Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Бағыт-мақсат теориясының негізгі компоненттерін сызба бойынша жазыңыз



бет7/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология
60217946.a4
Бағыт-мақсат теориясының негізгі компоненттерін сызба бойынша жазыңыз.




Бағыт-мақсат теориясы аясында мотивация ұғымы күту теориясы тұр- ғысынан тұжырымдаладыБұл теорияның басты идеясы мынада: ізбасарлар өзіне жүктелген міндетті орындауға қабілетті екеніне; олардың талпынысы белгілі бір нәтижеге жеткізеріне; сондай-ақ жұмысты орындаудың қарымы сол еңбекке татитынына сенімді болғанда ынталанады. Аталған теория идеяларын қолданатын көшбасшының міндеті әрбір ізбасардың мақсаты мен оған келер пайданы толыққанды түсінуінде. Ізбасарлар өзін, құдды, берілген міндетті орындауға қауқарлы адам секілді тиімді сезінгілері келеді. Сонымен қоса, олар өзіне жүктелген міндетті орындай алса, нендей сый аларын да білуді қалайдыКүту теориясы — ізбасарлар таңдайтын мақсат пен көшбасшы- ның оларға көмектесіп, сол мақсатқа жеткенде қалай марапаттайтыны жө- ніндегі теория. Бағыт-мақсат теориясының әртүрлі құрамдас бөлігі, атап айтқанда, көшбасшының мінез-құлқы, ізбасарлардың ерекшелігі, жұмыс ерекшелігі және мотивация көрініс тапқан. Бағыт-мақсат теориясына сәйкес, көшбасшы мінез-құлқының әр түрі ізбасар мотивациясына әрқалай ықпал етеді. Көшбасшының нақты бір мінез-құлқы ізбасарды ынталандырып не ынталандырмайтыны ізбасар ерекшеліктері мен жұмыс ерекшеліктеріне байланысты.



  1. Бағыт-мақсат теориясының сипаттамасын жазыңыз.



Бағыт-мақсат теориясында көшбасшы өз ізбасарларын белгілі бір мақсатқа жетуде қалай ынталандыратыны талқыланады. Көбіне ізбасарларды не ынталандыратыны туралы зерттеулерге сүйене келе, бұл теория көшбасшылық туралы әдебиеттерде алғаш рет 1970 жылдардың басында Эванстың (1970), Хаустың (1971), Хаус пен Десслердің (1974) және Хаус пен Митчеллдің (1974) еңбектерінде кездесті. Бұл теорияның басты мақсаты - ізбасарлардың мотивациясы мен жұмыстағы міндеттердің сипатына көңіл бөле отырып, олардың өнімділігі мен жұмысқа разылығын арттыру. Алға- шында бағыт-мақсат теориясы назарды міндеттер мен қарым-қатынас тақы- рыбынан ізбасардың қажеттіліктері мен мотивациясына қарай ойыстыруы негізінде жаңашыл саналды.ситуация тұрғысынан зерттеу ұстанымнан айырмашылығы бағыт-мақсат теориясы көшбасшының стилі мен ізбасарлардың ерекшеліктері және ұйымдық орта арасындағы байланысқа зейін қояды. Көшбасшы үшін ізбасарлардың мотивациялық қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін көшбасшылық стилін қолдану аса маңызды. Ол үшін көшбасшының мінез-құлқы жұмыс жағдайында табыла қоймайтын дүниені толықтырып тұратындай болуға тиіс. Көшбасшы ізбасарларды ақпаратпен қамтамасыз ету немесе жұмыс ортасында марапаттау арқылы олардың мақсатқа жету көрсеткіштерін арттыруға тырысады көшбасшы ізбасарлардың мақсатқа жетуіне керек деп тапқан дүниелерді ұсынады.
Қысқа қайырғанда, бағыт-мақсат теориясы көшбасшы ізбасарлардың қажеттіліктері мен олар жұмыс істейтін ситуацияға барынша сәйкес келетін нақты мінез-құлық түрлерін таңдау арқылы ізбасарлардың мақсатқа жету жолында қалай көмек бере алатынын түсіндіруге арналған. Тиісті мінез-кұлық түрлерін таңдау арқылы көшбасшы ізбасарлардың табыс пен разылыққа жету ықтималдығын арттырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет