Курсы: 1,2 Оқу семестрі: 1,3,4 2013 жыл


)Иллюстрациялық материал: С



бет2/5
Дата11.09.2017
өлшемі1,42 Mb.
#32018
1   2   3   4   5

4)Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Ертедегі Үнді және Ертедегі Қытай философиясының негізгі ерекшеліктері.

2. Ежелгі Грек философиясының қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-мәдени контексті.

3. Ортағасырлық батысеуропалық және Араб тілді философиядағы дін философиясының феномені.

4.Қайта Өрлеу, Реформация және Жаңа Уақыт дәуірлеріндегі натурфилософия, гуманизм, антропоцентризм.

5. Орыс және қазақ философиясының негізгі ерекшеліктері.

6. 20 ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философияның негізгі жағдайы.
1)Тақырып № 3. ХХ-ХХІ батыстық философия.

2)Мақсаты: ХХ-ХХІ ғ.ғ. мәдениет контекстіндегі батыс философиясының мәнін түсіндіру.

3)Дәріс тезистері: ХХ ғ. экзистенциялистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және абсурдтық тақырыбы және әлеуметтік жатсыну жағдайларындағы өмір сүру мәселесі. Постмодернизм рухани жағдай, өмір сүру салты және философия ретінде. Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Позитивизм XIX ғасырда қалыптасты. Оның негізін француз ойшылы О.Конт қалаған. Оның пікірінше, ғылым өзінен жоғары тұратын философияны қажет етпейді, өйткені ол өз заңдылықтарына сүйене отырып дамиды. Сондықтан Конттың пікірінше, жаңа философияның міндеті – ғылымдар методологиясын жасау және олардың арасындағы байланысты анықтау.

Конт өзара тығыз байланыстағы екі заңды тұжырымдады: ақыл – ойдың дамуының үш кезеңі және ғылымдар классификациясының заңы. Бірінші жанның талабы бойынша, адамның ақыл – ойы өзінің дамуында үш сатыдан өтеді; біріншісінде адамдармен салыстыратын күшті анықтай отырып, құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде, абстрактілі мәндерге көңіл бөледі; үшіншісінде, құбылыстарды байқайды, олардың арасында тұрақты байланыс орнатады.

Жаңа томистік философия Франция және Бельгияда дамыған. Оның атақты өкілі – Жак Маритен. Одан басқа Жильсон мен Сертилаижды қосуға болады. Жаңа томистер негізінен метафизикамен айналысады; әлсіз потенция әрекетінің нағыз шектеулігін көрсетеді, шынайы болмыс белгілі болмыстың әрекеті, қалыптасу, пайда болу дегеніміз потенциядан әрекетке өту: натурфилософия мәселелерінен материя мен форманың, тіршілік пен болмыстың өзара қатынастарын қарастырады. Сонымен қатар, рухтың мәнін, функцияларын анықтау да олардың назарында. Таным теориясында сезімдік және рационалдық танымның ерекшеліктерін негіздейді. Құдай туралы ілімде барлық заттар мен құбылыстардың болмысы құдайдың – еркін ырқына тәуелді, шекті болмыс Құдайдың жетілген болмысының бейнесіне сай жасаған деген пайымдаулар бар.

Этика мәселелерінде адам үшін рахат сезімі оның ақыр аяғында таза, жетілген болмысқа жетуімен туындайды. Жаңа томистер өзінің бастапқы мақсаты католиктік діни сенімнің ақиқаттығын дәлелдеу деп есептейді. Сондықтан ғылыми білімдерді діни қағидалармен, шынайы мағынаны дін аят догмаларымен біріктіруге тырысады. Діни философияға Э.Мунье жасаған персоналистік бағытты жатқызуға болады. Олардың пікірінше, жоғары рухани күш – тұлға, әлемді жаратушы – Құдай. Адамға жаратушының абсолютті тұлғасының ықпалы әсер етеді. Осы арада дүниенің ортасына адамды қоятын үрдіспен дүниенің ортасына құдайды қоятын үрдіс өзара ұшырасып, бірігеді. Діни модернизмнің философиялық жүйелерінде француз философы және антропологы Тейяр де Шарденнің идеялары кеңінен тарады. Тейяр адамның пайда болуына алып келген әлемнің эволюциясын діни тәжірибе мен ғылымның қол жеткізген жаңалықтарын біріктіре отырып, анықтауға тырысты. Ғалымның пікірінше, құдай – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Әлемдік эволюция бірін – бірі ауыстырған үш сатыдан өтеді; мораль (метасфера), «өмір» (биосфера) «ой» немесе шалғай өмір (ноосфера). Аталған эволюциялық сатылардың «ой» деңгейінде дүниеде адам баласы пайда болған. Ол өз бойына психикалық энергияны жинақтап, «ноосфераны» туындатады.

Жаңа кантшылдықтың рационалдық түрі – метафизика ретінде (Гартман, Вундт), құндылықтар философиясы (Риккерт, Виндельбанд), логикалық бағыт (Коген, Наторп, Кассирер, Либерт) формасында дамыған. Ал эмпирикалық бағыттар позитивизм (Дильтей), сенсуализм (Гельмгольц, Мах, Миль) түрінде өрбіген. Жаңа кантшылдар «өзіндік заттың объективті табиғатын жоққа шығарды, сөйтіп Кант философиясының мықты, рационалды элементінен бас тартты. Сөйтіп, ойлаудың белсенділігі арқасында жаратылыстану табиғатты, мәдениеттану мәдениетті жасайды» деген қорытындыға келді. Бұл бағыттың өкілдері философияны субъективті қатынастардан тыс, дербес өмір сүретін құндылықтар туралы ілім деп анықтады. Заңдылықтарды танымның маңызды принципі етіп анықтаудан бас тартқан олар оны құндылықтармен ауыстырған. Әлеуметтік құндылықтарды этикалық құндылықтарға теліген. Ал этикалық құндылықтардан жоғары эстетикалық құндылықтар қойылған. Жаңа гегельшілдер – XX ғасырдың 20 жылдарында Германияда, Францияда, Англияда, Голландияда, Италияда, Россияда, АҚШ-та кеңінен тараған философиялық бағыт.Олар Гегельге сүйене отырып, диалектика әдісін, метафизиканы дамытқан. Тарих пен мәдениетті матефизика тұрғысынан түсіндіре отырып, күшті мемлекет идеясын қорғаған. Алдыңғы қатарға рух туралы ғылымдарды қойып, оны негіздеуге тырысқан. Оның көрнекті өкілдері – Г.Глокнер, Г.Л.Гернит, Б.Бозанкет, Ф.Бредли, Б.Кроче.

Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. Ол өз бастауын Ф.Ницше (1844 - 1900) шығармашылығынан алады. Оның негізгі идеяларын В.Дильтей, Г,Зиммель, А.Бергсон, О.Шпенглер сияқты атақты ғалымдар одан әрі дамытады. XX ғасырдың 20-30 жылдары Европада кеңінен таныла бастаған.

Ағымның өзінің аты ондағы іздестірілетін іргелі ұғым «өмір» екендігіне шүбә келтірмейді.

Өмір – тірінің болмысында ұдайы, шексіз шығармашылықпен қалыптаса беретін, біртұтас алғашқы реалдық, неорганикалыққа, дамымайтын, қатып – семгендікке, өшіп – сөнгендікке қарсы тұрады. Сондықтан өмір философиясы танымның рационалдық түріне емес, интуитивтік формасына ерекше көңіл аударады. Яғни, интуиция, түсіну, миф, символдық форма өнер ерекше дәріптеледі.

Интуиция, түсіну, кірігу сияқты күрделі таным формалары тұлғаға ғана тән, кез келген қарапайым адам мұнан тым алыс. Бұдан танымды «ақ сүйектендіру» келіп шығады. Бірақ ақиқатты оқып үйрену процесінде оны тану әркімнің қолынан келеді.Адам өзін тұлға ретінде тарихта, мәдениетте дамыта алады. Оның шығармашылығы өмір ағымына сәйкес. Ол процесс, сонымен қатар, биологиялық және әлеуметтік дамудың нәтижесі.Адам тарихта өмір сүреді, ал онда объективті заңдар жоқ. Тарихтың тағдыры да адам сияқты. О.Шпенглердің пікірінше, адамдардың жалпы тарихы – бұл фикция, түк емес. Мәдениет пен өркениеттің өзіндік ерекшелігіне қатысы жоқ жолы басқа құндылықтар да бар. Ф.Ницшенің пікірінше, «қауымдық» тобырлық «инстинкт», құлдардың моралі, бұқаралық наным – сенімдер осының мысалы.

Ф.Ницше өмірді мәңгі қозғалыс қалыптасу, ұдайы ағу деп анықтайды. Биологиялық және рухани өмірдің барлық процестерін билікке ырықтың әртүрлі көріністері деп қарастыра отырып, оның мәселелерін мәдениет кеңістігіне өткізеді.

Адамның дамуының алғашқы кезеңінде өнер үстемдік құрды, кейіннен оны ғылым ығыстырды. Соның салдарынан адам өз тіршілігінің бастауы өмірден ажырап қалды. Өнердің ғылымға жол беруі Сократтан басталады. Ницшенің пікірінше, нағыз мәдениет өзін - өзі толықтырып отыратын екі бастау алыптың, өмірлік күштің, энергияның еркін ойыны, аполлондық және жайбарақаттық. Бұл мәдениеттің үлгісін Ницше Сократқа дейінгі Грециядан табады.

Европа мәдениеті дионисийлік бастауды тұншықтырып тастаған.Сондықтан онда белгілі тәртіп жүйесіне негізделген ағыны жай, байыпты, жайбарақат өмір басталған.

Ф. Ницше тобыр адамына ешқандай нәсілге жатпайтын, қоғам элитасы өсіріп, өндірген асқақ адамды қарсы қояды. Кез келген моральдық ұстанымнан, жақсылық пен жамандықтан тыс тұрған асқақ адам жер әлеміндегі жаппай өтірікті қатыгездікпен жеңіп шығады.

Ойшыл өмірге деген нигилистік көзқарасына сәйкес құндылықтарды қайта қарауға, христиандық – гуманистік құлдар моралін ақсүйектер мен мырзалар моралімен ауыстыруға шақырады.

Ф.Ницше жаңа европалық рационалдыққа, билікке ырықты қамтамасыз ететін сезімдер мен инстинкті қарсы қойды. Ақыл – ой түк емес, логика жалған, өйткені олар өмірдің динамикасына сай келмейтін қатып – сенген формаларды түсіндіреді.

Танымның негізгі мақсаты ақиқатты анықтау емес, әлемді игеру. Ақиқат өтірікпен барабар. Өтірік пен адасу қажет, олар тобырды тыныштандырады, сөйтіп ақсүйектерге өз рухын нығайтуға жағдай жасайды. Ф.Ницше философиясының негізгі идеялары адам мәселесіне көңіл бөлетін прагматизм, феноменология, экзистенциализм сияқты атақты философиялық ілімдерде одан әрі дамыды.

«Өмір философиясының» тағы да бір өкілі Вильгельм Дильтей (1833-1911) барлық дүние мен адам болмысының мол мүмкіндігін тек ойлау мен абсолютті идеяға бағындырған Гегель философиясын сынап, өз ізденістеріне «өмір» ұғымын негіз етіп алды.

Өмір философиясына жақын идеяларды Артур Шопенгауэр (1788-1860) дамытқан. Ол - иррационалдық бағыттың өкілі. Иррационализм дегеніміз дүниені, әлемді тануда аффектіге, ерікке сүйену қажет, өйткені, жан – кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы, онда қисын да байланыс та жоқ есептейтін ілім.

Психикалық талдау философиясы XX ғасырдың 20 жылдарында алдымен Венада, сонан соң Европа мен Америкада қалыптасты.

Психикалық талдау дегеніміз – жүйке ауруларын емдеуге бағытталған әдіс. З.Фрейд осы әдісті қояншық ауруын емдеуге қолданған. Кейіннен адамның ішкі жан дүниесінің тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық ілімге айналады.

З.Фрейдтың ілімін А.Адлер, К.Юнг одан әрі жалғастырған.

Қояншық ауруларын емдей жүріп, З.Фрейд адамның санасы қалай дамиды, неліктен психикалық тыныштығы бұзылады деген сұрақтарға жауап іздеді. Адам өмірі оңай емес, онда әртүрлі жағдайлар, тіпті жағымсыз оқиғалар да болып тұрады.

Бейсаналық дегеніміз – санадан тәуелсіз адам жанының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – «Ол».Бейсаналық деңгейде жинақталған нәрселер ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір сыртқа шығады.

Фрейд өзі негізін қалаған психикалық талдауда бейсаналықтың әртүрлі құрылымын баяндады З.Фрейд «либидо» ұғымын енгізді. Либидо арқылы ол негізінде сексуалді қажеттілікті қанағаттандыратын психикалық белсенділікті түсіндірді. Сексуалды құштарлық жөнінде ашық айта отырып, осы уақытқа дейін онша мән берілмеген көптеген маңызды мәселелерді анықтады.

З.Фрейд адам тәртібінің маңызды көрінісі агрессияның, яғни басқаға деген жек көрушіліктің пайда болу тетігін түсіндірді.З.Фрейд құрған тұлға моделі үш маңызды элементтен тұрады: ол (бейсаналық), «Мен» (сананың бастауы) және әсіресе – мен (ұждан түрінде көрініс беретін сана).

Адам өізінің әлеуметтік функциясын белгілі бір ұжымда іске асырады. Яғни ұжым, онда қалыптасқан жағдай оған билік етеді. Яғни ұжымда адамдар бір – біріне әсер етеді, бір – бірінің мүмкіндіктерін шектейді. Жеке адам ондай шекті мойындамайды. Экзистенциализм – адам, оның өмір сүруінің қиыншылықтары мен мәселелерін негізгі зерттеу нысаны етіп алған философиялық бағыт. Ол XIX ортасында қалыптасып, XX ғасырдың 20 – 70 жылдарында өзекті бағытқа айналып, Батыс Европадағы атышулы ағымдардың бірі болып отыр.Эстетикалық деңгейде адам өмірі сыртқы факторлармен анықталады. Ойланбай айналадағы өмір ағынымен кете береді.

Этикалық деңгейде адам саналы таңдау жасайды, саналы түрде мақсат қояды, өмірі парыз қисынымен басқарылады. Діни деңгейде адам өз өмірінің мәнін терең түсінеді, тіпті сыртқы орта әсері оған ешқандай ықпал ете алмайды.Экзистенциализмнің көрнекті өкілдері - Ясперс (1883-1969), Сартр (1905-1980), Камю (1913-1960), Хайдеггер (1889-1976).

К.Ясперс неміс философы. «Дүниетаным психологиясы» деген еңбегінде экзистенциалдық мәселелерді көтерген. Оның пікірінше, адам басқалар сияқты өмір сүре береді, тіпті өзінің кім екенін шын мәнінде білмеуі де хак. Бірақ күтпеген, ерекше жағдайда оның шын болмысы анықталуы мүмкін. Бұл – адам болмысы сынға түсетін, өмір мен өлім бетпе – бет кездесетін шекаралық жағдайлар. Осы уақытта адам шын мәнінде құндылық не екенін жақсы түсінеді, өзін де, басқаны да бағалай бастайды.

Ж.П.Сартрдың негізгі мәселесі – таңдау мәселесі. Өзекті философиялық ұғым - өзіндік болмыс. Ол адам үшін жоғары реалдылық, оның шын мәнін басқалармен қарым – қатынас процесінде түсінесің. Өмір сүрудің маңызды шарты – еркіндік. Бүкіл өмір - әртүрлі кішкене өмірдің жиынтығы, байланысы, өйткені адам өз өмірінің жекелеген кезеңдерінде өзі үшін аса маңызды таңдау жасайды. Мысалы: жұбай таңдау, кәсіп таңдау, жұмыс орынын таңдау, күреске қатысу, соғысқа аттану т.б.

Адам еркіндігі абсолютті. Еркіндік мәселесімен қатар жауапкершілік те туындайды.

Альбер Камю - өмір мәнін іздестіруді негізгі мақсат еткен. Философтың негізгі тұжырымы – адам өмірі шын мәнінде мағынасыз. Өйткені адам қаншалықты тырысса да, қиналса да, жүгірсе де, бәрі бір өледі. Яғни, адам өмірі – абсурд.

Альбер Камю «Сизиф туралы миф. Абсурд туралы эссе» еңбегінде адам өміріндегі қиын жағдайларға назар аударды. Эсседе өзін - өзі өлтіру проблемасы, мағынасыздық пен өлім, үміт мәселесі қарастырылады. Адам неліктен өзін - өзі өлтіруге бел буады. Өмірдің мағынасыз сипат алып, үміттің алдамшы сағымға айналғанында. Өмірдің мағынасын анықтауға екі жол бар, оның бірі – одан күдерін үзу, бас тарту, екіншісі өмірге деген құштарлық. Осы екі қарама – қарсы бағыт адамның сана – сезімінде ұшырасады. Сөйтіп ол шекаралық ситуацияға тап болады.

Жалпы экзистенциализм философиясында адам өмірінің көптеген тылсым, түсініксіз жағдайлары зерттеледі.

Феноменология – XX ғасырдағы философияның бір бағыты. Бұл сөздің нақты мағынасы – баяндау немесе құбылысты зерттеу. Заттар мен құбылыстардың адамның санасындағы сұлбасын баяндау феноменология деп аталады. Бұл бағыттың негізін Э.Гуссерль қалаған. Оның пікірінше, әлемге, оның тылсым табиғатына кілт әлемді тікелей қабылдаудағы сананың сипаттарында. Яғни, әлемді сананың мүмкіндіктері арқылы тану. әлемнің құбылысы, оның санадағы сұхбаты – міне, бұл әлемнің өзі. Зерттеушінің назары, әлемге, оның құбылыстарына емес, осыларды адамға танытатын, оған жақын ететін сананың ішкі құбылыстарына аударылуы қажет.

Феноменология әлем туралы сана мен оның адамға тікелей берілуінің арасындағы ұқсастықты анықтаудан басталады. Осыдан адамның әлемге қатынасының заттық мағынасын емес, оның санасының құбылыстарына ерекше көңіл бөлетін зерттеудің жаңа типі қалыптасады.

Болмыс сананың көріністі, яғни оның бойында сананың қасиеттері мүлгіген. Осы түрінде танымның нағыз нысаны. Сананың негізгі қасиеті – оның затқа немесе құбылысқа бағытталуы. Сананың құбылыстарында субъект пен объектің арақатынасын белгілеу қажет.

Адамға сыртқы құбылыс түйсігі, қабылдауы елесінде беріледі. Бірақ мұнымен таным бітпейді, тек басталады. Бұдан соң сананың арнайы жұмысы жасалады.Яғни, сана өзіне түскен ақпаратты ішкі талдаудан, сүзгіден өткізеді. Түбінде сана әруақытта затқа бағытталған. Яғни сана әр қашан да интенциальды. Интенциялдық дегеніміз – сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігіне көз жеткізеді, яғни заттың ежелгі нұсқасын ұмытпай, есте ұстай отырып, оған түрлі қатынас жасап, сонан соң затқа қайта оралу.

Герменевтика дегеніміз – түсіну, түсіндіру, айқындау. Бұл бағытты дамытқан Г.Гадамер мен П.Рикер. Гадамердің пікірінше, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Басқа мәдениетті, рухани түсіну үшін, оның ішіне ену керек. Сонымен қоса, басқаша түсіну үшін өзіндегі тұрақтылықты сақтау қажет деген М.Бахтин пікірі герменевтиканың мәнін өте дәл түсіндіреді.Дүниені тануда, игеруде әлеммен, техникамен қатар өнер де, философия да, тарих та көп үлес қосады. Олардың әрқайсының өзіндік жолы бар.

Гадамер герменевтиканың негіздерін түсіндіре отырып, бұл зерттеулердің міндеті ақиқатқа жетудің ғылыми әдістеме бақылауындағы шектен асып түсетін тәжірибесін, онымен кездесетін жердің де ашылуы және өзіндік негіздемесі жөнінде мәселе қоюында. Сонымен рух туралы ғылымдар танып – білудің ғылымнан тыс жатқан тәсілдермен – философиялық тәжірибемен, өнер тәжірибесімен, тарихтың өзінің тәжірибесімен – жақындастырылады» - деп жазды.

Герменевтика дегеніміз – белгілі мәліметтерге, мәтіндерге сүйене отырып түсіндіру, талқылау. Ал түсіндіру, талқылау белгілі бір дәстүрге, әлеуметтік – мәдени факторларға сүйенеді.

Сол себепті герменевтика адамдардың өзара қарым – қатынас әлемін шынайы құнды және әркімге жақын әлем деп анықтайды. Оның өзінің жан дүниесінде мәдени, құндылық, мағыналар әлемі түзіледі. Оның негізін тіл қалайды. Міне, осыны түсіндіру - герменевтиканың басты мақсаты.

Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады. Аты әртүрлі болғанымен, олардың мәні бір – бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады. Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды.

Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен бөлетін негізгі өлшем – тұжырымдарды тәжірибеде сынау, осы мақсатты орындау үшін неопозитивистер верификация принципін ұсынды.

Верификация дегеніміз – ғылыми ақиқат пен деректерді эмпириялық тексеру арқылы айқындауға болады деп есептейтін әдістемелік концепция. Верификацияның көмегімен тілдің сыни талдауын жасай отырып, логикалық позитивистер тілді тазалау жұмысын жүргізіп, жетілген тілді жасауға тырысты. Осындай тілді құрастыру идеясын австриялық философ Л. Витгенштейн «Логикалық - философиялық» еңбегінде дамытты. Бұл еңбегінде ғалым жетілген таза тілді дамыту концепциясын баяндаған, оның үлгісі математикалық логикалық тіл деп есептелінген.

Философия – тек тілдің талдауы немесе ғылымның тілі түрінде өмір сүреді делінген. Сөйтіп, логика мен тіл алдыңғы қатарға шықты. Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден, XX ғасырдың басында математиктерге көздескен қиындықтар. Математика туралық пен дәлдіктің образы болып келген. Күтпеген жерден математиктердің өзі қайшылықтар мен парадокстарға жолықты. Бұл қиыншылықтың түпкі себептері математиканың негіздерінде жатыр. Логика мен жасанды тілдер математиканың негізін құрайды, яғни оны талдап құру керек. Б.Рассел мен Г.Фреге осымен айналысты. Екіншіден, аналитикалық талдау Англия университеттерінде қанат жайып кеткен идеализмге қарсылық ретінде қалыптасты. Философияның негізінде абстрактілі ойлар мен әсерлер емес, нақты іс - әрекетті бейнелейтін тілдер жатуы керек. Философия адам үшін сыртқы фактілерді бейнелейтін тұжырымдармен байланыстырылады.

Аналитикалық философияның дамуы ғылымнан философиялық сипаттағы сұқартарды алып тастап, оны ғылыми танымның методологиясына айналдырудың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Соңғы жылдары онтологиялық, гносеологиялық, жалпы социологиялық мәселелерге қызығушылық күшейе түсті. алдау философиясының өз ішіндегі дағдарыс постпозитивистік бағыттың қалыптасуына әкелді. И.Лакатос, К.Поппер, Т.Кун шығармашылығында ғылым философиясының маңызды мәселелері қойылды. Т.Кун белгілі ғылыми қауымдастықтың ғылыми іс - әрекетінің моделін жасады. Оған жалпы методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдар, теориялық стандарттар кіреді. Бұл модельді Т.Кун парадигма деп атады.

Парадигма дегеніміз – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы. К.Поппер білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері бір – бірі мен тығыз байланысты болады деп есептеді. Ол «фальсификация» ұғымын енгізді. Фальсификация дегеніміз - кез келген тұжырымды теріске шығару. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып, оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі деп есептеді. Дартмунд университетінің профессоры Ф.Рапп техника философиясының мынадай бағыттарын атап көрсеті: бірінші – техниканың тарихы, оның мәдениетке қатынасын зерттеу, екінші – қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатын социологиялық тұрғыдан зерттеу, үшінші – еңбекті талдауға, саяси әлеуметтік белсенділікті түсіндіруге экзистенциалдық мәселелер тұрғысынан келу; төртінші – эпистемология тұрғысынан органикалық және техникалық әлемнің дихотомиясын зерттеу; бесінші – болашақ постиндустриялық қоғамда басқару мәселелері және техника мен жалпы адамзаттың құндылықтардың қатынасын анықтау.

XX ғасырда техника философиясы дербес бағытқа айналды. Испан философы Ортега – и Гассет техниканы талдай отырып адамның екі жақтылығына көңіл аударды – ол табиғаттан өзгеше, бірақ техниканың көмегімен онымен бірігеді. Гуссерль адам техникаға негативті мағына береді. Адам өзінің таптырмайтын керемет мағыналы өмірлік әлемін ғылыми ұғымдарға айналдырады, соған сүйеніп техниканы жасайды. Бұл бағыттың өкілдері қоғамдық өмірді талдауда орын алған позитивистік және тарихи – философиялық көзқарастардың біржақтылығын жеңіп, ерекше әлеуметтік – философиялық теория жасауға тырысты. Әр түрлі сарындағы сыншыл қоғамдық қатынастар теориясында марксизмдегі, негізгі ұстанымдарды Гегель мен Фрейд, М.Вебер ілімдері тұрғысынан қайта қарауға ұмтылады. Жоғары дамыған индустриалды қоғамды сынай отырып, бұл мектептің өкілдері мемлекеттік монополистік капитализмнің тұлға еркіндігін, мәдениет құндылықтарын тұншықтырып, адамдарды рухани жұтаңдыққа, бейшаралыққа ұшыратататынын атап көрсетеді. Бұдан шығудың жолы – маргиналдарға, яғни қоғамдағы аралық топтарға сүйене отырып, қарсылық білдіру, күресу деген пікірге келеді. Маргиналдар дегеніміз – студенттік қауым, интеллигенцияның жұмысшы табына жақын бөлігі. Мұндай идеялар солшыл радикалдар қозғалысын теориялық негіздейді. Постмодерн термині XX ғасырдың бас кезінде Европада жаңа дәуірден кейінгі мәдени өзгерістерді айқындау үшін қолданылды. Адамдар ешнәрсеге табынбауы керек.

Посмодернистер ақиқатты өтірік құндылық деп есептейді. Ақиқат анықталмайды, ашылмайды, ол жасалады. Ол - сөздерден құралатын сөйлемдердің қасиеті. Сондықтан дүниенің мәнін ашып көрсететін әдістерді іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Ж.Деррида, Ж.Делез, Р.Рорти болмыс, оның бір тұтастығы, бірлігі, объект, субъект, ақиқат сияқты мәселелерді жоққа шығарды. Олардың пікірінше, философияның негізгі міндеті жазу мәдениетінің әртүрлі облыстарының мәнін түсіндіру, яғни философия әдеби шығармалардың бір түріне айналады.

4)Иллюстрациялық материал: Плакаттар, схемелар, таблицалар.

5)Әдебиет:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет