Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топ


Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі



бет2/7
Дата24.12.2022
өлшемі36,02 Kb.
#164277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топтық жұмыс
Формы контроля для ОП, 15 лекция
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:

  • Топ мүшелерінің көп болуы

  • Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.

  • Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.

  • Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі

  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы

  • Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.

  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы

  • Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.

    Топтық жұмыс соңында әр оқушы қандай жетістікке қол жеткізе алады?

    • Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болады,бір-біріне деген сенімі артады

    • Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін ,өз үлесін қосып жатқанын сезінеді.

    • Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін салыстырады.

    • Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталады.

    • Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым – қатынасы. Мұғалімдер бірінші сынып оқушыларының метатанымдық дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін, өз іс – әрекеттерін жоспарлауда, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрену дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға үйренеді. Көбінесе, мұғалімдерде тілдік цикл пәндерінде бірінші сынып оқушыларында белсенді тыңдау, оқу дағдыларын дамытуға тапсырма таңдауда қиындықтар кездеседі, әрине. Сол үшін де, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданады: сабақта топтық жұмыс істеу түрлерін тиімді қолдана бастайды. Мұғалімдер топтық жұмыс үшін тапсырмалар таңдайды, оқушылардың белгілі тапсырманы орындауға көбірек бағыттайды. Сондай – ақ, мұғалімдер 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, топтық жұмыстар ұйымдастырады.Ұштастыра келе, топта оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді. Осындай сұрақтар қойылған кезде, көшбасшылыққа бейім, озат оқушылар топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артқанын байқадым.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет