Кудьярова гульнара базарбаевна


Көркем аудармадағы жан-жануар атауларына қатысты метафораларға салыстырмалы талдау



бет16/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

2.2 Көркем аудармадағы жан-жануар атауларына қатысты метафораларға салыстырмалы талдау
Жан-жануар атауларына қатысты метафоралардың мән-мағынасы белгілі бір ұлттың таным-түсінігі, тіршілігі мен тұрмысына тығыз байланысты болып келеді. Зоонимдік метафоралардың авторы жоқ. Олар – мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер тәрізді халық қазынасы болып есептелінеді. Жан-жануар атаулары әлемнің тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып саналады. Осы метафоралардың көмегімен адам мен жануарлардың қасиеттерінің ұқсастығын сипаттауға болады. Белгілі бір жануардың басым қасиеттері адамның мінез-құлық атауына сәйкес аталады. Халықтың тұрмыс тәжірибесі тұрғысынан алғанда «жануарлар» метафоралары тізбесін белгілі бір тілдегі мәдениеттің үлгісі немесе символы ретінде қарастыруымызға болады.

Әлемдегі кез-келген құбылыс ұлттың дүниетанымына байланысты өрнектеледі. С.К. Сансызбаева тұжырымдамасына сәйкес, кез-келген затты, нысанды салыстыра отырып сипаттап, суреттегенде көңіл-күй сезімдері негізінде бейнеленеді. Сонымен, адам кез келген нәрсені сипаттап, суреттегенде көбінесе теңеп, ассоциативті түрде салыстыра отырып, өзінің ой-пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырған [99]. Үй жануарлары, жабайы аң-құс атаулары этностың ой-санасында, абстрактылы ұғымдар мен ассоциативті салыстырулар көңіл-күй сезімдері мен іс-әрекеттерін бейнелі түрде беруде кеңінен қолданылатынын байқауға болады.

Әр түрлі тілдердің сөздік қорындағы неше түрлі атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі метафоралық теңеулер болып саналады. Жан-жануар атауларына байланысты метафоралардың көпшілігі ұлт өмірінің айнасы болып саналғандықтан, олар халықтық мәдени негіздерге сүйенеді.

Жануарларға қатысты метафоралар туралы зерттеуші А. Сыбанбаева өз еңбегінде былай дейді: «Жануар атауы адамға қатысты қолданылғанда жануар мен адам арасындағы ұқсастық әр халықтың ұлттық–мәдени көзқарасына байланысты әр түрлі сипат алады» [57, 12 б .]. Бұдан көңілге алатынымыз, белгілі бір мағына екі түрлі ұлт тілінде басқа ұғымдармен коннотацияланып, өзіне ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс табады. Мысалы, «hare – қоян» деген жануардың атауын алатын болсақ, қазақ халқында қоян сөзі жағымсыз ассоциативті образ ретінде қолданылады. Мағынасы су жүpек, қорқақ адам. Ал ағылшын зерттеушісі А. Гоутли пікірі бойынша көбінесе жағымды ассоциативті образ ретінде қолданылады [100]. Мағынасы шапшаң, лезде, көздi ашып-жұмғанша бірнәрсені тез істейтін адамды білдіреді. Тағыда көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, «bear – аю» деп аталатын жануарды алатын болсақ, ол сөзді қазақ халқында адамдардың икемсіздігін айту үшін қолданылады. Ал ағылшындарда ол ебедейсіз, ашулы, дөрекі адам деген мағынаны тұспалдайды. Келесі мысалға «bat-жарғанат» алатын болсақ, ол қазақтарда жиі агрессияға тап болатын адамды тұспалдайды. Ал ағылшындарда ол ақымақ, сүйкімсіз, ұнамсыз адамды білдіреді. Мысалы: I dreamt another dream, sir: that Thornfield Hall was a dreary ruin, the retreat of bats and owls [98, 75 б.]. «Еlephant-піл» атты жануар қазақтарда қайратты, күшті деген мағынаны астарлап тұрады. Ал ағылшындарда еңгезердей, өте үлкен адам мағынада қолданылады. Екі тілде де жағымсыз ассоциациямен жүретін жануарға мысалы, «skunk-скунс»(сасықкүзенің бір түрі) сүйкімсіз,мейірімсіз адамды тұспалдайды.

Ағылшындардың танымында «cow-сиыр» жағымсыз ассоциативті образ ретінде қолданылады. Сиыр деп олар ұнамсыз, жағымсыз, сүйкімсіз адамды тұспалдаған. «Bovine-бұқа, өгізді» олар баяу және ақымақ мағынасымен ассоциалаған. «Bull-headed-бұзау басты» деп олар қыңыр, біреудің сезімдерімен санаспайтын қырсық баланы тұспалдаған. «Сalf love – бұзау махаббаты» деп олар жасөспірімдердің махаббатын білдірген.

Қазақтарда «cow-сиыр» малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Қайсыбір жайсыз адамдардың жағымсыз мінез-қылықтарын сынағанда да «cиыр мінез», «cиырдай мүйіздесті» деп сиырды ұнамсыз кейіпте таниды. «Сиырдай мүйіздесті» - өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі, татулығы жоқ халық, әлеуметтік топ қолдағы барынан айрылады, бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. «Сиыр мінез» – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады. «Өгіздей өңкиген» – денесі ебедейсіз үлкен, еңгезердей деген мағынада «мұрнын тескен өгіздей» – кекесін, көнгіш, ырыққа ергіш, жуас дегенді білдіреді. «Өгіздей болып ап» – үп-үлкен, дап-дардай бола тұра деген мағынада пайдаланылады.

Ағылшындардың танымында «sheep-қой» жағымсыз ассоциативті образ ретінде қолданылады. Қой деп олар ойланбай еліктейтін, жеңілтек және өте қатты тілалғыш, көнгіш адамды тұспалдаған. Сонымен қатар, егер ол топтың құрамындағы адам болса, ол топтың лидері,яғни бастаушысы емес, жай ғана еруші, ізбасары деген мағынаны білдірген. «Black sheep-қара қой» олар өзінің отбасына абыройсыздық, масқаралық ісі жасаған адамды атаған. «Mutton dressed as lamb-қозы сияқты киініп алған қой еті» бұл метафора арқылы олар жас көрінуге тырысатын жасы үлкейген әйелді вербалдайды. Мысалы: I think the contrast could not be much greater between a sleek gander and a fierce falcon: between a meek sheep and the rough-coated keen-eyed dog, its guardian [98,56 б]. I was sheepishly retreating also; but Mr. Rochester followed me, and when we reached the wicket, he said "Turn back: on so lovely a night it is a shame to sit in the house; and surely no one can wish to go to bed while sunset is thus at meeting with moonrise." [98,64 б]. He laid his hand on my head as he uttered the last words. He had spoken earnestly, mildly: his look was not, indeed, that of a lover beholding his mistress, but it was that of a pastor recalling his wandering sheep--or better, of a guardian angel watching the soul for which he is responsible [98, 91 б.].

Қазақтарда «sheep-қой» – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. Қой деп олар жуас, момын адамды тұспалдаған. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. «Goat-ешкі» жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқыдан арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен аса жоғары бағаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «қозым, қошақаным» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.

Ағылшындардың танымында «monkey-маймыл» жағымсыз ассоциативті образ ретінде қолданылады. Маймыл деп олар өз-өзін жаман ұстайтын, зиянды адамды білдірген. «Monkey around with-маймылдар отасында» бұл метафораның мағынасы жауапкершіліксіз араласа берітін адамды астарлайды. «Monkey business-маймылдың бизнесі» олар бұл тіркес арқылы жаман мінез-құлықты, әділетсіз адам. «Аpe-маймыл» ақымақ,икемсіз адам. «Go ape-маймыл кету» ешбір тежеусіз, тоқтаусыз адамның өзін-өзі ұстауы. «Gorilla-горилла» өте қатты дөрекі және мейірімсіз адам. "How provoking!" exclaimed Miss Ingram: "you tiresome monkey!" (apostrophising Adele), "who perched you up in the window to give false intelligence?" and she cast on me an angry glance, as if I were in fault [98, 77 б.].

Қазақтардың танымында «monkey-маймыл» шыдамсыз адам. Қандай да бір іс шаруаны тез біте салу жағын ойлайтын адамдар. Сонымен қатар, адамның көлгірлігі мен қисықтығын айтқымыз келсе маймыл дейміз. Өте қатты үлкен және салмақты адамды «Gorilla-горилла» арқылы тұспалдайды.

Ағылшындардың танымында «dog-ит» жануары арқылы сенімсіз және сүйкімсіз адамды тұспалдаған. «Dog in the manger-астаудағы ит» - бұл метафора арқылы басқа адамдарды қорғайтын, көмектесетін адамды сипаттаған. «In the doghouse – иттің үйінде» - жақтырмау мен жазғыру, ұрыстан азап шегетін адамдарды вербалдайды. «Сur- қабаған ит» - пайдасыз, қорқақ адам; «puppy love-күшік махаббаты» – таза махаббат. «А sleeping dog ұйықтап жатқан иттің» образы жағымсыз құпияны сипаттау үшін қолданылады; «a silent dog-үндемейтін ит» қауіп-қатермен тұспалданады. Сонымен қатар итті жағымды ассоциациямен айқындалатын метафоралық қолданыстарда да кездеседі. «A clever dog-ақылды ит» aқылды адам мағынасында пайдаланылады; «а gay dog-көңілді ит» көңілді адам метафоралық мағынасында, «а die dog for somebody-біреу үшін өліп қалған ит» сатқындық жасамайтын, біреу үшін жанын беруге даяр, адал адамды тұспалдайды. Мысалы: If I were a masterless and stray dog, I know that you would not turn me from your hearth to-night: as it is, I really have no fear [98, 67 б.].

I heard thence a snarling, snatching sound, almost like a dog quarrelling. Mr. Rochester, putting down his candle, said to me, "Wait a minute," and he went forward to the inner apartment [98, 80 б.]. "Jane! you think me, I daresay, an irreligious dog: but my heart swells with gratitude to the beneficent God of this earth just now [98, 103 б.].

Қазақтардың танымында «dog-ит» жануарына байланысты көптеген ассоциацияны табуға болады. Көп айтылатынның бірі «ит - адамның досы». Бұған ешкімнің дауы жоқ. Себебі ит жеті қазынаның бірі саналып қоймай, он екі мүшел жылдың біріне кіреді. Бірақ біреуді «Нағыз ит екенсің!» деп атаса, сол адам туралы өзгелерде жағымсыз әсер қалады, яғни «ит» сөзі адамға қатысты қолданылса сөзге негативті бағалауыштық реңк береді. Қазақтардың тілдік қауымдастығында біреуді қатты жек көргенде иттің образы алынатыны белгілі. Оған: «иттің етінен жек көру, иттің баласы, иттен туған, ит адам, ит жыны келу» мысал бола алады. Сондай-ақ, біреудің тұнығын лайлап, адалын арамдап жүрген тоғышар адамдар сүтке тиген «ұры итпен» ассоциацияланады. Сол сияқты, бет - аузын, басын, шашын қайта – қайта сипап, сәнденіп әлекке түсетін сәнқойлардың қылығы «жарасын жалаған итпен» салыстырылады. Мінезі нашар адамның прототиптік образы ретінде ит алынып, «ит мінезді» аталса, әлсізге әлімжеттік қылатын адам туралы да «ит (таз) ашуын тырнадан алады» дейді. Ал, өзінің мықты тірегіне, күшті туыстарына сеніп, шүйкедей бойына қарамай, түйедей адамдарға жұдырық жұмсайтын оспадар мінезді, шолақ ақылды тентек адамның қылық-әрекеті «түйеге жармасқан иттің» әрекетімен ассоциацияланады [101]. Оған қоса, «итке тұмар жараспас» деп оны келемеждеп де отырған.

Нақыл сөздерді алатын болсақ, мысалға «let sleeping dog lie» қазақ тіліндегі «тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөйлеммен ассоцияланады; «beware of a silent dog and still water» нақылы қазақ тіліндегі «үндемегеннен үйдей бәле шығады» тәрізді пікірмен астарласады. Ал, «barking dog - үріп жатқан иттің» образы, керісінше көңілдегі қорқынышты сейілтеді: barking dogs seldom bite үріп жатқан ит анда -санда тістейді. «Help a lame dog over a stile - ақсақ итке кедергіден шығуға көмектесу» тіркесі біреуге қиыншылықта, басына іс түскенде көмек беру, біреуді қиыншылықтан алып шығу мағынасында қолданылады. Бұл жерде қиыншылыққа ұшыраған адамның образы «a lame dog - ақсақ итпен» астарласқан [102].

Ағылшындардың танымында мысық лексемасының мазмұнында жағымсыздық бар. «Сat-мысық» жануары арқылы ашулы және ызалы әйел адамды тұспалдаған. «Аlley-cat - үйсіз мысық» – жаман әйелді, ойнасқор, салдақы әйелді білдіреді; «cat-burglar - тонаушы мысық» – бұл когнитивті метафора арқылы ғимаратты тыныш көтеріліп тонайтын адамды білдіреді. «Fat cat – семіз мысық» – бұл когнитивті метафора тойымсыз, қанағатсыз ауқатты адамды астарлайды; «have kittens- кішкентай марғаулары болу» – бұл тіркеспен көбінесе адамның абыржығанын, мазасыздығын, уайымдағандығын астарлайды. «The cat shuts its eyes when stealing cream- мысық қаймақ ұрлағанда, көзін жұмады». Бұл мақал өз қателігі мен кінәсіне көз жұма қарайтын адамдардың әрекетін сипаттау үшін ассоциацияланайтынын көрсетеді. Ағылшындардың танымында құпия, сыр мысықтың образымен сипатталады: «a cat in the meal-мысық тамақтың ішінде» құпия, сыр, «the cat is out of the bag мысық-сумкасынан тысқары шықты» құпия бәріне мәлім болды деген мағынаны білдіреді. Сырты бүтін, іші түтін адамдар туралы ағылшындар «singe cat-күйген мысық» дейді. Мысыққа байланысты жағымды коннотациямен айқындалатын метафоралық қолданыстарда да кездесе алатынын «bell the cat» тіркесінен көреміз. Ол қауіпті жерлерде немесе қауіпті істе өз басына жауапкершілікті алып кінәні өз мойнына арқалайтын адамдар жайлы айтылған. Мысалы: It was Miss Reed that found them out: I believe she was envious; and now she and her sister lead a cat and dog life together; they are always quarrelling [98, 15 б.].

Қазақтардың танымында өмірде қандайда бір жағымсыз, ойсыз әрекеттерге баруына байланысты «cat-мысық» жағымсыз мәнде қолданылады. Мысықтың жағымсыздықпен астарласатыны «алдыңды мысық кесіп өтсе, жолың болмайды»; «қара мысық қарғыс» деген наным– сенімдерден де көрінеді. Арам пиғылды, тілеуі жаман қара ниет адам қазақтардың танымында «black cat-қара мысықпен» ассоциацияланады. Осыған байланысты тілімізде мысық тілеу тіркесі қолданылады. Ұлттық танымында «cat-мысық» көбіне жағымсыз ассоциациясымен айқындалатын тіркестердің де құрамында кездеседі. Мысықтың тышқан аулаудан басқа жұмысы жоқ. Тілімізде жағымды эмоционалдық реңк беретін тіркестің болмауы осыған байланысты болуы керек. Мәселен, «мысық көмбе қылық (мінез), мысық қылығы» тіркестері көңірсітіп, бықсытып жүрер, пышпыш әңгімесі бар, сасық қулығы бар кісі туралы әңгіме болғанда қолданылады. Мысалы: ауызекі тілде қолданылатын сөйлем: «Осының мысық көмбе мінезі құрысын! Бір нәрсені көңірсітеді де жүреді».

Ағылшындардың танымында мысық лексемасының мазмұнында жағымсыздық бар. «Horse-ат,жылқы» жануары арқылы аттың түрі сияқты сүйкімсіз, әдемі емес әйел адамды тұспалдаған; «horse around - аттың төңірегінде» бұл арқылы адамның өз-өзін ақылсыз, ақымақ ретінде ұстауы сипатталады.Ал адамның өте қатты шуылдаған іс-әрекет жасауы «horseplay-ат ойыны» деген когнитивті метафоралық тіркеспен сипатталады. «Dark horse -қарақоңыр ат» бұл тіркес құпияларды өте жақсы сақтайтын адаммен ассоциацияланады. Мысалы: To so practised and indefatigable a horseman as Mr. Rochester, it would be but a morning's ride. [98,34 б].

Қазақ халқы «horse - ат, жылқыны» ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Қазақтарда «адам жылқы мінезді» тіркесі көнбестікпен, өзінің күшін тез қалпына келтіріп алуға деген қабілеттілігімен ерекшеленетін адам сипатталады. Жылқыға тән бұл қасиетті көшпелілер жақсы зерделеп, ұғына отырып, оны ең абзал қасиет ретінде адамның бойына ауыстырған екен. Адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қайсар қажырын «ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр» десе, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйытқысы болып отырған жаны жайлау бәйбішені «бес биенің сабасындай» деп құтқа балаған. Туған баласын түліктің төліне теңеу де қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын «құлыным, құлыншағым» деп еміренетіні де жылқыны ерекше құрмет тұтатынын байқатса керек. Халық бейнелі-ассоциативтік тұрпатта адамды мінез-құлқындағы балама белгілері негізінде тарпаң атпен салыстырады. «Тарпаң жігіт» тіркесі арқылы адамның өрескел, дөрекі іс-әрекетін сипаттайды, сонымен қатар қыңырлық, қырсықтық тәрізді мінездің кейбір белгілерін де көрсетеді.  «Ала тайдай бүлдіру» тіркесімен мінезі жаман, дес бермейтін, өзінің қызбалығын ұстай алмайтын, ұрысуға дайын тұратын адамдардың іс-әрекеті де сипатталады. Мұндай адамдар тез ашуланып, әр түрлі дау-дамай туғызатын болған.

«Donkey,ass - есек» деген жануарды алтын болсақ, ағылшындарда ол адамның жігерлілігін, табандылығын білдіреді. Сонымен бірге, жағымсыз ассоциативті образ ретінде де қолданылады. Мысалға, «to act the ass-есек сияқты іс-әрекет жасау» мұның мағынасы ерсі қылықтар жасау дегенді білдіреді. «Never bray at an ass-ешқашан есекке бақырма» ақылсыз адаммен байланыспаған жөн деген мағынаны астарлайды. Егер ағылшындардың өмірін қарастырсақ, олар есекті күнделікті өмірде көп пайдаланады екен. «An ass in a lion's skin-арыстанның терісін жамылған есек» мазмұнындағы когнитивті ақпарат ретінде мына оқиғаны айтуға болады: бағзы заманда бір есек аңшылар етін сойып алып, тастап кеткен арыстанның терісін тауып алып, киіп, ауылына келіпті. Сөйтіп, күні бойы балаларды, жануарларды, адамдарды арыстан боп қорқытып, онысына өзі мақтанып жүріпті. Бір кезде байқамай, ақырып кеп қалғанда түлкі жүгіріп келіп, оны даусынан танып қойғанын айтады. Ағылшындардың халқы: «it’s an ass work-бұл есек жұмысы» осы тіркес көмегімен жұмыста істері алға баспағанын тұспалдайды екен [103].

Қазақтардың ассоциациясына көңіл аударатын болсақ «Donkey,ass - есек» топастықпен, жағымсыздықпен, сонымен бірге адамның надандығын, ақымақтығын астарлайды астарласады. Дегенмен бұдан басқа қазақ тілінде «есектен де жуас» яғни жуастық, момындықпен тұспалданады; «зәңгі есек аңқаулық» мағынасында жиірек қолданылады.

Ағылшындардың танымында «fox-түлкі» ақылды, айлакер, тұйық адамды білдіреді. Сонымен қатар «vixen-қыз түлкі» сүйкімсіз қызды сипаттайды екен. Оған мысалға мынау тіркестер дәлел бола алады. Ағылшын тіліндегі «when the fox preaches take care of your geese» - түлкі келген кезде өз қазыларынды құтқар, «set a fox to keep one’s geese» - басқаның қазын ұстауға түлкіні бағытта, «play the fox» - түлкімен ойнауы, яғни алдау деген мақсатта пайдаланылған, «old fox-кәрі түлкі» айлакер,қу түлкі деген мағынада қолданылған.

Ал, қазақтардың көзқарасы ағылшындардың пікірлерімен сәйкес келеді. Олар бойынша «fox-түлкі» қулық, айлакерлік түлкімен ассоциацияланады. Оған қазақ тіліндегі «айлалы түлкі алдырмас», «бұлаңдаған қу түлкі», «түлкі бұлаң» тіркестер мысал бола алады.

Ағылшындар мен қазақтардың танымында «toad-құрбақа» сүйкімсіз, адемі емес, сонымен қатар ашулы ер адамды білдіреді; тек қана өзінің пайдасын ойлайтын жағымпаз адамды «toady» деп сипаттаған. Мысалы: "Yes," responded Abbot; "if she were a nice, pretty child, one might compassionate her forlornness; but one really cannot care for such a little toad as that" [98, 13 б.]."Jane! Jane!" he said, in such an accent of bitter sadness it thrilled along every nerve I had; "you don't love me, then? It was only my station, and the rank of my wife, that you valued? Now that you think me disqualified to become your husband, you recoil from my touch as if I were some toad or ape." [98, 79 б.].

Ағылшындардың көзқарасы бойынша «bird-құс» деп атауға байланысты көптеген метафоарлық тіркестерді анықтауымызға болады. «Bird-brain – құстың миы» бұл тіркес арқылы олар ақымақ, ақылсыз адамды тұспалдайды; «dolly bird» – қуыршақ құс осы тіркес арқылы олар өте әдемі, көрікті, сұлу адамды сипаттаған. «Cuckoo – көкек» бұл құстың атауы арқылы ессіз, есалаң, ақымақ адамды ассоциациялайды. Өмірден көргені аз, әлі тәжірибе жинақтай қоймаған жас адам жайлы айтқанда, ағылшындар «spring chicken» тіркесін қолданады. «Сhicken-балапан» бұл арқылы жүрексіз, қорқақ адамды ассоциялаған. «Magpie – сауысқан» бұл арқылы олар коллекция жинауға құмар адамды сипаттайды. «Old crow – қартайған қарға» бұл тіркес арқылы олар қартайған, кәрі, әдемі емес, ажарсыз қызды тұспалайды. «Parrot - тотықұс» түсінбей қайталай беретін адамды вербалдайды. Мысалы: "What! out already?" said she. "I see you are an early riser." I went up to her, and was received with an affable kiss and shake of the hand [98, 26 б.]. "Jane, be still; don't struggle so, like a wild frantic bird that is rending its own plumage in its desperation. I am no bird; and no net ensnares me; I am a free human being with an independent will, which I now exert to leave you" [98, 87 б.].

Қазақтар «қарға» зоонимін аксиологиялық тұрғыдан жағымсыздықпен ұштастырып, керісінше «eagle-бүркітті» тектіліктің, күштің символы етіп, жағымды жақпен астарластырады. Оған «ажалды қарға бүркітпен ойнайды» деген мақал немесе ″кімде кім бізге соқтықса, бүркітпен ойнаған ажалды қарғаның кебін киеді″ тәрізді көркем шығарма кеңістігінен алынған метафоралық қолданыс мысал бола алады. Қазақтар әлі тәжірибе жинақтай қоймаған жас адам туралы «сары уыз балапан» деп сипаттаған.

Ағылшындардың танымында «wolf-қасқыр» жыртқыш, айуан адамды вербалдайды; «wolf down-төмен қасқыр» ашқарақтанып тамақ жеуді білдіреді; «wolfish-қасқырдай» қауіпті, қорқынышты адамды тұспалдайды. «А wolf in sheep’s clothing-қойдың жүнімен оралған қасқыр» — алдамшы, қу, өтірікші адамды ассоциациялайды. «Cry wolf too often – қасқыр өте ижиі уылдайды» тіркесі жалған дабыл қағу дегенді білдіреді. Оның мазмұнындағы когнитивті ақпарат ретінде мына оқиғаны айтуға болады: The Boy Who Cried Wolf деп аталатын қойшы туралы балаларға арналған мысалда бір қойшы бала “қойға қасқыр шапты“ деп айғайлап, адамдарды алдап жүреді екен. Бір күні шынында қасқыр шапқанда оның сөзіне ешкім сенбей, көмекке келмей қойыпты. Шарлотта Бронтенің көркем шығармасынан тағы да бір мысал келтірсек: "But I had fastened the door – I had the key in my pocket: I should have been a careless shepherd if I had left a lamb - my pet lamb - so near a wolf's den, unguarded: you were safe" [98, 54 б.].

Қазақтарда «wolf-қасқыр» өмірде жағымсыздықпен, жауыздықпен астарласқанмен, кейде бірге туған ағайындылардың араздасуын дұрыс көрмеген халқымыз: ″Қасқыр да ұяласына қастық жасамаған″,-деп тұқыртып отырғанү. «Бөрі» мазмұнында түрлі ассоциациялық образдар жатыр: «бөрі баласы бөркіңе салсаң да ит болмас», «бөрі арығын білдірмес – сыртқа жүнін қампайтар», «бөрі жоқ» деме – бөрік астында,«жау жоқ» деме – жар астында т.б. Мысалы халқымыздың: Демек, бөрі бөрік астында" деген сөз. Қар жауған түнде келуі осыған айғақ.

Ағылшындардың және қазақтардың танымында «pig - шошқа» зоонимін аксиологиялық тұрғыдан жағымсыздық ретінде көрсетіледі. «Pig-шошқа» қанағатсыз, тойымсыз және семіз мағынада ассоцияланады. Сонымен қатар, сүйкімсіз, өте қиын адамды да тұспалдайды.

Ағылшындар мен қазақ танымында «snake-жылан» сөзі арқылы адамның жағымсыздығын көрсету үшін қолданылады. Көбінесе кейбір нәзік жандыларға қатысты айтылады: «Ол – сұр жыланның өзі!», «She’s really snake!». «Snake-жылан» сенімсіз, күмәнді, сүйкімсіз адамды тұспалдайды. «a snake in the grass-шөптің ішіндегі жылан» сенімсіз адамды сипаттaйды. Қазақтардың танымында кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаев: «Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер. Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр» деп жаратпаған адамын ысылдаған жыланға теңейді. Сөйте тұра, қазвақ халқы үйге кірген жыланды өлтірместен, басына ақ құйып, құрметпен шығарып салады. 

Жан-жануар атауларына қатысты метафоралар астарындағы танымдық ақпараттар лингвомәдени қауымдастық мүшелерінің ойлау жүйесімен тығыз байланыста қарастырылады. Олай болатын себебі, дүниенің тілдік бейнесі, ұлттық болмыс, төл мәдениет төңірегіндегі ерекшеліктер танымдық ақпараттар мен аялық білімдер мазмұнында эксплицитті не имплицитті түрде көрініс табады.

Кез келген жерде тілдің қомақты бөлігін құрайтын жан-жануар атауларына байланысты метафоралар ұлт санасында сақталған ұлттық мәдени ақпаратты, оның құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Олар лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің қарым – қатынас ерекшеліктерін танытатын коммуникациялық кеңістіктегі маңызды бірлік болып табылады. Сол себепті, жануарларға қатысты метафоралардың мазмұнындағы ақпараттарды – ұлт танымының тілдік таңбасы, ал прототиптік образдарды нысандар арасындағы логикалық байланыс нәтижесінің тілдік көрінісі деп есептеуге болады. Мәдениет адами қарым – қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі болғандықтан, жан-жануар атауларына байланысты метафоралардың мазмұнындағы аксиологиялық ерекшеліктерді анықтау лингвомәдени қауымдастық өкілдерінің санасына тереңірек үңілуге әсер етеді.

Кез келген тілде жан-жануарлар арқылы халықтың тарихи-этнографиялық процестері, рухани-мәдениеті, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, дүниені қабылдауы, мифологиясы жөніндегі нақты ұғым-түсініктерді береді. Оларда тіл мен этностың, тіл мен рухани мәдениеттің өзара тығыз байланысы жарқын көрініс тапқан.  Қазақ және ағылшын тілдеріндегі біз қарастырған жан-жануарларға байланысты метафоралық тіркестер көбінесе тұрақты тіркестер арқылы құрастырылады екен. Ата - бабамыз қаншама ғасырлар бойы басынан өткізген тәжірибесін, рухани мәдениет негізінде қалыптасқан салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын, тіл арқылы мына бізге мирас етіп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Тілдегі қалыптасқан мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, шешендік сөздер, фразеологиялық тіркестер, метафоралық тіркестер халықтық менталитет пен ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен көзқарастарын танытатын этнолингвистикалық арналар болып табылады.

Тіл дамуының алуан түрлі кезеңдерінде қалыптасқан метафоралардың әр түрлі топтарының сақталып қалуы олардың дамуының белгілі бір қарқынын, олардың пайда болуының тарихи сабақтастығын айқындауға мүмкіндік береді.  Екі тілде де жалпы жануарлардың образы метафоралық тіркестерде жиі кездеседі. Жан-жануарларға қатысты қолданылатын тіркестер жануарлардың мінезін, бабын, күйін т.б. қасиеттерін сипаттаса, адамға қатысты ауыспалы мәнде қолданылатын тіркестер адамның жағымды немесе жағымсыз мінез-құлықтарын бейнелейді. Бір көңіл аударатын жайт, бір сөз әр тілде әр түрлі метафоралық мағына беруі мүмкін.

Тілдерде метафоралық қолданыстағы бірдей сөздердің әр түрлі мағына беруі, біздің ойымызша, халықтың тарихымен, әмірлік тәжірбиесімен, таным-түсінігімен байланысты. Жалпы хайуанаттар әлемінің метафоризация процесіне ұшырауы өте ертеден келе жатқан құбылыс. Жануарлар аттарының ауыспалы мағынада қолданылуы барлық тілде де кездеседі. Бірақ, кей жағдайларда жануарлар аттарының етістікті формаға ауысып, абсолютті метафоралық етістіктер тобын құрайтынын айта кету керек: қораз – қораздану, түлкі – түлкілену, қарға-қарғалау; a dog – to dog (артын қуу), a snake – to snake (ирелеңдеу), a fox – to fox (алдау, өтірік айту). Бұл етістіктерді абсолютті метафоралық дейтін себебіміз, оларды тіке немесе ауыспалы мағынада қолдану мүмкін еместігінде, бұларға тек бір ғана метафоралық мағына тән, яғни, бұл сөздер тілдерде метафоралы қолданысқа ғана ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет