Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет13/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
 
 
р/с Зерттеушінің
аты-жөні 
Зерттеу 
еңбегінің атауы, 
жарыққа шыққан 
жылы 
«Ертегі дискурсының» 
анықтамасы 
Ертегі дискурсы 
ұғымының ерекше 
сипаттары 

Е.С. Кубрякова
О.В.Александрова 
«Виды 
пространства, 
текста и 
дискурса»

1997
 
ертегі дискурсы 
жазылған ертегі 
контексі, оның 
нәтижесі, яғни мәтін 
ерекше әлеуметтік 
ақпарат түріндегі 
танымдық және тілдік 
қызметтің 
динамикалық үдерісі
 
Когнитивтік үдеріс, 
динамикалық 
үдеріс, ерекше 
әлеуметтік ақпарат, 
мәтін, нәтиже 

Н.Н. Миронова
 
Дискурс-анализ 
оценочной 
семантики»,
1997
 
Қоғамдық өмірдің
нормалары мен құнды- 
лықтарын сыни тұрғы-
дан қарастыратын 
сөйлеу қарым-қатына-
сының түрі «ертегі 
дискурсы» – «мәдени 
қарым-қатынасқа 
қызмет ететін ерекше 
таңбалар жүйесі». 
Ертегі дискурсы – бұл 
абстрактылы қоғамдық 
көрініс емес, құндылық 
басымдықтарымен 
айқындалатын қоғам 
дәстүрлерімен анықтал- 
ған, белгіленген 
(жазбаша, ауызша) 
формадағы коммуника- 
тивті қызметтің 
Сөйлеу қарым-
қатынасы, 
құндылық 
басымдықтар, 
қоғамдық өмір 
нормалары,сыни 
көзқарас, мәдени 
қарым-қатынас, 
ерекше таңбалар 
жүйесі, қоғам 
дәстүрлері, 
жазбаша, ауызша 
формадағы 
коммуникативтік 
қызмет.


29 
көрінісі. 

В.Я. Пропп 
 
«Русская 
сказка», 2000
 
«...ертегі дискурсы тек 
өзіндік, өзіне ғана тән 
таңғажайыптылыққа ие. 
Аталмыш жанр 
мәтінінде прагматика -
лық қызмет түрлі 
деңгейде жүзеге асады»
 
Таңғажайыптылық, 
жанр, 
прагматикалық 
қызмет, түрлі 
деңгей. 

Ю.В. Мамонова
 
«Когнитивно-
дискурсивные 
особенности 
лексики 
английской 
бытовой 
сказки», 2004
 
Ертегі дискурсы 
концептуалдық түрде 
зерттелетін лексикалық 
бірліктермен берілген, 
мәдени-құндылық 
ақпарат көзі
 
Концептуалдық 
жүйе, лексикалық 
бірліктер, мәдени 
құндылық ақпарат 
көзі.

Н.А. Акименко
 
«Лингвокуль- 
турные характе- 
ристики англо- 
язычного 
сказочного 
дискурса» 2005
 
Тілдік құрылымның 
түрлі деңгейінде 
вербалданатын, 
ертегілік 
категориясының негізгі 
өлшемдерін жүзеге 
асыратын белсенді орта
 
Тілдік құрылым, 
түрлі деңгейде 
вербалдану, ертегі- 
лік категориясы, 
арнайы өлшемдер, 
белсенді орта.
 

М.В. Демина
 
«Гендерная 
концептосфера 
британского 
сказочного 
дискурса: от 
традиции к 
современности» 
2000
 
Ертегі дискурсы – көп 
ғасырлық тарих 
барысында кодталған 
мәліметтердің 
«әмбебап қоймасы».
 
Ақпараттар 
қоймасы, әмбебап 
қойма, тарихилық, 
кодталған ақпарат. 

А.М. Кербс
 
«Орыс ертегі 
дискурсының 
кеңістігі», 2010
 
Ертегі дискурсы этно-
әлеуметтік-мәдени 
тұрғыдан айқындалған 
әлем бейнесі және 
халық ділінің терең 
көрінісі, сонымен қатар 
оны тудыратын 
ұжымдық тілдік сана 
ретіндегі халықтың 
сөйлеу-ойлау 
қызметінің
лингвориторикалық 
стратегиясы. 
 
Этно–әлеуметтік–
мәдени әлем 
бейнесі, халық ділі, 
ұжымдық тілдік 
сана, халықтың 
сөйлеу-ойлау 
қызметі, 
лингвориторика- 
лық стратегия.
 

К.Т. Батуева,
И.Г. Ульянова
 
«Лексические 
особенности 
сказочного 
дискурса , 2011
 
Ертегі дискурсы 
экстралингвистикалық, 
әлеуметтік-мәдени, 
прагматикалық және 
психологиялық 
факторлардың 
жиынтығынан тұратын 
байланысты мәтін 
Экстралингвистика
лық фактор, 
әлеуметтік-мәдени 
фактор, 
прагматикалық 
фактор, 
психологиялық 
фактор, 
байланысты мәтін, 


30 
жиынтық. 

Т. Луговая
 
«Қазіргі 
мәдениеттегі 
ертегі 
дискурсы», 2012
 
Адам санасында бар 
белгілі бір маңызды 
архетиптер қоймасы 
ретінде ертегі дискурсы 
мәдениет дискурсына 
әсер ететін, дәстүрлі 
фольклор 
жанрларының заманауи 
ақпараттық қоғамдағы 
мәдениетті 
қалыптастырушы негіз.
 
Архетиптер 
қоймасы, мәдениет 
дискурсы, 
фольклор жанры, 
мәдениетті 
қалыптастырушы 
негіз. 
10 
У.В. Каримова 
 
«Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
сипаты», 2013
 
Көркем әдебиеттің бір 
бөлігі ретінде басқа 
өнер түрлерінің бірі – 
ертегі дискурсы халық 
шығармашылығы 
болып саналады.
 
Халық 
шығармашылығы, 
көркем әдебиеттің 
бір түрі 
11 
О.А. Плахова 
«Ағылшын
ертегілерінің
лингвосемиоти - 
касы: жанрлық 
кеңістігі, 
таңбалық 
бейнеленуі, 
дискурсивтік 
өзектелуі», 2012 
Қоршаған дүние мен 
адам арасындағы 
қарым-қатынас 
сипатын түсіндіретін, 
өмірдің мәні мен 
мағынасын анықтауды 
мақсат ететін жеке 
қарым-қатынас; әр 
түрлі мәтіндердегі 
мәдени ақпарат пен 
құндылық 
стратегияларынан 
тұратын белгілі бір 
этникалық топтың 
сөйлеу және 
ойлауының әлеуметтік-
мәдени, қарым-қатынас 
өнімі; ерекше 
әлеуметтік формада 
ұсынылған мәтін, оның 
нәтижесі ертегілік 
контексте жазылған, 
тілдік және танымдық 
іс-әрекеттің 
динамикалық үдерісі
 
Қарым-қатынас,
мәдени ақпарат, 
құндылық 
стратегиясы, этни- 
калық топтың 
сөйлеу және ойлау 
өнімі, ерекше 
әлеуметтік формада 
ұсынылған мәтін, 
ертегілік мәнмәтін 
нәтижесі, тілдік іс- 
әрекет, танымдық 
іс- әрекет, 
динамикалық 
үдеріс.
 
12 
Л.П. Ковальчук 
«Ертегі 
дискурсының 
құрылымы және 
ғылыми 
парадигмасы», 
2013 
Ертегі дискурсы көп 
ғасырлық тарих 
қойнауында кодталған 
ақпараттың әмбебап 
қоймасы
 
Әмбебап қойма, 
кодталған ақпарат, 
тарихилық. 
13 
Д.Ф. Шакиров, 
А.Ш. Юсупова 
«Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
Ертегі дискурсы 
виртуалды әлемнің 
немесе қиял арқылы 
Виртуалды әлем, 
қиял әлемі, 
менталды кеңістік,


31 
аспектісі және 
оның татар 
тіліне аударылу 
мәселесі», 2016
жасалған менталды 
кеңістіктің психикалық 
шындығы.
 
психикалық 
шындық. 
14 
И.С. Соборная 
«Теоретико- 
методологичес-
кая основа 
исследования
сказочного 
дискурса», 2017 
Ертегі дискурсы 
дүниенің ұлттық 
бейнесін барынша 
толық көрсететін
дискурстың бір түрі.
 
Дүние бейнесі, 
дүниенің ұлттық 
бейнесі. 
15 
Е.Ф. Бизунова
«Сказочный 
дискурс как 
отражение 
менталитета 
народа (на 
примере 
белорусской и 
немецкой 
сказок)», 2017 
Ертегі дискурсы – 
фольклордан бастау 
алатын, этностың 
болмысынан толық 
хабардар ететін көп 
деңгейлі, көп қырлы 
ұғым.
 
Фольклор, жетекші 
жанр, этностың 
болмысы, көп 
деңгейлі ұғым, көп 
қырлы ұғым. 
16 
Ю.С. Городова 
«Специфика 
сказочного 
дискурса в 
англоязычном 
эпосе», 2017 
Ертегі дискурсы – 
ойдағы вертуалды 
кеңістікте жасалған 
кейіпкерлермен, оған 
байланысты ертегілік 
оқиғалары бар 
жиынтық
 
Виртуалды 
кеңістік, ойдан 
жасалған 
кейіпкерлер, 
ертегілік оқиға, 
жиынтық. 
17 
С. Кенжемуратова «Қазақ, орыс, 
ағылшын 
тілдеріндегі 
ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
өлшемдері», 
2020 
Ертегі дискурсы ұлттық 
мәдени 
кодты 
өзектейтін мәтіндер 
жиынтығы.
 
Ұлттық мәдени 
код, мәтін, 
жиынтық. 
18 
А.Т. Қасымбекова «Ертегілердегі
а ғаламның
концептуалдық 
бейнесі (қазақ
және ағылшын 
тілдері 
негізінде)», 2020 
Ертегі дискурсы – 
негізін уақыт 
категориясы құрайтын 
«идеалды ақиқат 
болмыс».
 
Уақыт 
категориясы, 
идеалды ақиқат, 
болмыс.
19 
А.В. Шаколо 
«Ертегі 
дискурсы: пайда 
болуы, 
қалыптасуы, 
орыс, белосурь, 
неміс 
лингвомәдение- 
тіндегі тірек 
концептілер», 
2021 
Ертегі дискурсы көркем 
қарым-қатынастың 
алғашқы түрлерінің бірі
 
Көркем қарым- 
қатынас 
20 
В.В. Галлямова 
«Ертегі 
Ертегі дискурсы –
Коммуникативтік 


32 
дискурсын 
зерттеудегі 
ертегінің 
топтастырылуы»
2021 
коммуникативті 
қызметпен яғни, 
қоршаған орта туралы 
ақпаратты беру құралы.
 
қызмет, қоршаған 
орта туралы 
ақпарат, ақпарат 
беру құралы.
 
21 
С. Цзинтин 
«Орыс халық 
ертегілерінің 
дискурстық 
ерекшеліктері 
(А.Н.Афанасьев 
жинағының 
материалдары 
бойынша)»,
2021 г. 
Ертегі дискурсы 
сюжеттен, 
композициядан, 
стилистикадан, 
прагматикадан 
көрінетін этностың 
ұжымдық тілдік 
тұлғасының 
әлеуметтік-мәдени 
ерекшелігін 
бейнелейтін 
лингомәдени жиынтық.
 
Этностың 
ұжымдық тілдік 
тұлғасы, 
әлеуметтік-мәдени 
ерекшелік, сюжет, 
композиция, 
стилистика, 
прагматика, 
лингвомәдени 
жиынтық.
Ұсынылған 2-кестеде «ертегі дискурсы» терминін анықтауға талпынған 
орыс және түркі тіл білімі ғалымдарының еңбектерін хронологиялық ретпен 
орналастырдық. Берілген ғылыми еңбектердегі «ертегі дискурсының» 
анықтамасын және аталған ұғымның ерекше сипаттарын көрсеттік. Талдауға 
алынған анықтамаларды салыстыра келе, «ертегі дискурсы» терминіне 
Н.Н. Миронова, 
О.А. Плахова, 
Н.А. Акименко, 
А.М. Кербс 
сынды 
ғалымдардың толық анықтама бергеніне көз жеткіздік. Ертегі дискурсын 
зерттеуші ғалымдардың «ертегі дискурсы» терминін мәдени қарым-қатынасқа 
қызмет ететін ерекше таңбалар жүйесі, қоғамдық өмірдің нормалары мен 
құндылықтарын сыни тұрғыдан қарастыратын сөйлеу қарым-қатынасының 
түрі, әр түрлі мәтіндердегі мәдени ақпарат пен құндылық стратегияларынан 
тұратын, белгілі бір этникалық топтың сөйлеу және ойлауының әлеуметтік-
мәдени қарым-қатынас өнімі, ерекше формада ұсынылған мәтін, тілдік және 
танымдық әрекеттің динамикалық үдерісі, тілдік құрылымның әр түрлі 
деңгейінде вербалданатын, ертегілік категориясының негізгі өлшемдерін 
жүзеге асыратын арнайы орта, этно-әлеуметтік-мәдени түрде айқындалған әлем 
бейнесі және халық ділінің тұңғиық көрінісі, ұжымдық тілдік сананың сөйлеу-
ойлау қызметінің лингвориторикалық стратегиясы деп анықтайтыны белгілі 
болды. 
М.В. Демина, Л.П. Ковальчук «ертегі дискурсы» терминін көп ғасырлық 
тарих ағымында кодталған ақпараттың «әмбебап қоймасы» деп анықтайды. 
И.С. Соборная, Ю.В. Мамонова ертегі дискурсын дүниенің ұлттық бейнесін 
концептуалдық тұрғыда бейнелейтін, лексикалық құралдармен берілген 
мәдени-құндылық ақпарат көзі деп есептейді. В.Я. Пропп ертегі дискурсына 
таңғажайыптылық тән, онда прагматикалық қызмет түрлі деңгейде жүзеге 
асады деп анықтайды. А.Т. Қасымбекова ертегі дискурсын уақыт категориясы 
құрайтын «идеалды ақиқат болмыс» деп анықтаса, Е.Ф. Бизунова фольклордан 
бастау алатын, этностың болмысынан толық хабардар ететін көп деңгейлі, көп 
қырлы ұғым деп тұжырымдайды. Е.С. Кубрякова, О.В. Александрова ертегі 


33 
дискурсына ерекше әлеуметтік ақпарат түріндегі когнитивтік және тілдік 
қызметтің динамикалық үдерісі деген анықтама береді. К.Т. Батуева, 
И.Г. Ульянова экстралингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, прагматикалық және 
психологиялық факторлардың жиынтығынан тұратын байланысты мәтін деп 
дәйектейді. Т. Луговая, У.В. Каримова, Д.Ф. Шакиров, А.Ш. Юсупова, 
Ю.С. Городова, С.К. Кенжемұратова, А.В. Шаколо, В.В. Галлямова, С. Цзинтин 
ертегі дискурсын этностың ұжымдық тілдік тұлғасының әлеуеметтік-мәдени 
ерекшелігін бейнелейтін лингвомәдени жиынтық, мәдениет қалыптастырушы 
негіз, ұлттық мәдени кодты өзектейтін мәтіндер жиынтығы, вертуалды 
кеңістіктегі ертегілік оқиғалардың жиынтығы, көркем қарым-қатынас түрі, 
қоршаған орта туралы ақпарат беру құралы, қиял арқылы жасалған менталды 
кеңістіктің психикалық шындығы деп анықтайды.
Берілген анықтамаларды талдай келе, біз өз тарапымыздан «ертегі 
дискурсы» терминіне төмендегідей анықтама ұсынамыз: ертегі дискурсы – 
когнитивтік және тілдік қызметтің динамикалық үдерісі, ерекше әлеуметтік 
ақпарат түрінде ұсынылған сөйлесім үлгісі. Ертегі дискурсы – қарым-қатынасқа 
қатысушылар арасындағы белгілі бір этностың әлеуметтік-мәдени дүние 
бейнесін терең көрсететін шынайы сөйлеу әрекеті. Ертегі дискурсы–әлеуметтік-
тарихи, мәдени, этникалық, тілдік факторлармен айқындалған, жеке тұлғаның 
және бүтін халық санасының ерекшелігін, уақытпен дәлелденген озық 
дәстүрлерді бейнелейтін, белгілі бір дәуірдің шындықтарымен сәйкес келетін 
әлеуметтік концептілердің және олардың түрлі нұсқаларының өзіндік 
жиынтығы. 
Біз зерттеу жұмысымызда бірінші кезекте, этностың өмір сүруі мен 
дамуын, тұрмыстық факторлардың ойлау процесіне және ұлттық тілді 
қалыптастыруға тікелей қатыстылығы барлығына назар аудара отырып, ертегі 
дискурсын ерекше мәдени қабат ретінде қарастыруға болатындығына көз 
жеткіздік. Одан әрі қорытындылап айтар болсақ, ертегі дискурсын халықтың 
барлық деңгейдегі, яғни этникалық, әлеуметтік, мәдени түрде айқын 
белгіленген ұжымдық тілдік санадағы іргелі лингвомәдени құбылыс деп атауға 
болады деген тұжырым жасаймыз. 
«Ертегі дискурсы» термині мен ертегі дискурсының зерттелуін анықтап 
алған соң, ертегі дискурсына тән белгілерді, оның фольклордағы ертегі 
жанрынан айырмашылығын анықтау қажеттігі туындайды. Келесі тараушада 
осы мәселені қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет