Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11596
  1   2   3   4   5   6   7



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы



044 -50/18 К

65 беттің -беті



«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

пӘні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 4. Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру

(жалпы сағат саны:12сағ;тәжірибе-8сағ)

ШЫМКЕНТ 2014ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерлік және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтенше жағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру (сағат саны:12сағ -540 мин; тәжірибе 8сағ-360мин)

1 Сабақ: ТЖ ошағындағы апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдары



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина(АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жітімеңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, бақылаутапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.АҚ және ТЖ медицина қызметі басты міндеттері.

2.АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері болып табылатындар.

3.АҚ және ТЖ медицина қызметі.

4. Күнделікті дайындығы.

5. Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кезде.

6. АҚ – ны соғыс жағдайына көшірген кезде.

7. Көшіру туралы тапсырма алысымен жасалынатын іс-шара.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10. Ақпараттық материалмен жұмыс
Дүние жүзіндегі әртүрлі табиғи апаттардан, әскери қақтығыстардан, террористік актілерден жіне т.б. төтенше оқиғалардан өндірісте, тұрмыс жағдайында мыңдаған адам қаза табады (Ю.Г.Шапошников 1981, Л.И.Фефилова 2005, Л.И.Колб 2008). Апат ошағында аман қалғандар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, ал алғашқы медициналық көмектің дер кезінде және дұрыс көрсетілмеуінен, түрғындардың төтенше жағдайларда өздерін үстай білмеу салдарынан қаза болғандардың саны арта түседі.

Апаттар санитарлық жоғалтулардың, зардап шегушілердің кенеттен бір мезгілде пайда болуымен ерекшеленеді. Өте көп зардап шегушілер мен қаза болғандар бейбіт уақытта жер сілкінісі кезінде орын алатыны белгілі. Статистика бойынша қуатты жер сілкінісінде зардап шегушілердің 30% зілзаладан кейін қазаға ұшырайды. Сонымен қатар зардап шегушілердің саны теміржол, су, әуе апаттарында және химиялық өндірістегі апаттарда басым болады (Ю.Г.Шапошников 1981, Л.И.Фефилова 2005, Л.И.Колб 2008).

Бейбіт уақытта кездесетін жол-көлік апаттары және өнеркәсіптегі апаттар көптеген, бірлескен және комбинацияланған ауыр жарақаттарды туындатады, ал олар сипаты жағынан әскери жарақаттарға өте жақын тұрады. Бірлескен жарақаттар кезінде қантамырлар мен паренхималық ағзалардың зақымдануында өлімге жылдам әкелетін қан кету қауіпі аса жоғары.

Зардап шеккендерге санитарлық сараптау жүргізу, оларға кезіңмен медициналық көмек көрсету және шұғыл жұмыстар атқару бойынша апат медицинасы әскери-далалық хирургиямен көп ұқсастығы бар.

Қан кетуді емдеу бейбіт және соғыс уақытында да өте маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан қай уақытта болсын дәрігерлердің негізгі мақсатының бірі тұрғындарды, азаматтық қорғаныстың санитарлық жасақтарын, әскердің жеке құрылымдарын қан тоқтату тәсілдеріне тәжірибе жүзінде үйрету болып табылады.

Термиялық зақымданулар медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Ұлы Отан соғысы кезінде санитариялық жоғалтулардың жалпы құрылымында күйіктердің жиілігі 1,5%-ды құраған. 1945 жылы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларындағы атомдық бомбалардың жарылысынан кейін күйіктен зардап шеккендер саны 100 000-ға жеткен, барлық зардап шеккендердің 65%-ын күйіктік зақымданулар құраған. Жарылыс салдарынан қаза болғандардың жартысына жуығы күйіктен жапа шеккендер болды.

Қазіргі соғыстардың басты сипаты көлемді санитарлық жоғалтулардың бірден, кенеттен пйда болу мүмкіндігі және жаралылар арасында көптеген, бірлескен және комбинацияланған жарақаттар пайызының күрт жоғарылауы болып саналады. Осы жарылыстарды дұрыс емдеу үшін медициналық эвакуация кезеңдерінде күрделі де көлемді шараларды толық жүзеге асыру керек.

Ракеталық-ядролық қаруды қолдану барысында пайда болатын комбинацияланған радиациялық зақымданудың міндетті бөлігі – енуші радиация. Хиросима мен Нагасакидегі атомдық жарылыстан кейін 66 жыл өтсе де, осы қарудың жойқын қиратқыш күші бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Санитарлық жоғалту құрамында көбіне жіті сәулелік ауру жіне комбинацияланған жарақаттардан қаза болғандар құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде осы патологияға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында негізгі тәжірибелік және теориялық мәліметтер жиналды. Жіті сәулелік аурудың түрлері, оның даму барысы, сонымен ұатар аурудың түріне байланысты емдеу жобасы, клиникалық көріністері, сондай-ақ ағымның кезеңдері анықталды.

Сонымен, қысқаша қорытынды жасасақ, қазіргі таңда төтенше жағдайларда, соғыс әрекетінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру, жүзеге асыру және мамандандырылған, арнайы көмек көрсете білу, олардың тиімділігі жалпы медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

АҚ және ТЖ медицина қызметі басты міндеттері

АҚ және ТЖ медицина қызметі бастығы АҚ бастығына (облыс, қала, аудан) бағынады.



АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері болып табылатындар:

  • халықты медициналық қорғау бойынша іс – шараларды ұйымдастыру мен орындау;

  • аумақ, қоршаған орта, азық – түлік пенсудың зақымдалуына медициналық қадағалау жасау, эпидемиологиялық бақылау мен зертханалық қадағалау жасау;

  • төтенше жағдайлар аймағында зақымдану ошақтары пайда болған жағдайда емдеу – көшіру, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шараларды жүргізу;

  • ТЖ – да жұмыс жүргізу үшін жедел медициналық көмек қызметінің құрылымдары мен мекемелерін дайындау;

  • ТЖ кезінде жедел медициналық көмек қызметінің құрылымдары мен мекемелерін, АҚ күштерін медициналық, санитарлық – шаруашылық және арнайы заттармен жабдықтауды ұйымдастыру;

  • Ол бейбіт және соғыс уақытында ТЖ орын алған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі іс – шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді.

АҚ және ТЖ медицина қызметі:

Күнделікті дайындықта:

  • халықты медициналық қорғау мәселелері жөнінде бейбіт және соғыс кезеңіне арналған АҚ жоспарын дайындауға қатысуға;

  • АҚ іс – шараларын медициналық қамтамасыз ету бойынша қызметтің жұмыс жоспарын дайындауға және мезгіл – мезгіл тиянақтап отыруға;

  • қызметті жеке құраммен толықтыруға, оны ЖҚҚ –мен, радиациялық және химиялық барлау құралдарымен, табельдермен және медициналық заттармен, техника және материалдық – техникалық құралдармен жабдықтауға;

  • құрылымдар мен мекемелердің медициналық, санитарлық – шаруашылық және арнайы заттармен және кадрлармен жабдықталуын қадағалауға;

  • АҚ және ТЖ жөніндегі жеке дайындығын жетілдіруге;

  • құрылымның жеке құрамының арнайы дайындығын басқаруға;

  • медициналық мекемелерде медициналық препаратардың қорын жинауға;

  • медициналық жеке қорғаныс құралдарының қорын құруға және ұстап тұруға;

  • қоймадағы заттардың сақталуы мен жаңаланып отыруына бақылау жасауға;

  • дүлей зілзалалар, ірі авариялар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік жәрдем жасау, сондай – ақ ауруларды күту тәсілдерін халыққа үйретуге;

  • АҚ оқу жаттығу сабақтарына және үйренулеріне қатыса отырып, қызметті басқарудағы өзінің теориялық және тәжірибелік машықтарын үнемі жетілдіріп отыруға міндетті.


Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кезде:

  • «Жиналу» дабылы болысымен белгіленген уақытта басқару пунктіне келуге және АҚ бастығынан тапсырма алуға;

  • орын алған тактикалық және медициналық жағдайды есепке ала отырып халықты медициналық қамту жоспарын түзетуге;

  • ТЖ кезіндегі жұмыстарға АҚ құрылымдары қызметтерін дайындыққа келтіруге: «жиналуды» жариялауға, жеке құрамның бар екендігін және толықтығын тексеруге, оған орын алған жағдайды хабарлауға, тапсырма беруге;

  • төтенше жағдайда жедел медициналық көмек көрсету құрылымдары мен қызметтерінің дайындығын ұйымдастыруға;

  • жасалған жұмыс және берілген тапсырмалар туралы белгіленген уақытта АҚБ-на мәлімдеуге міндетті.

Бейбіт уақытта ТЖ туындаған кезде:

  • «Жиналу» дабылы болысымен белгіленген уақытта басқару пунктіне келуге және АҚ бастығынан тапсырма алуға де АҚ бастығының бұйрығы бойынша әрекет етуге;

  • қызмет құрылымдарын дайындыққа келтіруге, құрылымның жеке құрамына орын алған жағдайды хабарлауға, төтенше жағдай аймағында емдеу – эвакуациялық, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шараларды жүргізу бойынша тапсырма беруге;

  • өзіне және өзгеге көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, мамандандырылған, арнайы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалардың орындалуына батыл әрі жігерлі қол жеткізуге (қызмет жұмысының жоспарына сәйкес), қажет болған жағдайда орын алған жағдайда байланысты өздігінен шешім қабылдауға;

  • құрылымның жеке құрамының іс – әрекеті және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ-на мәлімдеуге;

  • аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

АҚ – ны соғыс жағдайына көшірген кезде:

  • АҚ басқару штабына келуге, жағдайды анықтауға, АҚБ-дан тапсырма алуға;

  • белгіленген уақытта медицина қызметінің құрылымын дайындыққа келтіруге, құрылымның жеке құрамына орын алған жағдайды жеткізуге, төтенше жағдайлар аймағында емдеу – көшіру, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шараларды жүргізу бойынша тапсырма беруге;

  • орын алған жағдайға байланысты қорғаныс ғимараттарын медициналық қамтамасыз етуге;

  • категориялары бар қалалардың медициналық емдеу мекебелеріне, ауылдық жерлердің медициналық мекемелеріне, ауылдық жерлердің медициналық мекемелеріне және категориялары жоқ қалаларға көшіру есебімен, профилі мен нөмірін көрсете отырып, болжалған санитарлық жоғалтуларға сүйеніп, аурулар жататын төсектер санын жоспарлау үшін, емдеу мекемелерін орналастыру жоспарын нақтылау және оларды ашуға кірісу үшін, қауіпсіз аймаққа анықтауға кеткен жедел топтардың құрамына қызмет өкілін де қосуға;

Көшіру туралы тапсырма алысымен:

  • МҚ объектісіне және қауіпсіз аймақта шешілетін тапсырмаларды нақтылауға;

  • МҚ жеке құрамына көшіру тәртібін түсіндіруге;

  • эвакуациялық жиналу (қабылдау) пунктерінде (ЭЖП, ЭҚП) халыққа қызмет көрсету мақсатымен, олардың нөмірін, мекен жайы мен бөлінген персонал санын көрсете отырып медициналық персоналды бөлуге;

  • медициналық қызметкерлердің санатын, олардың санын, тағайындалуын көрсете отырып, соғыс уақытында өз жұмысын жалғастыратын халық шаруашылық объектілеріне медициналық персоналды бөлуге;

  • түсіру пункттеріне көшіретін және бөліп жайғастыратын халықтың аты – жөні мен мекен – жайын көрсете отырып, түсіру пункттеріне медициналық пункттерді ашуға;

  • медициналық қызметкерлердің саны мен санатын көрсете отырып, ұжымдық панаханаларына және АҚ басқару пункттеріне медициналық пункттер ашуға;

  • өзіне және өзара көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, білікті, мамандандырылған медициналық көмек (қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес) көрсетуге, қажет болған жағдайда орын алған жағдайға байланысты өздігінен шешім қабылдау бойынша шаралардың орындалуын талап етуге;

  • құрылымның жеке құрамының іс – әрекеттері және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ – ға мәлімдеуге;

  • аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауға;

  • техника, құрал – жабдық, приборлар мен аппараттардың дұрыстығын, байлап – таңу материалдарының, дәрі – дәрмектердің және т.б. қорғаныс құралдары мен керекті заттардың барын тексеруге;

  • дәрі – дәрмектердің, медициналық құрал – жабдықтар мен заттардың қорын құруға;

  • тасымалдауға жарамайтын ауруларды стационарға көшіруді ұйымдастыруға;

  • құрылған АҚ МҚ құрылымдарын көлікпен қамту ретін анықтауға, атын, мекен – жайы мен автобаза (кәсіпорын) телефонын, бөлінетін көлік, көлік саны мен бөліну уақытын көрсетуге;

  • жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы белгіленген уақытта АҚБ –на мәлімдеп отыруға міндетті.

Кенеттен шабуыл жасаған кезде:

  • хабарланудыру дабылын АҚ жеке құрамына жеткізуге және аурулар мен қызметкерлердің панаханаларда жасырынуын қамтамасыз етуге;

  • соққы берілгеннен кейін АҚ бастығынан тапсырма алуға, қызметкерлерге орын алған жағдайды хабарлауға және шабуыл зардаптарын жою жұмыстарына кірісуге;

  • алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуге;

  • емханалардың, ОАА – ның, аудандық және қалалық ЕАП емдеу мекемелері есебінен құрылатын алғашқы дәрігерлік көмек пунктін қауіпсіз жерге ашуға, профилі мен нөмірін көрсете отырып, болжалған санитарлық жоғалтуларға сүйеніп, аурулар жататын төсектер санын жоспарлау;

  • орналастыру орны, төсек саны мен профилі көрсетіле отырып, тасымалдауға келмейтін ауруларға арналған стационар ашуға;

  • персоналдардың нөмірін, мекен – жайы мен санын көрсете отырып, эвакуациялық жиналу (қабылдау) пункттеріндегі (ЭҚП, ЭЖП) халыққа қызмет көрсету үшін медициналық персоналды бөлуге;

  • медициналық қызметкерлердің санатын, саны мен тағайындалуын көрсете отырып, соғыс уақытында өз жұмысын жалғастыратын халық шаруашылығы объектілеріне медициналық персоналды бөлуге;

  • түсіру пункттеріне көшіретін және бөліп жайғастыратын халықтың аты – жөні мен мекен – жайын көрсете отырып, түсіру пункттеріне медициналық пункттерді ашуға;

  • медициналық қызметкерлердің саны мен санатын көрсете отырып, ұжымдық панаханаларына және АҚ басқару пункттеріне медициналық пункттер ашуға;

  • өзіне және өзара көмек көрсетуге, алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі, алғашқы дәрігерлік, білікті, мамандандырылған медициналық көмек (қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес) көрсетуге, қажет болған жағдайда орын алған жағдайда байланысты өздігінен шешім қабылдау бойынша шаралардың орындалуын талап етуге;

  • құрылымның жеке құрамының іс – әрекеттері және өзінің берген тапсырмалары туралы АҚБ – ға мәлімдеуге;

  • аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауға;

  • тасымалдауға жарамайтын ауруларды көшіруді ұйымдастыруға;

  • жеткіліксіз медициналық ауруларды көшіруді ұйымдастыруға;

  • жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы белгіленген уақытта АҚБ-на мәлімдеуге міндетті.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-билет

1.Апат медицинасының анықтамасы.



2-билет

1.АҚ және ТЖ медицина қызметінің негізгі міндеттері .



3-билет

1.АҚ және ТЖ медицина қызметінің күнделікті дайындығы.



4-билет

1.Апат медицинасының алдына қойған негізгі міндеттері.



5-билет

1. ТЖ ошағындағыжұмыстың нәтижелі орындалуына

қандай факторлар әсерін тигізуі мүмкін?

7-билет

1.Емдеу эвакуациясы атқарылатын шаралар кешеніне не жатады?



8-билет

1.Бейбіт уақытта ТЖ туындау қауіпі төнген кездегі жасалынатын іс-шаралар.



9-билет

1.Бейбіт уақытта ТЖ туындаған кездегі жұмыс ұстанымдары.



10-билет

1.АҚ – ны соғыс жағдайына көшірген кездегіжұмыс ұстанымдары.



11-билет

1.Көшіру туралы тапсырма алысымен қандай жұмыс ұстанымдары

орындалады?

12-билет

1. Кенеттен шабуыл жасаған кездегі жұмыс ұстанымдары.



13-билет

1.Апат дегеніміз не?

2.Емдеу эвакуация негіздері дегеніміз не?
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: ТЖ ошағындағы апат медицина қызметінің жұмыс ұстанымдары Қ-3,5-9 және Н-16, 9-11 бет 2 мин(5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру

2 Сабақ: ТЖ ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдар



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,

кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет