Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет9/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік- тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.

Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема- психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.

Психологияжәнемедицина байланысы медициналықпсихологияның туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере- кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика

бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның

психологиялық әдістерін орайластырады.

Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет