Кудьярова гульнара базарбаевна



бет19/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

Қорытынды
Метафора - тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір жерге тоғыстырады. Танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес, адамның шығу тарихымен байланыстырады. Ал, адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады. Зерттеу жұмысы бойынша төмендегідей ойтүйіндеулер жасалды:

  • Метафораның танымдық қызметі тілдің барлық құрылымынан айқын байқалады. Метафоралардың пайда болуы тілді игерушінің концептуальды жүйесіне, әлемді қабылдау стандарттарына, бағалауына тікелей байланысты, яғни осы көріністердің барлығы тілде вербалданады. Метафоралардың жасалуына адамның ұқсата білу және ассоциациялы ойлай білу қабілеті себепші болады. Метафораның жан жақты қырларынан түрлі анықтамалар берілді.

  • Адамның әлемді тануы оның тікелей қатысуымен жүзеге асады, сондықтан метафора «антропоөлшемділігімен» ерекшелінеді.Когнитивтік тұрғыда атауға зәру нысанды таңбалауда кеңінен қолданылатын метафора әртүрлі ұқсастықтарға негізделетіні анықталды. Ғалымдар метафораны кей кезде әлемді түсінуге көмектесетін фундаментальды сезім дейді, олар метафораны шындықты (реальность) бейнелейтін құралға балайды.

  • Жалпы ұғымдарды нақты дәлелі бар нысандар арқылы аталуына және уәждемелік белгінің ассоциациялық ұқсастықпен таңдалуына байланысты бірліктер когнитивтік метафоралар болады. Метафораның когнитивтігі олардың жаңа, белгісіз ұғымды бұрыннан таныс нысандар білім қорын пайдалана отырып қалыптастыруында. Метафора аударылуы философиялық ойды қажет етеді.

- Метафоралар когнитивті талдау кезінде заттар мен құбылыстардың сыртқы пішін, қасиеттердің ұқсастығына және қызметтерінің ұқсастығына байланысты негіз-фреймдегі ақпараттардың мақсат-фреймге ауысады.

Көркем шығармадағы метафораларды аудару мәселесі қарастырылды. Метафораларды аудару барысында адекватты және түсіп қалу, алмастыру сияқты аударманың әдіс-тәсілдері қолданылды. Метафораның мағынасын ажырату үшін контекстегі мағынасына назар аудара отырып, адекватты аударма түріне жүгіну керек.

  • Метафораның адекватты аударылуы аудармашының терең ойы мен сол елдің ұқсас мәдениетіне жанмалауына байланысты.

Көркем шығарманы аударудың ерекшелігі – уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді.

Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу, өрісін кеңейту, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етеді. Қалай дегенмен де, қазақ тілінің нормаларына сүйеніп, түпнұсқаның ерекшелігін сақтау керек. Сонымен қатар бір тілге үйреншікті нәрсені аудару барысында өзгеше етіп көрсетіп, аффектацияға ұшырап түпнұсқаға күмән келтіруі мүмкін.

Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Аударманың бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби шығарманы аударғанда, әсіресе метафора сияқты құбылтуларды тиімді тәсілдермен аудару қажет. Әр тіл өзіне ғана тән ерекшеліктері бар тіркесті немесе образды дәл жеткізу аударылатын тілдің оқырманына түсінікті етіп жеткізуі қажет. Соған сәйкес бейне көп жағдайда сезіле бермейді. Сол себептен аударылатын шығармадағы метафоралар түпнұсқаға сай келу керек. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ағылшын тіліндегі көркем шығармалардағы метафораларды қазақ тіліне аударудың ғажайып мүмкіндіктері бар, соның нәтижесінде ағылшын тіліндегі шығармаларды оқып, білу мүмкін болып отыр.

Шарлотта Бронтаның шығармасындағы метафоралардың қолданысын талдай отырып, оның танымдық мәніне үңілу - метафоралардың тек қана тілдегі көркемдеуіш құрал қызметімен шектелмейтінін аңғартады. Метафора-ең алдымен таным құралы. Көркем шығарманы метафорасыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Әр жазушының метафорасы оның эстетикалық әлемінен хабар береді. Шарлотта Бронтаның мәтіні тереңдік пен сұлулықты бейнелейді. Оның көркем әлемі - қарапайым нәрсе арқылы өзгешені пайымдау. Осындай әсер қалдыру үшін метафора әмбебеап құрал болып табылады. Өзінің жеке ой өрісі, қиялы арқылы оқырманның мәтінді жан-жақты түсінуіне, қабылдауына мүмкіншілік береді. Шарлотта Бронта шығармасы метафораның жұмбақтылығы - жазушы дүниетанымының құпиялығын аңғартады. Жазушы қолданған метафоралардың барлығын жеке авторлық қолданыстағы метафоралар деуге болады және олардың барлығы да ерекше коннотациялық реңкімен ерекшеленеді. Зерттеуде негізгі тәсіл ретінде аудармалардың мәтінін түпнұсқамен салыстыра талдау тәсілі қолданылған.

«Джейн Эйр» шығармасындағы метафораларды табиғат құбылыстарына , кейіпкерлерді сипаттайтын және метафораға негізделген салыстырмалы құрылымдар деп тақырыптық топтарда қарастыру арқылы, когнитивтік талдау жүргізілді.

Сонымен, көркем шығармадағы метафораларды аударудың басты өлшемі – оқырманға әсері. Аудармаға қойылар басты талап – түпнұсқаның әсерін жасау. Шарлотта Бронтаның «Джейн Эйр» шығармасындағы метафоралар концептілік жүйе құрып, дүние құндылықтарын көркем тұрғыдан тануға қызмет еткен. Жазушының білім деңгейі, дүниетанымы, сонымен бірге ұлттық болмысы мен ділі метафоралар арқылы ашылады. Метафораларды, олардың құрылымы мен мәтіндегі қызметтерін танымдық тұрғыда саралау- шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Қаламгер туындыларындағы метафоралық қолданыстар  жаңа ұғымдарға атау береді, әрі тілді байытады, сонымен қатар тілдік үнемдеуді жүзеге асыра отырып, берілген ойды нәрлендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет