Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны



бет13/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.

1. Көпқылтанды құрттардың (нереидтің) морфологиялық құрылысы.

2. Параподияның құрылысы, көлденең кесіндісі және целомның құрылысы.

3. Құмқазардың, т.б. өкілдерінің тіршілік жағдайына байланысты құрылысындағы ерекшеліктер.



Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Үлестірме ылғалды фиксациаланған материалдан нереидтің, құмқазарды талдап, дене пішінін және бөліктерін, тұлға сегментерін, параподия, т,б, мүшелерімен танысу.

2. Микропрепараттан, сызба-кестелерден, оқулықтан параподияның құрылысы, көлденең кесіндісі және целомды қарап, суретін салу.

3. Ылғалды фиксацияланған препараттан, сызба-кестелер және оқулықтан құмқазардың, т.б. өкілдерінің тіршілік жағдайына байланысты құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап, суретін салу..



Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, микропрепарат «Кольчатые черви», фиксацияланған нереид, құмқазар, сүлік, сызба-кестелер, микроскоп, құрал-саймандар.

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы», Орал 2005,61-65б

Зеликман А.Л. «Зоология беспозвоночных» М. 1981, 152-159б.

Фролова Е.Н. және б. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 111-115б.

10 Лаборатория сабағы

Тақырыбы: Азқылтынды құрттардың ұйымдасу ерекшелігі

Мақсаты: Қазып тіршілік ететін жауын құртының (шұбалшаң) және тіршілік әрекеті мен қоректену тәсіліне байланысты сүліктің морфологиялық ерекшеліктерін танып-білу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.

1. Тірі жауын құртының қозғалысын және сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылау.

2. Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысы.

3. Сүліктің морфобиологиялық ерекшеліктері



Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1.Қағазда және шыныда тірі жауын құртының қозғалысын, сыртқы тітіркендіргішке жауабын бақылау. Тірі және фиксацияланған жауын құртын қарап, дененің алды және артқы бөлігі, арқа және бауыр жағын, белдейшесін анықтау.

2.Құртты сойып ішкі құрылысы ( асқорыту, қан айналу, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін, целом сегментациясы, мүшелер метамериясын) талдау. Микропрепараттан көлденең кесіндісін қарап, ішкі мүшелер жүйелірімен танысып, суретін салу.

3.Тірі медицина сүлігінің қозғалысын бақылау, сүліктің сыртқы және оны сойып ішкі құрылысын, микропрепараттан көлденең кесіндісін қарап, танып-біліп, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, микропрепарат «Кольчатые черви», тірі және фиксацияланған жауын құрты, сүлік, сызба-кестелер

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 62-75 бет

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969 130-158 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 111- 126 бет


11 Лаборатория сабағы

Тақырыбы: Бауыраяқты моллюскалардың құрылыс ерекшелігі.

Мақсаты: Жүзім ұлуының морфологиялық құрылымын және тұщы су бауыраяқты моллюскалардың өкілдерімен танысу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.

1. Жүзім ұлуының дене бөлімдері, сыртқы құрылысы.

2. Мантий қуысы және ішкі мүшелері.



Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Ылғалды материалдан, сызба-кесте, оқулықтан жүзім ұлуының, т.б. тұщы су түрлерінің бақалшағын, дене бөлімдерін, сыртқы құрылысын (бас, тұлға бөліміндегі мүшелерді) қарап, талдау, суретін салу.

2. Жүзім ұлуын сойып, мантий қуысы, онда орналасқан мүшелер және ішкі мүшелер: асқорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс жүйелерінің құоылысымен танысып, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, тұщы су және теңіз бақалшақты моллюскаларының бақалшақтары, Фиксациаланған жүзім ұлуы, тоспа ұлуы, т.б.өкілдері, дернәсіл микропрепараттары, ылғалды препараттар, сызба-кестелер.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 76-91 бет

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969 272-303 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 205-221 бет

12 лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Қосжақтаулы моллюскалардың құрылыс ерекшелігі. Басаяқты моллюскалар.

Мақсаты: Тіршілік әрекетіне, қоректену типіне байланысты қосжақтаулы және басаяқты моллюскалардың морфофункциальды ерекшеліктерін танып-білу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.

1.Тіссіз моллюсканың ( айқұлақ) сыртқы құрылысы, дене бөліктері, бақалшағы. 2.Моллюскалар мантии қуысы, мантий мүшелер кешені.

3. Басаяқты моллюскалардың (кальмар, каракатица) құрылыс ерекшелігі.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Тірі тіссіз моллюсканың ( айқұлақ) сыртқы бақалшағын қарап, пішіні, реңі, жылдық сақина, қабаттары, бақалшақ жақтауларының байланысу орны-лигамент, сифондарды анықтау, бақалшақтың ішкі бетінен перламутор қабатын, кілттер және кілттегіш бұлшықеттің бекитін орнын табу, дене бөлімдерін көрсету,суретін салу.

2. Фиксациаланған тіссіз моллюсканың бір жақ жақтаушасын алып, мантий қатпарымен, оны көтеріп, мантии қуысы, мантий мүшелер кешені және сойып, ішкі мүшелер жүйесімен (асқорыту, қан айналу, жыныс, т.б. мүшелер жүйесі) танысу, пассивті тіршілігіне байланысты ерекшеліктерін көрсету, суретін салу. Микропрепараттан микроскоппен глохидияны қарау.

3. Фиксациаланған ылғалды препараттардан басаяқты моллюскалардың (кальмар, каракатица) құрылыс ерекшелігімен танысу, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: Тірі және фиксацияланған тіссіз моллюскалар. Басяақты моллюскалар. Құрал-жабдықтар. Бақалшақтар коллекциясы. Глохидия микропрепараты. Микроскоп. Сызба-кестелер.

СӨЖ мазмұны: Белсенді басаяқты моллюскалардың ұйымдасу ерекшеліктері, өкілдері. Моллюскалар өкілдерінің ұқсас және ерекше белгілерін анықтап, кесе толтыру.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 76-91 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 276-300 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985, 205-221б

13 лабораториялық сабақ

Тақырып: Өзен шаянының морфологиясы

Мақсаты: Мекен ортасына байланысты жоғарғы сатыдағы шаян-өзен шаянының құрылымды-функциональды ерекшелігін танып-білу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.

1.Өзен шаянының дене бөліктері, сыртқы құрылысы (гетерономды сегментациясы, хитинді кутикула).

2.Қол-аяқтарының құрылысымен, атқаратын қызметімен танысу.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Фиксациаланған өзен шаянының дене бөліктері, сыртқы құрылысы (гетерономды сегментациясы, хитинді кутикула), бас бөліміндегі мүшелерді (көз, антеннула, антенна, ауыз аппараты) талдау.

2. Өзен шаянының әрбір дене бөліктерінің қол-аяқтарын жіктеп, олардың құрылысын, атқаратын қызметін, полихеттердің параподиясымен ұқсастығын анықтап, макет құрастыру.

Техникалық оқу құралдары: Фиксацияланған өзен шаяны, қол-аяқ моделі, кестелер, құрал-жабдықтар, т.б.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 95-98, 112-116 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 173-188 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985, 147-153б

14 лабораториялық сабақ

Тақырып: Өзен шаянының анатомиясы

Мақсаты: Мекен ортасына байланысты жоғарғы сатыдағы шаян-өзен шаянының анатомиялық-функциональды ерекшелігімен танысу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны .

1. Өзен шаяннын сойып, ішкі мүшелерінің жалпы топографиясымен, қан айналу жүйесі және желбезектерімен танысу.

2. Асқорыту, зәр шығару, жүйке, жыныс жүйелерімен танысып, суретін салу, кесте толтыру.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Фиксацияланған өзен шаянының баскөкірек қалқанын арқа жағынан жабынның ортасынан қайшымен хитинді жолақ кесіп, ішкі мүшелерінің жалпы топографиясымен, жүректің орналасуы және желбезектерімен танысу.

2. Шаянның ішкі мүшелерін орналасу жағдайына қарай жеке-жеке алып, су құйылған Петри табақшасына салып, қан айналу, асқорыту (бауыр), зәр шығару, жүйке, жыныс жүйелерімен танысып, суретін салу, кесте толтыру.

Техникалық оқу құралдары: Фиксацияланған өзен шаяны, сызба-кестелер(ішкі мүшелер құрылысы), құрал-жабдықтар, Петри табақшасы, балауыз астаушасы, бинекуляр лупасы, т.б.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 97-103, 116-119 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 191-203б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985,138-147б

15 лабораториялық сабақ

Тақырып: Төменгі сатыдағы шаяндардың морфологиясы.

Мақсаты: Төменгі сатыдағы шаяндардың ұйымдасу ерекшеліктері, тіршілік әрекетімен танысу.

Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны

1.Желбезекаяқтылардың (желбезекаяқты, артемия) сыртқы құрылыс ерекшелігі.

2. Жапырақаяқтылардың (Дулығардың, Бұталы мұртты шаян – дафнияның) морфофизиологиялық сипаттамасы.

3. Ескекаяқты шаян-циклоптың ұйымдасу ерекшелігі.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Бинокуляр лупасының көмегімен желбезекаяқтының (артемия) сыртқы құрылысын қарап, дене бөліктерін анықтап, антенна және көкірек аяқтарының құрылысын танып-білу, суретін салу.

2. Ылғалды препараттан дулығардың сыртқы құрылысы, дене бөліктерін талдап, аяқтарының құрылысын зерттеу, суретін салу.

Аквариумдағы дафнияның қозғалысын бақылау. Бинокуляр лупасымен дафнияның дене пішінін, қалқанын, дене бөліктерін анықтау. Микроскоптың кіші үлкейткішімен дайындалған уақытша микропрепараттан антеннула, антенна және аяқтың құрылысын қарап, суретін салу.

3. Циклоптың уақытша препаратын дайындап, микроскоптың кіші үлкейткішімен дене бөлімдерін, онда орналасқан мүшелерді, фурканы, қол-аяқтарын қарап, жоғарыда қарастырылған түрлерден ерекшелігін анықтап, суретін салу.

Техникалық оқу құралдары: тірі дафния, циклоппен аквариум, ылғалды фиксацияланған материалдар (дулығар, дафния, желбезекаяқтылар, артемия) Бинокуляр лупасы, микроскоп, құрал-саймандар, сызба-кестелер, т.б.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 97-103, 103-111 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 161-174б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985,127-137б

16 лабораториялық сабақ

Тақырып: Жоғарғы сатыдағы шаяндардың морфологиясы.

Лабораториялық сабақтың жоспары, мазмұны:


  1. Жоғарғы сатыдағы шаяндар өкілдері: Су есекқұрты, Жамбас құрттың құрылыс ерекшелігі.

  2. Онаяқты шаяндар: ас шаяны, тас крабы, омар, отшельник шаяны, т.б. ұйымдасу ерекшеліктері.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

  1. Арнайы ертіндіде сақталған материалдан қол лупасының көмегімен Су есекқұрты және Жамбас құрттың (бүйір жүзгіш) пішіні, дене бөліктері, сегментация, қол-аяқтарын қарап, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, суретін салу.

  2. Ылғалды материалдан, сызба-кестеден, оқулықтан онаяқты шаяндар: ас шаяны, тас крабы, омар, отшельник шаяны, т.б.өкілдерінің құрылысымен танысып, төменгі сатыдағы шаяндардан ерекшелігін көрсету, суретін с алу.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 97-103, 119-121 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 187-190б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985,153-164б

17 лабораториялық сабақ

Тақырып: Өрмекшітәрізділер

Мақсаты: Өрмекшітәрізділердің құрлықта тіршілік етуге морфо-функциональды адаптациясы және олардың алуантүрлілігін танып-білу.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1. Алғашқы құрлық-жәндіктері ретінде өрмекшітәрізділердің ерекшеліктері.

2. Құршаянның, шаршы өрмекшінің, кененің сыртқы құрылысы

3. Эктопаразит-кененің морфологиясындағы ерекшелік.



Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1.Фиксациаланған шаршы-өрмекші, ала құршаянның дене бөліктерін, дене сегментациясын, сыртқы жабынын, аяқтарын зерттеп, өрмекшітәрізділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты ерекшелігін анықтау.

2. Арнайы ертіндідде сақталған материалдан, сызба-кестелерден, оқулықтан, микроскоптың кіші үлкейткішімен микропрепараттан құршаянның, шаршы өрмекшінің, кененің баскөкірек бөліміндегі мүшелерді: хелицер, педипальпа (қармалауыш аяқ), жүру аяқтарының құрылысын танып-білу, атқаратын қызметтерін анықтау.

Құрсақ бөлімдегі аяқ түрөзгерістері: жыныс тесігі, стигма, өрмек сүйелі және аналь тесігін табу.



  1. Кененің эктопаразитті тіршілікке бейімділіктерімен танысу, суретін салу.

Өрмекшітәрізділердің басқа түрлерін фиксациаланған материалдан қарап, түрін анықтау.

Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, микропрепарат: кененің ауыз аппараты, өрмекші хелицері; фиксацияланған материал: құршаян, шаршы өрмекші, кене, қарақұрт, т.б.; сызба-кестелер.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005, 122-130 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969, 201-210 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных» М.,1985,165-181б.


18 лабораториялық сабақ

Тақырып: Көпаяқтылардың морфологиясы

Мақсаты: Ежелгі кеңірдек тынысты буынаяқтылар ретінде көпаяқтылардың морфо-физиологиялық ерекшелігіш танып-білу.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:

  1. Сколопендраның (кивсяктың) дене бөліктері, сегментациясы, басының және аяқтарының құрылысы.

  2. Кивсяктың құрылысындағы ерекшеліктер.

Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

  1. Фиксациаланған материалдан сколопендраны, костянканы қол лупасымен денесінің арқа және бауыр жағынан бас және тұлғасын қарап, тұлға сегменттерін санау, стигма. аяқ құрылысын және орналасуын анықтау, суретін салу.

Ерінаяқтылардың бас бөлімін толық зерттеп, ерекше белгілерін көрсетіп, суретін салу.

2. Қол лупасымен кивсяктың сыртқы құрылысын зерттеп, дене бөліктері, тұлға сегментациясы, аяқтарының пішіні және орналасуын анықтап, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: Фиксацияланған препараттар: сколопендра, костянка, кивсяк, микропрепарат (ауыз аппараттары), микроскоп, сызба-кестелер, құрал-саймандар.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005.132-135 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологиибеспозвоночных»М., 1969. 215-222 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985.178- 181б

Сколопендраның Сколопендраның
19 лабораториялық сабақ

Тақырып: Насекомдардың сыртқы морфологиясы.

Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлі тіршілік әрекеті, мекен ортасы және қоректену тәсіліне адаптация нәтижесі – морфофизиологиялық ерекшеліктерін танып-білу.
Лабораториялық сабақтың жоспары, мазмұны:

1.Қара тарақанның (зауза қоңызының) сыртқы құрылысы, бас бөлімі, мұртшасы және ауыз аппараты.

2.Көкірек бөлімі, аяқтары және көкірек өсінділері (қанаттар).

3.Құрсақ және оның өсінділері.



Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1.Қол лупасымен фиксацияланған насекомдарды (қара тарақан, зауза қоңызы, т.б.) қарап, сыртқы құрылысымен танысып, дене бөліктерін және ауыз аппаратын жіктеп, макетін дайындау.

Микроскоптың кіші үлкейткішімен кеміргіш, кеміргіш-жалағыш, пісіп-сорғыш және көбелектің сорғыш ауыз аппаратын қарап, құрылыс ерекшеліктерін анықтап, суретін салу.

Қол лупасының көмегімен коллекциядағы насекомдардың әртүрлі типті мұртшаларын қарап, анықтап, суретін салу.

2. Қара тарақанның көкірек бөлімі құрылысы, жүгіргіш аяғының құрылысымен танысып, буындарын анықтау. Коллекциядан насекомдар аяқтарының типтерін, қанаттарының құрылысын қарап, суретін салу.

3. Қара тарақанның құрсақ сегменттері, оның өсінділері және атқаратын қызметін анықтау.



Техникалық оқу-құралдары: микроскоп, фиксацияланған қара тарақандар, әртүрлі насекомдар ауыз аппараттарының микропрепараттары, насекомдар коллекциялары, құрал-жабдық жиынтығы, сызба-кестелер (насекомның морфологиясы, ауыз аппарат, мұртша, аяқ, қанат құрылысы және түрлері), насекомның макеті, оны дайындауға қажетті жабдықтар.

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының

практикумы» Орал-2005 135-146 беттер.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969. 222-251 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных» М.,1985.182-197б.

Қорытынды сұрақтар:

1 . Насекомдардың құрлықта тіршілік етуге бейімділіктері қандай?

2. Насекомдардың бас капсуласы неше сегменттен түзілген, оны қалай дәлелдеуге болады?

3. Насекомдар қоректену тәсілдеріне қалай бейімделген?

4. Насекомдардың әртүрлі ауыз аппараттарының шығу тегі (түсіндіріңдер).

5. Әртүрлі тіршілік ортаға насекомдардың бейімділіктері қандай?

6. Насекомдардың қанаттарының шығу тегі.

7. Түрі өзгерген құрсақ өсінділері бар насекомдарды анықтап, көрсетіңдер.

8. 6-кестені толтырыңдар( силабуста өздігінен жұмыс).

20 лабораториялық сабақ



Тақырып: Насекомдардың анатомиясы.

Мақсаты: Насекомдардың тіршілік әрекеті, қоректену тәсіліне байланысты анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:

1. Қара тарақанның ішкі мүшелер жүйесі: бұлшық ет жүйесі, жүректің құрылысы.

2. Ас қорыту, кеңірдек жүйесі және зәр шығару мүшелері.

3. Жүйке жүйесі, жыныс мүшелері.



Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1. Қара тарақанды сойып, бұлшық ет жүйесі, жүректің құрылысын және оның орналасу ерекшелігін зерттеу.

2. Қол лупасының көмегімен ас қорыту мүшелерін талдап, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек бөлімдерімен танысу, ұшуға байланысты ерекшелігін анықтау, суретін салу.

Трахеи қабырғаларының, май дене және мальпигия түтіктерінің құрылысымен танысу үшін, олардың кесіндісінен уақытша микропрепарат дайындап, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, суретін салу.

3.Қол лупаның көмегімен қара тарақанның жыныс мүшелерінің құрылысымен танысып, суретін салу.

Жүйке жүйесінің құрылыс ерекшелігін қарастырып, суретін салу.



Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, фиксацияланған қара тарақан, сызба-кесте, құрал-сайман тобы, балауыз астауша, стакан – су, петри табақшасы.

Қорытынды сұрақтар:

1. Насекомдардың асқорыту жүйесінің ерекшелігі қандай?

2. Насекомдардың қан айналу жүйесі және оның атқаратын қызметі.

3. Насекомдар жүрегінің құрылыс ерекшелігі.

4. Насекомдардың кеңірдек жүйесінің атқаратын қызметі, тыныс алу механизм ерекшелігі қандай?

5. Насекомдардың бас миының құрылысы және атқаратын қызметі.

6. Насекомдардың зәр шығару мүшелері, олардың атқаратын қызметі.

7. Насекомдардың жыныс мүшелерінің ерекшкліктері.

8. Насекомдардың сезім мүшелері, тіршілік әрекетіне және мекен ортасына байланысты ерекшеліктері.

9. Құрлық фаунасы-насекомдардың ылғал тапшылығына бейімділіктері қандай?

10. Жыртқыш және өсімдік қоректі насекомдардың асқорыту жүйесінің құрылысы бірдейме?

Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 135-136; 132-146 б.

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 218-228 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985,182-189б.
21 лабораториялық сабақ

Тақырып: Бунақтыденелілердің эмбрионнан кейінгі даму ерекшеліктері.

Мақсаты: Насекомдардың эмбрионнан кейінгі даму стадияларының морфоанатомиялық адаптациясын танып-білу.

Лабораториялық сабақтың жоспары және мазмұны:
1. Эмбрионнан кейін даму: жартылай метаморфозды дамитын насекомдардың дернәсілдері. провизор мүшелері

2. Толық метаморфозды дамитын насекомдардың дернәсіл типтері.

3. Насекомдардың қуыршақ типтері, имаго.

Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:

1.Жартылай метаморфозды дамитын тарақан, шегіртке, қанадаланың эмбрионнан кейінгі дамуын қарастырып, олардың дернәсілдерінің ересек формаға ұқсастығын және ерекшеліктерін анықтау, суретін салу.

Инеліктің, біркүндіктердің дернәсілдерін қарап, провизор мүшелерін анықтау, атқаратын қызметін көрсетіңдер.

2.Ылғылды препараттан, сызба-кестеден толық метаморфозды дамитын ( зауза қоңызы, колорад қоңызы, көбелек, үй шыбыны,т.б.) насекомдардың эмбрионнан кейінгі даму жолымен танысып, дернәсіл типтері: нағыз дернәсіл, жұлдыз құрт, жалған жұлдыз құрт, аяқсыз дернәсіл, аяқсыз-бассыз дернәсілдерді қол лупасымен қарап, оларға тән белгілерді анықтап, суретін салу.

3. Ылғылды препараттан, сызба-кестеден насекомдардың қуыршақ стадиясын қарап, типін анықтап, биологиялық маңызын көрсету, суретін салу.

Техникалық оқу құралдары: Қол лупасы, бинокуляр, фиксацияланған насекомдардың дернәсілдері, қуыршақтары, құрал-жабдық жиынтығы, сызба-кестелер ( әртүрлі насекомдардың эмбрионнан кейінгі дамуы, дернәсілдер мен қуыршақ стадиялары ), «Насекомдардың даму фазалары» коллекциялар, бейне материалдар, т.б.

Әдебиет: : Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 144-146 б.

Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных»М., 1969 263-275 б.

Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных» М.,1985 201-205 б.



Қорытынды сұрақтар:

  1. Насекомдардың ересек формасынан дернәсілдерінің тіршілік ортасы неге ерекше?

  2. Насекомдардың қандай даму типі ювениль және ересек форма арасындағы қоректік бәсекені шешеді?

  3. Насекомдар метаморфозының адаптивті маңызы қандай?

  4. Насекомдар дернәсілінің провизор мүшелерінің құрылысы және маңызы қандай?

  5. Насеком қуыршақтарының әртүрлі типтеріне тән белгілер.

22 лабораториялық сабақ

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет