Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топ



бет1/7
Дата24.12.2022
өлшемі36,02 Kb.
#164277
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топтық жұмыс
Формы контроля для ОП, 15 лекция

оптық жұмыс ,топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибиеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып,сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірімен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту ,өз ойларын жетілдіру арқылы оқыту мақсатқа жету.
Міндеті: 

  • оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіндік пікірі мен көзқарасын

қалыптастыру.

  • Оқушы топтық жұмыста тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуына қол жеткізу. Яғни, оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды».

  • Оқушылардың сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артып,топпен жұмыс жасауда іздемпаз болу қабілеттері шыңдайды.

  • Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға жетелеу.

Күтілетін нәтиже: 
Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет