Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)


Ашықтық және қолжетімділік



бет2/35
Дата02.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#170792
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
4- СЫНЫП
1, ОПТИКА ДӘРІС, ПИЗА каз матем (1), ағылшын тілі, олимпиада тап 9-11кл
Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады.


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
Оқу жоспары;
• Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
• Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.


Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.


Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет