Курстық жұмыс Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептің ролі мазмұНЫ



бет3/17
Дата23.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#177570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Êóðñòû æìûñ Òàûðûáû Ìàòåìàòèêàíû îûòóäàû åñåïò³ ðîë³ ìàçì
Қ.тарих тест, СОЖ 1, 7-тапсырма. Физ оқыт әдіст, 1 РК20-21
Зерттеу базасы: Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейі
Зерттеу нысаны: 7 «Д» сынып оқушылары
Зерттеу пәні: негізгі мектеп оқушыларын математикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: оқыту процесінде есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерін жасау және оны тәжірибе жүзінде іске асыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектепте математика сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемесі заман талаптарына сәйкес жүйелі түрде жасалса, онда оқушылардың математика курсынан танымдылығы ғана емес, математикалық есептерді шығару білігінің қалыптасу деңгейі және математиканы оқып білуге деген қызығушылығы мен саналылығы білімді меңгеру сапасы артады.
Зерттеудің міндеттері:

  • математиканы оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде есептердің рөлі мен

маңыздылығын, функцияларын, классификациясын, есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерін айқындау;

  • оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін жасау;

  • алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды оқыту әдістемесін жасау;

  • орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру және оны оқу процесіне енгізу.

Зертеудің әдіснамалық негіздері: П.Я.Гальпериннің ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы жеке тұлғаның дамуындағы теория мен практиканың диалектикалық өзара байланысы туралы қазіргі ғылымның қағидасы; оқу процесін ұйымдастырудағы тұлғаға бағытталған теориясы; оқушылардың оқу іс- әрекетін қалыптастыру теориясы;математикадан есептер шығаруды оқытуды мәселелері бойынша белгілі ғалым-педагогтардың, әдіскерлердің
( А.Е.Әбілқасымова, Г,А.Балл, Г.П.Безз, А.М.Пышкало, З.А.Скопец, А.А.Столяр, Ю.М.Колягин, В.И.Крупич, Д.Пойа, Р.С.Черкасов, П.М.Эрдниев, Л.М.Фридман, И.Б.Бекбоев, Б.Б.Баймұханов, Ә.К.Қағазбаева, Л.Т.Искакова, Е.Ж.Смағұлов және т.б.) жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет