Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет62/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ
810199.pptx, СРСП анг, 8 кл СОР2, Елтан Дидар, Омыртқасыз зоо оқу бағдарлама
Райымбек Оспанов 
(5-класс оқушысы, №40 қазақ орта мектебі). 
Кендебай 
жарға құлаған атанды өзі алып шыға беріпті. Күндердің бір күнінде бір биеге 
шабуылдап жатқан қасқырды көріпті. Қасқырды құйрығынан алып келіп 
жерге бір-ақ ұрғанда қасқыр өліпті. Құлын алты айда алты кезең ат 


106 
болыпты. Еліне шабыл жасағанын айтады. Елінен ат қалдырмай алып, әкесі 
шабылдан келіп шаршап жатқанда әкесін алып кетеді. Әкесін құтқаруға 
барған анасын да алдына өңгеріп алып кете береді. Соған бала жылап жіберді. 
Сосын мен кедей боп...бала... жылғыз қалдым деп жылап жүргенде ...байдың 
қозысын бағады. Бала мен әке шешемнен айырылдым деп жылап жүрсем, бай 
аттарынан айрылдым деп жылап жүреді. Кендебай сосын мен әке шешемді 
тауып келем деп жолға шығып жүре береді
. Респондент алты 
кез
тіркесін 
кезең деген сөзбен алмастырып қолданады. Бұл оқушы да 
кез
сөзінің білдіретін 
мағынасын білмейді. Себебі өлшем бірлік ретінде қазіргі уақытта метр сөзі 
қолданыста, кез сирек кездесетін сөздер қатарына жатқандықтан, респондент 
танымында жоқ. Сол себепті таныс емес. Осындай сөздердің бірі шабуылды 
шабыл
деп қолданады. Бай 
аттарына жылайды
деуінде жылқы малына 
қатысты атауларды дұрыс ажырата алмауы, күнделікті тұрмыста көрмеген 
себепті 
жылқыларына
сөзінің орнына 
аттарына
сөзін қолданып тұр. 
Саят Бексұлтан 
(6-класс оқушысы, №40 қазақ орта мектебі). 
Кендебайға 
«құрғыр-ау, оңбайсың ғой, қырасың ғой малды» дейді. Кендебай қара биені 
қарап тұрады. Сөйтіп таң ата салысымен құндыз жүнді, алтын құйрықты 
құлын туады. Аспаннан бір бұлт түйіліп келеді де, құлынды ала жөнеледі. 
Кендебай шап етіп құйрығынан ұстап қалғанда құйрығы үзіліп жұлынып 
кете...қала береді. Кендебай сол қылды алып, қойнына тығып ұйықтап қалады. 
Сосын Кендебай ханның ішіне кіріп келеді. -Дат, тақсыр,- дейді. Түннің 
ортасы кезінде балаларыңыз ұйықтап қалды. Таң ата құндыз жүнді құлын 
дүние келді, сол кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келіп, оның, оның, ... оны алып 
кетті. Сол кезде менің оның құйрығынан ұстап, алты жүнін қойныма тығып 
алдым дейді. Сөйтіп оны алтын құйрықты қылды шығарып қалған кезде сол 
құйрық.... алтын құйрық сол бөлмеде жарқырап ханның көзін шағылтады.
Респондент өзінде бар білім қорына сүйене отырып, ертегіні баяндау 
барысында 
құрғыр-ау
сөзін оңбаған
-ау сөзінің орнына

түннің
ортасы деген 
уақытты білдіру мақсатындағы қалыптасқан тіркеске 
кезінде 
сөзін өз тарапынан 
қосып қолдануы, оның ертегіні әсірелеп жеткізуге ұмтылуын көрсетеді. Алтын 
құйрықтың орнына 
алты жүн 
сөздерін қате қолдануы респонденттің 
жылқының құйрығында жүн емес қыл болатыны туралы білімінің жоқтығынан 
орын алып тұрған тілдік ауытқу деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет