Курсы: 1,2 Оқу семестрі: 1,3,4 2013 жыл



бет3/5
Дата11.09.2017
өлшемі1,42 Mb.
#32018
1   2   3   4   5

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз



6) Бақылау сұрақтары:

1. Өмір философиясының мәні.

2. Қазіргі заман философиясының ерекшелігі

3. Экзистенциализмнің негізгі мәселесінің тақырыбы.

4. Герменевтика мен футурологияның басты мәселелері.

5. Қазіргі кезеңдегі мәдениеттің, философияның, ғылымның даму деңгейлері.



1) Тақырып №4. Философияның негізгі мәселелері.

2)Мақсаты: Болмыс категориясын, оның мағынасы мен ерекшелігінің мәнін қалыптастыру.

3) Дәріс тезистері: Онтология түсінігі. Философия тарихындағы болмыс проблемасы. Болмыс түсінігі. Болмыстың философиялық түсінігі: болмыс әлемнің жалпы және бөлек заттардағы өмір сүруі; болмыс әлем бірлігінің алғышарты ретінде; болмыс жиынтықтық, бүтін нақтылық ретінде.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады. «Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.

Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті. Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.

Болмыс – жаратылыстану мен адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған. Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.

Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.

Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз дүние», «жалған дүние» деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.

Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.

Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді.

1)табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.

Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі. 2)бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.

3)бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста. 4) бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері – деп бағалаған бейсаналық та орын тепкен. Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.

Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.

Платон материяны болмыстың төмендегі сатысы деген. Ол идеяны жүзеге асырудағы құрылыс материалдары іспеттес. Орта ғасырлар философиясы бойынша материалды әлем жаратушының белгілі бір тәртібіне бағынышта. Табиғат – әлемнің төменгі деңгейі. Онда жан да, еркіндік те жоқ. Жеке нәрселердің пайда болуы, жаралуы құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл – ойындағы идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады.

Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді. XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында жаратылыстануда ірі жетістіктерге қол жеткізілді. XIX ғасырдың ортасында адам мен басқа тірі табиғаттың бірлігін түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болды, 1986 ж. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Радий элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік (А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн қозғалыстың, уақыт пен кеңістіктің байланысын көрсететін жалпы салыстырмалық теорияны ұсынды.

Ғылымның осындай ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеңи түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И.Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізде бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория».

Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде.

Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

Ф.Энгельстің қозғалыс туралы ілімі XIX ғасырда қалыптасты, сондықтан ол XX ғасырда пайда болған жаңа құбылыстарды түсіндіре алмайды. Қазіргі ғылым қозғалыстың жаңа түрлерін анықтап, зерттей бастады. Мәселен, қозғалыстың геологиялық, географиялық, космологиялық түрі зерттелуде. Ғылымның соңғы табыстарына сүйене отырып, қозғалыстың жаңа жүйесін ұсынуға болады, мысалы:

- ядро әлемі, материяның ядролық қозғалысы;

-электромагнетизм әлемі, ол зарядталған бөлшектердің атом ішіндегі, молекулалық процестерін көрсетеді; тартылу әлемі (плазма, планеталық зат);

-бұл материя қозғалысының гравитациялық түрі; өмір әлемі – биогенетикалық, популяциялық өзгерістерді білдіреді. Адам қоғамының әлемі –материалдық пен руханилықтың тығыз байланысы, адам іс - әрекетінің және оның қатынастарының жүйесі. Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс - әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт – тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті, жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол оның бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады.Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл – адамның іс - әрекетінің бүкіл дүниежүзілік тарихы.

Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.

Алғашында бұл ешқандай сыртқы араласуды қажет етпеген білім мен технологиялық әдістердің жетпестігін жоқтатпаған табиғи әдістер еді. Алғашқы адам күннің шығуымен батуын жіті бағдарлап күнелтуге тиіс болды.

Мысалы, табиғат құбылыстарын өте терең түсінген көшпенді халық уақыт өлшемдерін де дәл тауып, дөп басып, анықтаған. Мерзім, мезет, сәске, таң, кеш, намазшам, ақшам, түн атаулары осыған меңзейді. Көшпенді халықтың дәстүрлі кәсібінен де уақыт өлшемдері туындап отырған: бие сауым, сүт пісірім, ет салым т.б.Кеңістік – заттар мен құбылыстардың бір – бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан. Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелеінеді. Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйенің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінде уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалдары кездеседі. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

Материяның уақыт пен кеңістікте байланысын түсіндіруде бір – біріне қарама – қарсы екі ұстаным қалыптасқан.

Біріншісі субстанциалды (Демокрит, Эпикур) – уақыт пен кеңістікті материядан жеке реалдылық деп есептеген.

Екіншісі – реляциялық (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материямен байланыста қарастырған. Реляциялық ұстанымды А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы айқын дәлелдеп отыр.

Уақыт бірін бірі ауыстырып отыратын құбылыстардың кезектесуі, әрбір материалдық процесс – бір бағытта өткен болашаққа қарай дамиды. Қозғалыс уақыттың мәні, бірақ уақытты кеңістіктен бөліп алып қарауға болмайды.

4)Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Болмыс және бейболмыс проблемеларына не қатысты болады?

2. Адам өмір сүруінің дихоматиясының мәні неде?

3. Адам болмысының зкзистенциясының мәні неде?

4. Әмбебап философиясының мәні неде?

1) Тақырып №5. Әлеуметтік философия.

2) Мақсаты: Әлеуметтік философияның мәнін түсіндіру.

3)Дәріс тезистері: Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделенуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Әлеуметтік модернизм.Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан – ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.

Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу – негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан – жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.

Әлеуметтік философия дегеніміз – қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.

Әлеуметтік философия мен социология бірін – бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен, қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі көріністерге өте бай. Оның терең қабаттарына бойлай отырып, заңдылықтарын анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл – ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс – бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт қажет. «Өмірдегі ең дана нәрсе - уақыт» - деген қазақ халқы түйіндеген пікір кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат – қабат болмысы айқын дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары XIX – XX ғасырлардың алып ойшылдары Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған. Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталады.Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан, тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс - әрекеттің иесі – пенде. Оны іс - әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді. Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір – бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми – техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар.

Әлеуметтік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды белсенді іс - әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді.

Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта жасайды.

Маркстың ілімі бойынша, қоғамдық өмір – практикалық өмір. Өйткені, адамдардың тіршілігінің кез келген саласы нақты қимыл - әрекеттерден тұрады.

Қоғамдық практиканың бастапқы түрі – материалдық өндірістік іс - әрекет. Бұл іс - әрекет әлі де басқа практикалық іс - әрекеттердің негізі болып келеді. Бірақ, оның мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Байырғы еңбек құралдарын жетілдіре, дамыта отырып, соған сүйене отырып, адам өз талабына сай жасанды ортаны дүниеге келтірді, оны өзінің эстетикалық, этикалық талғамдарына сәйкес етіп ұйымдастырды. Материалдық құндылықтарды өндіруші ретінде адамның өзі де өсіп, нығайып отырды, оның кәсіптік шеберлігі артып, жалпы білімдік деңгейіне қойылатын талаптар да кеңейе түсті, жалпы мәдениет өрісі кеңи бастады. Материалдық өндірістік қатынастарды нығайту, ұлғайту процесінде әлеуметтік практика қалыптасып, дамыды.

Қоғам идеясы адамның өзіне о бастан – ақ орын тепкен. Өйткені, ол – қоғамдық жан. Егер адамның мәнін түсінсең, қоғамның мәні де айқын болады. адам тарихының алғашқы шарттары тірі пенделердің тіршілік етуі деп – К.Марск пен Ф.Энгельс бекер айтпаса керек.

Қоғамдық дамудың заңдары – табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана – сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих көшінен өтіп отырады немесе ығысады.

Қандай заңдылықтардың қай уақытта қалыптасатыны әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Кезінде құл иеленушілерге, сонан кейін феодалдарға өз ыңғайына сай келетін қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мүмкіндігі болмады. Өзі пісіп – жеткен жағдайда кез келген қоғамдық қатынастар өзінен - өзі ығысып, басқа қоғамдық қарым – қатынастарға орын беріп отырады. Бұл – тарихтың бұлжымас заңдылығы. Табиғат пен қоғамдық қатынастардың заңдылықтарында бір ұқсастық бар. Бұл - өте маңызды іргелі ұқсастық. Өйткені, олардың заңдылықтары адамнан, оның іс - әрекетінен, еркінен тыс өмір сүреді. Мысалы, өз еркімізге сүйеніп, зат пен денелердің еркін түсуі немесе Архимед заңын алып тастай алмаймыз, сол сияқты біз қоғамның дамуындағы материалдық қатынастардың шешуші ролі туралы, құн туралы заңды өзіміз біліп алып, сонан соң жойып жібере алмаймыз.

Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізін құрайды. Бірақ, табиғат пен қоғамдық дамудың заңдылықтарының өте маңызды бір айырмашылығы бар: ол – олардың іске асу механизмінде көрініс табады. Табиғат заңдары адамның іс - әрекетінен тыс іске асырыла береді. Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар. Өйткені, біз жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамдық дамудың заңдары тек қана адамның іс - әрекеті арқылы іске асады.

Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым – қатынастар болмаса, ешқандай да социологиялық заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен социологияның заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс қоғам дамуы табиғи – тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объективті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйткені, ол – адамдардың іс - әрекетінің жемісі.

Социологиялық заңдардың ерекшелігін қарастыру мәселесі біздерді олан әрі тереңдей түсуге мәжбүр етеді. Басқа сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағдайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.



Тарихтың объективті және субъектвті факторлары – қоғамдық дамудың екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты иен ауқымын көрсететін шарттар объективті фактор болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, материалдық, саяси қажеттіліктері осы шарттарға жатады. Субъективтік факторға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс – әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс – қимылға бейімделігі жатады. Объективті факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективті фактордың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективті факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда шешуші роль атқара алады. Өзінің бағыты бойынша субъективті фактор прогрессивтік, консервативтік немесе реакциялық болуы мүмкін. Объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың өзара қарым – қатынасы, тарихты адамдардың өздері жасайтындығын айқын көрсетеді, бірақ қалай болса солай өз еркіне сүйеніп емес, керісінше, тарихи дамудың объективті заңдылығына иек артып отырады. Субъективті фактордың құрамында ұйымдастыру және идеологиялық элементтері болады. Адамдар өз іс - әрекеттерін терең және жан – жақты ұйымдастырған сайын, олар өз алдарына қойған мақсаттарын айқын түсіне алады. Мұның өзі оларға қажетті практикалық іс - әрекеттерді дәл тауып, дұрыс пайдалануына жол ашады. Еркіндік дегеніміз – қажеттілікті жан – жақты тану. Тарихи процестің осы маңызды екі жағын әруақытта еске алып дұрыс түсіндіру оңай емес. Сондықтан да біржақтылыққа ұрынып отыру жиі кездесіп отырады. Сондай біржақтылықтың бір көрініс – волюнтаризм болып табылады. Волюнтаризм – ақиқат атаулының бастапқы негізін ерік деп танитын, қоғамдық дамудағы объективті заңдарды мүлдем жоққа шығаратын субъективті идеалистік бағыт. Адамның еркін абсолютке айналдырып, оның іс - әрекетінің объектвиті заңдылықтырға тәуелдігін жоққа шығарады. Революциялық қозғалыстар тарихындағы Ресейдегі халықшылдар, эсерлер, қазіргі уақытта батыстағы кейбір анархистер волюнтаристерге жатады. Біздің еліміздің тарихында волюнтаризм элементтері көп болғанын мойындауымыз қажет. Волюнтаристік қимылдардың айқын көріністері Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романында бейнеленген. Тарихқа волюнтаристік көзқарастардың терең тамырларын антикалық, орта ғасырлық дәуірлерден көруге болады. Волюнтаризм қазір де жан – жақты дамып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысында позитивизмнің ықпалы нәтижесінде тарихтың объективті заңдылықтарын теріске шығаратын бірқатар мектептер қалыптасты. Германияда бұл В.Виндельбанд, Г.Риккерт, М.Вебер; Англияда- Б.Рассел, С.Федерн, А.Тойнби; Америкада – Д.Дьюи, Э.Богардус, Г.Беккер – Чейз. Мысалы: Арнольд Тойнби тарихи заңдар – осы уақытқа дейін дәлелденіп келген болжамдар деп пайымдайды. Тойнби Юмның себеп – салдарлық қатынастардың объективті табиғатын теріске шығаратын теориясын қайталайды. Тарихи заңдылықтарды мүлдем мойындамайтын ойшылдар өте сирек. Олардың көбісі тарихтың өткен жолындағы бұрынғы тәжірибелеріне көбірек көңіл бөліп, оларды болашақта түсіндіруге пайдалануға көңіл бөледі. Тарихи заңдылықты теріске шығару, тарихтағы аналогияны мойындаумен алмастыралады. Волюнтаризмге қарама – қарсы теория фатализм – деп аталады. Фатализм – адам іс - әрекетінің еркіндігін жоққа шығарады, дүниеде болатын барлық процестер бостандыққа, шығармашылыққа орын қалдырмайтын қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылады. Теологиялық фатализм – тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің құдайдың құдіретімен анықталатынын негізге алады. Фатализм - өте көп дамыған құбылыс, оны философия тарихынан, әдебиеттен жиі кездестіруге болады. Мысалы, атақты ойшыл – жазушы Л.Н.Толстой фаталистік нанымдарды уағыздаған.

Тарихнамада және әлеуметтік философияда, тарихтағы кездейсоқтықты рөлі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс, XVIII ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарады, ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты кездейсоқтықтың ойыны – деп қарастырды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық тарихи қажеттілікте өмір сұріп отырады. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің формасы болып табылады. В.Г.Белинский шығармаларында мынандай мысал бар. Теңізге шығу Россияның одан әрі дамуы қажеттілігінен тікелей туындаған. Ал I – Петрдің Балтық теңізінің Нева өзенінің бас жағына шығуы кездейсоқтық болып табылады. Егер ол Балтық теңізінің басқа жағынан шыға алса, онда басқа қала салынуы мүлдем ықтимал еді. Әлеуметтік философия көп уақытқа дейін социумның негізгі элементін анықтау мәселесімен жан – жақты айналысып, әртүрлі пікірлерді салыстырумен болды. Мысалы, социумның негізгі элементі, индивид немесе отбасы деп қарастырылды. Бірақ жеке алынған индивид те, отбасы да әлеуметтік құбылыс бола алмайды. XIX ғасырдың ортасында және XX ғасырда ақиқатқа жақын екі бағыт қалыптасты. Ол Карл Маркс және Питирим Сорокин мектептері еді. Оның бірнішісі қоғамдық байланыс пен соның нәтижесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Кейбір айырмашылықтарына назар аудармай – ақ, тоқ етеріне тоқталсақ, Питирим Сорокин да осындай пікірге келеді. «Индивид тек физикалық, биологиялық немесе психологиялық феномен, ал әлеуметтік қасиет адамның маңызды қарым – қатынасын қажет етеді» - деп жазады Питирим Сорокин. Екі ғалымның ізденістері бір ғана ойды дәлелдейді. Қоғамның негізгі бөлігі, өзегі қоғамдық байланыстар, қарым – қатынастар. Адам өзі қалыптасып, тарихи дамудың негізгі субъектісіне айнала бастағаннан бері көпжақты және көпмәнді қарым – қатынастарға түсе бастады. Адамдардың кез – келген өзара қарым – қатынасы қоғамдық мәнге ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасқан қатынастар. Адам өз өмірінде көптеген жүйелік қатынастарды басынан кешіріп отыратын болғандықтан, ол әмбебап субъект болып табылады. Адамның іс - әрекеті оның қоғамдық қарым – қатынастарының негізі. Барлық қарым – қатынастарды үлкен екі топқа бөлуге болады: материалдық және рухани қарым – қатынастар. Материалдық қарым – қатынастар сияқты рухани қатынастар да объективті. Объективтілік дегеніміз – заттық түрде өмір сүру ғана емес, мәселен көптеген материалдық қарым – қатынастарда заттық белгі жоқ. Объективтілік кез келген зат, құбылыс адам санасында бейнелене отырып, одан тыс өмір сүретіндігін білдіреді. Сондықтан да әр дәуірге лайық өмір сүретін рухани қарым – қатынастар біздің сана сезіміміз үшін объективтілік болып табылады, өйткені олар бізден, біздің қоғамдық санамыздан тыс өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың негізі – қоғамдық сана және оның жүйелік құрылымы, одан қоғамда моральдік, саяси құқықтық, көркем өнер, философиялық, діни қарым – қатынастар туындайды. Саяси қарым – қатынастар саяси іс - әрекеттің субъектісі таптың, ұлттық қозғалыстардың, партияның, мемлекеттің көзқарастары мен идеяларын бейнелейді, сондықтан олар рухани қарым – қатынас болып табылады, сонымен бірге олар саяси практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасып отырады. Сөйтіп, бір қарым – қатынастың өзі екі түрде көрінеді рухани әрі материалдық.

Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас жалпы қоғамдық қарым – қатынастардан өзгеше. Ол – жеке адамдардың өздерінің арасында қалыптасатын қатынастар. Олар этикалық өлшемдерге негізделеді, өйткені адам өзінің жеке өмірі қарым – қатынастарын адамгершілік талаптарына сүйеніп, құрады. Өзіне көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Өйткені, тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани – мәдени деңгейлері маңызды роль атқарады. Қоғам деңгейінде бір – бірімен әрекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Мысалы, П.Сорокин осы белгілеріне сүйеніп, қоғамда төмендегідей адам аралық қарым – қатынастар болады деп пайымдаған: а) екі пенде арасында (ері мен әйелі, оқытушы мен оқушы, екі дос); б) үш пенденің арасында (әке, шеше және бала; ері, әйелі және ашына); бес және одан да көп кісілер арасында (әртіспен немесе шешенмен оның тыңдаушылары арасында; көппен көптің арасында (мысалы, ұйымдаспаған топтың арасындағы).

Халықтың екі тобында – жастар мен зейнеткерлер арасындағы қалыптасатын қарым – қатынастар аса үлкен роль атқарады. Зейнеткерлер - әлеуметтік дамудың барлық сатысын басынан өткеріп, оның ыстығы мен суығын жеке өмірінде көрген, тәжірибесі мол, азаматтық дүниетанымы берік адамдар, ал жасөспірімдер мен жастар әлі пісіп – жетілмеген, буыны қатпаған, әлеуметтік тәжірибесі әлі қалыптаспаған топ. Жастардың зейнеткерлерден артықшылығы – олардың жастық энтузиазмы, қайраты, күші және болашаққа деген сенімі, өмірден күтетін дәмесі мен оларды алға жетелейтін үміті.

Осы екі үлкен топты біріктіретін маңызды фактор – олардың қоғамдағы әлеуметтік топтар мен таптар қарым – қатынасынан тысқары, алшақ өмір сүру жағдайы. Жастар әлі қоғамның негізгі әлеуметтік өміріне белсене араласа қоймаған, ал қариялар қоғамдық өмір қатынастарынан ығыстырылу жағдайында тіршілік етеді. Сондықтан, осы екі топта жеке адам аралық қатынас кеңінен орын алады. Түптеп келгенде, қоғамдық қатынастардан адамаралық қатынастарды бөлектеу салыстырмалы сипатта болады. Өйткені, кез – келген, адамаралық қатынас қоғамдық қатынас болып табылады.

Қоғамның материалдық, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар руханилық та аса маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық – адам жетістігінің биік шыңы болып табылады.

Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.

Рухани өмірді зерттеуге Сократ, Платон, Гегель, З.Фрейд, А.Камю, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.

Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің «Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігінде» табиғи материалдық бастамалардан өзгеше затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, «затсыз, идеалды бастама» деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс - әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзіне сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт – кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бірітіп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.

Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана іске асады. «Ақыл – ой дегеніміз – рух» деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар, одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан – жақты, сан алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.

Идеалды, затсыз бастама дегеніміз – сол байланыстар әлемінің адам санасында бейнеленуі.

Бейнелеудің өзі әртүрлі деңгейде, әр түрлі формада болады.

Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.

Адам материалдық игіліктерді ғана тұтынып қоймайды, егер ол өз болмысын тек заттар өндіру мен тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз болар еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызықты, жан – жақты етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа сапасына жетелейді. Таптырмайтын керемет рухани дүниелері арқылы адамдар мәңгілікке қол созады. Егер материалдық игіліктер уақыт өткен сайын өз маңызын жойып, тозып, модадан шығып қалса, ал рухани қазына ғасырдан ғасырға жетіп, жаңа ұрпақтарды таңдандырады, сүйсіндіреді, рахатқа, ләззатқа бөлейді.

Леонардо да Винчидің «Джоконда» атты суретінің салынғанына бірнеше ғасыр өтсе де жаңа ұрпақ оған таң тамаша қалудан танбайды. Руханилық күрделі құрылымы бар әлеуметтік – мәдени құбылыс. Қазақ тілінде бұл мәселеге жан – жақты талдау жасаған С.Е.Нұрмұратов. Ол руханилықты адамның субстанциалдық өзегі ретінде көрсете отырып,оның білімділік, имандылық, моральдық, эстетикалық, философиялық, психологиялық, өнерлік, шығармашылық негіздерін түсіндірген.

Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.

Рухани өндіріс қоғамдық сананы, қоғамдық пікірді тудырады. Оның негізін қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе кері мағынасы бар әртүрлі құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.

С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар немее жоғарғы (абсолютті) құндылықтар және құрал – құндылықтар (инструментальді) құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар, оң және теріс сипаттағы (жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі салыстырмалы түрде екені белігілі, өйткені олардың бәрі адам өмрінің біртұтас әлемін құрайды» деп жазды.

Әлеуметтік жіктелу Конституциясында барлық адамдардың теңдігі жазылған демократиялық қоғамдар да орын алған. Жіктелу отбасында, шіркеуде де, тіпті кез келген әлеуметтік топ та болуы мүмкін.

Қоғамның жікке бөлінуі табиғи және заңды құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтік біркелкілікті орнатуға бағытталған коммунистік идея ешуақытта тәжірибеде орындалмас еді.

П.Сорокин кез келген тарихи дәуірде жіктелу күштері мен қоғамдағы топтарды бір – бірімен жақындастыруға тырысқан күштердің арасында әрдайым күрес жүріп отырады деп пайымдаған. Бірінші күш – ұдайы және тұрақты жұмыс істейді, ал екіншілері - өз жұмысын келеңсіз, тіпті кейде бір сезімге берілумен жүргізеді. Мысалы, кеңес өкіметі кезінде қоғамдық меншіктік қалыптастыру жолдары белгілі бір күш қолдану арқылы іске асырылды, не болмаса селоны қаланың деңгейіне көтеру үшін адамдардың дәстүрлі өмір сүру салтының жекелеген элементтерін жою т.б.

Әлеуметтік стратификация – қоғамдағы халықтың табиғи, қалыпты жіктерге (топтарға) бөлінуі. Әртүрлі топтар арасында құқық пен артықшылықтар (привилегии), міндеттер мен жауапкершіліктер әртүрлі бағытта, сарында бөлініп отырады. Л.Сорокиннің ілімінің үлкен танымдық мүмкіндігі бар, өйткені ол қоғамды оның ішкі әртүрлігі мен көпжақтылығы тұрғысынан қарастырады. Бұл идеяның методологиялық маңызы өте жоғары, өйткені, ол қоғамды қоғамдық еңбектің дамуымен, оның көпжақты көріністерін бейнелейтін күрделі біртұтастық ретінде түсінуге жол ашады.

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласын зерттеуде маркстік көзқарас та маңызды роль атқарады. Әлеуметтік саланың объективті негізі қоғамның материалдық өмірі болып табылады.

А.Айталиев «Ұлттану» тақырыбындағы көрнекті еңбегінде адамдар өздерінің жүріп өткен тарихи жолында басынан кешірген алғашқы топтар төңірегіндегі бірқатар терминдерді анықтап көрсетеді. Ол өз талдауын «нәсіл», «нәсілдік топ» ұғымын саралаудан бастаған.

Адамдардың антропологиялық жалпы белгілері бойынша топтасқан бірлестігі – нәсіл деп аталады. Нәсіл – шығу тегіне және әртүрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне байланысты бірлескен – адамдар тобы.

Ру – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында туыстық байланыстармен топтасқан адамдар бірлестігігінің түрі. Рудың экономикалық негізі жерге деген қоғамдық меншіктік қатынас.

Алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды қауымдастың түрі – тайпа болды. Ол – белгілі бір территорияда тұратын, ортақ тілі, діні, әдет – ғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтың одағы. Тайпаның ыдырауына мүліктің оқшаулану мен ақсүйектердің жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы себеп болды. Рулық қатынастардың товарлық қатынастармен алмасуына байланысты тайпалар халықтарға біріге бастады.

Әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Менталитет – қазақша, «діл» деген ұғыммен барабар. Менталитет дегеніміз – ұлттың «қоршаған әлемді белгілі бір кейіппен, қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну және іс - әрекеттер жасау мақсатында қордаланған табиғи – тарихи дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі» деп жазды С.Е.Нұрмұратов.

А.Айталиев философия және саяси ойлар тарихында этнос болмысын белгілі бір бастаулармен байланыстыру орын алғандығын атап көрсетеді. Оған биологиялық, географиялық, діни, экологиялық, мәдени, тіл, таптық тағы басқалар жатады. Осы сипаттағы барлық теориялардың жинақтап, сұрыптап, саяси - әлеуметтік және табиғи – биологиялық тұжырымдамалар деп екіге бөле отырып, ғалым Л.И.Гумилевтің пассионарлық теориясын ерекше атап өтеді.

Гумилев ұлттың пайда болып, қалыптасуында атмосфера, гидросфера, биосфера маңызды роль атқарғандығына ерекше назар аударған.

«Этностардың бір – бірінен айырмашылығы олардың қоршаған табиғи – территориялық ортаға бейімделуіне байланысты. Әр ландшафт өз этносын өмірге әкеледі. Ал өз ландшанфтынан айрылған этнос (жер аударғанда, көп ұлттың қалаға көшкенде, тағы басқа жағдайларда) басқа бір этносқа жанды қауымдастыққа айнала бастайды.

Мұндай жағдайда қоғамдағы жарастық, үйлесімдік, бір ұлттың екінші ұлтқа төзімділікпен, түсіністікпен қарауы, өзара сыйластықпен қатынас жасауы қоғамдық әл –ахуалдың оңдылығын, өркениетті даму жолында екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда әртүрлі этникалық топ адамдары арасында өзара түсіністік кеңістігін орнатып, әлеуметтік және экономикалық қайта құруды ілгері апару үшін әркімнің бойында жеке азаматтық сезім мен адамгершілік жауапкершілікті қалыптастыруда патриоттық және интернационалдық тәрбиенің маңызы зор.

Патриотизм дегеніміз - өз елін, өз отанын, өз аймағын сүю, сыйлау ғой. Ол ашық қоғам, нарық, демократия сияқты құндылықтарға қайшы келмейді. Керісінше, ол демократиялық дамуды мақсат еткен қоғамның ең жоғарғы құндылығы болып табылады.

Өйткені өз ұлтын, өз елін, өз Отанын қадірлей бағалай білетін адам ғана басқа ұлттар өкілдеріне шынайы адамгершілік, сыйлау тұрғысынан қарай алады.

Әрбір ұлттың тарихына, дәстүріне, өмір сүру салтына, мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына үлкен сыйластықпен қарап, оны аялау интернационализмге жетелейді.

Интернационализм әлеуметтік реалдылықта бүкіл әлемнің, табиғаттың объективті біртұтастығын айқындайды. Интернационализм термині «халықаралық» деген мағынаның синомимі ретінде бүгінгі таңдағы журналистік, дипломатиялық лексикада жиі қолданылуда. Ол жалпы Жер планетасында интернациялану процесінің ауқымды бола түсуін меңзейді.

Маргиналдар – белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік табына, тобына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Маргиналдар мәдениет аралық өзара байланыстың нәтижесінен туындаған. «Бұл құбылыспен адамдардың шынайы өзіндік ұлттығынан айрылған және басқа этностың мәдениетіне бойлап ене алмай, екі ортадағы шекаралық жағдайда өмір кешіп жатқан азаматтардың сана сезімін, дүниетанымын өмір салтын атаған», - деп жазды С.Е.Нұрмуратов.

«Маргинал» (кейінгі латын тілінде – шетте тұрған, «шекарада орналасқан»дегенді, ал француз тілінде – «қосымша», «жанама», бір нәрсенің шетінде жазылған дегенді білдіреді).

Бұл терминді Р.Парк 1928 жылы жарияланған «Адамдар миграциясы және маргинал адам» деген еңбегінде алғаш рет қолданған.

XX ғасырдың 20 – шы жылдары Р.Парк Азияда Гавай аралдарына және Оңтүстік Африкаға саяхат жасайды. Қазақстандық мәдениеттанушы ғалым А.Құлсариева Гавай аралдарында, бір жағынан Америкадан, Еуропадан және Азиядан жеткен ұлттық мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндердің, ал екінші жағынан, жергілікті полинезиялық мәдениеттің дамуы, әрі солардың өзара араласуы нәтижесінде бұдан (гибрид) мәдениет қалыптасқандығын айтады. Яғни Батыс және Шығыс мәдени дәстүрлері өзара ұшырасып, жаңа мәдени тип қалыптастырды.

Гавай аралығындағы осындай өзгерістерден алған әсерінен Р.Э.Парк жаңа өркениетті дамытатын, өрістетін жана типті тұлғалар да болуы қажет деген қорытынды жасап, осы жаңа тұлғаларды «маргиналдар» деп атады. Оның пікірінше, «маргинал адам» - екі түрлі, бір – бірімен жиі қақтығысатын мәдениеттер шекарасында орналасқан индивид. Ол қандайда бір әлеуметтік топтардың ортасында аралық шекаралық жағдайда орналасқан, өзінің бұрынғы әлеуметтік байланыстарын жоғалтып, өмірдің жаңа талаптарына бейімделген адам.

Маргинал адам - екі түрлі халықтардың мәдени өмірі мен дәстүрлерінде өмір сүруші, әрі оларға саналы түрде қатысушы адам. Ол ешқандай өз өткенінен және дәстүрлерінен қашып кете алмайды да және ешқашан өзінің жаңа орнын таппақ болып жатқан бөтен қоғамда толығымен қабылданбайды да.

Тұрғын халық – қоғам дамуының аса қажетті табиғи жағдайы. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін халықсыз табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгерілеп даму да мүмкін емес, тіпті өндіріс те болмайды. Өйткені кез келген өндіріс белгілі бір мөлшерде адамдар санын қажет етеді.

Халықтың жынысты, этникалық құрылымы, туу, өсу, қоныс аудару процесінің барысы туралы мәселелерді демография ғылымы зерттейді. Демография - әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық мәселелерге көңіл аудара отырып, миграция, табыс көзі мен еңбек русурстарын бөлумен де айналысады.

Демография жас, жыныс, отбасылық белгілеріне сүйене отырып, халықтың жастық, жыныстық динамикасын да анықтайды.

Осы белгілер тұрғысынан халықтың құрылымының екі қыры бар: біріншісі, белгілі бір аймақтағы әйелдер мен ер адамдардың, екіншісі, әр түрлі жастағы адамдардың қарым – қатынасы.

Этностық және демографиялық факторлармен қатар қоғамда арнайы қоныстану жүйесі бар. Тұрғылықты жер, қоныстануды әлеуметтік жүйеге енгізіп, оны арнайы қарастырған С.Э.Крапивенский.

«Қоныстану құрылымы – қоғамды ұйымдастырудың кеңістіктегі түрі. Бұл ұғым адамдардың өзі тіршілік етіп отырған территорияға қарым – қатынасын білдіреді» - деп жазады С.Э.Крапивенский. Адамдар негізінен қала мен ауылда немесе селода өмір сүреді.

Қала мәдениет ошағы, онда кинозалдар, театр, музейлер, кітапханалар шоғырланған. Тіпті қаланың өзінің пайда болуы да аса маңызды мәдени – рухани шығармашылық болып табылады. Өйткені, қаланы әдемі, ыңғайлы ететін адамдардың көркемдік ойының мүмкіндігі, өзінің кеңістікті, кескінді, мөлшерді игерудегі бар өнерін қала құрылысына жұмсайды.

Қала халқының рухани деңгейі мен белсенділігі жоғары, өйткені қала тұрғындары кәсіптік іс - әрекетпен белгілі уақытта, белгіленген мөлшерде айналысады. Оның жұмыстан бос уақыты мол, өзін - өзі дамытуға мүмкіндігі бар. Бос уақытында өзі ұнатқан ісімен айналыса алады, кітап оқиды, білімін тереңдете алады.

Ауыл немесе селоның өзіндік ерекшеліктері бар. Ауыл адамдары ашық – жарқын, қонақ – жайлы, еңбекқор. Ауыл тіршілігі адамдардан үлкен табандылықты, жігерді қажет етеді. Күні – түні еңбек етуге тура келеді.

Ауыл адамдары білім, өнер көздерінен тікелей нәр ала алмайды. Сондықтан олардың рухани деңгейі жалпы қалаға қарағанда төмен болуы мүмкін. Бірақ мұны біржақты түсінуге болмайды. Ауыл өмірінің жанға жайлы қарапайым ритмі адамдарға жақсы әсер етеді.

XX ғасырда қала мен ауыл айырмашылығы бірте – бірте жойыла бастады. Бұл процесс қала типтес поселкалардың пайда болуымен кең өріс алды. Қала мен село тұрғындары бірыңғай технологиялық әдіс арқылы өндірісті игере бастады.

Жалпы қалалық өмір деңгейінің өріс алуы – урбанизация деп аталынады.

Қазақстанда адамдардың қалада шоғырлануы өсе түсуде. Мысалы, Алматыда 1939 жылы 220 мың халық тұрса, бұл күндері ол 1,5 млн. тұрғыны бар үлкен қалаға айналып отыр. Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шымкент қалаларының тұрғындары 2 – 3 есе өсті.

Адам қалада тұрсын немесе ауылда күнелтсін, бәрібір ол белгілі бір топтың немесе таптың өкілі.

Қоғамның нарықтық қатынастарға бет тұра бастауы әлеуметтік кесел – жұмыссыздықты тудырды. Экономикалық жағынан тиімсіз кәсіпорындардың жабылып қалуы жұмыссыздардың санын көбейте түсті. Бірақ адамдар қарап отырған жоқ. Сауда – саттық жасап, қажет жерінде өзінің еңбегін сатып күн көріс жағдайын жасауда. Ауылды жерлерде тұратын азаматтар өзінің жекеменшік шаруашылығына еңбек етіп, малын бағып, өзін - өзі асырап отыр.

Қоғам өміріндегі қазіргі қиындықтарға қарамастан Қазақстан да өркениетті ел. Оның кәсіпкер мамандары, ғылымы, мәдениеті, бай шикізат қоры, көптеген елдермен жан – жақты байланысы бар. Сондықтан Қазақстанда да орта тап қалыптасуына жағдай жасалынатынына сенуге болады.

Қоғамның әлеуметтік жүйесінде білім беру, білім алу да маңызды роль атқарады. Білім – қазіргі өрлеудің, тұрақты дамудың негізі. Білім жүйесінің әлеуметтік функциясы терең және қомақты. Өйткені ол - әлеуметтік ауысулардың негізгі құралы. Жоғары білім алған жұмысшы интеллигенция қатарына, ал менеджерлік дайындықтан өткен инженер басқарушылар тобына өтеді. Сонымен қатар, білім - әлеуметтік құрылымның нақты түрлерінің қайтадан пайда болуының негізгі шарты. Арнайы дайындықсыз, білімсіз дәрігердің, педагогтың, инженердің орнын басуға болмайды. Білім арқылы адамдар белгілі бір әлеуметтендіру процесінен өтеді, белгілі әлеуметтік рөлді орындауға мүмкіндік беретін дағдылар мен бейімделулерді үйренуге болады.

Қоғамның материалдық, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар руханилық та аса маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық – адам жетістігінің биік шыңы болып табылады.

Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.

С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар немее жоғарғы (абсолютті) құндылықтар және құрал – құндылықтар (инструментальді) құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар, оң және теріс сипаттағы (жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі салыстырмалы түрде екені белігілі, өйткені олардың бәрі адам өмрінің біртұтас әлемін құрайды» деп жазды.

Қоғамдық сана қоғам заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен де тығыз байланысты.

Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Қарапайым сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты.

Қоғамдық сананың түрлері бір уақытта пайда болмаған. Олар қоғамдық болмыстың күрделеніп, сонымен қатар, адамның танымдық мүмкіндіктерінің жетіле, кеңейе түсуімен байланысты қалыптасып отырған.

Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы – моральдық сана. Моральдық сана қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін, әлеуметтік ұжым болуы мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылыста эстетикалық, сонан соң діни сана пайда болған. Саяси сана таптық қоғамның дамуының жемісі, ал құқықтық сана таптық қоғам дамып, күрделеніп, ондағы жіктеулер нығая түскен кезде қалыптасқан.

Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы екі топқа бөлуге болады: біріншіден, әлемді игерудің рухани практикалық формалары, екіншіден, рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды, саясатты, құқықты, екіншісіне эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады.

Қоғамдық сана қоғамдық болмысты ақиқатты бейнелей отырып, адамдардың пратикалық іс - әрекетіне тірек, бастау болады. Соның нәтижесінде нақты саяси ілімдердің, іс - әрекеттердің бағдарламасы мен адамгершілік, саяси мұраттар қалыптасады.

Қоғамдық сана – қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның функцияларында көрініс береді.

Қоғамдық сана танымдық – ақпараттық рөл атқарады. Оның негізінде қоғамдық сананың қоғамдық болмыс мүмкіндігі жатыр. Осы білімге сүйене отырып, қоғам туралы жан – жақты түсініктер алуға болады.

Қоғамдық сана коммуникативті – құндылық міндетін де атқарады. Сананың өрісі психикалық өмірдегі тек қана саналы істермен ғана шектелмейді, оның құрамында санасыздық та, немесе бейсаналық та орын алып отырады.

4)Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет