтін бөліктердің сызықтарын салып қажеті жоқ. Көрініс пен тіліктің арасы жіңішке үзік нүктелі сызықпен бөлінеді.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Көрініс пен тілік бөлігін қандай жағдайда біріктіруге болмайды?

Көрініс пен тілік арасы қай уақытта ирек сызықпен бөлінеді?

Кескіндерді орындауға арналған графикалық тапсырмалар.

Көрініс пен тілік бөлігін біріктіруге арналған графикалық тапсырманы аяқтау.

Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 79-81 бет.

[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение, 1984: 91-97 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 182-145 бет.

[4] Буравцев Н.В. и др. Черчение. М., Просвещение, 1986; 101-109 бет.

[14] Брилинг Н.С. Задания по черчению. П., Стройиздат,1984; 91-102 бет.

Ж.Есмұқанов Сызу Алматы, Рауан. 2000.

14 дәріс

Тақырып: Сатылы тіліктер.

Дәріс мазмұны: Бір-біріне параллель бірнеше қиюшы жазықтықтар.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бір-біріне параллель бірнеше қиюшы жазықтықтар.

Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.

Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орнына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тілік болуы мүмкін. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады. Сатылы фронталь тілік алдыңғы көріністің орнына, сатылы горизонталь тілік үстіңгі көріністің орнына және сатылы профиль тілік сол жақ көріністің орнына салынады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Күрделі тіліктер дегеніміз не?

Сатылы фронталь тілік қалай орналасады?

Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтың орнына байланысты қалай бөлінеді?

Сатылы тілікті орындауға арналған графикалық жұмыстар.

1-семестрге арналған графикалық тапсырмаларды аяқтау.



Әдебиет: [1]Борисов Д.М. и др.Черчение. М., Просвещение, 1988: 78-80 бет.

[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение ,1982.110-115 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 182-145 бет.

[4] Буравцев Н.В. и др. Черчение. М., Просвещение, 1986; 101-109 бет.

15 дәріс

Тақырып: Сынық тілік.

Дәріс мазмұны: Бөлшекті өзара қиылысатын жазықтықтармен қию.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бөлшекті өзара қиылысатын жазықтықтармен қию.

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Сонда қима проекция жазықтығына параллель бір жазықтықта орналасады.

Сынық тілікте беттескен қиюшы жазықтықтар негігі проекция жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада )

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Күрделі тіліктер туралы жалпы түсінік.

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар қалай орналасады?

Сынық тілікті орындауға арналған графикалық жұмыстар.

Семестр бойына қарастырылған тақырыптарды қайталау.

Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение; 78-80 бет.

[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение,1981. 116-118 бет.

[3] Боголюбов С.К.Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984; 170-185 бет.

[19] Василенко Е.А. Практикум по черчению. М., Просвещение,1981. 116-118 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982;

IV семестр

1 дәріс



Тақырып: Бұйым түрлері, құрастыру құжаттары.

Дәрістің мазмұны: 1) Бұйым түрлері: бөлшектер, құрастыру бірліктері, жинақтар.

2) Конструкторлық құжаттар түрлері: бөлшек сызбалары, құрастыру сызбалары, жалпы көріністер сызбасы, сипаттізім, схема т.б.



Дәріс мақсаты: Сызбаларды орындауда тік бұрышты проекциялар жүйесін пайдалануды, көріністерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: жобалау, жұмыс құжаттары, комплект, комплекс, түпнұсқа, көшірме.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бұйымдардың түрлері және конструкторлық құжаттар. Бұйымдар жасауда жиі пайдаланылатын материалдар. Біліктер мен осьтер. Өзара ауыстырымдылық туралы түсінік. Номинал өлшем. Нақты өлшем. Шекті өлшемдер.

Кәсіпорындарда дайындалатын өндірістік нәрселер тобын бұйымдар деп атайды. Бұйымдарды олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі және көмекші өндіріс бұйымдары болып екі топқа бөледі. Бұйымдар төрт түрге бөлінеді: тетікбөлшектер, құрастырылған бұйымдар, коплектілер және комплекстер.

Конструкторлық графикалық құжаттар: бөлшек сызбасы, құрастыру сызбасы, теориялық сызба, габарит сызба, схема, сипаттізім.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Бұйым деп нені айтады және қандай топтарға бөледі?

Қандай сызбаларды түпнұсқалар немесе көшірмелер деп атайды?

Құрастыру сызбаларына нелер жатады?

Конструкторлық құжаттармен және жалпы сызбалармен танысу.

Құрастыру сызбасына сипаттізім құрастырып, оны толтыру.



Әдебиет: [1]Борисов Д.М. Черчение.М.,Просвещение.,1988; 115-121 бет.

245-248 бет.

[2]Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение,1982; 124-128 бет.

[8] Чекмарёв А.А. Инженерная графика М., В.Ш., 1988; 134-144 бет.

[13] Суворов С.Г и др. Машиностроительные черчения в вопросах и ответах. М., Машиностроение, 1981; 15-18 бет.

2 дәріс



Тақырып: Бұрандалар туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мазмұны: 1) Бұрандалардың белгіленуі.

2) Бұрама беттер және бұрандалар.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бұрама беттерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұранда, беттер, бұранданың сыртқы диаметрі, бекіту бұрандасы, трапеция, тікбұрышты.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бұранданың және бұрандалы тетікбөлшектердің кескіндері.

Бұрама қозғалыстар мен сызықтар. Бұрама беттер және бұрандалар. Бұранданың түрлері және оларды сызбада белгілеу. Метрикалық бұранда.Трапециялық бұранда. Тіректік бұранда. Құбырлық бұранда.

Түзу сызықты және айналмалы қозғалыстарға ажырайтын күрделі қозғалысты винттік қозғалыс деп атайды. Винттік қозғалыспен орнын ауыстырып отыратын нүктенің траекториясын винттік сызық деп атайды.

Жазық фигураны винттік қозғағанда шығатын денені бұранда деп атайды. Техникада жиі қолданылатын, өлшемдері есептелген және тағайындалған бұрандалар: метрикалық, трапециялық, тіректік, құбырлық бұранда.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Бекіту бұрандалары қайда қолданылады?

Жүрістік бұрандалар қандай механизмдерде кездеседі?

Метрикалық бұранданың профилі қандай?

Трапециялық, тіректік және құбырлық бұрандалар профильдері қандай?

Бұрандалардың сызбасын орындау.

Бұрандаларды тұрғызу және белгілеуге арналған графикалық тапсырмаларды аяқтау.

Әдебиет: [21] Селиверстов М.М. Черчение.М., В.Ш.,.1985; 128-132 бет.

[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение, 1985: 183-193 бет.

[14]Брилинг Н.С. Задания по черчению. М., Стройиздат, 1984; 105-108 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 214-223 бет.

[1]Борисов Д.М. Черчение.М.,Просвещение.,1988;

3 дәріс



Тақырып:: Бұрандалар.

Дәріс мазмұны: Бұранда элементтерімен берілген бөлшек сызбаларын тұрғызу.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бұрама беттерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұранда, беттер, бұранданың сыртқы диаметрі, бекіту бұрандасы, трапеция, тікбұрышты, оң және теріс бұранда.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Бұрандаларды сызбада ықшамдап кескіндеу. Бұрандалы сырықтың кескіндері. Бұрандалы тескіш. Бұрандалы бұйымды тұрғызу, графикалық жұмысты орындау.

Бұрандаларды пайдалану қажеттілігіне қарай бекіту бұрандалары және жүрістік бұрандалар деп екі топқа бөледі. Бекіту бұрандалары бұйымдарды біріктіру үшін қолданылатын тетікбөлшектерде, ал жүрістік бұрандалар домкраттарда, престерде кездеседі.

Бұрандалы стерженьнің кескінінде бұранданың сыртқы диаметрі жуан негізгі тұтас сызықпен, ал оның ішкі диаметрі тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бұрандалы тесіктің кескінінде, керісінше, бұранданың сыртқы диаметрі жіңішке, ал ішкі диаметрі жуан тұтас сызықтармен жүргізіледі.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тесіктегі бұранданы қалай ықшамдап көрсетеді?

Көріністе көрінбейтін бұранданы қалай кескіндеуге болады?

Метрикалық, трапециялық, тіректік бұрандалардың өдшемдерін сызбаға қалай түсіреді?

Графикалық жұмыстарды талдау.

Бұрандалардың шартты кескінделуі. Бұрандалардың конструктивтік және технологиялық элементтері.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение М., Просвещение, 1988.г. 128-138 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В. Ш., 1984, 214-223 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 128-132 бет.

[20] Вяткин Г.П. и др. Машиностроительное черчение,1985; 183-193 бет.

[14] Брилинг Н.С. и др. Задания по черчению. М., Стройиздат, 1984; 105-108 бет.

4 дәріс



Тақырып: Бекіту бұйымдарының кескіні.

Дәрістің мазмұны: 1) Бұрандама кескіні (болт).

2) Сомын кескіні (гайка).

3) Бұрама сұқпа кескіні (шпилька).

4) Бұрама кескіні (винт).



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бұрама беттерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрандама, сомын, бұрама сұқпа, бұрама, бұранда адымы, шайба.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Барлық бұрандалы бекіту бұйымдары стандартталған. Машина құрамына кіретін бұйымдардың ішіндегі ең қарапайымы тетікбөлшектер.

1) Бұрандама кескіні (болт).

Ол стержень тәрізді, басы деп аталатын жағына қарама- қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Болттар болаттан жасалады және оларға метрикалық бұранда ойылады.

2) Сомын кескіні (гайка).

Ортасында бұрандалы тесігі бар, болт пен шпильканың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшекті гайка деп атайды. Сыртқы пішіндері алты жақты призма, төрт жақты призма және цилиндр тәрізді болып келеді.

3) Бұрама сұқпа кескіні (шпилька).

Екі ұшында да бұрандалары бар цилиндр тәрізді стерженді шпилька деп атайды. Оның тетікбөлшекке бұрап енгізетін ұшын сұқпа ұшы деп атайды. 4) Бұрама кескіні (винт).

Бұрама басында отверткамен бұрауға арналған түзу немесе крест тәрізді шлиц болады. Басының пішініне қарай жасырын, жартылай жасырын, дөңес, цилиндр тәрізді болып келеді.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Бекіту тетікбөлшектерін, олардың қолданылатын орнын атаңыз.

Шпильканың ұзындығы қалай анықталады?

Құрастыру сызбаларында болттық біріктірулерді қалай ықшамдауға болады?

Тығырық, сына және бұрама сұқпалардың кескінін орындау.

Графикалық тапсырма: шайба және шплинт кескінін орындау.



Әдебиет: [1]Борисов Д.М. Черчение . М., Просвещение 1988. 175-182 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 168-172 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., В.Ш., 1982; 160-164 бет.

[22]Федоренко В.А.,Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. Л., Машиностроение,1981. 356-372 бет.

5 дәріс

Тақырып: Бекіту бұйымдарының көмегімен ажырайтын қосылыстар кескіні.

Дәріс мазмұны: Бұрандама, бұрама, сомын және ұстастырмаларды өлшемдерімен орындау.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бекіту бұйымдарын орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрандама, сомын, бұрама сұқпа, бұрама, бұранда адымы, шайба.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Тетікбөлшектердің қозғалмайтын, бірақ оңай ажыратылатын қосылыстары бөлшектердің ажырайтын қосылыстары деп аталады. Бекіту бөлшектері біріктірілуде үш әдістің бірімен кескінделеді: конструктивтік, ықшамдалған және шартты.

1) Бұрандама кескіні. Ол сырық тәрізді, басы деп аталатын жағына қарама – қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал бұрандаманың жалпы ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты анықталады.

2) Сомын кескіні. Ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшекті сомын (гайка) деп атайды. Сомындарды да болаттан жасайды және олардың бұрандалары метрикалық болады. Сомынның сыртқы пішіні алты жақты призма, төрт жақты призма және цилиндр тәрізді болып келеді.

3) Бұрамасұқпа қосылысы. Бұрамасұқпа қосылыстар бөлшектенетін қосындыға жатады. Олар стандарт бойынша орындалады. Бұрамасұқпаның бұрамалары жуан негізгі сызықпен көрсетіледі.

4) Бұрама қосылысы. Бұрама қосылыс екі немесе одан көп бөлшектерді қосады. Бұраманың өлшемі, бұрманың диаметрімен және берілген стандартпен белгіленеді.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тетікбөлшектерді болтпен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшек керек?

Болттарды бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?

Бұрамасұқпа деп қандай тетікбөлшекті айтады?

Графикалық жұмыстарды талдау.

Тақырыппен жұмыс.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение, 1988; 175-182 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу Черчения. М., В. Ш. 1984.; 195 бет.

[22] Федоренко В.А., Шошин А.Н. Справочник по машиностроительному черчению. Л., Машиностроение, 1981.; 356-372 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика; М.,Академия,2001; 175-193 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 127-133 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., В.Ш., 1982;

6 дәріс

Тақырып: Ажырайтын қосылыстар.

Дәрістің мазмұны: 1) Құбырлық қосылыс

2) Сыналы қосылыс (шпонка)



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бекіту бұйымдарын және олардың қосылыстарын орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер:

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Ажырайтын қосылыстар.

Ажырайтын біріктірулерге оны құрастырып тұрған тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болатын біріктірулер жатады. Ажырайтын біріктірулердің өзі қозғалмайтын және қозғалатын болып екіге бөлінеді. Ажырайтын, бірақ қозғалмайтын біріктірулерге бұрандамалық және ұстастырмалық біріктірулер жатады. Ажырайтын қозғалмалы біріктірулерге кілтектік және шлицтік біріктірулер жатады.

Бұрандалы құбырлық қосылыстар олардың жұмыс жасау жағдайларымен анықталады. Біріктіру бөліктері- фитинглер бірден бірнеше құбырды біріктіруге, құбырларды бірнеше тармаққа бөлуге, бір диаметрдегі құбырдан екінші диаметрдегі құбырға жалғауға ыңғайлы бөлшек.

Сыналы қосылыстар біліктен, сына және білікпен байланысатын бөлшектен тұрады.

Пішіндеріне қарай шпонкаларды призма, сына және сегмент тәріздес деп бөледі.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Ажырайтын қосылыстар түрлерін атаңыз.

Бір бөлшекті екіншісіне бұранда арқылы қосу біріктірудің қай түріне жатады?

Бекіту бұйымдарының көмегімен біріктірулерді кескіндеуде қандай ерекшеліктер бар?

Шпонкалар көмегімен қандай тетікбөлшекті біріктіруге болады?

Шпондық біріктіруді ажыратуға болады ма?

Ажырайтын қосылыстарға сәйкес стандарттар.

Әдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 190-195 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В. Ш. 1984; 196-197 бет.

[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение, 1985. 289-298 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985. 168-173 бет.

Есмұқанов Ж. Сызу Алматы , Рауан, 1997. 194-196 бет.

7 дәріс



Тақырып: Ажырамайтын қосылыстар.

Дәрістің мазмұны: 1) Пісіру қосылыстары.

2) Пісіру тігістерінің кескінделуі және белгіленуі.

3) Пісіру қосылыстарындағы тігістердің ықшам белгіленуі.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, ажырамайтын қосылыстарда қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдауларды үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тойтарма шеге, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу, пісіру тігістері т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Ажырамайтын қосылыстар.

Ажырамайтын біріктірулерде тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болмайды. Ажырамайтын біріктірулердің мысалдары ретінде пісіріп біріктіруді және дәнекерлеу мен желімдеуді қарастырамыз.



1) Пісіру қосылыстары.

Тетікбөлшектерді ажырамайтындай етіп біріктіруде өте кең тараған әдіс – пісіріп біріктіру әдісі. Біріктірілетін тетікбөлшектердің өзара орналасуына қарай пісіріп біріктіруді төрт түрге бөледі: түйістіре пісіру, бұрыштап пісіру, Т тәріздендіріп пісіру, қапсыра пісіру.



2) Пісіру жапсарларының кескінделуі және белгіленуі.

Пісірмелі біріктірудің түріне, пісірілетін жиектердің пішініне және орындалуына қарай оларға әріптік- цифрлық белгілер тағайындалған.

Сызбада пісіру жапсарлары оңалатылып кескінделеді, егер жапсар көрінетін болса, жуан тұтас негізгі сызықпен, егер ол көрінбейтін болса, үзілме сызықпен көрсетеді.

3) Пісіру қосылыстарындағы жапсарлардың ықшам белгіленуі.

Пісіру жапсарының шартты белгісі бір-біріне сызықшалар арқылы тіркестіріле жазылатын 7 элементтен тұрады. Егер сызбада бірдей бірнеше пісіру жапсарларын кескіндеу керек болса, онда олардың тек біреуін ғана толық көрсетеді.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Ажырамайтын қосылыстар дегеніміз не?

Түйістіре және бұрыштап пісірудің шартты белгілері қандай?

Көрінетін жапсарларды қандай сызықтармен көрсетеді?

Көрінбейтін жапсарлар сызбада қандай сызықтармен көрсетіледі?

Пісіру жапсарының шартты белгісінің құрылымы қандай?

Бұрамалық қосылыстарды орындауға арналған графикалық жұмыстар. Бұрамалық қосылыстардың параметрлерін есептеу.

Винттік қосылыстарды орындауға арналған графикалық тапсырма.



Әдебиет: [1]Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение, 1988; 191-195 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 168-169 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1981; 198-212 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш.1985.; 171-173 бет.

8 дәріс

Тақырып: Тетікбөлшектің эскизі.

Дәрістің мазмұны: 1) Эскиздеу туралы жалпы түсінік.

2) Эскиздеу этаптары.

3) Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін, эскиздеу туралы жалпы түсінік, эскиздеуді орындаудың этаптарын үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: түпнұсқа, типтік, стандарт, бет бұдырлығы, дөптілік, штангенциркуль, микрометр, шаблон.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Эскиздер туралы жалпы мағлұматтар. Эскиздердің қолданылуы. Эскизді орындауға қажетті материалдар мен аспаптар. Эскизді орындау әдістері. Сызбаларды эскиздері бойынша орындау. Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері.

Эскиз деп өндірісте тек бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты айтады. Эскиз нәрсенің кескіндерінен және басқа да мәліметтерден тұрады. Эскизде нәрсе өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен, сызу аспаптарының көмегінсіз кескінделеді. Сондықтан эскизде масштаб болмайды. Эскиз миллиметрлік қағазға орындалады.

Эскиздеу этаптары (кезеңдері).

1. Тетікбөлшектің пішінімен танысу.

2. Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын анықтау.

3. Эскиз орындалатын пішімді таңдау.

4. Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау.

5. Кескіндерді қағаз бетіне алдын-ала орналастыру.

6. Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу.

7. Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау.

8. Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу.

9. Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып анықтайды.

10. Тетікбөлшек эскизін салуды аяқтау.

Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері.

Эскизге тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру үшін, оны өлшеу керек.

Өлшенетін бөлшектің көлемі мен формасына және өлшемді анықтауға қойылатын дәлдікке байланысты арнайы өлшеу аспаптары қолданылады. Бөлшектің жәй өлшемі темір сызғышпен, кронциркульмен, нутромермен, ал дәл өлшемдер – штангенциркульмен, микрометрмен және басқа аспаптармен орындалады.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қарапайым өлшеуіш құралдарын ата және оларды пайдаланып, өлшеу тәсілдерін көрсетіңіз.

Кронциркуль деп қандай құралды айтады?

Нутромердің құрылысы қандай?

Бұранданың адымын қалай анықтайды?

Эскиз деп қандай конструкторлық құжатты айтады?

Эскизде кескіндер қалай салынады?

Техникалық бөлшектерді эскиздеу.

Эскиздеу тақырыбын қайталау.

Әдебиет: [1].Борисов Д.М. и др. Черчение. Просвещение, 1958; 161-168 бет.

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В.Черчение М., Машиностроение,1982; 196-202 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., В.Ш.,1988, 217-227 бет.

[21] Селиверстов М.М.Черчение. М., В.Ш.,1985; 164-166 бет.

[20] Вятков Т.П. и др. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение, 1985; 281-285 бет.

9 дәріс



Тақырып: Техникалық сурет

Дәрістің мазмұны: 1) Техникалық сурет туралы жалпы түсінік.

2) Техникалық суретті орындау тәсілдері.

3)Жазық фигуралардың, геометриялық денелердің, бөлшектердің техникалық суретін орындау әдістері.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін, техникалық сурет туралы жалпы түсінік, техникалық суретті орындаудың кезеңдерін үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрыштар, остік сызықтар, координаттар жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Техникалық сурет туралы жалпы түсінік.

Техникалық сурет – аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Техникалық суретті орындағанда да аксонометриялық проекцияларды салғандағы ережелерді сақтау керек; осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді.

2) Техникалық суретті орындау тәсілдері.

Конструкторлар жаңа машинаның проектілерін жасауда техникалық суреттерді кеңінен қолданады. Техникалық суретті салу бірнеше кезеңге бөлінеді:

1-кезең.Тетікбөлшекті тік бұрышты натурал координаттар жүйесімен байланыстырады.

2- кезең. Шеңберлер эллипстерге кескінделеді.

3- кезең. Табылған нүктелері бойынша эллипстерді жүрізеді.

4- кезең. Сыртқы эллипстерге ортақ жанамалар жүргізіледі.

5-кезең. Тетікбөлшектің көлемділігін көрсету мақсатында оның көлеңкелерін салады.

3)Жазық фигуралардың, геометриялық денелердің,

бөлшектердің техникалық суретін орындау әдістері.

Жазық фигуралардың және олардың аксонометриялық проекцияларын орындау үшін алдымен остік сызықтарын, сосын қабырғаларының ұзындықтарын белгілейді. Техникалық суретті орындағанда да аксонометриялық проекцияларды салғандағы ережелерді сақтау керек; осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Техникалық сурет дегеніміз не?

Техникалық сурет пен аксонометриялық проекциялар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтар туралы айтып бер.

Техникалық суретті салудың негізгі кезеңдері қандай?

Нәрсенің көлемділігін суретте қалай көрсетуге болады?

Бөлшектердің техникалық суретін орындау.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; Стр.106-115

[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 120-123 бет.

[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение, 1985; 97-103 бет.

[23] Максимов Н.Н. Черчение и рисование. М., Стройиздат.,1993; 242-266 бет.

10 дәріс

Тақырып: Бөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы.

Студенттерді бөлшек бетін өңдеудің түрлі әдістерімен таныстыру.



Дәрістің мазмұны: 1) Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығын сипатайтын параметрлер.

2) Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы белгілерін сызбаға түсіру .



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, бөлшек бетін өңдеудің түрлі әдістерімен таныстыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: дәлдік шектері, профиль, арифметикалық орташа ауытқуы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Өндірісте қолданылатын сызбаларда дәлдік шектері мен қондырулар көрсетілуге тиіс.Оқу сызбасында өлшемдердің ауытқу шектерін шамалап көрсетуге болады. Ал дәлдік шегін талаптарға сай есептеу көп нәрсені білуді, тәжірибені керек етеді.



Бөлшектің кедір-бұдырлығын сипатайтын параметрлер.

Микроскоппен қарап тетікбөлшектің қай беті тегістеу, қай бетінің кедір-бұдырының көптеу екенін айта аламыз. Беттің тегістігін сипаттайтын параметрлер: профильдің арифметикалық орташа ауытқуы және профиль бұдырының орташа биіктігі. Олардың біріншісін Ra, ал екіншісін Rz әріптерімен белгілейді.



Бөлшектің бетіне кедір-бұдырлығын белгілеу.

Тетікбөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы сызбада көрсетілуге тиіс. Кедір-бұдарлықты көрсету үшін белгіленулер тетікбөлшектің бетін тиісті дәрежедегі тегістікке жеткізу үшін ол бетті жону керек болса, бетті жонбайтын жағдайда және тетікбөлшек бетінің кедір-бұдырлығын алу жолын конструктор тағайындамаған жағдайда қолданылады. Сызбадағы кедір-бұдырлық белгісінің биіктігі Һ өлшем сандарының биіктігіне тең, ал оң жақ бұрышқа қойылатын белгі бұдан 1,5 есе үлкен болады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Сызбада кедір-бұдырлықты қалай көрсетеді?

Кедір-бұдырлықтың белгілерін көрсетіңіз.

Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы белгілерін түсіруге арналған графикалық жұмыстар.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение М., Просвещение ,1988; 152-157 бет.

[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982: 181-185 бет.

[22] Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. Л., Машиностроение, 1981; 104-115 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984; 239-240 бет.

[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., В.Ш.;1988; 250-254 бет.

[21]Селиверстов М.М. Черчения. М., В.Ш., 1985; 151-155 бет.

11дәріс

Тақырып: Тісті берілістер туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны: Тісті берілістер бөлшектерінің шартты кескіндері.

Механикалық берілістердің түрлері.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, тісті берілістердің түрлері мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: цилиндрлік, конустық, червяктік, түзу тісті, қиғаш тісті, рейкалы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Қозғалысты бір механизмнен екінші механизмге жеткізу үшін керекті тетікбөлшектер жиынын беріліс деп атайды.



Тісті берілістер бөлшектерінің шартты кескіндері.

Тісті дөңгелектің негізгі ерекшелігі – оның тістері. Тістер санын z әрпімен белгілейді. Тісті екі бөлікке бөледі: тістің жүзі және түбі. Тісті дөңгелекті орап тұратын цилиндр жүргізсек, ол цилиндр тістерді дөңестері деп аталатын беттері бойынша жанайды. Тістердің түбі арқылы өтетін шеңбер диаметрін ойықтар диаметрі деп атаймыз. Тісті дөңгелектің негізгі параметрін модуль деп атайды. Модуль миллиметрмен өлшенеді және оның мәні есептелген.



Механикалық берілістердің түрлері.

Механикалық берілістердің түрлері: қайысты, шынжырлы, үйкелісті және тісті берілістер.

Тісті берілістер классификациясы:

1) қозғалыстағы бөлшектер остерінің өзара орналасуына қарай: параллель, қиылысқан және айқас ості берілістер.

2) тісті дөңгелектердің бір-біріне қатысты орналасуына қарай: цилиндрлік тісті берілістерде іштей және сырттай ілінісу берілістері.

3) тіс сызықтарының сипатына қарай: түзу тісті, қиғаш тісті, қисық сызықты винттік, спираль тісті берілістер.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (әдебиетте берілген).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тісті берілістердің атқаратын қызметі қандай?

Тісті берілістен басқа қандай берілістерді білесіз?

Тісті дөңгелектің сызбасында бөлгіш, дөңес, ойық шеңберлері қандай сызықтармен көрсетіледі?

Тісті дөңгелектің модулі мен тістерінің өлшемдері арасындағы байланыстар қандай?

Әдебиет: [3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984, 239-240.

[22] Федоренко В.А. Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. Л., Машиностроение ,1981, 104-115 бет.

[1]Борисов Д,М и др. Черчение М., Просвещение ,1988; 152-157 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 151-155 бет.

[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982:

12 дәріс



Тақырып: Тісті дөңгелектік беріліс.

Дәрістің мазмұны: 1) Тісті дөңгелектер туралы жалпы түсінік.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, тісті дөңгелектік берілістердің түрлері мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: цилиндрлік, конустық, червяктік, түзу тісті, қиғаш тісті, рейкалы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Тісті дөңгелектер туралы жалпы түсінік.

Егер айналмалы қозғалысты жетекші біліктен оған параллель жетектегі білікке беру керек болса, цилиндрлік тісті беріліс қолданылады.

Егер жетектеуші және жетектелуші біліктердің остері қиылысса, айналмалы қозғалысты олардың біріншісінен екіншісіне жеткізу үшін конустық тісті беріліс қолданылады.

Біліктердің остері өзара параллель де болмауы және қиылыспауы мүмкін, яғни айқасқан біліктер айналмалы қозғалысы червякті беріліс деп аталады.

Айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа түрлендіру үшін рейкалы тісті беріліс қолданылады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Машина жасауда берілістердің қандай түрлері қолданылады?

Тісті беріліс модулі дегеніміз не?

Тісті дөңгелектер бағыты сызбада қалай кескінделеді?

Цилиндрлік тісті дөңгелектің сызбасын орындауға арналған графикалық жұмыс.

Тақырыпты қайталау. Графикалық жұмысты аяқтау.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение.М., Просвещение, 1988; 217-226 бет.

[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроения,1982, 215-225

[8] Чекмарёв А.А. Инженерная графика. М., В.Ш., 2003; 201-203 бет.

[3] Боголюбов С.К.Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984, 240 бет.

[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение, 198885. 235-240 бет.

[3] Боголюбов С.К.Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984, 240 бет.

13 дәріс

Тақырып: Цилиндрлік тісті беріліс.

Дәріс мазмұны: Цилиндрлік тісті беріліс туралы түсінік.

Цилиндрлік тісті беріліс параметрлерін есептеу.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, цилиндрлік тісті берілістер мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тістер саны, штангенциркуль, дөңгелек, шестерня,модуль, коэффициент.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Цилиндрлік тісті беріліс туралы түсінік.

Егер айналмалы қозғалысты жетекші біліктен оған параллель жетектегі білікке беру керек болса, цилиндрлік тісті беріліс қолданылады.

Тісті беріліс жетектеуші және жетектелуші біліктерге қондырылған екі дөңгелектен тұрады. Тісті дөңгелектер өзара сырттай немесе іштей ілініседі. Дөңгелектердің қозғалыстары іштей ілініссе бағыттас, ал сырттай ілініссе қарама-қарсы болады. Диаметрі шағын, тістері түзу жетектеуші дөңгелекті шестерня деп атайды. Тістер дөңгелектің осіне параллель немесе белгілі бір бұрыш жасап орналасуы мүмкін. Осыған орай түзу тісті және қиғаш тісті цилиндрлік дөңгелектер болады.

Цилиндрлік тісті беріліс параметрлерін есептеу.

Тісті берілісті жобалау кезінде конструктор алдымен модульдің мәнін есептейді. Модульдің қабылданған мәнін пайдаланып, тісті дөңгелектің басқа өлшемдерін есептейді. Бөлгіш шеңберінің диаметрі, тіс жүзінің биіктігі, тіс түбінің биіктігі, дөңестер шеңберінің диаметрі, ойықтар шеңберінің диаметрі, тістердің ұзындығы, тісті дөңгелек құрсауының қалыңдығы т.б. параметрлері болады.



Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тісті берілістердің атқаратын негізгі қызметі қандай?

Тісті берілістен басқа қандай берілістерді білесің?

Цилиндрлік тісті дөңгелектің басты параметрлерін атаңыз.

Цилиндрлік тісті дөңгелек сызбасына қандай өлшемдер қойылады?

Цилиндрлік тісті дөңгелектік берілісті тұрғызуға арналған графикалық жұмыстар.

Тақырыпты қайталау, берілген графикалық жұмысты аяқтау.

Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение, 1988; 217-226 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984; 240 бет.

[22]Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. Л., Машиностроения, 1981; 212-219 бет.

[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроения,1982, 215-225

14 дәріс

Тақырып: Конустық тісті дөңгелек және тісті беріліс.

Дәрістің мазмұны: 1) Конустық тісті дөңгелектік берілістің қолданылуы.

2) Конустық тісті дөңгелектің параметрлерінің есебі.



Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, конустық тісті берілістер мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тістер саны, штангенциркуль, дөңгелек, шестерня, модуль, коэффициент.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Конустық тісті дөңгелектік берілістің қолданылуы.

Егер жетектеуші және жетектелуші біліктердің остері қиылысса, айналмалы қозғалысты олардың біріншісінен екіншісіне жеткізу үшін конустық тісті беріліс қолданылады. Мұндағы тісті дөңгелектердің сыртқы беттері қиық конус тәрізді болын келеді. Олардың тістерінің орналасуна қарай түзу тісті және қиғаш тісті конустық дөңгелектер кездеседі. Конустық тісті берілісті автомашинаның кардан білігінен , қозғалысты артқы доңғалақтарға беретін дифференциал деп аталатын механизмнен көрулеріңізге болады.

2) Конустық тісті дөңгелектің параметрлерінің есебі.

Конустық дөңгелек тістерінің пішіні мен өлшемін төмендегідей конустық беттер арқылы анықтайды: бөлгіш конус, тіс жүзінің конусы, тіс түбінің конусы, қосымша ішкі конус. Тіс биіктігі, адымы және модулі өзгеріп отырады.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Машина жасауда берілістердің қандай түрлері қолданылады?

Тісті беріліс модулі дегеніміз не?

Тісті дөңгелектер бағыты сызбада қалай кескінделеді?

Конустық тісті дөңгелек сызбысын тұрғызу.

Графикалық тапсырманы аяқтау.



Әдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение. 1988; 232-236 бет.

[2] Боголюбов С.К. Черчение. М., Машиностроение , 1982; 227-230 бет

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985.г; 156-164 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., в.Ш.,1984; 241 бет.

[33] Анисимов Н.Н. и др. Черчение и рисование. М., Стройиздат, 1983; 145-148.

15 дәріс



Тақырып: Конустық тістідөңгелектік беріліс.

Дәріс мазмұны: Конустық тістідөңгелектік берілісті тұрғызу. Конустық тісті беріліс параметрлерін есептеу.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін үйрету, конустық тісті берілістер мен олардың қолданылатын орны туралы түсінік беру, біліктілігі мен дағыдаларын жетілдіру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тістер саны, штангенциркуль, дөңгелек, шестерня, конус, модуль, коэффициент.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Конустық тістідөңгелектік беріліс.

Конустық тісті дөңгелектер жалпы элементтермен қоса, арнайы элементтерден де тұрады – бөлу конусы, тістер төбесінің конусы, тістер түбі конусы, осылармен сәйкес бөлу беті, тіс төбесі беті және тіс түбі беті болып келеді. Конусты түзетін сызықтармен остер арасындағы бұрыштар конус төбесі бұрышы, бөлу конусы бұрышы, конус түбі бұрышы деп аталады. Конустық тісті дөңгелекті сызу басты көріністен, яғни фронталь тілігінен басталады. Конустық тісті берілісті кескіндеу цилиндрлік тісті берілісті кескіндеу ережелерімен бірдей орындалады.

Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тісті дөңгелектерді кескіндеуде қандай шарттылықтар қолданылады?

Қандай өлшем тісті дөңгелектің адымы деп аталады?

Конустық тісті дөңгелектің басты параметрлерін атаңыз.

Конустық тісті дөңгелек сызбасын қандай ретпен орындайды?

Конустық тістідөңгелектік беріліс сызбысын тұрғызуға арналған графикалық жұмыстарды аяқтау.



Әдебиет: [2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение 1982. 227-230 бет.

[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 161-163 бет.

[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения; М., В.Ш., 1984; 241 бет.

[1] Борисов Д.М. и др. Черчение. М., Просвещение. 1988;


ГЛОССАРИЙ
Глоссарий - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы. Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру және пәнге қатысты терминдер мен ұғымдардың мазмұнын ұғынуға арналған тапсырмалар:

«Сызу негізі» пәні бойынша глоссарий

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Поперечное сечение элемента

Элементтің көлденең қимасы

Cross section of element

Балка

Арқалық

Girder

Линия прямая – прямая линия это материалный объект состоящей из множества точек.

Түзу сызық


Straight line



Окружность – линия равно удаленная от центра.

Шеңбер

Cirale


Линия кривая – линия расположенная в пространстве.

қиғаш сызық


Lain curve



Вид – проекция на сотвествующие плоскости (вид спереди, сзади, сверху, с боку)

Көрініс

Aspect


Сечение – вид полученый плоскостью сечением

Тілік

Section


Разрез – вид полученый плоскотью разреза.

Кескін

Dimensions


Перспектива – пространственый рисунок на плоскоти

Перспектива


Perspective



Аксонометрия – пространственый вид детальи

Аксонометрия


Acsonometri



Технический рисунок – чертеж выполненый рукой с соблюдением пропорций

Техникалық сурет



Technical drawing

Эскиз – чертеж выполненый от руки с техническими параметрами

Нобай

Draft


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет