Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Тақырып: Насеком отрядтары . Оларды анықтау әдісі. Мақсаты



бет14/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Тақырып: Насеком отрядтары . Оларды анықтау әдісі.

Мақсаты: Насекомдар отрядтарының ұйымдасу ерекшелігін, алуантүрлілігін танып –білу, анықтағыштармен жұмыс жасап үйрену.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1.Насекомдарды анықтау жолдары.

2.Жартылай түрленіп дамитын инеліктер, біркүндіктер, тура қанаттылар, қандалалардың ұйымдасу ерекшеліктері.

Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1. Анықтағыш оқу құралдармен жұмыстану әдістемесін меңгеру.

2. Насекомдар коллекциясынан инеліктер, біркүндіктер, тура қанаттылар, қандалалар, т.б. жартылай түрленіп дамитын насеком түрлерін анықтап, оларға тән негізгі морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктері, маңызын көрсетіп, суретін салу.

Техникалық оқу құралдары: коллекциялар, сызба-кестелер.

Әдебиет: :

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 269-275 б.

Мамаев Б.М. и др.»Определитель насекомых европейской части СССР»М.1976

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 466-516 б.

23 лабораториялық сабақ

Тақырып: Толық түрленіп дамитын насеком отрядтарын анықтау және олардың морфо-биологиялық, экологиялық ерекшеліктері.

Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар отрядтарының морфо-биологиялық, экологиялық ерекшелігін, танып –білу.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1.Тор қанаттылар, қатқыл қанаттылар отряд өкілдеріның морфологиясы, биологиясы, экологиясы.

2.Жарғақ қанаттылар, олардың көптүрлілігі.

Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1. Коллекция материалынан тор қанаттылар, қатқыл қанаттылардың жергілікті түрлерін анықтап, отрядтың морфологиясы, биологиясы, экологиясы, маңызын көрсету, суретін салу.

2. Жарғақ қанаттылардың жергілікті өкілдерін анықтап, отрядқа тән ерекшеліктерді, олардың көптүрлілігі, таралу аймағы, биологиясы, маңызын танып-білу.

Техникалық оқу құралдары: коллекциялар, сызба-кестелер.

Әдебиет: :

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 269-275 б.

Мамаев Б.М. и др.»Определитель насекомых европейской части СССР»М.1976

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 466-516 б.

24 лабораториялық сабақ

Тақырып: Толық түрленіп дамитын насеком отрядтарын анықтау және олардың морфо-биологиялық, экологиялық ерекшеліктері (жалғасы).

Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар отрядтарының морфо-биологиялық, экологиялық ерекшелігін танып –білу.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1.Толық түрленіп дамитын отрядтар: қосқанаттылар, қабыршақ қанаттылар, т.б. отрядтардың морфо-биологиялық ерекшеліктері, экологиялық топтары.

2. Насеком отрядтарының морфобиологиялық белгілерінің салыстырмалы кестесін құру.

Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1. Жергілікті материалдан қосқанаттылар, қабыршақ қанаттылар отрядының түрлерін анықтап, отрядқа тән ерекшеліктерді, олардың көптүрлілігі, таралу аймағы, биологиясы, маңызын танып-білу.

2. Насекомдардың әрбір отрядтарының құрылыс және даму ерекшеліктерін салыстырып, меңгерген білімдерін сараптап, кесте құру.

Техникалық оқу құралдары: коллекциялар, сызба-кестелер.

Әдебиет: :

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 269-275 б.

Мамаев Б.М. и др.»Определитель насекомых европейской части СССР»М.1976

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 466-516 б.


25 лабораториялық сабақ

Тақырып: Тікентерілердің морфологиясы

Мақсаты: Екінші ауызды жануарлар ретінде тікентерілілердің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін танып-білу.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1.Теңіз жұлдызының сыртқы-ішкі құрылысы.

2.Теңіз кірпісі, голотурия, т.б. түрлердің морфо-экологиялық ерекшелігі.

Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1.Қол лупасымен фиксациаланған материалдан теңіз жұлдызының ораль және абораль беттерін, амбулакраль жолы және аяқтарын, радиус және интеррадиусты, мадрепор тақтасын табу, дене симметриясы танып-білу, сыртқы қырылысының суретін салу.

Теңіз жұлдызының бір қолынның беткі бетін сойып, асқорыту, жыныс мүшелерін, амбулакраль ампуласын табу, сызба кестеден және оқулықтан амбулакраль, жүйке жүйесінің, тас канал, ось мүшелері, қаңқа құрылысымен танысу, суретін салу.

2. Фиксациаланған теңіз кірпісі, голотурия, т.б. түрлерді қарап,олардың морфологиялық, экологиялық ерекшеліктері және дене симметриясын анықтау, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, голотурия т.б. өкілдерінің ылғалды препараттары, сызба-кестелер, құрал-сайман жиынтығы.

Әдебиет: : Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 146-148 б.

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 301-308 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М.,1985 222-226 б.

ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиторияда және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

ОЖСӨЖ (СӨЖ) – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.



СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген
ОЖСӨЖ 1. Кіріспе. Зоология жануарлар туралы ғылым

Мазмұны:

Зоология салалары. Жануарлардың биосферадағы орны, көптүрлілігі, маңызы.

Жануарлардың эволюциясы, тарихы және филогенезі

Оқулықтармен жұмыстанып хабарлама, баяндама, реферат дайындау, зоологияның даму тарихын талдап, зоолог-ғалымдардың еңбегін, жануарлар эволюциясы мен филогениясының кестесін құрастырып, байланысын көрсету.



Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2004 6-23 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 4-21 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 3-31 б.

Интернет ресурстары

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық. Орал 2007


ОЖСӨЖ 2. Тақырып: Жануарлар дүниесі – Zoa

Бір клеткалы жануарлар дүние тармағы – Protozoa

Мазмұны: Қарапайымдылардың биологиясы, тіршілік әрекеті, тіршілік формалары, тіршілік ортасы.

Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1. Бірклеткалы жануарлардың дене пішініні неге алуантүрлі?

2. Неге жиырылғыш вакуоль тек тұщы су формаларында болады?

3. Амебаның бөлінуі қалай жүреді?

4. Кәдімгі амебаның тышқақ амебадан айырмашылығы неде?

5. Амебалар қандай тіршілік ортаны мекендейді?

Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 24 - 72 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.

Потапов И.В. «Зоология с основами экологии» М.2001 13-28б

Рыков Н.А. «Зоология с основами экологии животных»М.1981 13-27б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.

Электронды оқулық

Интернет ресурстары



ОЖСӨЖ 3.

Мазмұны: 1. Оптикалық приборлардың (микроскоп, қол және бинекуляр лупалар) құрылысы және олармен жұмыс, күту әдістері.

Сызба-кестеден, оқулықтан және микроскоп, бинекулярмен танысып, механикалық құрылысын, оптикалық жүйесін талдау. Микроскоптың обьектіні үлкейту мүмкіншілігін анықтау. Оптикалық приборларды күту ережесімен танысу. Кесте құру, суретін салу.

Кесте 1


Механикалық құрылысының бөліктері

Оптикалық жүйе нышандары







Кесте 2

Обьективтер

Окулярлар










  1. Латын әріптері, олардың айтылу ерекшеліктері.

Латын әріптерінің альфавитін жазып- танысу, айтылу ережесін меңгеру.
Әдебиет:

Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 4-6 бет

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 4-13 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 4-16 б.

ОЖСӨЖ 4.

Мазмұны: Бір клеткалы жануарлардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы. Паразит формалар, олардың туғызатын аурулары мен күрес жолдары.

Қарапайымдылардың табиғи биоценоздардағы (тұщы су, батпақ, теңіз, ылғалды топырақ, т.б.) маңызы.

Адам өміріндегі маңызы. Паразитті тіршілік ететін түрлер, олардың туғызатын аурулары, жұғу жолдары, алдын алу және күрес шаралары тақырыптары бойынша оқулықтардан, т. б. ақпарат көздерінен материалдар жинақтау, баяндама, хабарлама, рефераттар дайындау.

Кесте 2


Вольвокстің қарапайымдылармен және көпклеткалы жануарлармен ұқсас белгілері

Ұқсастық типі



Вольвокстің протозойлы белгілері

Вольвокстің көпклеткалы жануарлармен ұқсас белгілері


Құрылысындағы (морфологиялық) ұқсастық







Көбеюіндегі (биологиялық) ұқсастық








Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 24 - 72 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.

Потапов И.В. «Зоология с основами экологии» М.2001 13-28б

Рыков Н.А. «Зоология с основами экологии животных»М.1981 13-27б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.

Электронды оқулық

ОЖСӨЖ 5.

Мазмұны: Көп клеткалы жануаралардың ұлпаларының түрлері, құрылысы, қызметі, мүшелер жүйесі, көбеюі және шығу тегі туралы концепциялар. Бұл сұрақтар бойынша оқулықтардан, т. б. ақпарат көздерінен материалдар жинақтау, баяндама, хабарлама, рефераттар дайындау.

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 76-96 б. 2004

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 98-114 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 99-120 б.



ОЖСӨЖ 6.

Мазмұны:

1. Саркомастигофоралардың көбею жолдары, даму циклдерімен танысып, суретін салу.

2. Паразит формалардың (трипоносома, опалина ) құрылыс ерекшелігі, даму циклі, жұғу жолдары. Сипаттама жазып, суретін салу.

Әдебиет:

Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 4-14 бет

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 4-24 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 4-27 б.
ОЖСӨЖ 7.

Мазмұны: 1. Ішекқуыстылардың классификациясы, шығу тегі (кесте толтыру, жазбаша жауап беру).

2.Ескектілердің жануарлар филогениясындағы және табиғаттағы маңызы, жазбаша жауап беру.

Кесте 3

Ішекқуыстылардың салыстырмалы морфологиялық сипаттамасы



Салыстыру элементтері

Салыстыратын топтар

Теңіз гидроидтары

Сцифоидты медузалар

Маржан полиптері

Полипті ұрпақ

Медузоидты ұрпақ

Тіршілік әрекеті

Дене пішіні

Клеткалық қабаттардың күйі

Орталық құрылымсыз қабаттың құрылысы

Гастроваскуляр қуысының құрылысы

Жыныс безінің орны (экто- немесе энтодермада

















Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 97-135 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 114-147 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 121-160 б.


ОЖСӨЖ 8.

Мазмұны: 1. Кірпікшелі құрттардың морфофизиологиялық ерекшелігі, биологиясы, экологиясы. Жазбаша сипаттау, сұрақтарға жауап беру.

2.Патогенді өкілдері, жұғу жолдары, олардың алдын-алу және күрес жолдары. Оқулықтардардан, т.б. ақпарат көздерінен материалдар жинақтап, жазбаша сипаттау, сызба-кестесін құрастыру.



Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1.Жалпақ құрттар типіне қандай белгілер тән?

2. Кірпікшелі құрттардың тері-бұлшықет қабының құрылысы қандай?

3. Ас қорыту жүйесінің құрылысына байланысты турбеллярияны қандай топтарға бөлуге болады?

4. Турбеллярияның зәр шығару жүйесінің құрылысы қандай және қандай қызмет атқарады?

5. Жүйке жүйесі, сезім мүшелерінің құрылысы және қызметі қандай?

6. Үшшекті турбеллярияның жыныс жүйесінің құрылысы қандай?

7. Турбеллярияның көбею және даму ерекшеліктері.


Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 136 - 166 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 148-176 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 161- 184 б.



ОЖСӨЖ 9.

Мазмұны: Кокцидияның, безгек плазмодиясы даму циклі, иесіне жұғу жолдары (әрбір стадияларын сипаттап, суретін салу). Кебісшенің көбею жолдары (жазбаша сипаттау,суретін салу).

Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1.Қандай ортада кокцидияның макрогаметасы дамуын аяқтайды?

2. Кокцидияның 1-ші шизогониясының 2-ші шизогониядан қандай айырмашылығы бар?

3. Кроликтің ішегінде кокцидияның неше шизогониясы байқалады?

4. Безгек плазмодиясының эритроциттегі шизонтында қанша мерозоид түзіледі?

5. Безгек плазмодиясының тұрақты және аралық иелерінің критериялары қалай анықталады?

6. Қандай споровиктерде сполрогония процессі болмайды және неге?

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 14-23 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных »М.,1969 24-45 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных» М.,1985 29-46 б.

ОЖСӨЖ 10.

Мазмұны:

1.Дигенетикалық сорғыштардың ұйымдасу ерекшелігі, тіршілік циклі..

2. Таспа құрттар - адам және жануар паразиттері .

3. Паразитизмге жалпақ құрттардың бейімділіктері.



Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

1. Трематодтардың дене жабынының құрылысы қандай?

2. Жалпақ құрттарда мезодерма қабатының пайда болуының маңызы қандай?

3. Тері-бұлшықет қабында қандай мүшелер жүйесі орналасқан?

4. Трематодтардың даму циклінің стадиялары және олардың ерекшеліктері қандай?

5. Трематодтардың, таспа құрттардың паразитизмге бейімділіктері қандай?

6. Адам қандай цестодтардың аралық иесі болады?

7. Паразит құрттар туралы ғылым қалай аталады және олар туғызатын аурулардың атауы қандай?



Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 167 - 187 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 176-202 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 184-204 б.



ОЖСӨЖ 11.

Мазмұны: 1. Құрсақ кірпікшелілер, олардың жұмыр құрттар типінің филогениясындағы маңызы.

2. Түкті құрттар, коловраткалар -ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, маңызы.



Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

    1. Құрсақ кірпікшелі құрттардың құрылысы қандай?

    2. Тіршілік әрекеті және тіршілік ортасы қандай?

3.Олардың жалпақ құрттарға қандай ұқсастығы бар?

4. Қандай белгілері жұмыр құрттарға ұқсас?

5. Түкті құрттардың морфологиялық құрылыс ерекшелігі және тіршілік әрекеті қандай?

6. Коловраткалардың құрылыс ерекшелігіндегі қарапайым және прогрессивті белгілер. Олардың тұщы су биоценозындағы маңызы қандай?



Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 196-233 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 207-249 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 205-238 б.



ОЖСӨЖ 12.

Мазмұны: Губкалардың дене симметриясы, морфологиялық типтерінің суретін салу, сипаттау, кесте толтыру. Обелияның құрылысы. Ішекқуыстыларлардың көбеюі, даму циклі (жазбаша сипаттау, суретін салу). Ескектілердің құрылысы (суретін салу, сипаттама беру). Қортынды. Кестені толтыру.

Кесте 4


Губкалардың клеткалық элементтерінің атқаратын қызметі

Клеткалық элементтер

Атқаратын қызметтері

Колленциттер




Склеробластар




Амебоциттер




Археоциттер




Хоаноциттер




Пинакоциттер




Пороциттер




Миоциттер




Сполнгиобластар




Кесте 5


Тұщы су гидрасымен обелия полипінің құрылысы және көбею процессіндегі ұқсастықтар мен айырмашылық белгілер

Салыстыру элементтері

Тұщы су гидрасы

Обелия гидроид полипі

Жалғыз немесе колониальды форма







Тіршілік мекені







Қозғалу тәсілі







Тека (табақша)







Бір дараның қарма-лауыштар саны







Ауыз тұмсығы







Дене сыртындағы орга-никалық қабықтың атауы







Ас қорыту қуысы болатын қармалауыш







Гонангия







Көбею тәсілі







Дара жынысты немесе гермафродиттер







Гонадының орны







Жұмыртқаның ұрықтануы








Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет