Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет12/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар
Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа- қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт- тейді.

Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).

Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.

Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт- бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.

Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема- ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. Мысалы, еңбек психологиясы адамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.



Инженерлік психология адам және осы заманғы техника арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.

Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс- әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.

Медициналық психология дәрігер қызметінің психологиялық ерек- шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін орайластырады.

Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын ашады.

Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі- нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).

Әскери психология - соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез- құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

  1. Адам психикасы жөнінде түсінік



Психика – бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарым- қатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстық саналық (идеалды) өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.

Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Деген- мен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.



Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.

Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен жүзеге келуінің басты негізі.



Іс-әрекет – жалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы бел- гіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен бірге ол жеке адамның психикалық даму құралы ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдық- тарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.

Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысан- дармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.



Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:

) психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.

) Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

3) Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады. Психика заңдылықтары – сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауы- суы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.



) Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.

  1. Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет