Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


Емдеу-эвакуациялық шаралардың нысаны мен құрамы



бет7/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11596
1   2   3   4   5   6   7

Емдеу-эвакуациялық шаралардың нысаны мен құрамы

ТЖ кезінде емдік-эвакуациялық шараларға мыналар кіреді: іздеу, жаралылар мен науқасты жинау, барлық медициналық көмек көрсету, емдеу, эвакуация, қалпына келтіру және осыған арналған күш пен медицина қызметін ұйымдастыру кіреді.

Әскери және ТЖ медицина емдік-эвакуациялық шараның түрі 2 жүйеге бөлінеді:

1-ші жүйе жергілікті емдеумен белгілінеді. Науқастар мен жаралыларды соғыс немесе апат алаңына жақын аймақта емдеу;

2-ші – эвакуациялық жүйе, ол науқастар мен жаралыларды ұрыс немесе апат даласынан неғұрлым аласырақ әкетіп емдеу. Жаралылар мен науқастарды қауіпсіз орындарға эвакуациялау, жолында орналасқан медициналық пункттер мен емдік мекемелердің кезекті көмегі – этапты медициналық эвакуация деп аталады.

Медициналық эвакуация этаптары туралы ұғым

Соғыс немесе ТЖ кезінде апатты аймақ маңында азаматтық мекемелер науқастар мен жаралыларды орналыстыруға және толық емдеп жазуға мүмкіндік болмайды. Жаралылар мен науқастардың жолы созылады. Бұндай жағдайда медициналық көмекті бөлшектеуге болады. Бұл бөлшектеудің маңызы бейбітшілік негіздегі көмек бір жерден жүргізілсе, соғыс кезінде әскердің әрекетіне байланысты. Емдік шаралар бірнеше жерде жүргізіледі. Бұл көмектің барлығы эвакуация жолындағы азаматтық мекемелер мен медицина пункті белгілі бір кезекпен орналасады. Осындай медициналық пункт пен мекемелер этапты медициналық эвакуация деп аталады. Медициналық эвакуацияның әрбір этапында эвакуацияны белгілі бір емдік профилактикалық шаралар ретінде жасайды.

Әрбір этапта келесі тапсырмалар орындалады:

- жаралылар мен науқастарды қабылдау және сұрыптау, қабылдау – сұрыптау бөлімшесі;

- жаралылар мен науқастарды санитарлық өңдеу, киімі мен жарақаттарын заласыздандыру бөлімшесі;

- науқастар мен жаралыларға медициналық көмек көрсету;

- әрі қарай тылға эвакуацияланатын аурулар мен науқастарды орналастыру-эвакуациялық бөлімінде жүргізіледі;

- этап құрамына штаб, дәріхана, зертхана, күзет, қойма кіреді.

Этапты орналыстыру орны барлық талаптарға сай болуы қажет:

- әкелу және эвакуациялау жолдары жақын болуы керек;

- жау көзіне түспеу керек;

- РЗ, УЗ, БЗ –дан таза жерде;

- жаралылар мен науқастар медицина пунктіне және басқа емдік орындарына уақытымен түсуі үшін, алдынғы шептен жеткілікті арақашықтықта болуы қажет.

Медициналық эвакуация этаптарында аурулар мен жаралыларға медициналық көмек көрсету түрі

Емдік профилактикалық шараларында науқас пен жаралыларға медициналық көмек көрсету кезінде екі ұғым туады:

1. медициналық көмек түрі;

2. медициналық көмек көлемі.

Медициналық көмек түрі деп – емдік профилактикалық шаралар, науқастар мен жаралыларды ұрыс даласында және медициналық эвакуациядағы көмек деп аталады.

Медициналық көмек көлемі дегеніміз – емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. Оған медициналық эвакуация этапында аурулар мен жаралыларға байланысты көрсетілетін көмек жатады. Оның толық және қысқартылған түрлері болады. Қазіргі уақытта медициналық көмектің келесі түрлері бар: алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі көмек, алғашқы медициналық көмек, дәрігерге дейінгі көмек, алғашқы дәрігерлік көмек, білікті және мамандандырылған медициналық көмек.



Тәжірбие түрінде көрсету (FBL).

Жамбас зақымын бекіту әдісі.

Кеуде және бел омыртқаларының зақымын бекіту әдісі.

Мойын омыртқасының зақымын бекіту әдісі.



Қолдың зақымын бекіту әдісі.

Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест:

1.Зақымданған ошақтан 1-ші кезекте ... эвакуация жасалынады.

  1. балалар

  2. студенттер

  3. АҚ штабы

  4. медицина құрылымдар

  5. әскери құрылымдар

2.ЖЭП (жиналу эвакуациялық пункт), АЭП (аралық эвакуациялық пункт) және ҚЭП-де (қабылдау эвакуациялық пункт)-терде халықты медициналық қамтамасыз ету үшін ... дайындайды.

  1. медпункт

  2. аурухана

  3. емхана

  4. травмпункт

  5. эвакопункт

3.Эвакуациалау кезінде медициналық құрылымдардың 1 маусымдық жұмыс істеу уақыты - ... .

  1. 12 сағат

  2. 6 сағат

  3. 8 сағат

  4. 24 сағат

  5. 36 сағат

4.Қаладағы ТЖ зардабтарын жоятын шұғыл әрекет етудің бір отрядындағы адамдар саны - ... .

  1. 100 адамнан аз емес

  2. 50 адамнан аз емес

  3. 150 адамнан аз емес

  4. 1000 адамнан аз емес

  5. 200 адамнан аз емес

5.АҚ жедел отрядынын жұмысқа мүмкіндігінше жоғарғы дайын болу уақыты - ...

  1. 2 сағаттан артық емес

  2. 4 сағаттан артық емес

  3. 6 сағаттан артық емес

  4. 1 сағаттан артық емес

  5. 3 сағаттан артық емес

6.Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады.

  1. көз қарашығының жарыққа реакциясының болуы

  2. көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы

  3. адамның денесінің қатып-сіресуі

  4. қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі

  5. денесінде өлім белгілерінің пайда болуы

7.Адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.

  1. қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі

  2. ұйқы артериясында пульстің болуы

  3. тыныс алуының болуы

  4. көз қарашығының жарыққа реакциясы

  5. мұрынға тақаған айнаның булануы

8.Адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.

  1. көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы

  2. ұйқы артериясында пульстің болуы

  3. тыныс алуының болуы

  4. көз қарашығының жарыққа реакциясы

  5. ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы

9.Азаматтық қорғаныстың iс-шараларының бiрi ... .

  1. халықты ТЖ-дан қорғау

  2. қалада коммуникация жүйелердi енгiзу

  3. шекараны қорғау

  4. азаматтардың құқықтарын қорғау

  5. қару-жарақтарды дайындау

10.Омыртқаның бел бөлігі сынған кезде көрсетілетін көмек - ... .

  1. қатты тақтай үстіне ішімен (етпетінен) жатқызу

  2. қатты тақтай үстіне шалқасынан жатқызу

  3. қатты тақтай үстіне оң жағымен жатқызу

  4. қатты тақтай үстіне сол жағымен жатқызу

  5. қатты тақтай үстіне отырғызу



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: Радиациялық қауіпсіздіктің мөлшері.

Н-14, 42-46бет 2 мин (5%)





Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет