Курстық жұмыс Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептің ролі мазмұНЫ



бет6/17
Дата23.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#177570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Êóðñòû æìûñ Òàûðûáû Ìàòåìàòèêàíû îûòóäàû åñåïò³ ðîë³ ìàçì
Қ.тарих тест, СОЖ 1, 7-тапсырма. Физ оқыт әдіст, 1 РК20-21
Дамытушылық функциялары бар есептер – мазмұны негізгі курстан алшақ, бағдарлама сұрақтары күрделене түскен (тапқырлыққа, сандық және геометриялық интуицияларын дамытуға, кеңістіктік елестетуге, логикалық ойлауға, сауаттылығын дамытуға берілген) есептер.
Дамытушылық функциялары бар есептердің мазмұны негізгі математика курсынан алыстау болғанымен, кез келген оқушы осы есептерді өзінің қабілетіне қарай шығара білуі керек.
Сонымен қатар оқушылар көп жағдайда есептерді шығаруға ойланбайды, үлгі бойынша әрекет ете отырып, дұрыс жауап алумен ғана шектелетіндігін ескерте кету керек.
И.Ф.Шарыгин бойынша, оқушылар есептерді шығару процесінде, есептің шешімін іздеу кезеңі болмай, есептің шартын оқудан бастап, жауабын алуға дейінгі стандартты схема түрінде есептеуді іске асырады [30].
Есепті шығаруда оның негізін түсінбестен берілген шамаларға амалдарды механикалық орындауға алып келмеуі керек. Кері жағдайда пайымдау қисыны, дәлелдеу және шығару әдістерін қолдануы екінші орынға кетеді, демек оқушылардың (әсіресе орташа және нашар) қажетті логикасы дамымайды [31].
Есептерге қойылатын талаптарға талдау жасай келе, Е.И.Лященко да есептерді дидактикалық, танымдық, дамытушылық деп бөледі [32].
Дидактикалық функциялары бар есептерге:

  1. оқытылатын ұғымдардың қасиеттерін және олардың арасындағы қарапайым өзара байланыстарды қалыптастыру қабілеттеріне;

  2. амалдарды орындау алгоритмін және есептер шығару әдістерін қалыптастыруға;

  3. пәнді оқыту және есептерді шығару барысында қолданылатын ойлау амалдарын қалыптастыруға арналған есептер жатады.

Танымдық функциялары бар есептерге:

  1. қалыптастырылатын ұғымның жекелеген қырларын ашатын және дидактикалық функциялары бар есептер;

  2. қалыптастырылатын ұғымның жекелеген аспектілері арасындағы байланысты ашатын дидактикалық функциялары бар есептер;

  3. білімді тасымалдау элементтері бар бірақ дидактикалық функциялары сақталған есептер;

  4. дидактикалық функциялары бар есептердің элементін сақтаған бірақ танымдық функциясы бар есептер;

  5. шығаруы үшін математикалық деректер мен шығару әдістерін қиыстыруды талап ететін есептер;

  6. қалыпты мәліметтер мен жағдайлардан жаңа есепті байқауды талап етететін есептер және т.б.жатады.

Дамытушылық функциялары бар есептерге:

  1. шығаруы үшін пән бойынша жаңа білімді қажет етпейтін, тек бар білімді басқа қиыстыруда қолдануды талап ететін есептер;

  2. пән бойынша терең білімге ие болуды қамтамасыз ететін есептер [32]. Біз А.Е.Әбілқасымованың және Ю.М.Колягиннің зерттеулерінде

келтірілген математикадан есептердің білім беру, тәрбиелеу, дамыту және бақылау функциялары түсінігін ұстанамыз. Есептердің білім беру функциялары деп білімді меңгерудің әртүрлі кезеңдерінде математикадан білім, білік және дағдыны (бағдарламаларда көрсетілген, мазмұны бойынша тереңдетілген, кеңейтілген) қалыптастыруға бағытталған функцияларын түсінеміз [4, б.158- 159; 33].
Ю.М.Колягин бойынша білім беру функцияларын жалпы сипаттағы, арнайы және нақты деп бөлінеді. Оқушыларда жалпы білім беру функцияларын қалыптастыру қатарына:

  1. ұғым анықтамасы;

  2. жетекші идеялар, заңдар, пайымдаулар;

  3. жетекші білік және дағды;

  4. сөйлемдегі және жазбалардағы ойларды жеткізу білігі мен дағдысы;

  5. ұғымдар арасындағы әртүрлі байланыстарды орнату;

  6. ой-тұжырымдардың негізгі түрлері, оларды өткізудің әдістері мен тәсілдері;

  7. оқу және анықтама әдебиеттерімен, кестелермен жұмыс жасау білігі мен дағдысы, жетекші заңдар, ой-пікірлер, олардың арасындағы негізгі байланыстарды және оладың иерархиясын орнату [33].

Ю.М.Колягиннің пікірінше дамытушылық функциялары бар есептер оқушыларда:

  1. ғылыми танымның белгілі әдістері оқып-білудің, зерделеудің әдістері ретінде меңгеруді (бақылау, салыстыру, тәжірибе, талдау және синтез, жалпылау және даралау, абстрактілеу және нақтылауды тиімді қолдана білу іскерлігі);

  2. индуктивті және дедуктивті сипаттағы ой-қорыту қабілетін;

  3. ойша және практика жүзінде дұрыс тәжірибе қоя білу, болжамдарды айта білу және оларды тексеру іскерлігін;

  4. оқу жағдайларында қарапайым модельдерді жасай білу және бар модельдерді объектілердің қасиеттерін (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, схемаларды салу және қолдану) оқып-білу үшін қолдану білігін;

  5. зерттелетін объектілерді классификациялау, бар білімді жүйелеу, олардың арасындағы себеп-салдар және құрылымдық байланыстарды орнату білігін;

  6. қойылған мақсатқа жету құралдары мен әдістерін таңдай білу, нақты шарттарды ескере отырып, бастысын бөліп алу білігін;

  7. зерттелетін материалдың қоршаған ортамен байланысын, адамдардың практикалық іс-әрекетін, зерттелетін материалдың практикалық маңыздылығын

бағалау білігін;

  1. ғылыми ойлауға (сөйлеу мен жазудың түп нұсқалығы, кеңдігі, тереңдігі, сыншылдығы, анықтықтығы, нақтылығы ) тән негізгі қасиеттерді игеруін;

  2. тапқырлық пен берік зейінге және оқылған материалдардың ішінен негізгілерін есте қайта жаңғырту қабілетіне ие болу [34].

К.И.Нешков пен А.Д.Семушиннің пікірлері бойынша дамытушылық есептер «мазмұны негізгі математика курсындағы есептерден өзгешелеу; мектеп бағдарламасында бұрын өткен сұрақтары оқушылардың шамалары келетіндей күрделенген; бұл материалдарды оқушылардың барлығы есте сақтап меңгерулері міндетті емес есептер. Бұл есептерді шығарғанда оқушыларға тек оқылған теориялық мәліметтерді немесе белгілі шығару әдістері қолдану жеткіліксіз, ол оқушылардан зеректілікпен, тапқырлықты қажет етеді» [35].
«Развивающие задачи на уроках математики в 5-8 классах» оқу құралының авторы Т.Н.Миракова дамытушылық есептер деп оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған есептерді түсінеді. Мұндай есептерді шығару үшін жалпы немесе нақты сипаттағы эвристикалық тәсілдерді меңгеру қажет. Математика сабағында осындай есептермен жүйелі түрде жұмыс жасау білімді барынша терең меңгеруге, сонымен қатар эвристикалық тәсілдерді меңгеру білігін бекітуге мүмкіндік береді. Оның оқу құралында оқушылардың логика-лингвистикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған 38 эвристикалық тәсіл және оларды нақты есептерде қолдану мысалдары көрсетілген [36].
Н.Б.Истомина 5-6 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешендерге талдау жасай отырып, бағдарлама мазмұнын меңгеру процесінде барлық оқушылардың ойлауын дамыту басты мақсат дейді. Ойлауды дамыту өлшемдері деп ақыл-ой іс-әрекетінің мынадай тәсілдерінің қалыптасуын айтады: талдау және синтез, салыстыру, аналогия классификация және жалпылау. Оның пікірінше дамытушылық есептер мәселелі есептер рөлін атқарады. Есептерді шығару процесінде оқушылардың алдында белгісізді табу мәселесі туындайды. Бұл «жаңалықтың» басты механизімі – оқушыларға
белгісіз қасиеттер, заңдылықтар арасындағы жаңа байланыстарды орнату. Мәселелі есептерді шығаруда оқушылар алдында өткен материалдарды қайталайды, белсенді түрде ойланады, ақырында өздері жаңа есеп қалыптастырып оны шешеді [37].
Есептердің функцияларын зерттеген көптеген әдіскерлер есептің математиканы оқытудағы рөлі мен орнын ұғынуға мүмкіндік алды. Көптеген зерттеулерде авторлар бірауыздан есеп білім мен білікті меңгертуге, сонымен қатар ойлаудың белгілі бір стилін қалыптастыруға жағдай жасайтынын атап көрсеткен.
Сонымен қатар, оқушылардың білім алулары мен оқығандық деңгейлерін көрсететін есептердің бақылаушы функциялары ерекше қызығушылық туғызады.
Математикадан есептердің бақылаушы функциялары деп біз оқшылардың математикадан білім мен біліктер жүйесін қалыптасқандығын тексеруге бағытталған функцияларын түсінеміз.
Білім мен білікті бақылау процесінде қолданылатын, жоғарыда көрсетілген функциялар алгебралық, сонымен қатар геометриялық есептерде жүзеге асады.
Оқу процесінде есептер әр түрде көрініс табуы мүмкін: білімді меңгеру құралы ретінде, іс әрекетті тасымалдаушы, оқушылардың танымдық іс әрекеттерін ынталандырушы, оқыту әдісінің бір формасы ретінде, білім беру мазмұнын игеруді бақылау құралы және т.б.
Есептердің әрбір белгісі басқалардан жеке-дара алынған кезде олардың қандайда бір жағын ғана сипаттайды. Сондықтан, есептің маңызын түсіну үшін оның барлық жағын есепке алу қажет. Бірақ, нақты жағдай үшін жоғарыда көрсетілген қырларының біреуі ғана қолданылуы мүмкін, мысалы, есептерді икемділікті қалыптастыру құралы ретінде қарастыру. Әлбетте, кейбір нақты есептер жаттығулар болып табылады. Нақты бір есепті жаттығуға жатқызу үшін оны қолданудың мақсаты, мазмұнын игерудегі орны, оны шығарудың
қандай да бір іс әрекетке сәйкестігі маңызды.
Тікелей өнімі алынған білім, білік және дағды болатын есепті жаттығу деп атаймыз. Демек, мектеп курсындағы теоремалар есептер қатарына жатады, оның тікелей өнімі берілген жағдайдың өзінің өзгеруі болып табылады.
Есептер оқыту құралы ретінде келесі функцияларды атқарады:

  • математикалық іс-әрекетке үйрету;

  • білім, білік және дағдыны қалыптастыру;

  • оқушыларды дамыту (ойлау қасиетін);

  • тәрбиелеу (мазмұны, әрекетті ұйымдастыру, тілдесу арқылы);

  • нақты құбылыстарды модельдеуге үйрету [29, б.45-46; 38].

Бір ғана есеп оның білім беру процесіндегі рөліне байланысты, бірнеше функция атқаруы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардан, есептер келесі негізгі белгілерге ие болып, математиканы оқытудағы көп қырлы құбылыс екенін көрсетеді:

  1. математиканы оқыту мазмұнына сәйкес іс әрекетті тасымалдаушы;

  2. білім, білік және дағдыны меңгерту құралы;

  3. оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру құралы, жекелеген жағдайда оларға жағадай жасаушы және ынталандырушы, білім мен білікті меңгеруін бақылау әдісі;

  4. оқыту әдісінің бір түрі ретінде көрініс табады; 5)теория мен практиканы байланыстыру құралы.

Есепті оқытудың мазмұны тұрғысынан, есепіс-әрекеттің тасымалдаушысы, әдістер тұрғысынан, есеп – көрініс беруінің бір түрі. Амалдар жағынан білім, білік және дағдыны меңгеру құралы болып табылады. Іс-әрекет тұрғысынан есептер өзінің мақсаттары, әдістері және құралдары бар оқу–танымдық іс- әрекеттің бір түрі болып табылады. Бұл әрекеттің мақсаты есептер шығару арқылы білім, білік және дағдыны меңгеру, әдістері – есеп, оқушы және мұғалімнің (есептерді өз бетімен орындау, есептің шешімін ұжым болып іздестіру және т.б.) өзара әрекеттесуінің ерекше әдістері. Есептер ұғымына
қатысты жаттығулар есепті шығарудың тікелей өнімі оны шығарушының алған білімі, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды сипаттайтын бір түрі ретінде көрініс табады.
Математиканы оқытудың тиімділігін арттыруды математикалық есептердің барлық дидактикалық функцияларын іске асыру арқылы қол жеткізуге болады деп ойлаймыз [39].
Сонымен жоғарыда келтірілген есептің функцияларының мағыналарын келесідей болады демекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет