Култанбаева нургул калдыгуловна


Ертегі дискурсы жанрына тән белгілер



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
1.3 Ертегі дискурсы жанрына тән белгілер 
 
1950 жылдардың басында М.М. Бахтин «Сөйлеу жанрының мәселелері» 
еңбегін жазу барысында сөйлеу жанрын тек сөйлемнен тұратын айтылым емес, 
сөйлеу қарым-қатынасының мәні бар бірлігі ретінде қарастыру тұжырымын 
ұсынады. М.М. Бахтин бойынша айтылымның мәнін сырттан түсінуге 
болмайды, ол міндетті түрде диалогтік сипатқа ие болуы керек. Алайда 
мәтіндегі мағыналар жиынтығын тілдік тұрғыдан да ашуға болады [50, 337]. 
Аталған мәселені 1960 жылдары Мишель Фуко «дискурс» терминімен атап,


34 
оны «оймен сөйлеудің арасындағы» орналасқан қарым-қатынас шындығы деп 
анықтайды [51, 24]. Осы мәселені зерттеген Ц. Тодоров сөйлеу қарым-
қатынасы ұғымын дискурс ұғымымен ауыстырудың себебін былайша 
түсіндіреді: кез келген тілде қалыптасқан тілдік ережелер болады, ол 
ережелерді сол тілде сөйлейтін барлық тіл сөйлермендері біледі, алайда нақты 
қарым-қатынас жағдаятының мақсатына қарай сөйлеуші ол ережелердің белгілі 
бір бөлігін ғана пайдаланады; бір жағынан, дискурстың түріне байланысты 
сөйлеуші өз ойын әрі қарай толықтырады: мысалы, ресми хат пен досыңа 
жазылған хаттың мәтіні екі түрлі болады, екінші жағынан, сөйлеу 
жағдаятындағы айтылымға шектеу қойылады: адресант пен адресаттың жеке 
тұлғасы, айтылым орын алған уақыт және кеңістік [52, 366].
Дискурстардың арасындағы шекараны анықтау, субъекті немесе 
адресаттың ауысуына, айтылымның стратегиясына байланысты болады. 
Мысалы, ертегінің кімге арналғандығы, ертегіні айтудағы ертегішінің қарым- 
қатынас мақсаты, сыңсудың ата-анасына, еліне, бауырларына, туыстарына 
қаратыла айтылуы. Бесік жырының қарым-қатынас стратегиясы сәбиді 
ұйықтату, тыныштандыру т.б. Дискурс жанрының шекаралары бір мәтін 
бойында да өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, батырлар жырында сыңсудың, 
жоқтаудың, бата берудің кездесуі.
Дискурс – коммуникативтік құзіреттіліктер жүйесі: жеке авторлық 
шығармашылық, яғни автордың ойын жеткізудегі шеберлігі, ұлттық ерекшелік, 
айтылымның оқырманға, адресатқа бағытталуы. А.Ж. Греймас «дискурстық 
құзіреттілік» ұғымын былай деп түсіндіреді: «Дискурстық іс-әрекет білік пен 
дискурстық тәжірибеге сүйенеді» [53, 75].
Мишель Фуко дискурсты түсінудің екі жағын көрсетеді: біріншіден, 
дискурсы сөйлеу актісі ретінде қайталанбайтын оқиға, ол нақты кеңістік пен 
уақытта өтеді. Екіншіден, дискурстың стратегиялық мүмкіндіктері айтылымға 
тұрақтылық сипат береді, яғни сөйлеу актілерінің әртүрлілігіне қарамастан олар 
қайталанып отыруы мүмкін [51, 62]. Осы стратегиялық өріс тұрақтылығы 
дискурстық құзіреттілікті қалыптастырады. Демек, ертегіші ертегіні қайталап 
айту тәжірибесі арқылы ертегі айту білігі мен құзіреті қалыптасады.
Ц.Тодоров, Жана-Мари Шеффер әдеби жанрмен дискурс жанрының өзара 
байланысын қарастырады. Әдебиеттанудағы кез келген жанрдың дискурсқа 
айналу мүмкіндігі бар деп тұжырым жасайды. Н.Д. Тамарченко, И.П. Смернов 
т.б. осы тұжырымды қолдайды. В.И. Тюпа жанр мен дискурс ұғымдарының 
байланысын төмендегідей ретте түсіндіреді: «Әдеби жанрларды (әңгіме, 
повесть, роман, комедия, трагедия т.б.) дискурстың жиынтық категориялары
деп есептейді, дискурс жанрларын (ертегі дискурсы жанры, жыр дискурсы 
жанры, бата дискурсы жанры т.б.) олардың түрлері деп есептейді» [54, 34]. 
Жанр дегеніміз түр, тек деген мағынаны білдіреді, барлық шығармашылық 
түрлерінде тарихи жақтан қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Мысалы, 
фольклорда «ертегі», «аңыз», «әпсана», т.б. әдебиетте «айтыс», «жыр», 
«роман», «эпопея» т.б. бар. Мысалы, кітапхана сөресінде тұрған ертегі 
кітабындағы статикалық мәтін фольклордың бір жанры ретінде танылады. Егер 
осы ертегі мәтінін балаға оқысақ, ол статикалық күйден динамикалық күйге 


35 
ауысып, қарым-қатынас стратегиясы анықталып, нақты адресатқа бағытталады, 
нәтижесінде дискурстық тәжірибе орнайды. Осы ертегі мәтінін ертегі 
дискурсының жанры деп ажыратамыз. Сол тәріздес әдеби жанр статикалық 
мәтін ретінде танылуы және дискурстық тәжірибеге ене отырып, дискурстың 
бір жанрына айналуы мүмкін.
Дискурс ұғымы семиотикалық шекарасы бойынша мәтін ұғымымен 
шектеседі. Қарым-қатынастың психологиялық шекарасы тұрғысынан дискурс 
шығармашылық және нақты адресатқа бағытталған қарым-қатынас жағдаяты 
ретінде анықталады. Тарихи тұрғыдан дискурс категориясы жалпы мәтіндегі 
айтылымдардан тұрады. Дискурс ең алдымен дискурстық оқиғалар жиынтығы 
деп танылуы тиіс. Осы жиынтықтың ішінен оның жанрлық түрлері 
ажыратылуы керек. В.И. Тюпа дискурсты дискурстық тәжірибеде орын алған 
нақты қарым-қатынас мақсатын көздеген айтылымдардың жиынтық ұғымы 
ретінде таныса, жанрды соның түрлері ретінде анықтайды. Барлық дискурстық 
тәжірибеге жанрлық сипат тән болуы міндетті емес. Кез келген ғылыми пән 
дискурстық сипатқа ие. Мәселен, экономикалық дискурс, биологиялық 
дискурстарға жанрлық сипат тән емес. Ғылыми мәтіннің жанрларына 
мәнжазбалар, трактаттар, шолулар, пікірлер жатады. В.И. Тюпа дискурс пен 
жанр ұғымдарын анықтай келе, дискурсқа төмендегідей екі анықтама береді: 
«Дискурс І – түрлі жанрлық құрылымы бар мәтін түзудегі бір қарым-қатынас 
оқиғасы», «Дискурс ІІ – әртүрлі жанрлар, өрістік құрылымы бар шекарасы 
айқындалған әлеуметтік-мәдени тәжірибедегі интертекстуалды қарым-қатынас 
кеңістігі» [54,36].
Кез келген мәтін дискурсқа түсу үшін оның қатысушыларының нақты 
ұстанымы, бағыт-бағдары, қарым-қатынас мақсаты, айтылымға тән тұрақты 
тілдік қолданыстары және не айту керек, кімге айту керек, қалай айту керектігі 
туралы шектеулері болуы міндетті. Мәтіннің жанрын өзгертуге, толықтыруға, 
яғни оның шығармашылық әлеуетін көтеру мүмкіндіктері мол. 
Дискурс пен жанр ұғымдарының байланысын анықтауда мәтін мен 
дискурс терминдерінің ұғымдық шекарасына зер салу қажет деп есептейміз. 
Қазіргі уақытта мәтін және дискурс ұғымдарының шекарасын анықтау 
маңызды болып отыр. Аталған терминдердің анықтамасының көптігі тілді 
коммуникативтік, когнитивтік, лингвомәдени және т.б. зерттеу аспектілерімен 
байланысты. Сонымен бірге мәтінді түрліше түсіну тіл білімінің басқа 
салаларымен де байланысты орын алып отыр. Мәселен, психолингвистикада 
мәтін психологиялық ерекшеліктермен түсіндірілсе, әлеуметтік лингвистикада 
мәтін белгілі бір әлеуметтік топтың қарым-қатынас феномені ретінде, тіл 
білімінде мәтін тілдің өмір сүру формасы ретінде түсіндіріледі. Бір нәрсе анық: 
қазіргі гуманитарлық зерттеулердегі мәтінге назар аударумен, оны зерттеуге 
деген қызығушылық мәтінді өркениет коды ретінде тану тілдің табиғаты мен 
қасиетін терең түсінуге ғана емес, жеке тұлғаның, тіл сөйлермендерінің және 
бүтін ұлттың санасын түсінуге, тілді ойлауды, мәдениетті қалыптастырушы 
құрал ретінде қарастыру, тіл мен қоғамның байланысын анықтау адамзат 
алдындағы тіл туралы, тілді білу мүмкіндіктері туралы сұрақтарға жауап 
береді. 
Ғалымдардың 
пікірінше, 
мәтін 
– 
лингвистикалық 
және 


36 
экстралингвистикалық 
құбылыс, 
ол 
ақпаратты 
жинақтаушы 
және 
тасымалдаушы қызмет атқарады. Адамның когнитивтік үдерістерін тудырады 
және бейнелейді. Мәдениеттің дамуы мен өмір сүруінің формасы. Мәтін 
ұғымын, әдетте, дискурс терминімен бірге қарастырады. Бірақ нақты 
лингвистикалық бағыттар мен жекелеген зерттеулерде олардың байланысы 
түрліше анықталады. Дискурс – мәтін+сөйлеу жағдаяты, мәтін – дискурс + 
сөйлеу жағдаяты [55, 61].
Ғылыми айналымда Англияда дискурс термині ХVІІ ғасырда discourse – 
пайымдау, ХVІІІ ғасырда Францияда бұл термин диалогтік сөйлеу, кейінірек 
мәтін мағынасында қолданылады.
Мәтін мен дискурс ұғымдарының шекарасын анықтауда дискурстың 
ерекшелігін үш түрлі бағытта көрсетуге болады: біріншіден, дискурс қарым-
қатынас жағдаятында орын алған сөйлеу ретінде түсінілетін әлеуметтік 
мазмұнмен ерекшеленетін жеке тұлғаның коммуникативтік іс-әрекеті. Екінші 
бағыт бойынша дискурс термині сөйлеудің бір тәсілі ретінде саналады: бұл 
жағдайда зерттеуші сөйлеушінің тілдік сипатына, стилистикалық ерекшелігіне, 
пайымдау, сендіру тәсілдеріне назар аударады. Үшіншіден, дискурс ұғымы 
қарым-қатынасқа 
қатысушылардың 
пікірі 
мен 
әрекеттеріне 
сыни 
көзқарастарынан көрінеді.
А. Әділова дискурс пен мәтіннің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын 
төмендегідей келтіреді: 
• «Дискурс автор интенциясына, стиль ерекшеліктеріне байланысты 
сұрыпталып алынатын тілдік құралдардың жиынтығы. 
• Дискурс мәтінге қарағанда кең ұғымды қамтиды. Ол сөйлеу үдерісі. 
• Дискурс нақтылы уақытпен ажырамас бірлікте, ал мәтін тек мәдени 
кеңістікте өмір сүреді, уақытқа тәуелді емес, кез келген кезде екінші бір 
дискурста өзектенуі мүмкін. 
• Дискурсты қайта туындатуға болмайды, ал көркем мәтін қайта туындауға 
қабілетті әрі бейім. 
• Дискурс ақпаратты беру тәсілі болса, мәтін ақпаратты сақтаушы
жинақтаушы, жаңа мән тудырушы көпқырлы, көпқабатты құрылым» [56, 235].
Г. Смағұлова «Шешендік сөздердің дискурсы» еңбегінде дискурс пен 
мәтіннің ерекшеліктерін айқындай келе, дискурсты «қарым-қатынастың жүзеге 
асуы үнемі екі адамның (сөйлеуші мен тыңдаушы) бетпе-бет, кезек-кезек 
алмасып отыруы, жанды контакты арқылы жүзеге асырылады» [57, 19] деп 
жазады. Зерттеуші К.Қ. Садирова «Дискурстың диалогтік сипатына 
коммуникацияға қатысушылар санының кем дегенде екеу болуы жатпайды, 
сөйлеуші түзіп, қолданысқа түсірген мәтіннің қандай да бір тыңдаушыға 
бағытталуы жатқызылады» [58, 42] деп тұжырымдайды. Дискурсқа берілген 
пікірлерден кез келген мәтін дискурсқа айналуы үшін оған екі адамның 
қатысуы шарт емес деген қорытынды жасауға болады. Мысалы, адамның 
өзімен-өзі кеңесуі, өзімен-өзі ой түюі, өзіне арнап жазған күнделігі, мәтінді 
оқып ұғынуы, философиялық ой толғауы т.б. жатады. Демек, дискурсқа
диалогтік сипат тән дегенді жоққа шығармаймыз, алайда тек екі адамның 
қатысуы арқылы дискурс орнайды деген пікірді қолдамаймыз. 


37 
Лингвистикада осы уақытқа дейін дискурстың зерттелуінің заманауи 
бағыты туралы бірізді пікір жоқ деуге болады. Қазіргі уақытта дискурс қарым-
қатынас жағдайындағы, яғни қолданыстағы мәтін ретінде ұғынылып жүр. 
«Дискурс дегеніміз дайын мәтіннің сөйлеу әрекетін туғызушылар 
мақсатына сәйкес күрделі әрі, нақты коммуникативтік жағдайға айналуы, мәтін 
қызметтерінің дискурс құзіреттілігіне көтерілуі дегенді білдіреді. Мәтін 
– 
кез 
келген материалдық тасымалдаушыда орналасқан тілдік өнім. Тілде 
орналасады, екінші деңгейлі күрделі сөйлеу жанрының бір түрі» [59, 60].
Мәтін жазбаша түрде ғана емес, сөйлеу әрекеті жағдайында да, яғни 
ауызша түрде де пайда бола алады. Сол себепті қарым-қатынас үстіндегі сөйлеу 
әрекеті өзіндік ерекшеліктері арқылы өзгешелене отырып, түрлі қасиеттерге ие 
болуға бейім. Ол термин ретінде тіл білімінде «дискурс», «дискурстық талдау» 
деп аталып жүр. Осыған сәйкес Ю.А. Левицкий: «Речь можно осуществляться в 
двух формах – устной и письменной. Следовательно и тексты могут быть 
устными и письменными» [60, 121], – деп атап көрсетеді.
Жоғарыда берілген дискурс ұғымына қатысты көзқарастардың барлығы 
дерлік бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Түрлі бағыттар мен дискурсты 
талдау әдісі дискурс ұғымына берілген анықтамалардың көптігімен 
түсіндіріледі. Бірақ қазіргі күнге дейінгі зерттеу еңбектерінде «дискурс» және 
«мәтін» ұғымдары аралас түрде жұмсалып, қатарлас түрде қолданып жүргенін 
де байқаймыз. 
Ж.И. Исмаилованың болжауы бойынша, «мәтін» ұғымын назарға алмастан 
«дискурсты» түсіндіру мүмкін емес. Дискурстың заманауи анықтамаларының 
барлығы дерлік мәтінді салыстыруға негізделген: мәтін – жүйе бірлігі, дискурс 
– сөз құбылысы; мәтін – өнім, дискурс – үдеріс; мәтін – виртуалды абстрактілі 
болмыс, дискурс – осы болмыстың іске асуы және т.б.» [61, 85]. 
Дискурс ұғымының көп мағыналылығын және бірнеше пәннің зерттеу 
нысаны болатынын ескере отырып, дискурстың бірнеше түрлері болатындығын 
айтуға болады. Қазіргі тілдік зерттеулерді талдай отыра, дискурстың саяси, 
әскери, педагогикалық, экономикалық, діни, ғылыми, жарнама, көркем, ертегі 
дискурсы және т.б. болатындығы анықталды.
Қазақ әдебиеттануында ертегі фольклордың бір жанры ретінде 
құрылымдық, сюжеттік, мотивтік, көркемдік ерекшелігі тұрғысынан жан- 
жақты зерттелді (В.В. Рaдлoв, И.Н. Бepeзин, Ы. Aлтынcapин, Г.Н. Пoтaнин, 
A.В. Вacильeв, A.Е. Aлeктopoв, Ә. Дивaeв, A.Н. Вeceлoвcкий, Мәшhүp Жүciп 
Көпeйұлы, Ш.Ш. Уәлиxaнoв, A. Құнaнбaeв, Ә. Бөкeйхaнoв, A. Бaйтұpcынoв, 
X. Дocмұхaмeдoв, М.O. Әyезoв, C. Ceйфyллин, C. Мұқaнoв, Б. Кeнжeбaeв, 
E.C. Ыcмaйылoв, В. Cидeльникoв, М. Ғaбдyллин, C.A. Қacқaбacoв, А.Ш. 
Пангереев, 
E.Д. Тұpcынoв 
т.б.). 
Зерттеуші 
Ж.А. 
Жакупов 
қазақ 
лингвофольклорын өз алдына дербес ғылыми пән ретінде негіздеп, 
фольклорлық мәтіндерді антропөзектік, этноөзектік, когнитивтік парадигмалар 
аясында зерттеу қажеттігі туралы жазады [62, 248-255]. Қазақ тіл білімінде 
ертегі мәтіні дискурс теориясы шеңберінде зерттелген жоқ. Осы тұрғыдан 
алғанда ертегі дискурсын фольклорлық дискурстың бір жанры ретінде танып, 
оған тән белгілерді анықтаудың маңызы зор. Ертегіні дискурс деп тану үшін 


38 
ертегі мәтіні мен ертегі дискурының айырым және ұқсас белгілерін салыстыру 
қажет. 
Дискурс – адамға тән қарым-қатынастың бір түрі. Ол мәтінмен тығыз 
байланысты, бірақ бір емес. Ертегі дискурсы мен ертегі мәтінінің қарым- 
қатынастағы негізгі ерекшеліктерін салыстырмалы түрде төмендегі Кесте 3-те 
былай ұсынамыз: 
Кесте 3 –
Ертегі дискурсы мен ертегі мәтінінің ерекшеліктері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет