Курсы: 1,2 Оқу семестрі: 1,3,4 2013 жыл



бет4/5
Дата11.09.2017
өлшемі1,42 Mb.
#32018
1   2   3   4   5

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Қоғам феномені. Қоғамның пайда болуы?

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Саясм, рухани жүйесі?

3. Қоғамның экономикалық негіздемелері?

4. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары перспективалары?

1) Тақырып №6. Диалектика теориясының мәселелері.

2) Мақсаты: Диалектика теориясының мәселелерінің сипатын анықтау, түсіндіру.

3) Дәріс тезистері: Диаликтиканың тарихи типтері. Диалектика теория бойынша қазіргі кездегі зерттеулер. Диалектиканың механикалық және органикалық модельдерін сынау. Гармоникалық диалектиканың моделі. Диалектика және диалогика.

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.

Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады.Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар.

Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады.

Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған» сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді.

Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ – жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген.Бірте – бірте диалектика даму туралы ілімге айналды.Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

Гераклит мәңгілік және өткіншілік, құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама – қарсылықтарды атап көрсеткен.Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген.

Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған.Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты.

Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.

К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде, яғни әлеуметтік таптық қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның басқа да маңызды институттарының қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды.

Диалектиканың негізгі ұғымы – даму. Даму дегеніміз – қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге өзгеру болады. Даму кезінде заттың, құбылыстың жүйесі өзгеріске ұшырап, қасиеттер ауысып отырады. Тарихтың дамуында бір – біріне ұқсамайтын әртүрлі дәуірлер, адамның дамуында балалық, жастық, толысу, қартаю кезеңдері болады. Даму - өте күрделі процесс, онда кері қозғалыстар, секірістер, әртүрлі қиылысулар болып тұрады.

Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.

Қайшылық – даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз – қарама – қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.

Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі. Бұл ғылым заңдары.

Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стакан – ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат - сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория.Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады.Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. озон – басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф.Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым – деп анықтады.Терістеуді терістеу заңы – даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады.

Терістеу дегеніміз – бір нәрсенің, құбылыстың даму барысында басқа сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстың өзгеріске ұшырауын сипаттайтың алғашқы ұғым. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алады және жаңа жағдайға бейімделеді. Диалектикалық терістеу құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтарын тудырады, ол өзін - өзі терістеу ретінде көрінеді. Терістеу жалпы сипатта, оның көмегінсіз ешқандай даму да, өзгеріс те болмайды. Бірақ терістеу өткенді жалаң жоққа шығару емес, оған жан – жақты баға беру, сондай аналитикалық бағалаудың нәтижесінде оның өміршең, бағалы жақтарын анықтап, оны ұстап қалуға әрекет жасау болып табылады.

Терістеуді – терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты – сабақтастықты түсіндіруге болады. терістеу, сабақтастық – жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми көркемдік дамудың да объективтік заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз.

Кейінгі ұрпақ өзіне дейін істелген істі, қалыптасқан эстетикалық талғам мен ой – пікірді өзінің тың көзқарасымен, жаңа мүмкіндігімен ілгері дамытып жетілдіреді, оны неғұрлым жоғары сатыға көтереді, байытады.Тарихи сабақтастықтың екі түрі болады. оларды шартты түрде «уақыт пен кеңістік» деп атаймыз. «Уақыт» және «кеңістік» сабақтастығы – бір дәуірден екінші дәуірге өту арқылы болатын өрлемелі дамуды сипаттайды. Мысалы, біздің эрамыздан әлде қайда бұрын өмір сүрген Сократ, Конфуций, Гаутама өздерінің болашаққа қол созған өміршең ойларымен бізді рухани байытуда.Көркемөнердің, әдебиеттің алғашқы қарапайым нұсқалары бүгінгі әдебиеттің қалыптасуына негіз болды. «Кеңістік» сабақтастығы халықаралық, не әртүрлі ұлт әдебиеттерінің өзара әсер – ықпалымен байланысты. Әрине, сабақтастықтың бұл түрі де уақыт, тарихи кезеңді аттап өте алмайды. Ұлтаралық мәдени әсер – ықпал қоғамдық дамудың жоғарғы сатыларында жан – жақты дамиды.Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді.

Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін.Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы байланыстар адамның әлеуметтік жүйенің мүшесі ретіндегі байланыстары.

Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді. Себеп – салдарлық байланыс біреуі екіншісін тудыратынына меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен - өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының не ішкі не сыртқы себептері бар.

Тарихилық қоршаған ортаның мәңгілігін, тарихтың, әлемнің жойылмайтындығын және уақыттың шексіздігін көрсетеді. Диалектиканың категориялары заттар мен құбылыстардың арасындағы жалпы байланыстарды қарастырады.Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, құбылыстардың бір – бірімен тығыз байланыстығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты – оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.Диалектика байланыстар мен даму туралы білім жүйесі бола отырып, бірнеше функцияны орындайды. Ең алдымен, әрине, диалектика дүниетанымдық функцияны орындайды, өйткені, ол әлемдегі заттар мен құбылыстардың бір – бірімен байланыса отырып, ұдайы өзгерісте, дамуда болатындығын теориялық түрде дәлелдейді.Сонымен қатар, диалектика методологиялық функцияны орындайды. Ол дүниені танудың, игерудің негізгі құралы болып табылады. Оның негізгі ұғымдары, идеяларын, заңдарын дұрыс меңгерген адам өз іс - әрекетінде тез табысқа жететінің сөзсіз.

4)Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Диалектика түсінігінің қалыптасуы.

2. Диалектиканың заңдары мен категориялары, принциптері.

3. Диалектика адамның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік

іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.
1) Тақырып №7. Эпистемология.

2) Мақсаты: Философиялық талдау пәні ретінде танымның мәнін түсіндіру.

Ұғым рационалды танымның формасы ретінде. Таным және шығармашылық (творчество). Шығармашылық және интуиция. Ақиқатты түсіндіру мен ұғымы. Ақиқат және адасушылық. Ақиқат теориясы. Ғылыми танымның мәні. Ғылыми білімнің динамикасы. Білім-билік. Білім мен билік контаминациясы мәселесі.



3)Дәріс тезистері: Практика түсінігі, оның құрылымдық элементтері. Практика мен танымның өзара байланысы. Адамның әлемге деген танымдық қатынасының мәні. Танымның құрылымы, деңгейлері. Танымның сезімдік, рационалдық, интуитивтік формалары. Адамның әлемге деген танымдық қатынасының нәтижесі мен мақсаты ретіндегі ақиқат түсінігі. Ақиқат үдеріс ретінде. Практика ақиқаттың шешуші өлшемі ретінде: ақиқаттың қасиеттері, белгілеріТаным – бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.

Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.Таным процесінде объект затсызданады (распредмемивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды – идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективті мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс – қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген «адамилық» адамдардың белгілі бір құралы, адами күш, мән, адами қабілет ретінде қатысады.Таным процесі әруақытта әлеуметтік қатынастар мен мәдениет әлемінің белсенді ықпалымен іске асып отырады.Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе өзін өзгертуге бағытталған әрекетін айтады. Практиканың негізгі түрі - еңбек. Еңбектің арқасында табиғи күштер өзгертіліп, табиғи заттар өңделіп, адамдар қызметінің құрамдас бөлігіне, адамға қызмет ететін құралдарға айналып отырады. Практиканың саяси, басқару, тағы да басқа формалары бар.1)практика – танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс - әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Көне Египетте жер өңдеу геометрия мен математиканың тууына себеп болды, ал кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын жеделдетті.2)практика - өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет, өйткені білім заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден – бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егерде білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.3)практика – адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеяларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу. Осы айтқандарымыздың бәрін қысқаша қорытсақ, практика дегеніміз – қоршаған орта мен өзін - өзі өзгертуге бағытталған адамдардың нақты іс - әрекеті. Оның негізгі түрлері:Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір бөлігі.Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес.Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант.Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімінің ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

Философиялық таным теориясының ерекшеліктері оны басқа ғылымдармен салыстырғанда көзге түседі. Таным мәселесін зерттейтін ғылымдардың саны көбейе түсуде.

Қазіргі уақытта танымдық іс - әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формальді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі.

Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты – белгілі бір жүйедегі ақпарат ағынының қозғалысын бақылау.

Танымдық психология білімді игеріп, ұйымдастырып, пайдаланудағы танымдық белсенділіктің заңдылықтарын зерттейді. Ойлау психологиясында жасанды интеллект мәселесін зерттейтін бағыт қалыптасты. Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Автоматтандырылған оқудың дидактикасы пайда болуда. Жасанды интеллект ғылыми, техникалық, көркемдік салаларға де кеңінен ене бастады.Жасанды интеллект туралы еңбектер психикалық және ақпараттық процестердің өзара қарым – қатынасы, писхикалық және одан тыс жүйелерді бөлектеу, бейорганикалық тасымалдау жүйелерінде жасанды психиканы дүниеге келтірудің мүмкіндіктері туралы мәселелерді қоюда.

Жалпы психология танымдық формалар мен процестерді, түйсіктерді қабылдауды, ес, қиял, ойлауды, сонымен қатар, сенім, көңіл – күй, аффект мәселелерін жеке адамдар мен коллектив арасындағы қарым – қатынас тұрғысынан зерттейді.Философия да осы аталған мәселелерге көңіл бөледі., бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым – қатынасы тұрғысынан қарастырады.

Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс - әрекетінің немесе оның тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз – қоғам, табиғат, құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.Философия таным мәселелерін зерттеуде басқа ғылымдардың жетістіктерін жоққа шығармайды, қайта оған сүйеніп отырады. Таным теориясы философия тарихына, жеке ғылымдардың тарихында баланың ақылы қалыптасуы тарихына, тіл тарихына сүйенеді. Таным – бұл тек ізденіс қана емес, ол, сонымен қатар, білімнің одан әрі дамуы. Таным процесс ретінде субъект пен объектінің өзара қарым – қатынасы. Таным процесінің субъектісі – пенде, әлеуметтік топ, жалпы қоғам – танымдық іс - әрекетті іске асырады, кез келген мақсатты қояды және оны шешеді. Субъектің танымдық белсенділігі танымның объектісіне – жеке зат, материалдық әлемнің бір бөлігі немесе бүкіл әлемге – бағытталған.

Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.

Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынадай кестені жасауға болады:

Сезімдік таным Рационалдық таным

1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу

2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу

3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу

Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама – қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір – біріне қарама – қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.

Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір – бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдың өзара байланысы тіпті терең. Олар бірінсіз бірі бола алмайды. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.

Сезімдік және рационалдық танымның бейнелеу түрі жағынан да бір – бірінен айырмашылықтары бар. Көрнекті етіп айқындау үшін төмендегі кестені ұсынамыз:

Сезімдік таным мен рационалдық танымның бейнелеу түрлері:

1. Түйсік 1. Ұғым

2. Қабылдау 2. Пікір

3. Елес 3. Ой тұжырымы

Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер нысандардың жеке қасиеттерін бейнелейді – қызыл, қатты, тәтті т.б.; ал қабылдау – затты, құбылысты толық бейнелеу. Біз оның жеке белгілерін ғана емес, пішінін, көлемін көреміз, иісін сеземіз, дәмін татамыз, яғни затты барлық қасиеттерімен бірге толық қабылдаймыз.

Сезімдік әсерлер ес арқылы да қайталануы мүмкін. Мысалы, ойша Евразия университетін елестетуге болады, немесе жүріп бара жатқан поезды, машинаны елестетуге болады. Бірақ, бұл образ адамның бұрынғы тәжірибесімен тығыз байланыста туындайды. Мұндай образдарды елес деп атаймыз. Елес дегеніміз – дәл осы уақытта тікелей әрекеттеспесе де, қажет уақытында пайда болып отыратын сезімдік бейне.

Шындықтан алған әсерлерінің негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау қабілеті қалыптасады. Сезім органдарының көмегімен біз заттардың сапалары мен қасиеттерінің көп жақтылығын бейнелейміз.

Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелейді, ал жалпы затты көрсете алмайды. Мысалы, сезімнің көмегімен заттың құлағанын көруге болады, ал жалпы тартылыс заңын білу үшін ойлаудың күші қажет. Тәжірибеге сүйеніп, тіл құралдарын пайдаланып, адам сезімдік – көрнекті белгілерден бас тарта отырып, абстракциялар құра бастайды. Ойлау дегеніміз - әлемді логикалық абстракциялардың көмегімен тану деген сөз.

Ойлаудың қарапайым түрі ұғым деп аталады. Ұғым дегеніміз – шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. «Ұғым» сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды.

Ұғымның бастапқы белгісі – танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау.

«Қайың», «ағаш», «өсімдік» ұғымдарын алайық. Бұл ұғымдардың айырмашылығы жинақтаудың, жалпылаудың дәрежесінде тұр. «Ағаш» ұғымы «қайыңнан», кең, ал «өсімдік» ұғымы, «ағаш» ұғымынан кең. Ұғымның жинақтау, жалпылау мүмкіндігінің үдей беруі бір затты екінші заттан айыратын белгілердің сылына беруінде».

«Өсімдік» ұғымында барлық өсімдіктерге тән жалпы белгілер бейнеленген. Ғылыми танымда мұндай ұғымдарды абстрактілі ұғымдар деп атайды, олардың көмегімен заттар бір топтарға бөлінеді, салыстырылады, ұқсастығы, айырмашылықтары анықталады.

Ұғым – жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.

Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір – заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді. Пікір туралы жан – жақты мәліметтерді логика пәнінен алуға болады.

Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді.

Ойдан ой туады – деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған.

Ой – тұжырымы «үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама ой (посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, туындаған (туатын) ой (выводное знание), яғни бастама ойдан шығатын өсудің мүмкіндігін көрсететін ой не білім».

Ой – тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын білдіреді. Қарапайым ой тұжырымының мысалы: «Адам ақылды жан. Сондықтан ол дүниені тани алады».

Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар алдық. Таным – адамның ажырамас, тылсым қасиеттерінің бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.

Интуиция дегеніміз – адамның зерттеу нысанын тікелей, бірден толық тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу немесе анықтау процесінде адамның оның мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі.

Интуиция – ерекше қабілет, оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын.

Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал сезімдік жүйе мидің торлық құрылымы, мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет