Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)



бет1/35
Дата02.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#170792
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
4- СЫНЫП
1, ОПТИКА ДӘРІС, ПИЗА каз матем (1), ағылшын тілі, олимпиада тап 9-11кл



Түсініктеме

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.


Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:


Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет