Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны



бет7/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар

Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны



XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О. Конттың ( 798- 857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.

Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М. Кедров ( 903- 985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық – бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыс- тану қылымдары, төменгі сол жақта – әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта

– философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.

Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема- ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық

зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет