Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену; тәрбиелік



бет6/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11596
1   2   3   4   5   6   7

оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

    4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.

    5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

    а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

    ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары,бақылау тапсырмалары.

    б) оқыту орны: 116 аудитория.

    6.Әдебиеттер:

    Негізгі:(Н)

    1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

    2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

    3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

    4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

    5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

    6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

    7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

    8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

    9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

    10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

    11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

    12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

    13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

    14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

    15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

    16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

    17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



    Қосымша:(Қ)

    1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

    2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

    3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

    4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

    5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

    6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

    7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

    8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

    9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

    10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

    7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


    • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

    8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

    • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Дәрігерге дейінгі көмек.

    2.Дәрігерге дейінгі көмек түрлері.

    3. Алғашқы дәрігерлік көмек.

    4. Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері.

    5. Алғашқы дәрігерлік көмек отряды.

    6. Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының негізгі міндеттері.

    7. Бейбіт немесе соғыс кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

    9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

    10.Ақпараттық материялмен жұмыс

    Дәрігерге дейінгі көмек

    Дәрігерге медициналық көмек – табельды медициналық мүліктерді қолдана отырып, орта медицина қызметкерлері (мейірбике, фельдшер) атқаратын медициналық көмектің жиынтығы.

    Көмектің мақсаты – зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту, ал кейде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу.

    Дәрігерге дейінгі көмек зақымданудан кейін 1 сағат ішінде көрсетілуі тиіс. Бұл көмекті жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету бригадасы көрсетеді. Осындай бригаданың құрамына 4 адам кіреді: аға мейірбике, мейірбике, жүргізуші және санитар. Бригада медициналық, санитарлық, шаруашылық және арнайы жабдықтармен жабдықталған. Медициналық заттар 50 зақымданушыларға көмек көрсетуге есептелген.



    Дәрігерге дейінгі көмек түрлеріне жатады:

    • тынысы бұзылғанда ауа жіберетін түтікшені қолдану;

    • Амбу қапшығының көмегімен өкпеге жасанды желдету жүргізу;

    • газ сейілткішті кигізу (мақта – маталы дәкені, респираторды қолдану);

    • жүрек – қантамыр жүйесін (қан қысымын төмендету, пульсты анықтау) және тыныс алу жүйесін бақылау;

    • ауырсынуды басатын және жүрек – қантамыр жүйесін реттейтін дәрілік заттарды қолдану;

    • антибиотиктер мен қабынуға қарсы дәрілерді енгізу;

    • тыныштандыратын, тырысуға және құсыққа қарсы дәрі – дәрмектерді енгізу;

    • сорбенттер мен антидоттарды қолдану;

    • байламдар (жгуттар), тасымалдағыш шиналардың дұрыс таңылғанын қадағалау;

    • жараны асептикалық таңғышпен таңу.

    Алғашқы дәрігерлік көмек

    Алғашқы дәрігерлік көмекті алғашқы дәрігерлік көмек отрядтары, зақым ошағының аймағында сау қалған емдеу – профилактикалық мекемелердің дәрігерлері көрсетеді.

    Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндеттері:


    • жара инфекциясы дамуының алдын – алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру; шоктың алдын – алу және онымен күресу;

    • тіршілік көрсеткіштері тұрғысында зақымданғандарға хирургиялық жәрдем көрсету;

    • сәуле шарпуы мен улағыш заттардың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту.

    Алғашқы дәрігерлік көмек зақым алғаннан кейін 4-6 сағат ішінде көрсетілуі тиіс.

    Алғашқы бір, екі тәулікте өлімге әкелетін себептер: ауыр механикалық жарақаттар, қан кету, тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы, осындай жарақат алғандардың 30%-ы алғашқы 1 сағат ішінде, 60% - ы 3 сағаттан кейін, егер керек 6 сағатқа кешіксе ауыр жарақаттанғандардың 90% қаза болуы мүмкін.



    Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері:

    • сыртқа аққан қанды толық тоқтату;

    • шокпен күресу (ауырсынуды басатын, жүрек – қантамыр жасау, транспорттық иммобилизацияны орындау, шокқа қарсы қаналмастырғыш ерітінділерді құю);

    • тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеостомия, трахеяны интубациялау, тілді бекіту);

    • ашық пневмоторакс кезінде окклюзиялық таңғыш салу;

    • жүрекке жабық масса жасау;

    • тағылған байламдарды (жгут) қадағалау, транспорттық ампутация жасау;

    • жасанды тыныс алдыру (Амбу қапшығы немесе аппарат арқылы);

    • жедел терапиялық көмек (антидоттарды енгізу);

    • акушерия – гинекологиялық көмек (гемостаз, жараны тазалау, ерте босанғандарды қабылдау, жүктілікті сақтауға арналған шаралар);

    • сыртқа аққан қанды толық тоқтату;

    • зәр тоқтағанда қуықты катетеризациялау, оған пункция жасау;

    • антибиотиктер, сірепеге қарсы анатоксин, гангренаға қарсы сарысу егу;

    • зақымданушыларды медициналық көшіруге дайындау.

    Алғашқы дәрігерлік көмектің көлемі зақымданғандардың санына, төтенше жағдайдың шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

    Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсететін құрылымдар - жедел медициналық көмек бригадасы және жұмысын тоқтатпаған емдеу мекемелері.



    Алғашқы дәрігерлік көмек отряды (АДКО).

    АДКО емдеу және алдын алу мекемелерінде ұйымдастырылады. Олар азаматтық қорғаныстың медицина қызметінің негізгі құрылымы болып табылады. Сонымен қатар АДКО зақымдау ошақтарында жұмыс жасайтын санитария жасақтарын басқарады.



    Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының негізгі міндеттері:

    • зардап шегушілерді қабылдау;

    • медициналық сұрыптау жүргізу;

    • алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар жедел хирургиялық, терапиялық көмек көрсету;

    • қала сыртында орналасқан ауруханаларға зақымданғандарды көшіру.


    Бейбіт немесе соғыс кезіндегі алғашқы медициналық көмекті жараланған және ауырған кезде бірінші жеке танғыш пакеті, жеке химиялық пакет, жеке аптечкадан көмек көрсетеді. Бұл көмектің мақсаты дәрігерге дейін жара өңіріне төнген қауіпті болдыртпау.

    Алғашқы медициналық көмекке мыналар жатады:

    - жаралыларды құлаған үйлер, үйінділер астынан алып шығу;

    - жанып жатқан киімдегі алауды өшіру;

    - жансыздандыратын затты енгізу;

    - жоғарғы дем алу жолдарын босату арқылы асфиксияны жою.

    Тіл ішке кеткенде, лоқсығанда, мұрыннан қан кеткенде зардап шегушіні қырыннан жатқызады. Асфиксия кезінде, тіл ішке кеткенде түйреуішпен қадап бинтпен жағасына немесе иекке бекітіледі. Тыныс алу тоқтағанда өкпеде жасанды оттегі алмасуын S- тәрізді түтікше немесе ауызға ауыз әдісімен қалпына келтіреді.

    - сыртқа қан кетуді уақытша қолда бар заттармен тоқтатады, қан тоқтататын ширатпа, қысатын байлам салу, саусақпен басты тамырларды басу;

    - жараға немесе күйек бетіне асептикалық таңғыш салу, ашық пневаматоракс кезінде жеке таңғыш пакетінің сыртқы қабығын қолданады;

    - зақымдалған аяқ-қолды қарапайым заттармен иммобилизациялау;

    - химиялық қарумен зақымдалғандарға антидот енгізу;

    - зақымдалған тері бөліктерін және киімнің жанындағы бөліктерді жеке химиялық қаруға қарсы пакеттегі сұйықтықпен дегазациялау;

    - жеке аптечкалар, антибиотиктер мен құсыққа қарсы заттарды беру;

    - көз зақымданғанда көзге дәрілік пленкаларды қолдану.

    Дәрігерге дейінгі көмекті жарақаттану немесе науқастану орнында фельдшер, не алғашқы дәрігерлік көмек отряды көрсетеді. Ол алғашқы медициналық көмекті толықтырады және өмірге қауіпті өзгерістерді азайтады.

    Дәрігерге дейінгі көмек мынаны қарастырады.

    - асфиксияны жою;

    - қан ағу тоқтамағанда ширатпаны салу дұрыстығын қадағалау;

    - дұрыс салынбаған таңғышты түзету және ауыстыру;

    - жансыздандарғыш заттарды енгізу;

    - табельді заттарды қолдана отырып транспортты иммобилизацияны жақсарту;

    - көрсеткіштерге байланысты антидотты қайта енгізу;

    - терінің ашық жерлерін және УЗ киімге тиген жерлерін дегазияциялау;

    - төмен температурада жаралылар мен ауруларды жылыту, қысқы уақытта ыстық сұйықтықтарды ішкізу;

    - көрсеткіштерге қарай тыныс алуды күшейтетін симптоматикалық жүрек-тамырлық заттар мен препараттарды енгізу.

    Алғашқы дәрігерлік көмекті бригаданың медицина пунктінде жалпы білікті дәрігерлер көрсетеді. Оның мақсаты жаралылар мен аурулардың өміріне төнген қауіпті жою және асқынулардың алдың алу, оларды алдағы эвакуацияға дайындау.

    Барлық дәрігерлік алғашқы медициналық көмек көрсету ретіне байланысты 2-ге бөлінеді:

    - жаралылар мен аурулардың өміріне қауіпті жағдай кезіндегі көмек;

    - алғашқы медициналық көмектің көрсетуінсіз-ақ эвакуацияланатын жаралылар мен науқастар.



    Жедел көмек көрсету шаралары:

    - асфикацияны жою;

    - сыртқы қан ағуды тоқтату;

    - шоққа қарсы шараларды жүргізу;

    - жұмсақ тінде ілініп тұрған аяқ-қолды кесу;

    - несеп шығудың тоқтату кезінде қуыққа катетер қою немесе капилярлы пункция жасау;

    - киімдерден, противагаздан УЗ тазалау үшін бағытталған шараларды жүргізу;

    - қалтырауға қарсы, бронхты кеңейтуге және құсуға қарсы антидоттарды енгізу;

    - тұрақты УЗ түскен зақымдалған жараларды дегазациялау;

    - асқазанға УЗ түскен жағдайда зонд көмегімен асқазанды шаю;

    - бактериалды токсинмен уланғанда және БҚ-дан зардап шеккенде спецификалық емес алдын-алу үшін уытты басатын сарысу қолдану.

    Күтуге болатын алғашқы дәрігерлік көмек көрсету:

    - алғашқы медициналық көмек пен дәрігерге дейінгі жетіспейтін шараларды толықтырып түзету;

    - УЗ жарақатының байламын ауыстыру;

    - ашық жаралар мен күйіктерде антибиотик инъекциясын, тырысқаққа қарсы серопрофилактика жасау;

    - өмірге қауіп төнбейтін кезде әртүрлі симптоматикалық емдік заттарды қолдану.

    11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

    Бақылау тапсырмаларды орындау:

    1-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.

    2.Дәрігерге дейінгі көмек.

    2-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қанша сағат ішінде көрсетілуі тиіс?

    2.Көмектің мақсаты.

    3-вариант

    1.Жарақаттан кейін алғашқы тәуліктерде өлім тудыратын себептерге не жатады?

    2.Алғашқы бір, екі тәулікте өлімге әкелетін себептер.

    4-вариант

    1.Дәрігерге дейінгі көмек түрлері.



    5-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмек



    6-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері.



    7-вариант

    1. Алғашқы дәрігерлік көмек отряды (АДКО).

    8-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының негізгі міндеттері.


    9-вариант

    1.Дәрігерге дейінгі көмекті соғыс кезіндегі кимдер көрсетеді?

    2.Дәрігерге дейінгі көмек нені қарастырады?

    10-вариант

    1.Жедел көмек көрсету шаралары дегеніміз не?

    2.Емдеу эвакуация негіздері дегеніміз не?

    11-вариант

    1.Алғашқы дәрігерлік көмек отрядының құрамына басқа қандай бөлімшелер кіреді?



    12-вариант

    1.Апат медицинасының анықтамасы.



    13-вариант

    1.Апат медицинасының алдына қойған негізгі міндеттері.



    14-вариант

    1.ТЖ ошағындағыжұмыстың нәтижелі орындалуына қандай факторлар әсерін тигізуі мүмкін?


    12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

    13. Үйге тапсырма: Ж кезінде емдік-көшіру іс-шараның әдістері мен

    тәсілдері. Н-2,141-1465бет 2 мин (5%)



    Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарғажеделмедициналық көмекті ұйымдастыру

    8 Сабақ: ТЖ кезінде емдік-көшіру іс-шараның әдістері мен тәсілдері



    1.Сағат саны: 45 мин (100%)

    2.Сабақ түрі: тәжірибелік

    3.Сабақтың мақсаты:

    • оқыту: Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

    • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

    • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

    4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, тапсырмалар орындау.

    5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

    а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

    ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, тапсырмалар.

    б) оқыту орны: 116 аудитория.

    6.Әдебиеттер:

    Негізгі:(Н)

    1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

    2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

    3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

    4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

    5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

    6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

    7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

    8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

    9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

    10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

    11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

    12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

    13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

    14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

    15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

    16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

    17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



    Қосымша:(Қ)

    1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

    2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

    3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

    4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

    5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

    6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

    7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

    8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

    9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

    10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

    7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


    • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

    8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

    • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Емдеу-эвакуациялық шаралардың нысаны мен құрамы.

    2. Медициналық эвакуация этаптары туралы ұғым.

    3. Медициналық эвакуация этаптарында аурулар мен жаралыларға

    медициналық көмек көрсету түрі.

    4. Эвакуациядағы көмек.

    5. Медициналық көмек көлемі.

    6. Зақымдалушыларды тасмалдау ережесі.

    9. Жаңа сабақты түсіндіру:7 мин (20%)

    10.Ақпараттық материялмен жұмыс

    ЕМДЕУ-ЭВАКУАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ

    Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды емдеу-эвакуациямен қамтамасыздандыру– зардап шеккендерді медициналық бөлімдер (құрылымдар) мен емдеу мекемелеріне эвакуациялаумен қатар, оларға мезгілінде көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені. Атқарылатын шаралар кешеніне жатады:



    • ТЖ ошағында зардап шеккендерді іздестіру;

    • Зардап шеккендерді өрт шалған, құлаған ғимараттардан, үйінділердің астынан, сондай-ақ қираған көліктерден шығарып алу;

    • ТЖ ошағында зардап шеккендерге шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсету;

    • Зардап шеккендерді жедел қауіпті ошақтан тыс аймаққа тасымалдау;

    • Зардап шеккендерді ТЖ ошағына жақын орналасқан емдеу мекемелеріне, сондай-ақ эвакуация жолдарындағы медициналық бөлімдерге медициналық көмекке жөнелту.

    Осындай шаралар кешенін ұйымдастыру бірқатар қиындықтар туғызады. ТЖ ошағында олардың нәтижелі орындалуына келесі факторлар әсерін тигізуі мүмкін, оларға жатады:

    • Зардап шеккендердің жалпы саны;

    • ТЖ ошағының көлемі, сипаты және апаттың түрі;

    • ТЖ ошағындағы денсаулық сақтау ісінің күшң мен құралдарының жағдайы;

    • Апат медицинасының материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі;

    • ТЖ ошағында қосымша қауіпті ошақтың туындауы (радиоактивтік, химиялық улы заттардың бөлінуі, өрт пен жарылыстардың болуы).

    Төтеншежағдайларда зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және оларды іс жүзінде атқару, денсаулық сақтау ісінің негізгі және ұйымдастырылуы бірқатар қиындықтар туғызатын қызметтеріне жатады.

    Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет